№2А-355/2010 25 тамыз 2010 жыл Қызылорда қаласы



Дата03.03.2016
өлшемі56.06 Kb.
#36062




Судья: К.Кусекеев
Қ А У Л Ы

№2А-355/2010

25 тамыз 2010 жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда облыстық соты, апелляциялық сатының судьясы А.Қожаниязов болып, өзінің ашық сот отырысында, №2 Қызылорда қалалық сотының 7 шілде 2010 жылғы шешіміне талапкердің апелляциялық шағымымен түскен, талапкер Данияров Тынымбайдың жауапкер Абдразахов Абайдың жер учаскесіндегі 2147 ш.м. жер учаскесін заңсыз иеленуінен қайтаруды және қора - жайын, салынған үйдің жер учаскесіне кіріп тұрған бөлігін бұзу туралы азаматтық ісін қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :
Талапкер Данияров Тынымбай сотқа берген талап арызында жауапкер А.Абдразаховтан «Таңқаман» өңірінде орналасқан 2147 ш.м. жер учаскесін заңсыз иеленуінен қайтаруды және қора - жайын, салынған үйдің жер учаскесіне кіріп тұрған бөлігін бұзуды сұраған.

№2 Қызылорда қалалық сотының 7 шілде 2010 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкер А.Абдразаховтың 2147 ш.м. жер учаскесін заңсыз иеленуінен талапкер Т.Данияровқа қайтаруға, қабаттасқан жердегі қоршауды алуды жауапкер А.Абдразаховқа міндеттеген. Талапкер Т.Данияровтың жауапкер А.Абдразаховтың жер учаскесіндегі қора - жайын, салынған үйдің жер учаскесіне кіріп тұрған бөлігін бұзу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талапкер апелляциялық шағымында, сот маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамаған деп, сот шешімінің күшін жойып, талап арызды толығымен қанағаттандыру жайлы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Іс құжаттарын зерттеп, шағым уәждерін талқылап, сот шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

Іс құжаттарына қарағанда, №388 санды 23-шілде 2009 жылғы жер учаскесін жалға беру туралы шартпен талапкер Т.Данияровқа «Таңқаман» өңірінен уақытша өтеулі пайдалануға шаруа қожалығы үшін 5,0 гектар жайлымдық жер берілген.

Уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін Акт талапкер Т.Данияровқа жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 2015-жылдың 26-қарашасына дейінгі мерзімге Қызылорда қалалық жер қатынастары мемлекеттік мекемесімен 20.08.2009 жылы табысталған.

17-тамыз 2004 жылғы №814 санды сатып алу – сату шартына сәйкес жауапкер А.Абдразахов пен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары И.Оңғарбаевпен Қызылорда қаласының «Жаңадария» өңірінен алаңы 20 гектар, оның ішінде, жайлымдық – 18 гектар, бөгде -2.0 гектар жер учаскесі сатып алынған.

№57 санды 08.11.2004 жылғы «Казпочта» ААҚ Қызылорда облыстық филиалына 27.200 теңге төленген.

12-маусым 2004 жылы жер белгілеу актісі жауапкер А.Абдразаховқа табысталған.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін Акт 27.09.2005 жылы Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасымен берілген.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабында көзделген жер учаскесіне құқықты табыстау тәртібі жауапкер А.Абдразаховпен толық сақталған, жерді белгілеу Актісі 12.06.2004 жылы жер учаскесіне жеке меншік құқық беретін Акт 27.09.2005 жылы табысталса, талапкер Т.Данияровқа Қызылорда қалалық жер қатынастары мемлекеттік мекемесімен 20.08.2009 жылы табысталған. Талапкер Т.Данияров жер учаскесін уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалануға (жалға алу) алғанға дейін жауапкер А.Абдразаховтың жер учаскесінің аумағы айқындалып жер учаскесіне жеке меншік құқық беретін құжаттар табыс етілген.

Талапкер Т.Данияровтың жалға алған жер учаскесіне жауапкер А.Абдразахов 2147 ш.м. жер учаскесіне өзінің қоршауын жылжытқанын мойындап қалпына келтіруге міндеттенген.

Тараптардың жер учаскелері орналасқан аумақта бұрын Сырдария аудандық агроөнеркәсіп жабдықтау бірлестігінің қосалқы шаруашылығының пайдалануындағы жер учаскесі болған.

08.01.1992 жылғы «Казгипрозем» институтының Қызылорда филиалы мен Сырдария аудандық агроөнеркәсіп жабдықтау бірлестігі араларындағы ғылыми-техникалық өнімді жасау (беру) туралы шартына сай жер учаскесін зерттеу, орналастыру, шекараларын айқындау жұмыстары жүргізіліп 19.03.1992 жылы жер пайдаланушыға жер белгілеу актісі тапсырылған.

№173 санды 31.05.1993 жылғы Сырдария ауданының әкімімен Сырдария аудандық агроөнеркәсіп жабдықтау бірлестігінің қосалқы шаруашылығының 1 пәтерлі екі тұрғын үй құрлысын қабылдау мемлекеттік комиссиясының актісі бекітілген. Мемлекеттік комиссиямен 1 пәтерлі екі тұрғын үй 31.05.1993 жылы Актпен қабылданған.

№145 санды 10.06.1997 жылғы Сырдария ауданы әкімінің шешімімен агроөнеркәсіп жабдықтау бірлестігінің қосалқы шаруашылығының жері азаматтарға берілген. Шешімге тіркелген қосымшаға сай берілетін азаматтардың тізімінде жауапкер А.Абдразахов реттік саны 28 – ші болып, «Таңқаман» өңірі көрсетілген.

Жауапкер А.Абдразаховтың жеке меншігінде берілген жер учаскесін 1997 жылдың маусымынан жер пайданушы, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін Актпен 27.09.2005 жылы жеке меншік құқығы табысталған.

Жауапкер А.Абдразаховтың жер учаскесінде тұрған 1 пәтерлі үй 31 мамыр 1993 жылдан тұрғаны толық бекітілген.

Қызылорда қаласы әкімдігі «Қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі маманымен берілген қорытындыда жауапкер А.Абдразаховтың жер учаскесін 1997 жылдың 10 маусымынан пайдаланып келе жатқаны, 17 тамыз 2004 жылы №814 санды жер учаскесін сатып алу –сату шартымен 20 га. жер учаскесін жеке меншікке сатып алғаны, тұрғын үйдің жер учаскесімен бірге табысталғанын бекіткен.

Жауапкер А.Абдразаховтың «Жаңадария» өңіріндегі жер учакесінде орналасқан тұрғын үй Қызылорда қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлікті жария етуді өткізу комиссиясының 18 шілде 2007 жылғы №7692 санды шешімімен Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлік ретінде жария етіп заңдастырған.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 52 бабының 1 тармағына сай үйге (ғимаратқа) меншік құқығы осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған үйлер (ғимараттар) орналасқан жер учаскесіне заңнамада белгіленген тәртіппен меншік құқығы беріледі.

Жауапкер А.Абдразаховтың тұрғын үйге меншік құқығы Қазақстан Республикасы АК-нің 118 бабының талабына сай мемлекеттік тіркеуден өткізілген.

Талапкер Т.Данияровтың жауапкер А.Абдразаховтың тұрғын үйі жер учаскесіне қабаттасып кіріп тұр деген дәлелі расталмаған, жауапкер А.Адразаховқа тұрғын үй меншік құқығы Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлік ретінде жария етумен заңдастырылған.

Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 65-бабының талабына сай әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән–жайларды дәлелдеуі тиіс.

Осы Кодекстің 15-бабының 2-бөлігінде тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

Көрсетілгендерге сай жауапкер А.Адразаховтың Қызылорда қаласы, «Жаңадария» өңіріндегі үйге меншік құқығы заңды, ол меншік иесі, меншік құқығы әділет органдарында тіркелген.

Талапкер Т.Данияровтың жауапкер А.Абдразаховтың 2147 ш.м. жер учаскесін заңсыз иеленуінен қайтаруды және қора - жайын, салынған үйдің жер учаскесіне кіріп тұрған бөлігін бұзу туралы сұраған талап арызы ішінара қанағаттандырылған.

Жауапкер А.Абдразаховтың 2147 ш.м. жер учаскесін заңсыз иеленуінен талапкер Т.Данияровқа қайтаруға, қабаттасқан жердегі қоршауды алуды жауапкер А.Абдразаховқа міндеттелген.

Талапкер Т.Данияровтың жауапкер А.Абдразаховтың жер учаскесіндегі қора - жайын, салынған үйдің жер учаскесіне кіріп тұрған бөлігін бұзу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Істі қарау барысында бірінші саты соты істегі құжаттарға сүйене отырып шешім қабылдаған, шешім сотқа тараптар тапсырған жазбаша мәлімдемені зерделеп, оларды дұрыс бағалай отырып, негізді және заңды шығарылғаны көрінеді.

Сондықтан шешімнің күшін жоюға негіз жоқ.

ҚР АІЖК-нің 358 бабының 1 тармақшасын басшылыққа алып, апелляциялық сот,



Қ А У Л Ы Е Т Т І:
№2 Қызылорда қалалық сотының 07 шілде 2010 жылғы шешімін өзгеріссіз, талапкер Т.Данияровтың апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға.

Қаулыға наразы жақ, қаулы көшірмесін алған күннен бастап 15 күн мерзімде облыстық соттың кассациялық алқасына шағым келтіруге құқылы.




Судья: А.Қожаниязов


Көшірмесі дұрыс, судья: А.Қожаниязов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет