2/6-vi күршім ауылы 11 сәуір 2016 жыл



Дата13.07.2016
өлшемі19.85 Kb.
#196682
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ VI ШАҚЫРЫЛҒАН КҮРШІМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ II СЕССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 6 мамырда № 4540 болып тіркелген

2/6-VI


Күршім ауылы 11 сәуір 2016 жыл
Күршім аудандық мәслихатының

2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және

жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының

мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік

көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Күршім аудандық мәслихатының «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3298 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда № 42 «Рауан» және «Заря» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 15000 (он бес мың) теңге көлемінде берілсін.»;

үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемінде беріледі.».



2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы С. Кудедаева

Күршім аудандық

мәслихатының хатшысы М. Сағанақов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет