280-бап. Акциз ставкалары



Дата22.02.2016
өлшемі72.5 Kb.
#497
280-бап. Акциз ставкалары

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.

2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргізіледі:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:



280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтыла тұру кезеңінде акциздердің ставкалары қолданылады 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 21-бабына сәйкес

Рет №

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

 

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/

литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт

750 теңге/

литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/

литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт

75 теңге/

литр

5-1.

3003,3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт

500 теңге/

литр

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

100% спирт

325 теңге/

литр

8

2208

 Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100% спирт

170 теңге/

литр

9

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/

литр

10

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен

алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/

литр

11

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

20 теңге/

литр

12

2203 00

Сыра

26 теңге/

литр

13

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 процентттен аспайтын сыра

0 теңге/

литр

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 21 бабына сәйкес 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 14-18 жолдарының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1000 теңге/ 1000 дана

 


15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

600 теңге/ 1000 дана

16

2402-ден

Сигариллдер

1200 теңге/ 1000 дана

17

2402-ден

Сигарлар

95 теңге/ дана

18

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

1220 теңге/ килограмм

19

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/ тонна

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 20 -жол жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

20

8702 тен

микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см.

 

8703 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 

 

8704

тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:



 Рет №

 

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

 

 

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-

2710 11590 0)

Дизель отыны

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1

2

3

4

1

 Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2

 Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3

 Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4

 Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5

Импорт

4500

540

 

Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

V х 0,730

М = ————————— , мұнда:

1000

 

М – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;

V – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;

0,730 – бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.

Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

V х 0,769

М = ————————— , мұнда:

1000

 

М – өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;

V – өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;

0,769 – дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.

 

Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет