Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік



Дата23.02.2016
өлшемі254.64 Kb.
#3098

Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік (үлгі) ережелері (1-нұсқа)
Осы Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік (үлгі) ережелері (1-нұсқа) (бұдан әрі – Типтік ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен жинақ шотына қызмет көрсету мақсатында төлем Картасын пайдаланып, ағымдағы шотты ашу, жүргізу, жабу міндеттемелерін орындауға байланысты Клиент пен Банк арасындағы қатынасты реттейді.


  1. Терминдер мен анықтамалар

    1. Типтік ережелердің мақсаттары үшін салымшының төлем картасына банктік қызмет көрсету шартында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ төмендегідей мағынаны білдіретін терминдер, анықтамалар мен қысқартулар, егер мәнмәтінде тікелей өзгеше болмаса, қолданылады:

      1. PIN-код – автоматтандырылған режимде Авторландырған кезде Клиентті сәйкестендіру үшін қызмет ететін жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке цифрлық код;

      2. Авторландыру – Картаны пайдаланып төлем жасауға Банктің рұқсаты. Авторландыру автоматтандырылған режимде электрондық құрылғыларды пайдалану немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыс шығаратын режимде (бұдан әрі – Дауыс шығаратын авторландыру) жүргізіледі;

      3. Банк – “Kaspi Bank” акционерлік қоғамы;

      4. Тосқауыл қою – Картаны пайдалана отырып төлемдерді төлеуге толық немесе уақытша тыйым салу;

      5. Шарт – Банк белгілеген нысан бойынша жасалатын салымшының төлем картасына банктік қызмет көрсету шарты. Шарт арқылы жинақ шотына қызмет көрсету мақсатында төлем Картасын пайдаланып, ағымдағы шотты ашу, жүргізу, жабу реттеледі;



      1. Карта – Клиентке Картаның эмитенті анықтаған және оның талаптарында операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар, банкоматтар, электрондық терминалдар немесе басқа да құрылғылар арқылы Клиенттің Жинақ шотындағы/Карт-шоттағы ақшасына қол жеткізу құралы болып табылатын төлем картасы. Картаның қолданылу мерзімі Карточкада көрсетілген. Карта онда көрсетілген соңғы күнге (қоса алғанда), айға, жылға дейін жарамды;

      2. Клиент – Шарт бойынша Тарап болып табылатын, Картаны пайдалануға құқығы бар және Шартта көрсетілген банктік салым шарты бойынша салымшы болып табылатын жеке тұлға;

      3. VISA International халықаралық төлем жүйесі (бұдан әрі – «халықаралық төлем жүйесі» немесе «ХТЖ») – Жүйенің қатысушы тараптары арасында өзара есеп айырысу қызметін жүргізетін несиелік-қаржы мекемелері мен ұйымдарының қауымдастығы. ХТЖ жұмыс істеу ережелерін белгілеп, өз қатысушыларына ақпараттық қолдау көрсетеді;

      4. Жинақ шоты – жинақ шоты, онда Клиентпен жасалған банктік салым шартына сәйкес деректемелері Шартта көрсетілген Клиенттің ақшасы орналастырылған. Жинақ шотына Карта арқылы қол жеткізіледі;

      5. Шот (бұдан әрі – Шот немесе Карт-шот) – Шартқа сәйкес ашылған, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қатысы жоқ, Карта арқылы қолжетімділік берілетін Клиенттің ағымдағы шоты;

      6. Стоп-парақ – жоғалған, ұрланған және тосқауыл қойылған Карточкалардың нөмірлерінің тізімі;

      7. Банктің тарифтері – Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы сайтында көрсетілген Банктің қызметі үшін тарифтер;

      8. Техникалық овердрафт – Клиенттің Шоттағы ақшасының қалдығынан тыс жұмсалған ақша сомасы. Сондай-ақ Техникалық овердрафт Банктің көрсеткен қызметінің құнын алған кезде пайда болуы мүмкін.

    1. Шартта және осы Типтік ережелерде қолданылатын басқа да терминдер мен анықтамалардың, егер мұндайлар қолданылатын мәнмәтіндерде тікелей өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында, соның ішінде ҚР Үкіметінің 24.08.2000 жылғы № 331Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережелерінде көзделген мағынасы бар.



  1. Жалпы ережелер

  2. Тараптар Шартқа қол қойған сәтке дейін Банк Типтік ережелерде көзделген қызметті көрсетуге және

жауапкершілікті атқаруға міндетті емес.

  1. Типтік ережелер Шартқа қол қойылған күннен бастап Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

  2. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Карт-шотты ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады.

  3. Банк Карт-шотқа қызмет көрсету үшін және Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, соның ішінде Жинақ шотын толықтыру үшін Карта береді (шығарады). Карта Шартқа қол қойылған сәтте және Банк анықтаған талаптарға сәйкес беріледі. Жинақ шоты және Карт-шот бойынша шығыс операцияларын (бұдан әрі – Транзакциялар) жүргізу тәсілдері, соның ішінде мұндай операцияларды жүргізу бойынша шектеулер Шартта анықталады.

  4. Карт-шоттың жеке сәйкестендіру коды Клиент қол қоятын Шартта көрсетіледі.

  5. Жинақ шоты бойынша ақша аудару және оны алу шығыс операциясы/Транзакция жасалған күні қолданыстағы Банктің Тарифтеріне сай жүргізіледі.

  6. Банктің ХТЖ-мен есеп айырысу валютасы – АҚШ доллары. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде ХТЖ арқылы АҚШ долларынан басқа валютада орындалған Транзакция сомасы АҚШ долларына ХТЖ-ның Банкпен осы Транзакция бойынша есеп айырысқан күнгі белгілеген Транзакция валютасын АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамы бойынша айырбасталады және Банк бұл соманы Клиенттің банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы алады:

а) АҚШ долларында – егер Шотты жүргізу валютасы АҚШ доллары болса;

б) теңгеде/ЕУРОда – егер Шотты жүргізу валютасы сәйкесінше теңге/ЕУРО болса, Банк Шоттан ақшаны алған күнгі Банк белгілеген валютаның ауырбастау бағамы бойынша АҚШ долларының сомасына тең сомада.



  1. ХТЖ-ның көмегімен Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген Транзакция валютасынан өзге валютада жүргізілетін Карт-шоттан сома Шот жүргізілетін валютада, Банк Шоттан ақшаны алған күнгі Банк белгілеген валютаның ауырбастау бағамы бойынша Транзакция сомасына балама сомада тікелей дебеттеу арқылы алынады.

  2. Егер Шоттың валютасы Қазақстан Республикасының аумағында ХТЖ-ның көмегімен жүргізілетін Жинақ шотын есепке жазу (толықтыру) операциясы бойынша Транзакция валютасынан өзгеше болған жағдайда, Транзакция сомасы Шот валютасында, Банк ақшаны Жинақ шотына есепке жазған күнгі Банк белгілеген валютаның айырбастау бағамы бойынша Транзакция сомасына балама сомада есепке жазылады.

  3. Банк Клиенттің пайдасына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы түскен ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасының және Банктің талаптарына сәйкес ресімделген төлем құжаттарының негізінде Шотқа есепке жазады.

  4. Карта Банктің меншігі болып табылады, Клиент осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Картаны қолдануды тоқтатуға және/немесе кідіртуге, сондай-ақ оны жаңартуға, ауыстыруға немесе жаңа Картаны шығарудан бас тартуға құқығы бар.

  5. Картаны үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді. Осы талапты бұзған кезде Банк Картаны алып қоюға, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға және Клиенттің Банкке барлық келтірілген шығындарын (шығыстарын) өтеуін талап етуге құқылы.

  6. Клиенттің жол берген Техникалық овердрафты тез арада өтелуі тиіс. Клиенттің Техникалық овердрафтқа жол берген әрбір жағдайы Шарттың талаптарын елеулі бұзу болып саналады және Банкке Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқық береді.

  7. Техникалық овердрафтқа жол берген жағдайда, Банк Банктің тарифтеріне сай комиссия есептейді.

  8. Шотқа түсетін ақша Шарт бойынша берешек пайда болған сәттен бастап ағымдағы күндегі берешектің жалпы сомасын өтеуге жіберіледі, бұл кезде Банк Техникалық овердрафт және Клиент төлеуге тиісті өзге де төлемдер бойынша берешекті өтеу тәртібін өздігінен белгілейді.

  9. Клиент өзінің Жинақ шотын ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол жасалмайтын тәсілмен салу арқылы толықтырады.

  10. Шарттың аясында Банктің бір шот бойынша бірнеше Карта беруі көзделмеген.

  11. Банк банкоматтар мен қолма-қол ақша беру орындары арқылы Карточка арқылы айына 10 000 АҚШ доллары сомасында Шотқа қызмет көрсету бойынша шектеу қояды. Клиент осы шектеуді алу үшін Транзакция жүргізілетін күнге дейін кемінде 3 (үш) банк күні бұрын жазбаша өтініш беру арқылы Банкке 10 000 АҚШ долларынан астам сомадағы болжамды шығындары туралы хабарлауы қажет.

  12. Шартта Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін карта арқылы Транзакциялар жасау бойынша басқа да шектеулер көзделуі мүмкін.


3. Тараптардың міндеттері

  1. Банк:

      1. жасалған Шартқа сай Клиентке жеке сәйкестендіру коды бар Карт-шот ашуға;

      2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде анықталған тәртіппен және мерзімде Клиенттің Карт-шоты бойынша мыналармен: Клиент талаптарды (нұсқауларды) қойған кезде, оған тиесілі ақшаның (шоттағы ақша қалдығының шегінде) болуын қамтамасыз етумен; Клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын қабылдаумен (есепке алумен); Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Шартта (Типтік ережелерде) көзделген негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындаумен; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ресімделген кассалық құжаттар бойынша Клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдаумен және Клиентке берумен; Шартта (Типтік ережелерде) көзделген тәртіппен үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімін орындаумен байланысты операцияларды жүргізуге, сондай-ақ сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Шартта (Типтік ережелерде) және Клиентпен жасалған басқа шарттарда көзделген өзге де операцияларды жүргізуге;

      3. Клиенттің, сондай-ақ оның уәкілетті өкілінің талап етуімен Клиенттің Банктің қолданыстағы Тарифтерімен белгіленген комиссияны төлеуі арқылы шоттың үзінді көшірмелерін (анықтамаларды) беруге;

      4. Клиенттің нұсқауын алған кезде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде оны акцепттеуге немесе акцепттеуден негізді бас тартуға;

      5. Клиенттің акцептін талап ететін төлемдік талап-тапсырманы алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Клиентке акцепт үшін төлемдік талап-тапсырманы беруге;

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Клиентпен жасасқан шарттарда көзделген тәртіппен және кезекпен Шотқа қойылған нұсқауларды орындауға;

      7. Клиенттің Шотында нұсқауды орындауға қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Транзакция жасаудан бас тартуға;

      8. Клиентке оның сұратуымен банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары жайлы ақпарат беруге;

      9. ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының банк құпиясын жария етпеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

      10. Егер Банкке уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның Клиенттің Шотындағы ақшаға тыйым салу немесе Клиенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның Клиенттің акцептелген нұсқауынан бұрын орындалуы тиіс Клиенттің Шотынан ақша алу туралы шешімі берілсе, Банк акцептелген нұсқауды орындауды тоқтата тұруға міндетті. Банк Типтік ережелердің осы тармағында аталған негіздер бойынша Клиенттің нұсқауының орындалуын тоқтата тұрумен байланысты шығындар үшін жауап бермейді;

      11. Картаны шығарғаны және/немесе оған жыл бойы қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеген сәттен бастап 15 (он бес) банк күні ішінде Банкте белгіленген тәртіпке сай Картаны дайындап, оны және оның ЖСК-кодын Клиентке беруге;

      12. барлық қажетті төлем құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) банк күні ішінде ақшаны Клиенттің Шотына, Жинақ шотына есепке жазуға;

      13. Клиентке Картаны пайдалану ережесі мен банктің тарифтерінің барлық өзгерістері туралы мынадай бір немесе бірнеше тәсілдермен: Клиент Банкке келген кезде, электрондық пошта арқылы, Интернет-Банк/Банк-Клиент арқылы, пошта байланысының бөлімшесі арқылы (тапсырыс хатпен), Банктің операциялық залдарында хабарламаларды орналастыру арқылы, сондай-ақ Банктің веб-сайтында жариялау арқылы хабарлауға;

      14. Клиенттің талап етуімен үзінді көшірме беруге міндетті. Клиенттің қалауымен үзінді көшірмелер электрондық пошта немесе факсимильдік байланыс арқылы берілген жағдайда, үшінші тұлғалардың құпия ақпаратқа ықтимал қол жеткізуіне байланысты барлық тәуекелдерді Клиент өз мойнына алады.

  2. Клиент:

      1. қызмет көрсетілген сәттегі Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай Банк қызметіне ақы төлеуге;

      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген төлемдерді/аударымдарды жүргізу және төлем құжаттарын ресімдеу, валюталық операцияларды жүргізу ережелерін сақтауға;

      3. Бескүндік мерзімде өзінің пошталық мекенжайының, телефон нөмірлерінің өзгергені, жеке басын куәландыратын құжаттарының, Банкке берген басқа да деректерінің ауысқаны туралы растайтын құжаттарды міндетті түрде беріп, Банкке жазбаша хабарлауға. Банк Клиенттің Шотты ашуға және жүргізуге бұрын берген құжаттарын қайтармайды;

      4. Хабарламада өзінің төлем тапсырмасының деректемелерін және анықталған қате деректемелерді көрсетіп, Шоттың үзінді көшірмесін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нұсқаулардың рұқсатсыз орындалуы туралы, Шот бойынша қателесіп жасалған операциялар (соның ішінде орындалған төлем тапсырмалары) туралы Банкті жазбаша хабардар етуге;

      5. Үшінші тұлғалардың Шотқа қойған, Клиенттің акцептін талап ететін төлемдік талап-тапсырмаларды акцепттеуге немесе Клиенттің нұсқауды алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды акцепттеуден негізді түрде бас тартуға және оларды Банкке қайтаруға;

      6. Банктің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес талап ететін құжаттарын беруге;

      7. Карт-шот, Жинақ шоты бойынша операцияларды жүргізгені үшін сөзсіз тәртіппен есеп айырысуға, егер олар жүргізілгенге дейін Банкке Картаға тосқауыл қою немесе оның күшін жою туралы өтініш жолданбаса;

      8. Техникалық овердрафтқа жол бермеуге;

      9. Техникалық овердрафтты уақтылы өтеуге және Техникалық овердрафтқа (болса) жол берген жағдайда есептелген комиссияны төлеуге;

      10. Карта мен PIN-кодтың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз етуге;

      11. Карта мен PIN-кодты үшінші тұлғаларға бермеуге;

      12. Банкке Картаны алуға, оған тосқауыл қоюға, оны Стоп-параққа енгізуге байланысты барлық шығыстарды (соның ішінде сот шығасыларын), егер Банк Клиенттің іс-әрекетіне байланысты осындай әрекеттерді қолданса, сөзсіз орындалатын тәртіппен өтеуге;

      13. Клиентке тиесілі емес ақша Клиенттің Шотына, Жинақ шотына қате аударылған жағдайда, Банкке бұл туралы дереу хабарлауға және көшірмені алған сәттен бастап немесе Банктен тиісті жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) банк күні ішінде Шотқа, Жинақ шотына қате аударылған ақшаны Банкке қайтаруға;

      14. Банктен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны алған кезде, Банктің тиісті хабарламасын алған күннен бастап Картаны қолдануды тоқтатуға және хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) банк күні ішінде Картаны Банкке қайтаруға;

      15. Карт-шотта, Жинақ шотта Картаны пайдаланып төлем жасаған кезде жасалған төлем құжатын орындауға қажетті ақшаның болуын қамтамасыз етуге;

      16. Жинақ шоты бойынша берілген Картаны пайдаланғаны үшін Банк алдында толық қаржылық жауапкершілік атқаруға және соны бақылауға;

      17. Банктің талап етуімен Картаны пайдаланып жасалған валюта төлемдері бойынша растайтын құжаттарды Банктің тиісті талабын алған күннен бастап 3 (үш) банк күні ішінде беруге;

      18. Картаның ұрланғаны, жоғалғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы Картаны пайдалану ережесінде және/немесе Картаның артқы жағында көрсетілген телефоны арқылы Банкке дереу хабарлауға;

      19. Клиент Картаны алаяқтық жасау қаупі жоғары елдерде (елдердің тізімін Банк өз қалауымен анықтайды) пайдаланған жағдайда, Клиент алаяқтық жасау қаупі жоғары елдерде пайдалануын тоқтатқан сәттен бастап 3 (үш) банк күні ішінде Картаны қайта шығару үшін Банкке баруға және Банк Тарифтеріне сәйкес Картаны қайта шығару ақысын төлеуге. Аталған талаптарды сақтамаған жағдайда және осы Карта бойынша алаяқтық Транзакциялар туындағанда, Клиент Банктің барлық шығындарын, сондай-ақ Банкке келтірген залалды сөзсіз орындалатын тәртіппен өтейді.

      20. Картаның қолданылу мерзімі аяқталғанда; Картаны жоғалтқан/ұрлатқан/алынған жағдайда, сондай-ақ Картаны бұдан былай пайдалану мүмкін болмаған өзге де жағдайларда (магниттік жолағының магнитсізденуінің, бүлінуінің не пластиктің бүтіндігінің бұзылуының салдарынан және т.с.с.) Банкке Карточканы қайта шығару туралы (қайта шығаруға әкеліп соқтырған себептерін көрсетіп) өтінішпен баруға; Карта Банктің қалуымен жаңа мерзімге немесе дәл сондай қолданылу мерзімімен қайта шығарылуы мүмкін;

      21. Карт-шотты, Жинақ шотын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында қолданбауға міндетті.


4. Тараптардың құқықтары

  1. Клиент:

      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Шартта және Банкпен жасалған өзге де шарттарда белгіленген тәртіппен және оның шегінде Шоттағы өз ақшасына өз бетінше билік етуге;

      2. Өзінің сенім білдірілген тұлғасына (өкіліне) өзі қол қойған, куәландырған, тиісті түрде ресімделген сенімхаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес басқа да құжаттардың негізінде Шотқа билік ету, Шоттың үзінді көшірмелерін (анықтамаларды) алу құқығын беруге;

      3. Картаны пайдалану ережесінде және Шарттың/Типтік ережелердің талаптарында көзделген тәртіппен Картакаға тосқауыл қою/оны тосқауылдан шығару/қайта шығару туралы ауызша немесе жазбаша талабымен Банкке хабарласуға құқылы.

  2. Банк:

      1. Мына жағдайларда: Клиент Карт-шотта/Жинақ шотында нұсқауды орындауға қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпегенде; Банкке төлем және өзге де құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты Банк талап ететін және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, соның ішінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда бермегенде; заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда; егер төлем құжаттарында Банктің атауы, БСК (банктік сәйкестендіру коды), Клиенттің атауы, Клиенттің жеке сәйкестендіру коды, басқа да деректемелері көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе немесе ақша қаражатының цифрмен және жазбаша жазылуында сәйкессіздіктер болса, не төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмесе; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген валюталық операцияларды жүргізу, есеп айырысу ережелері бұзылғанда; Клиент/Клиенттің сенім білдірілген тұлғасы сенім білдірілген тұлғаға тиісті түрде ресімделген сенімхатты, сондай-ақ Банктің ішкі талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттарды бермегенде; төлем құжаттарының қолдан жасалу белгілері болғанда, төлем құжаттарында түзетулер, қолмен жөнделген жерлер, қырып тазартылған жерлер, сызылған жерлер болғанда; Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Шоттағы/Жинақ шотындағы ақшаға тыйым салғанда, Шот бойынша операцияларды тоқтата тұрғанда; Шотқа/Жинақ шотына қойылған орындалмаған талаптар бар болғанда; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа жағдайларда Клиенттің Шоты бойынша операцияларды жүргізуден (нұсқауларды акцепттеуден) бас тартуға;

      2. Клиенттің Шотынан ақша сомасын алу туралы қосымша жазбаша келісімсіз (соның ішінде тікелей дебеттеу арқылы): Қарыз алушының банк қарызы бойынша мерзімі өткізілген берешегі болған жағдайда, жасалған банк қарызы шартына, несие желісін ашу туралы келісімге және қарыз операциясын не кепілдік берілу фактісін растайтын басқа құжатқа сәйкес Клиенттің оның банк шотынан ақшаны акцептсіз тәртіппен алуға келісімі бар құжаттарды төлемдік талап-тапсырмаға қоса тіркеген кезде, Клиенттің қарыз алушы, кепілгер ретінде берешегін өндіріп алу үшін үшінші тұлғалардың төлемдік талап-тапсырмалары бойынша; Клиенттің пайдасына ақша қателесіп алынған (есепке алынған) фактісі анықталғанда, алуға. Бұл кезде Банк Клиентті алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей кейіннен хабардар етіп, Клиенттің тиісті тапсырмасынсыз қателесіп алынған/есепке алынған ақшаны акцептсіз алады;

      3. Клиенттің Шотынан ақша сомасын алу туралы қосымша жазбаша келісімсіз (соның ішінде тікелей дебеттеу арқылы) төлем құжаттарының қолдан жасалу белгілері, сондай-ақ басқа да кез келген төлемдердің санкцияланбау фактісі болған кезде; Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес Шартқа (соның ішінде оның ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттарға) сай Банктің қызметіне ақы, сондай-ақ Банк пен Клиент арасында жасалған басқа да шарттардың талаптарына сай кез келген берешекті (соның ішінде тұрақсыздық айыбын) төлеу үшін Банктің төлем құжаттары бойынша; Клиент Банкке берген тиісті өтінім-міндеттемелерге сай Клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатып алу, сату үшін, кросс-операцияларды жүргізу үшін алуға;

      4. Клиенттің Шотынан ақша сомасын алу туралы қосымша жазбаша келісімсіз (соның ішінде тікелей дебеттеу арқылы) Транзакциялар сомасын алуға;

      5. Клиенттің Шотынан ақша сомасын алу туралы қосымша жазбаша келісімсіз Клиенттің Шотына қате аударылған, Клиентке тиесілі емес ақшаны ақшаның оның пайдасына қате түскенін куәландыратын Клиенттің Шоты бойынша бухгалтерлік жазба анықталған күннен бастап келесі банк күнінен кешіктірмей алуға;

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржақты тәртіппен өзгертуге жол берілмейтін тарифтерді қоспағанда, Клиентпен келіспей, соңғысына жаңа Тарифтер енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлап, Банктің Тарифтеріне біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге, Банктің веб-сайтына жариялау арқылы Картаны пайдалану ережесіне біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге;

      7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес Клиенттен (оған қоса, бірақ шектелмей) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Шот бойынша жүргізілетін банк операцияларына қатысты кез келген ақпарат пен құжатты талап етуге;

      8. Клиент Типтік ережелерді, Шарттың және/немесе Картаны пайдалану ережелерінің талаптарын бұзған жағдайда, Шарт бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға және/немесе Шартты орындаудан біржақты бас тартуға, Шот бойынша берілген Картаға тосқауыл қоюға және оны Стоп-параққа енгізуге;

      9. Банктің комиссиясы төлем құжатында жеке белгіленбесе, Банктің комиссиясын Шотқа есепке алуға аударылған ақшадан ұстап қалуға;

      10. Шотқа ақша есепке алынып қойылған жағдайда, Клиенттің ақшаны Шотқа есепке алуға нұсқауын кері қайтарып алуды қабыл алмауға;

      11. Шотты дебеттеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткенде, Транзакция бойынша Клиенттің берген шағымын қарастыруға қабылдамауға;

      12. Клиент Шартта және Картаны пайдалану ережесінде көзделген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Клиенттен Картаның жоғалғаны, ұрланғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарламаны алған жағдайда, Клиенттің Карт-шотындағы ақшаға тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің Шоты бойынша шығыс операциялары тоқтатылған жағдайда, артынан Картаны алып қойып және осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзып, Картаға тосқауыл қоюға, сондай-ақ берешек пен тұрақсыздық айыбын өтеуін талап етуге;

      13. Клиент Картаны алу үшін өтініш берген күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік айдан астам Банкке келмеген жағдайда, Картаның күшін жоюға және Шотты жабуға;

      14. Картаға тосқауыл қойылғанда немесе оның қолданылу мерзімі өткенде, Картаны пайдаланып Шот және Жинақ шоты бойынша Транзакцияларды (қолма-қол ақшаны алу, Шотты толықтыру, тауарлар мен қызметтің ақысын төлеу және т.б.) тоқтата тұруға;

      15. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шот бойынша шығыс операцияларын уәкілетті мемлекеттік органдар немесе тұлғалар тоқтата тұрғанда немесе Шоттағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда, Клиентке төлемдік Транзакцияны Авторландырудан және/немесе оның Жинақ шотынан ақша алу бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға;

      16. Клиенттен Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес Шот, Жинақ шоты бойынша операцияларды жүргізуге қажетті құжаттарды беруін талап етуге;

      17. Техникалық овердрафтқа жол берілгенде Картаға тосқауыл қоюға. Техникалық овердрафтқа жол берілгенде Картаға тосқауыл қоюға. Банк Картаға тосқауыл қою және Шотқа ақша салу қажеттігі туралы ақпаратты Клиентке жазбаша талапты жіберу арқылы немесе Клиент хабарлаған телефон бойынша бұл туралы хабарлау арқылы Клиенттің назарына жеткізеді;

      18. Картаны пайдаланып Авторландыруды өткізген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде Халықаралық төлем жүйесінен төлем құжатын алғанға дейін Шоттағы Авторландыру сомасындағы ақшаға тосқауыл қоюға;

19) Клиенттің атына ашылған Шоттың жеке сәйкестендіру кодын біржақты тәртіппен өзгертуге, Шартқа және Банктің ішкі талаптарына сәйкес осы Шоттан ақшаның қалдығын клиенттің жаңа сәйкестендіру коды бар Шотына аударуға. Шот нөмірінің аталған өзгерісі туралы Клиентті мынадай бір немесе бірнеше әдіспен: Клиент Банкке келген кезде, электрондық пошта арқылы, Интернет-Банк арқылы, пошталық байланыс бөлімшелері арқылы (тапсырыс хатпен), Банктің операциялық залдарында хабарландыруларды орналастыру, сондай-ақ Банктің веб-сайтында жариялау арқылы хабарлауға құқылы.
5. Даулы жағдайларды (наразылықтар мен арыздарды) шешкен кезде Банкпен өзара қарым-қатынас жасау талаптары


  1. Нұсқауды қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының төлем құжаттарын ресімдеуге көзделген талаптарына сәйкес Клиенттің немесе оның уәкілетті тұлғаларының қолтаңбалары болуы тиіс.

  2. Әрбір күнтізбелік жыл басталғаннан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы Шоттағы шығыс ақша қалдығының сомасы бойынша Клиенттің жазбаша шағымдары болмаған жағдайда, бұл қалдықты Клиент растаған болып саналады.

  3. Клиент Картаны пайдалану арқылы жасалған нақты Транзакциямен келіспеген жағдайда, Клиент Шотты дебеттеген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде мұндай наразылықтың (олар бар болса) негізділігін растайтын құжаттарды қоса отырып, Банкке бұл туралы ауызша/жазбаша түрде хабарлайды. Банктің көрсетілген мерзімнің ішінде Клиенттен мұндай хабарламаны алмауы Картаны пайдаланып жасалған шығыс операциясының дұрыстығына растама болып саналады.

  4. Картаны рұқсатсыз пайдалану қаупін төмендету мақсатында Клиенттің мүддесін қорғау үшін даулы Транзакция бойынша қызметтік тексеру жүргізген кезде, Банк Картаға Тосқауыл қоюды немесе оны алуды қосқанда, өз қарауы бойынша Клиенттің шығындары мен шығыстарының алдын алу шараларын қолдануы мүмкін.

  5. Клиенттің наразылықтарын қарау мерзімі ішінде Банк даулы Транзакция сомасына Сыйақы, төлемдер мен комиссия есептейді, Клиент оларды төлеуі тиіс. Клиенттің Картаны пайдалану арқылы даулы Транзакция бойынша наразылық келтіруі Клиентті Шартқа сәйкес төлемдерді жасау міндеттемелерінен босатпайды.

  6. Егер Банк Клиенттің даулы Транзакция бойынша наразылықтарын негізді деп таныса, Банк мұндай Транзакцияның сомасын немесе оның баламасын қайтарады. Банк Клиенттің негізді наразылығы бойынша ақшаны Банктің және/немесе ХТЖ нормалары мен ережелерін сақтай отырып қайтарады.

  7. Клиенттің даулы Транзакция жөніндегі өтініші бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде Клиенттің наразылығы негізсіз деп танылған жағдайда, Банк Клиенттен мұндай даулы Транзакция бойынша Банктің қызметтік тексеру жүргізуіне байланысты Банктің барлық шығыстарын нақты құны бойынша өтеуін талап етуге құқылы.

  8. Банк Клиенттің жазбаша наразылықтарын:

а) Банктің банкоматтар мен электрондық құрылғылар желісінде жүргізілген Транзакциялар бойынша наразылық келтірілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде;

б) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс басқа эквайер-банктердің банкоматтар мен электрондық құрылғылар желісінде жүргізілген Транзакциялар бойынша наразылық келтірілген күннен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннің ішінде қарайды.



  1. Тараптар даулар мен келіспеушіліктерді реттеу үшін қажетті барлық күш-жігері мен шараларды қолданады. Банк пен Клиенттің арасындағы келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер жүргізу барысында реттелмеген жағдайда, олар Банктің орналасқан жері бойынша соттың қарауына берілуі мүмкін.

  2. Тауарларды/жұмыстарды/қызметті беру (жиынтықтау, орнату, техникалық, сервистік және кепілдік берілген қызмет көрсету) бойынша сауда және сервис кәсіпорны мен Клиенттің арасындағы өзара қарым-қатынастар Банктің қатысуынсыз сауда және сервис кәсіпорны мен Клиенттің арасында өздігінше реттеледі. Банк барлық жағдайларда сауда және сервис кәсіпорнының шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді.

  3. Банк сауда және сервис кәсіпорнының Карта арқылы төленген, қайтарылған тауар үшін қайтарылған ақшаның Клиенттің шотына аударылуын қамтамасыз етеді, бұл кезде ақшаны қайтару операциясы сауда/сервис орны ресімдеген чектің/слиптің негізінде ақшаны Шотқа аудару арқылы қолма-қол жасалмайтын тәртіппен жүргізіледі.

  4. Клиент пен сауда/сервис кәсіпорнының арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Банктің қатысуынсыз шешіледі. Клиентке төлеуге ұсынылған операциялар бойынша даулар туындаған жағдайда, Банк оған кеңес береді.


6. Тараптардың жауапкершілігі

  1. Банк Клиенттің операциялары бойынша банктік құпияны жария еткені үшін жауапкершілік атқарады. Аталған операциялар бойынша мәліметтер үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғана белгілі болуы мүмкін.

  2. Банк:

      1. Банк электр энергиясының өшірілуі, байланыс желілерінің зақымдануы нәтижесінде туындаған төлемдердің орындалмағаны немесе кешіктірілгені үшін, сондай-ақ Клиенттің анық емес, толық емес немесе нақты емес нұсқауларының, Клиенттің Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзуының нәтижесінде үшінші тұлғалардың төлемдерді орындамауының немесе кешіктіріп орындауының салдарынан туындайтын қателер, бұрыс талқылау және т.б. үшін және Банкке қатысы жоқ басқа да себептер бойынша;

      2. Банк жасанды нұсқауларды орындауы салдарынан, Банктің кінәсі дәлелденбеген кезде, қолтаңбаның заңдылығы жеткіліксіз болуының нәтижесінде келтірілген шығындар үшін;

      3. Үшінші тарап Картаны ақы төлеуге қабылдамаса;

      4. Техникалық себептерге байланысты (байланыс желісінің немесе Банктің тікелей бақылауынан тыс коммуникациялық жабдықтың зақымдануы) операцияны жүргізуге мүмкіндік болмағаны үшін;

      5. Картаның көмегімен операцияларды жүргізгенде Клиенттің қате іс-әрекеттері үшін;

      6. Жоғалған/ұрланған Картаға тосқауыл қою туралы талабымен Банкке уақтылы хабарласпауының салдары үшін;

      7. Төлем құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылып ресімделген жағдайда, Шотқа ақшаны есепке жазуды кешіктіргені/ аудармағаны үшін;

      8. Клиенттің келген еліндегі валюталық немесе өзге де нормативтік шектеулер, сондай-ақ Картаны пайдаланып қолма-қол ақша алу сомасына белгіленген лимиттер Клиенттің мүдделерін қандай да бір дәрежеде қамтымаса, жауапкершілік атқармайды.

  3. Клиент:

      1. Шарттың, Картаны пайдалану ережесінің талаптарын тиісінше орындамағаны үшін – Банкке келтірілген шығыстар мен шығасылардың толық көлемінде;

      2. Жоғалған/ұрланған Картаға тосқауыл қою туралы Банкке уақтылы хабарламаудың салдары үшін – Банкке келтірілген және оның шеккен шығындарының толық көлемінде;

      3. Шотқа қате аударылған ақшаны Банкке қайтармағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қате аударылған ақшаның мөлшерінде;

      4. Карта жарамсыз болып танылған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннің ішінде ХТЖ төлеуге берген операциялардың сомасын уақтылы өтеуге;

      5. Клиенттің кінәсінен Банктің шеккен шығыстары мен сот шығасыларын өтеуге – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

      6. Клиенке Картаның жоғалу, ұрлану фактісі туралы немесе оны уәкілеттік берілмеген тұлғаның пайдаланғаны туралы алғаш хабарлағанға дейін Картаны рұқсатсыз пайдалану нәтижесінде Тараптардың шеккен шығындарын өтеуге;

      7. Техникалық овердрафтқа жол бергені үшін әр күн үшін Тарифтерге сай;

      8. Шотты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдаланғаны үшін – келтірілген залалдың толық көлімінде;

      9. және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге жағдайлар үшін жауап береді.

  4. Типтік ережелерде анықталатын ақпаратты уақтылы бермеген жағдайда, Клиент мәліметтердің өзгеруі туралы Банкке хабарламауы себебінен Банкте дұрыс мәліметтердің болмауынан Банкке үшінші тұлғалардың төлем құжаттарын рұқсатсыз орындауына не орындамауына байланысты Банкте туындаған нақты шығындарды өтейді.

  5. Банктің пайдасына Банктің Шартқа сай көрсететін қызметінің ақысын төлеуге ақшаны алу мүмкін болмаған жағдайда, соның ішінде кез келген себеппен мұндай нұсқау (өкім) берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банктің нұсқауы (өкімі) бойынша төленбеген немесе Клиент Шарт бойынша кез келген қаражатты (соның ішінде тұрақсыздық айыбын) төлеуді кешіктірген жағдайда, Клиент мерзімі өткен әр күн үшін берешек сомасының 0,5 % мөлшерінде Банкке өсімпұл төлейді.

  6. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер оларды орындауға соғыс, соғыс қимылдары, террористік актілер, табиғи апаттар, ереуіл, электр энергиясының өшірілуі, байланыс желілерінің зақымдануы және Тараптардың еркінен тыс басқа да жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары, сондай-ақ уәкілетті органдардың Тараптарға Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауы кедергі келтірсе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап олар басталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға; дар етуге, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) берген растайтын құжатын беруге міндетті, бұл кезде Тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары әрекет еткен мерзімге тең ұзартылады.

  7. Тараптар өздерінің Шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.


7. Шарттың қолданылу талаптары

  1. Типтік ережелер, мұндай ереже тек Шарттың мәтінінде тікелей көзделген және үшінші тұлғалардың қарым-қатынасына қолданылмаған жағдайда ғана Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынасқа қолданылады.

  2. Мына негіздер бойынша:

      1. Шотта Жинақ шоты жабылған күннен бастап 1 (бір) жылдан астам ақша болмағанда. Бұл кезде Банк Клиентке Шотты жабу және Шартты бұзу туралы хабарлама жібермейді;

      2. Клиенттің шотында Жинақ шоты жабылған күннен бастап 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмағанда. Бұл кезде Банк Клиентті Шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай өткенде оның жабылатыны туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш айдың ішінде Клиент Шот бойынша операцияларды жаңартпаса, Банк Шартты біржақты тәртіппен бұзады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшаның қалдығын нотариустың депозитіне аударып, Шотты жабады;

      3. Банктің немесе үшінші тұлғалардың орындалмаған талаптары болмаған кезде, Клиенттің Шотты жабу (Шартты бұзу) туралы Клиенттің қолы қойылған жазбаша өтініші болғанда;

      4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Банк Карт-шотты жабуға құқылы.

  3. Шарт Клиенттің жазбаша өтініш берген күнінен бастап 45 күнтізбелік күннен кейін, ал Клиенттің Банк алдында орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда, мұндай міндеттемелер толық көлемде орындалғаннан кейін және барлық есеп айырысулар аяқталғаннан кейін бұзылған болып саналады.

  4. Шарт Тараптар қол қойған Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Шарттың (Типтік ереженің)/Ереженің және ХТЖ жұмыс рәсімінің қағидалары да тиісінше өзгертілген немесе толықтырылған болып саналады.

  5. Клиент Шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған кезде, Банк қайтарылмаған Картаға Тосқауыл қояды және Клиенттен Тосқауыл қою үшін Банктің Тосқауыл қойылған күні қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес сыйақы өндіріп алады.

  6. Шартты бұзған кезде:

1) Клиенттің Картаға қызмет көрсету үшін төлеген сыйақысы қайтарылмайды;

  1. Клиенттің Банк алдындағы барлық берешегі өтелуі тиіс.

  1. Тараптар Шартты орындауға байланысты өзара алмасатын ақпаратты құпия деп санауға және мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларды қоспағанда, оны екінші Тараптың жазбаша келісімінсізжария етпеуге келіседі.

  2. Типтік ережелер (және Типтік ережелерге сәйкес жасалатын Шарт) мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Мәтіндерінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтін басым болады деп келісті.

***

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет