260 өтініш келіп түсті, оның ішінде: ҚР Үкіметінің электронды порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 241



Дата04.03.2016
өлшемі172.39 Kb.
#39136
Банк секторы

2009 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 260 өтініш келіп түсті, оның ішінде: ҚР Үкіметінің электронды порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 241 жазбаша өтініш пен 19 өтініштің ішіндегі:

143 өтініш (жалпы санының 55,00 %-ы) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты, қарастырылған 174 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 89 өтінішті қосқанда) 10-ы (қарастырылғандардың жалпы санының 5,75 %-ы) негізді өтініш;

10 өтініш (жалпы санының 3,85 %-ы) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты, қарастырылған 5 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 3 өтінішті қосқанда) 0 өтініш негізді;

29 өтініш (жалпы санының 11,15 %-ы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты, қарастырылған 26 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 18 өтінішті қосқанда) 4-і (қарастырылғандардың жалпы санының 15,38 %-ы) негізді өтініш;

13 өтініш (жалпы санының 5,00 %-ы) бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты, қарастырылған 11 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 6 өтінішті қосқанда) 2-і (қарастырылғандардың жалпы санының 18,18 %-ы) негізді өтініш;

9 өтініш (жалпы санының 3,46 %-ы) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты, қарастырылған 10 өтініштің (осының алдындағы кезеңде келіп түскен 2 өтінішті қосқанда) 0 өтініш негізді;

– Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) заңнамасының нормаларына түсініктеме беру туралы өтінішпен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың (қаржы ұйымдарын қоса алғанда) 25 сұратуы (жалпы санының 9,62 %-ы);

– Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 31 өтініш (жалпы санының 11,92 %-ы).


Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың 2009 жылғы қыркүйек айындағы үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Екінші деңгейдегі банктер

1

«АТФ Банк» АҚ

20

13.98

18

2

2

«Альянс Банкі» АҚ

19

13.29

6

13

3

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ «Темірбанк» АҚ

19

13.29

14

5

4

«Казкоммерцбанк» АҚ

18

12.59

12

6

5

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

18

12.59

9

9

6

«БТА Банкі» АҚ

11

7.69

7

4

7

«Банк ЦентрКредит» АҚ

10

6.99

5

5

8

«Еуразиялық банк» АҚ

9

6.29

2

7

9

«Валют-Транзит Банкі» АҚ (таратылатын банк)

5

3.49

5

0

10

«Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

4

2.80

1

3

11

«Цеснабанк» АҚ

3

2.10

1

2

12

«Kaspi Bank» АҚ

2

1.40

2

0

13

«Нұрбанк» АҚ

2

1.40

2

0

14

«Видергебуртбанк» АБ (таратылған банк)

1

0.70

0

1

15

«Крамдс Банк» АБ

(таратылған банк)



1

0.70

0

1

16

«Наурыз Банк» АҚ

(таратылатын банк)



1

0.70

1

0

 

Жиынтығы:

143

100

85

58

*- өтініштердің жалпы көлеміндегі сектордың үлес салмағы

** - өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды


Қыркүйек айында Агенттікке банк қызметінің мәселелері бойынша 143 өтініш келіп түсті, олардың 42-і ҚР мемлекеттік органдарынан келіп түскен.

Төменде осының алдындағы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарастыру барысы туралы мәліметтер келтірілген***.



2-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру айларында келіп түскен және

қаралуы 01.09.09 жылға дейін аяқталмаған өтініштер

Саны


Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %


Қаралуы

2009 жылғы қыркүйекте аяқталды, саны**

Есепті кезеңнің аяғында қарау үстінде, саны

1

«АТФ Банк» АҚ

16

16.67

15

1

2

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ «Темірбанк» АҚ

15

15.62

15

0

3

«БТА Банкі» АҚ

12

12.5

11

1

4

«Казкоммерцбанк» АҚ

12

12.5

11

1

5

«Альянс Банкі» АҚ

9

9.38

5

4

6

«Kaspi Bank» АҚ

5

5.21

5

0

7

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

5

5.21

5

0

8

«Банк ЦентрКредит» АҚ

5

5.21

5

0

9

«Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

5

5.21

5

0

10

«Валют-Транзит Банкі» АҚ (таратылатын банк)

4

4.17

4

0

11

«Еуразиялық банк» АҚ

3

3.12

3

0

12

«Нұрбанк» АҚ

2

2.08

2

0

13

«Цеснабанк» АҚ

2

2.08

2

0

14

«RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ

1

1.04

1

0

 

ЖИЫНТЫҒЫ:__96__100__89__7'>ЖИЫНТЫҒЫ:

96

100

89

7

**- өтініштердің барлығы дерлік негізді өтініштерге жатпайды

***- алдыңғы есепті кезеңнің мәліметтері нақтыланды


Сонымен қатар, 3-кестеде есеп беру кезеңінде екінші деңгейдегі банктердің қызметі, сондай-ақ анықталған ҚР заңнама бұзушылықтары және/немесе банк қызметтерін көрсету шарттарының талаптары мәселелері бойынша қаралған шағымдар мен өтініштердің негізділік көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2009 жылғы қыркүйекте аяқталды

Саны

Негізделген талаптар

негізделгендердің жалпы санының негізделгендері %

ҚР заңнамасын және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтары анықталған шағымдар

анықталғандардың жалпы санының анықталғандары %

1

«АТФ Банк» АҚ

33

1

10.00

1

9.0(9)

2

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ «Темірбанк» АҚ

29

4

40.00

4

36.36(36)

3

«Казкоммерцбанк» АҚ

23

0

0.00

0

0.00

4

«БТА Банкі» АҚ

18

0

0.00

0

0.00

5

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

14

1

10.00

1

9.0(9)

6

«Альянс Банкі» АҚ

11

1

10.00

1

9.0(9)

7

«Банк ЦентрКредит» АҚ

10

0

0.00

0

0.00

8

«Валют-Транзит Банкі» АҚ (таратылатын банк)

9

0

0.00

0

0.00

9

«Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

6

1

10.00

1

9.0(9)

10

«Kaspi Bank» АҚ

7

0

0.00

0

0.00

11

«Еуразиялық банк» АҚ

5

2

20.00

2

18.18(18)

12

«Нұрбанк» АҚ

4

0

0.00

0

0.00

13

«Цеснабанк» АҚ

3

0

0.00

1

9.0(9)

14

«RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

15

«Наурыз Банк» АҚ

(таратылатын банк)



1

0

0.00

0

0.00




ЖИЫНТЫҒЫ:

174

10

100

11

100

Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қала береді:

- теңгенің есепке алынатын бағамының заемды беру күніндегі және өтеу күнгі шетел валютасына қатынасы ретінде есептелетін төлемдерді индекстеу коэффициентін банктердің қолданудан бас тартуы;

- банктердің ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудан бас тартуы және ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру жөніндегі өтініштерді ұзақ уақыт қарауы;


  • заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзартуға рұқсат беру, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкаларын азаю жағына қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды алып тастау;

  • заемдарды қайта құрылымдау;

  • кепіл мүлікті соттан тыс сату;

  • банктік заем бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің жалған есебі.

Жоғарыда көрсетілген барлық мәселелер мен жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде ҚР резидент еместерінің өзге де сұратулары бойынша мынадай түсініктемелер берілді.

Ұлттық қордан бөлінген қаражатты заңды және мақсатты пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) мен Агенттік қатысатын Жұмыс тобы өткізген тексерулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ақша қаражатын кейіннен екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруына арналған банктік салымның талаптарын (бұдан әрі – Қайта қаржыландыру шарттары) жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты «БТА Банкі» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «БТА Банкі» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ-ға қатысты жазбаша ұйғарымдар шығарылып, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «Банк «Астана-Финанс» АҚ, «Нұрбанк» АҚ-ға қатысты орын алған жөнсіздіктерді жою, қызметтік тексеру жүргізу және Қайта қаржыландыру шарттарының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты тиісті ықпал ету шараларын қабылдау қажеттілігі көрсетіле отырып, хат жіберілді.

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Агенттік кейбір банктердің қызметінен мынадай бұзушылықтарды анықтады:



«БТА Банкі» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ:

- банктік заем шартына «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының (бұдан әрі – Банктер туралы Заңның 39-бабы) талаптарын бұзу түрінде Банктің бір жақты тәртіпте сыйақы ставкасын, комиссия мөлшерін өзгерту құқығы енгізілген. Осыған байланысты Агенттік Банкке қатысты жазбаша ұйғарым шығарды;

- банктік заем шартына Банктер туралы Заңның 39-бабын бұзу түрінде жылдық тиімді сыйақы ставкасының жалған мөлшері көрсетілген. Қазіргі кезде Агенттік Банкке ҚР заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселені қарастырып отыр;

- заемшыға несие берешегінің жай-күйі және заемды өтеуге қажетті соманың есебі туралы ақпаратты бермеген, осыған байланысты Банктің атына заемшы сұратқан ақпаратты беру талабымен хат жіберілді;

- өтініш берушінің ипотекалық заемын қайта қаржыландырудан заңсыз бас тартып, Қайта қаржыландыру шарттарының талаптарын бұзған. Осыған байланысты Агенттік өтініш берушінің өтінішін ипотекалық заемды қайта қаржыландыру мүмкіндігінің мәнін қайта қарау үшін Банкке жіберді;

«Еуразиялық Банк» АҚ:


  • банктік заем шартына Банктер туралы Заңның 39-бабын бұзу түрінде Банктің бір жақты тәртіпте сыйақы ставкасын, комиссия мөлшерін өзгерту құқығы енгізілген, осыған байланысты Банктің атына құжаттарын Банктер туралы Заңның 39-бабына сәйкес келтіру талабымен хат жіберілді;

- Банктер туралы Заңның 39-бабының талаптарын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағанға дейін сыйақы ставкасын тиісті қосымша келісімге қол қоймай-ақ заңсыз ұлғайту бөлігінде бұзған. Осыған байланысты Банктің атына заемшының артығымен төлеген сомаларын заемды өтеу шотына аудару талабымен хат жіберді;

- «АТФ Банк» АҚ өтініш берушінің ипотекалық заемын қайта қаржыландырудан заңсыз бас тартып, Қайта қаржыландыру шарттарының талаптарын бұзған. Осыған байланысты Агенттік қазіргі кезде Банкке ҚР заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселені қарастырып отыр;

- «Қазақстанның Тұрғын-үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ кредиттік өтінімді қарау үшін тұрғын-үй құрылыс жинақтары туралы шартты жасамай-ақ комиссияны заңсыз өндіріп алу бөлігінде заемшының құқығын бұзған, осыған байланысты Банктің атына заемшының кредиттік өтінімін оны қарау үшін комиссияны өндіріп алмай-ақ қарастыру, сондай-ақ Банк кредиттік өтінімді қарау үшін тұрғын-үй құрылыс жинақтары туралы шартты жасамай-ақ комиссияны өндіріп алған заемшылардың толық тізбесін алынған жалпы соманы көрсете отырып Агенттікке беру талабымен хат жіберді;

- «Цеснабанк» АҚ Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысының талаптарын кредиттік лимит туралы шартта жылдық тиімді сыйақы ставкасын көрсетпеу бөлігінде бұзған, осыған байланысты Банктің атына тиісті талаппен хат жіберілді;


- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ төлем карточкасын заңсыз блоктау және заемды өтеу шотына ақшаны мерзімінен бұрын жатқызу бөлігінде заемшының құқығын бұзған. Осыған байланысты Агенттік Банкке іс-әрекеттерінің заңға қайшы екендігін, шарт талаптарының тиісті түрде сақталуына жасалынатын бақылаудың жоқтығын, сондай-ақ болашақта мұндай жөнсіздіктерге жол бермеу керектігін көрсете отырып, хат жіберді;

- «Альянс Банк» АҚ жеке шоттан ақшаны ішінара заемды мерзімінен бұрын өтеу шотына заңсыз жатқызған, осыған байланысты Банкке болашақта мұндай жөнсіздіктерге жол бермеу керектігін көрсете отырып, хат жолданды.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет