ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Материалдық қорлар өндірістік процестің үзіліссіздігін
қамтамасыз
ететін қажетті фактор болып табылады.
Өндіріс құралдарының материалдық қорлары келесі өндіріс пен айналыс
саласында шоғырланады:
1.
Дайын өнім қорлары ретінде өнімді шығаратын кәсіпорындарда.
Дайын өнімнің қоймалары оны шығару орындарында өндіріс және айналыс
салаларымен шектесуінің бастапқы нүктесі болып табылады.
2.
Өндіріс құралдары оларды шығару пункттерінен тұтыну
пункттеріне дейін жеткізетін көлік ұйымдарының жылжымалы құраладрында.
3.
Дайын өнім сақталатын қамтамасыз ету-өткізу базаларында.
Оларды транзитті қамтамасыз ету формасында жеткізу тиімсіз,
өйткені ол
тұтынушыларға аз көлемде қажет немесе іріктеуді, комплектілеуді немесе
тұтынуға дайындаудың басқа түрлерін қажет етеді.
4.
Аталған өнім түрін тұтынатын кәсіпорын қоймаларында. Бұл
пункттерде өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім өз айналымын аяқтап,
өндіріс процесіне кіреді.
материалдар, отындар, құрауыш бұйымдар және
басқа да кәсіпорынның қалыпты жұмысына қажетті материалдық
құндылықтар өндіріс және айналыс салаларымен шектесуінің соңғы нүктесі
болып табылады.
Дайын өнімнің материалдық қорлары өндіруші-кәсіпорындардың
қоймаларында, жолдарда және қамтамасыз
ету-өткізу ұйымдарының
қоймаларында тауар қорлары болып табылады. Кәсіпорын қоймаларындағы
қорлар – аталған өнімнің тұтынушылары өндірістік қорлар деп аталады.
Өндірістік және тауар қорлары бірлесіп жиынтық қоғамдық қорды
құрайды. Өндірістік қорлардың артуы тауар қорларын азайтуға мүмкіндік
береді және керісінше өндірістік қорлардың азаюы тауар қорларын арттыруды
талап етеді.
Материалдық қорларды басқаруда бірқатар келіспеушіліктер бар.
Материалдық қорларды жоспарлау мен реттеу кезінде халық
шаруашылығының мүдделерін ескеру керек.
Материалдық қорларды
оңтайландыру критерийі материалдық-техникалық қамту процесінен тәуелді
қорлардың көлемімен байланысты барлық шығындарды төмендету болып
табылады. Материалдық қорларды басқару жүйесін қамтамасыз етудің негізгі
шарттары:
а) қор көлемі өндірістік процестің үзіліссіздігін қамтамасыз етуі керек.
б) материалдық қорларды сақтауға, қойма аудандарын салуға,
материалдық ресурстарды шашыратуға
кететін шығындарды қысқарту
мақсатында қор мөлшері минималды болуы керек.
Қорларды реттеу жүйелері. Қорлар көлемін реттеу, олардың тиімді
көлемін қолдау, жеткізуге үзіліссіз бақылауды ұйымдастыру және оларды
оперативті жоспарлау
бойынша іс-шаралар жиынтығы қорларды реттеу
жүйесі деп аталады. Барлық қорларды (кәсіпорындардағы немесе қамту-
өткізу базаларындағы) шартты түрде екіге бөлуге болады: максималды
деңгейден минималды деңгейге дейін өзгеретін ағымдағы қорлар,
өзгеріссіз
деңгейде болатын сақтандыру және дайындық қорлары.
Ағымдағы қор
материалдық құндылықтардың қоймаға келіп түсу аралығындағы интервалда
тұтынушыларды үзіліссіз қамтамасыз етеді немесе кәсіпорынның үзіліссіз
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Дайындау қоры материалдарды өндіріске
немесе тұтынушыларға жіберуге дайындау кезіндегі жұмыстарды
(материалдарды қабылдау, кептіру, бояу, іріктеу, тұтыну орнына жеткізу, т.б.)
13.1-кесте. Өндіріс құралдары қорларының өлшемдерінің қамтамасыз
етудің үнемділігі мен тұрақтылығына
тигізетін әсері
Қордың түрі
Үлкен қорлар
Шағын қорлар
1. Өнім
өндірушілердің
қоймаларындағы
дайын
өнім
Артықшылығы:
тұтынушылардың
жедел
тапсырыстарын
қанағаттандыру мүмкіндігі,
жабдықтарды
қайта
баптамай өнімнің ірі партия
көлемін шығару мүмкіндігі.