25. Оспанов Төлеген Қаражанұлының әдістемелік жүйесі
25. Оспанов Төлеген Қаражанұлының әдістемелік жүйесі.
Педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқыту əдістемесінің нысаны, пəні, зерттеу əдістері мен оның философия жəне логикамен, педагогика жəне психологиямен, математикамен жəне т.б. байланысы. Пәннің ғылыми негіздері және мазмұны. Математиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің əр түрлі модельдері. Бастауыш білім беру бойынша нормативті-құқықтық құжаттар мазмұнына сипаттама және талдау: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу жоспары, типтік оқу жоспары, бастауыш сыныптардағы математика пәнінен ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар.
Математикадан оқу-əдістемелік кешен жəне оның құрамына енетін əр компонентінің мақсаты, қызметі, ерекшеліктері.
Мектепалды математикалық білім беру. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық.
Математикалық білім берудің міндеттері.
Диалогта оқыту, сыни, логикалық, креативті ойлауды дамыту, АКТ қолдану, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу негізінде бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Пәнішілік және пәнаралық интеграция. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесінің қазіргі педагогикалық технологиялары.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастырудың заманауи педагогикалық тәсілдері.
Математиканы оқытудың əдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық білім берудің жаңартылған мазмұнының сипаттамасы.
Оқу бағдарламасының жаңа құрылымындағы құндылыққа-бағытталған, іс-әрекет, тұлғаға-бағдарланған, коммуникативтік тәсілдер.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте тұлғалық қасиеттердің дамуы. Оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқытудың интерактивті әдістерін, диалогтық және рефлексивті технологияларды қолдану.
Бастауыш сынып мұғалімінің еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Lesson study — мұғалімнің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру әдісі. Оқыту нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптар. Сабақ — математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Қазіргі заманғы математика сабағына және оның әдістемелік талдауына қойылатын талаптар. SMART-мақсаттар. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдастыру формаларының жүйесі.
Тапсырмалардың түрлері (жаттығу, іздеу, зерттеу, шығармашылық) және мазмұны. Оқыту мақсаттары таксономиясы негізінде ойлау дағдыларының деңгейлері. Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін қолдану. Рефлексия. Сабақтағы кері байланыс. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар. Дарынды және талантты балалармен жұмыс. Шағын жинақты мектепте математика сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін жобалау және жүзеге асыру.
Мұғалімнің бірлескен шығармашылығы мен қолдауы жағдайында оқушының белсенді танымдық қызметі.
Оқушылардың ұжымдық, топтық, жеке және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару.
Математикалық біліктерді қалыптастыру, когнитивті дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтездеу, жіктеу, қолдану), логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді, математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін және математиканы бейнелеу, әлемді модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамыту.
Бастауыш сынып математика курсындағы стандартты емес есептер.
«Сандар жəне өлшемдер» бөлімінің базалық мазмұны.
Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер (теріс емес бүтін сандар концентрлері бойынша сандарды оқу, жазу, құру және салыстыру; сандардың разрядтық және кластық құрамын анықтау; үлестерді құру, оқу, жазу және салыстыру; пайыз; жай, дұрыс, бұрыс бөлшектер; аралас сандар т.б.)
Сандармен амалдар орындау (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары; өзара кері амалдар; амалдар компоненттері арасындағы байланыс).
Шамалар жəне өлшем бірліктер (ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт; өлшем бірліктерін қолданып шамаларды өлшеу).
Достарыңызбен бөлісу: |