Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 105-1928 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарма миссиясы: ұлттық мәдениетті және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында тұратын халықтар мен этностардың мәдениетін сақтау мен дамыту болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының озық жетістіктерін насихаттайды;
2) мәдениет саласында стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) өңірлік байланыстарды, сондай-ақ таяу және алыс шет елдерімен халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы байланысты кеңейтеді;
4) театр, музыка, цирк және киноөнерді, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана мен мұражай ісін дамыту жөнінде Астана қаласы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қолдайды және қамтамасыз етеді;
5) мәдениет мекемелері мен ұйымдарын тарту арқылы шығармашылық қызметтің әртүрлі саласында республикалық байқаулар, фестивальдар, конкурстар, айтыстар өткізеді;
6) Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, сақтау және қайта жаңғарту, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
9) Астана қаласындағы бірінші кезектегі мәдениет нысандарын салу жоспарларын жүзеге асырады;
10) мәдениет саласында Басқармамен жасалған шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алуды қаржыландырады.
16. Функциялары:
1) Астана қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – Әкімдік) театр, музыка, цирк және киноөнер, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана мен мұражай ісі саласындағы елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елорданың мемлекеттік мәдени ұйымдарына қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;
4) Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына ішкі бақылау жасауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатын пайдаланған кезде бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және анықтау шараларын қабылдау;
6) Басқарма қызметін жүзеге асыру мәселелері жөнінде басқа да мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара қарым-қатынаста болу;
7) халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық, ойын-сауық іс-шараларын дайындау және өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
8) мәдени құндылықтарды әкелу және оны әкету бойынша сараптамалық комиссия құру;
9) мәдени құндылықтарды әкелу және оны әкету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
10) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) белгіленген тәртіппен мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын, мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар дайындау;
12) елорданың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттауды жүргізу;
13) Басқарма қызметкерлері мен бөлім қызметінің тиімділігін бағалау;
14) құқықтық жалпыға бірдей оқыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
15) Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан белгіленген тәртіппен қойылған мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) жан-жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға;
3) Астана қаласында фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және әуесқой шығармашылық күндерін, көркем өнер ұжымдары мен орындаушылар сайыстарын, байқаулар және Астана қаласының мәдениеті мен өнер жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
4) мәдениет объектілерін жобалау өнер мен салу жөнінде ұсыныстар енгізуге, Астана қаласының мәдениет және өнер ұйымдарының техникалық базасын салуды және оны кеңейтуді бақылауды жүзеге асыруға;
5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал етуге;
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметінің мәні мен мақсатын белгілеуге;
7) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға;
8) мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
9) ведомстволық кәсіпорындардың белгіленген мерзімде қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарауға, келісуге және бекітуге;
10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
11) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың, акциялардың пакеті және мүлік үлесі Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыруға;
12) коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органға коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін беруге;
13) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуға;
14) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге;
15) уәкілетті органмен (Әкімдікпен) келісім бойынша ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерді қайта құруды және таратуды жүзеге асыруға құқылы.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтар.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Басқарма бастығын уәкілетті органмен келісе отырып, Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма бастығының өкілеттігі:
1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері бастықтарының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
2) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекеменің басшыларын, басшылардың орынбасарларын және бас бухгалтерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекеменің басшыларына, басшылардың орынбасарларына және бас бухгалтерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша жеке жауап береді;
5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімделері туралы ережелерді бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
8) оның құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басқарма бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
23. Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма бастығы басқарады.
4. Басқарманың мүлкі
24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер тізбесі:
-
Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Астана Сазы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Бейбітшілік және Келісім сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Қазақстан» орталық концерт залы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Қазіргі заманғы өнер мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Тәуелсіздік сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
-
Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |