3 7 I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет5/5
Дата21.06.2016
өлшемі410.5 Kb.
#151787
1   2   3   4   5

1. Атрибутивтік – есімді (мемлекеттік есеп, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік бюджет, әкімшілік органдары, рұқсат күәлік, ұсақ ұрлық т.б.)

  1. Етістік – субстантивтік ( орталықтандырылған тәртіп, талап қою құқығы, мүлік жалдау договоры, қорқыту арқылы талап ету, айқындалмаған қасақаналық, алимент төлеу борышы, әлеуметтік дамыту қоры, дауланып отырған құқық, жеке адамды тінту хаттамасы, заңмен қорғалатын мүдде, затты қарау хаттамасы)

Бірнеше сөзден жасалған заң терминдер көбінесе зат есімнен, сын есімнен, етістіктен құралады.

  1. Екі зат есімнен жасалған заң терминдері: Мемлекет қаржысы, мелекеттік тіркеу, еңбек тәртібі, халықаралық келісім, сот органдары, өзіндік меншік, еңбек дауы, сенім хат, ақша қаржысы, мемлекеттік қылмыстар, мемлекеттікгимн, мемлекеттік жалау, азаматтық заңдар, азаматтық талапкер, дипломатиялық өкілділік, қарыз шарты, мердігерлік шарт, тапсырма шарты, халықаралық шарт, құқық мәдениеті т.б

  2. Сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуінен: Қажетті қорғану, кәнігі бұзақылық, үлесті меншік, ұсақ ұрлық, авторлық құқық, жолдастық сот, ақшалай талаптар, жалаған куәлік, қылмыстық ниет, қылмыстық жаза, т.б

  3. Етістік пен зат есім тіркесінен жасалған заң терминдері: сынау мерзімі, тұтқынға алу, жауап алу, қайталап тонау, куәден жауап алу, азаматтықтан айыру.

  4. Үш компоненттен жасалған заң терминдерін же жиі кездестіруге болады. Мысалы: жолдастық өзара көмек, ерікті халық жасақтары, әлеуметтік сақтау тәртібі, тікелей шек қоюшылдық, ұйым әкімшілігінің бұйрығы, азаматтық хал актілері, ақшасыз есеп айырысу, ұқыпсыз ұсталған мүлік, заңды күшіне енгізу, ақшалай аманат қаржы, төленбеген алымды өндіру, қылмыскерді ұстап беру, ерікті халық жасағы.

  5. Төрт және бес компоненттен жасалған заң терминдері: Тұрмыстық прокаттың қалыпты договоры, ерікті өрт сөндіру жасақтары, борыштық мүлкіне тиым салу, некені бұзу ісін қарау, сақтық кассасындағы аманат ақша, қорқыту арқылы талап ету, сот шешімін орындау мерзімі, ұзақ мерзімге салынған ақша, судьяның жеке өзі шығарған қаулысы, ең жоғарғы күші бар нормативті акт, қылмыс істеді де айып тағылған адам, сот шешімін орындау мерзімі, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі т.б.

  6. Зат есім мен етістіктің байланысы арқылы жасалған терминлдер: пенсия тағайындау комиссиясы, тәртіп сақтау батальоны, шабуыл жасап тонау, сыйға тарту құқылары, жалақы алу құқы, айыпкерден жауап алу, куәден жауап алу, сауда ережелерін бұзу т.б

Жоғарыда келтірілген мысалдардың сыңарлары терминдер құрамына енбеген кезінде де әдеби қолданыста болып еркін пайдаланылған. Ал термин мәнін алған соң жаңа мағына береді. Бұрынғы қолданысы мен жаңадан пайда болған термин сөздер арасында мағыналық жағынан реңктік өзгешелік байқалады. Термин сөз ғылымилық немесе өз саламызда юридикалық мән алады. Кейде сөз мағынасы, беретін ойы мүлде өзгеріп кетеді. Мысалы, өсімқорлық, еңбек кітапшасы. Сонда бірінші жағдайдағы қарастырған сөздің ескі мәндік түрі өзгерді, жетілді деуге болса, енді кей сөздер өзінің әуелгі мағынасынан мүлде айырылады. Екі сөз екі ұғым ретінде түсіндіріледі. Яғни бұрынғы мағынасымен омоним болып жұмсалады.

Сондықтан термин жасауда, оны қолдануда практикада мынадай кемшіліктерді байқадық.



а) бір мәндегі терминдік ұғымның бірнеше мәнде қолданылуы;

ә) көптеген терминдердің синонимдік қатар түзеуі;

б) кейде сөздер бір ғылым саласында терминдік қызмет атқарса да, сол терминдік мәнде қолданбауы;

в) терминдер туралы анықтаманың шегі әлі де бір жүйеге келмеуі т.б. ұғымның дамуы мен күнделікті өмірде көп пайдаланылуы нәтижесінде кейде термин өзінің нақтылы мағынасынан ауытқып, тым кең қолданылады. Бұл терминдік сферадан шықты деген сөз емес. Мысалы: заң, конституция, юрист, адвокат, сынау мерзімі т.б сөздер күнделікті жиі қолданыстағы сөздер.

Екі ұғымның ұқсастығына сай жаңа ұғымға термин етіп бұрын қолданылып жүрген ұғымның атын беруге болады. Бұл амал - аналогиялық ұғымдардың терминдік алмасуы. "Жәрдем", "көмек" деген сөздің синонимі ретінде жиі жұмсалады. Қазір заңдық термин жұмыстан шығарылғанда жедел төленуі тиіс дегенде мемлекет бөлетін ақшаның атауы есебінде жұмсалады.

Термин қашан да нақтылығымен бағалы. Ал нақтылық кейде көп сөзділікке әкелсе, оны анықтау қиынға түсіп, тез анықталушы сыңары болып, басқа жаңа терминнің жасалуына негіз бола алады. Мысалы: қылмысқа көмектесуші, қылмыс, қылмыстық іс, қылмыс жасау, қылмысқа азғырушы, қылмысты ұйымдастырушы қылмыстық істер, қылмысқа көмектесушілер, қылмыстық істер кодексі, қылмыс жасау, қылмыстық заң, сот ісі, айыптау, жазаның орындалуы, құқық жүйесі, құқық негіздері т.б.



3.3 Заң терминдеріндегі жаңа атаулар

Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толығып дамып отырады. Әр дәуір, әр халық өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттердің өз атаулары пайда болады. Қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өміріміз бен ғылыми – техникалық дүниемізге қаншама жаңалықтар еніп отыр. Осыған орай қаншама осы атаулар – жеке сөздер мен сөз тіркестері пайда болып жатыр.

Әлеуметтік, шаруашылық, мәдени өмірімізге, халықаралық жағдайда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар көптеген неологизм сөздерді дүниеге келтіріп отыр. Мысалы: парламент, палата, егемендік, әділет министрлігі, заңгер, бап, құқық, жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс, жоғарғы сот, жергілікті сот, әскери алқа, алқаның төрағасы, құжат, үлестік, міндеткерлік, қарыздар жақ, лауазымды тұлға, лауазымдық қылмыстар, халықаралық құқық, құқықтық қағидалар, тәуелсіздік, өркениетті ел, халық жасақшылары, нарықтық кезең, жедел алдын-алу, операциясы, басқарудың президенттік нысаны, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидаттары, өмір сүру құқығы, мердігерлік шарт, өкілдердің өкілеттілігі, толық серіктестік, айғақ, тараптар, жалған көрсетім, көтерме ақы, мемлекеттік ақы, мемлекеттік тіл, меншік, құқық т.б

Міне, осындай жаңа қолданыстар тек жаңа ұғымдарды білдіру үшін ған емес, бұрыннан келе жатқан зат, бұйым, құбылыстарды дәлірер, дұрысырақ етіп қайта етіп қайта атау үшін де туып жатады.

Бұрыннан "право", статья закона, классификация, юрист, аналогия закона, гарантия, профессионал, таможня, аргументация деп орысша атап жүрген сөздерге қазақша балама тауып, бұл күнде құқық, заң баптары, жіктеу, заңгер, заң ұқсатығы, кепілдік, зейнет, нарық, дәйектеме деп атайтын болсақ, бұлар да лексикамыздағы жаңа қолданыстар ретінде танылды.

Заң терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері туралы оған қатысты бірқатар мәселелерді талдау жасау арқылы мынандай қорытынды жасауды қажет деп санаймыз: заң терминдері жалпыхалықтық лексикадан орын алатыны, олардың көпмағыналық, омонимдік, синонимдік, антонимдік қасиеттері барлығы, сондай-ақ, образдылық, эмоционалдық, ауыспалы мағыналық та ерекшеліктері барлығы анықталады.

Заңдық ұғымды білдіретін сөздер өз бастауын жалпыхалықтық лексикадан алғандығын көруге болады.

Бүгінгі таңда қазақ тілінде жаңа сөздер мен тіркестерді, жаңа мағыналарды туғызып отырған факторлар қандай десек, ең алдымен, өмірдің өзі әкелген жаңалықтар себепкер болып отыр. Ғылыми-техникалық революция дәуірі тек арнайы заң терминдерін ғана емес, көпшілік қауым күнделікті өмірде жиі қолданатын жүздеген жаңа сөздері ұсынуда.

Демек, әлеметтік, саяси, мәдени, рухани өміріміз әкеліп отырған жаңа құбылыс, түсінік-танымға қатысты ай сайын, жыл сайын тауып жатқан жаңа ұғымдар өз атауларын талап етеді.

Мұндай жаңа сөздер мен тіркестер тіл ғылымы үшін өте қажет. Мұндағы материалдар тілдегі лексикалық, лексика-грамматикалық жаңалықтардың құрамын, құрылысын, қызметін зерттеуге мүмкіндік берері сөзсіз.



Қорытынды

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер - бүгінгі нарықтық өтпелі кезеңге орай едәуір өзгерістерге ұшырап, қайта зерттеліп жатқан маңызды мәселе . Тіл білімінің басқа даму салалары сияқты терминология саласы өзінің даму сатыларынан өтті.

Қоғам дамуында, адамдардың өз тіршілігі не материяалдық игіліктер өндіруде қажетті қатынс жасау қандай қажет болса, тіл қызметінде терминология соншалық қажет.

Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексиколографтар мен лексикологтар, шетел тілдерінің ммандары, аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында логиктер мен математиктер, химиктер, тәнтану мамандары мен өкілдері және де басқа саладағы ғалымдардың үлкен еңбек еткендігін көруге болады.

Атап айтқанда, 1920 жылдардағы баспасөздердің алатын орны мен маңызы ерекше деп айтуға болады. 1920 жылдары ұлт тілінің қоғамдық қчызметінің арқандығы және сол кездегі зиялы қауымның қазақ тілінің ретсіз алынған жат сөздермен бүлінбей таза төл қалпында сақталуын, басты принцип етіп алғандығы осы кезеңдегі баспа материалдары дәлел бола алады.

Қазақ тілінде термин жасау ісін шартты түрде 5 кезеңге бөлуге болатындығы дәлелдедік.

Әсіресе, қайта қуру мен тәуелсіздік туы желбіреген соңғ,ы 5-10 жылдық мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ термиологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалын атап айтуға тиіспіз.

Сонымен қатар, еліміздің егемендік алуы, қазақ жұртшылығының ана тілінде білім алуына зор мүмкіншіліктер туғызып отыр.

Қоғам өмірін, мемлекет органдарының қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі заң шығарушының ойы заң қағидаларында дәлме-дәл анық тұжырым жасаудың аса қажеттілінгі анықталды.

Өйткені құқықтық терминдерді әрқашан дұрыс және біркелкі қолдану заңдарды дұрыс түсінуге, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге өте қажет екендігі, заңның тілін түрлі тұрғыдан зерттеуге өте қажет екендігі, заңның тілін түрлі тұрғыдан зерттеуге болатындығы байқалды. Атап айтқанда, заңда қолданылатын түсініктердің мазмұнын талдау арқылы, түсініктер мен терминдердің арақатынасын анықтау нәтижесінде тілді зертеудің семантикалық бағытын, құқықтық актілерді әдеби стилистика тұрғысынан зерттеуге мүмкіншіліктер болды.

Көпке мәлім, Конституция қазақ тілінде жазылған заң емес. Ол орыс тілінде жазылып, қазақшаға аударылды. Бұл конститутция тіліне кері әсерін тигізді.

Заң терминдері ған емес, жалпы термиология мәселесінің теориялық жақтарының қазақ тіл білімінде әлі де жан-жақты зерттелмегендігін көруге болады.

Соның нәтижесінде, мемлекет пен құқыққа байланысты ұғымдар мен терминдер әлі де қазақ тілінде қалыптаспағандығын дәлелдейік. Мұндай терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аударушы заң мамандары болмағандықтан заңға байланысты түсініктер мен терминдерге тиісті мән берілмегендігі байқалады.

Зерттеп отырған жұмыста заң терминдерінің қалыптасу және даму кезеңдерін анықтаумен қатар, оның шығу төркінін (этимологиясын), терминдік жүйе ретінде қалыптасуы анықталды.

Зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажетті деген терминдер сөздігі ұсынылып отыр. Сондай-ақ, мұнда заң терминдерінің лексикалық құрамына сипаттама бердім. Заң терминдерінің қазақ тілінде қолданылу жолдары, оның стилистикалық мүмкіндіктері, осыған орай түсіндірме сөздіктерін жасауға бет бұрыс жасалынды.

Заң терминдерінің сөздігі, сондай-ақ, заң құқық мәселелері жөнінде Профессорлар Т.Күлтелеевтің, С.Зимановтың, Ғ.Сапарғалиевтің, Н.Дулатбековтың, А.Ибраеваның, Н.Өсеровтың зерттеу жұмыстарын ерекше атау қажет деп санаймыз. Бұл еңбектердегі ой-пікірлерді зерттеу жұмысымда басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысымда баяндау, салыстыру, этимологиялық талдау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды. Соның нәтижесінде, қазақ тіліндегі заң термидерінің шығу тарихын, даму, қалыптасу кезеңдерін зерттеумен қатар, оны бір жүйеге келтіруге ұмтылыс жасалды. Тіл тарихына байланысты бай заң терминдерін сұрыпталды.

Қазақ тілінде заң терминдерінің қалыптасу, даму ерекшеліктерін анықтау арқылы, оларды түрлі тілдік талдауларға сай жіктеп, топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселелері анықталды.


  • Заң актілеріндегі, кодекстердегі байырғы заң терминдерінің құрамы сұрыпталып, талданды;

  • Заң терминдерінің лексикалық құрамына талдау жасалды;

  • Заң термидерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау арқылы заң терминдерінің жасалу жолдары қаралады. Олардың сөзжасам жүйесіндегі орны анықталды;

  • Бұрынғы ұлт тілінде қалыптасқан заң терминдеріне этимологиялық талдау жасалды. Олардың тілдегі актив қолданысына назар аударылды;

  • Қазақ әдеби тіліндегі заң терминдерінің қазіргі қолданылу өрісінің тілдік деңгейдегі орнын анықталды.

Сонымен, қазіргі қазақ терминологиясына қазақ тілінің ең күрделі де қызықты, дербес тармағын құрайды. Оның өзіндік даму, қалыптасу жолдары, тәсілдері, заңдылықтары бар.

Мемлекеттік тіліміздің мәтебесін республикада ғана емес, халықаралық деңгейге көтереміз десек, терминжасамның осындай заңдылықтарын ғылыми зерттеп, одан әрі дамыта түсу қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қайдаров Ә. Қазақ термиологиясына жаңаша көзқарас.

Алматы 1993, 99-112

2. Жубанов К. Исследования по казахскому языку

Алматы, 1960, 285-б

3. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной

русской лексикологии. М.,Изд. МГУ. 1973,

с.10


4.Винокур Г.О О некоторых явлениях словообразования

русской технической терминологии.

(труды)

5. Щеглова Н.А. К вопросу о грамматических средствах

терминологизации русских глаголов и

профессиональной речи. Уч. зап. МОПИ.

1963, т. 38. Вып. 8

6. Оруджев А. Г. О создании научной терминологии и об

упорядочении существующих терминов на

азербайджанском языке. Изд. АН АзССР,

№12, 1951. С. 12.

7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен

қалыптасуы. Алматы, 1988. 10, 12.

8. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.

Изд. "Советская энциклопедия". М., 1966.

С. 18.


9. Алдашева А. Жаңа атаулар. Алматы,

Сарыбаев Ш

Уәлиев Н. "Ана тілі", 1992.

10. Кенжебаев Б. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық

мәдениет. Алматы, "Жеті жарғы", 1997.

11. Даниленко В. П. Русская терминология. М., "Наука", 1977.

12. Лотте Д. С Вопросы заимствования и упорядочения

Иноязычных терминов и термино-элементов.

М., 1982, с. 147.

13. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы, "Рауан", 1997. 13, 14, 16,

53, 64, 67, 116, 155, 166, 179.

14. Толыбеков К. Кочевое общества казахов в 18-19 в. Алматы,

1971.

15. Әбілқасымов Б. XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің



жазба нұсқалары. Алматы, "Ғылым", 1992. 27-74

16. Абай тілі сөздігі. Алматы, "Ғылым", 1968.

17. Ағыбаев А. Қылмыстық құқықтың орысша-қазақша термин-

Баймұрзин дерінің сөздігі. Алматы, 1994

18. Ерғазиева Н. И. Вопросы изучения официально-деловой речи.

В кн: Преподавание русского языка казакских

группах вузов. Алматы, 1974. (вып.7)

19. Әбдірахманов Ә. Бекітілген терминдер мен атаулар. Алматы.

"Қазақстан", 1976.

20. Әбдірахманова Ә. Тіл мәдениеті және терминология. Алматы,

"Өнерлі өнер", 1976.

21. Әбдірахманова Ә. Терминдерді дұрыс пайдаланайық. "Социалис-

тік Қазақстан", 1973, 25 желтоқсан.

22. Сызздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. 1995. 196

23. Зиманов С. Общественный строй казахов первой поло-

Вины XIX века. Алматы, "Наука", 1958. 27, 154,

155, 200, 442, 466, 576, 577,

24. Зиманов С. Политический строй Казахстана конца XVIII и

Первой половины XIX века. Алма-Ата, 1960, 27,

42, 54, 64, 66, 193, 201, 225.

25. Заң терминологиялық сөздігі. Алматы, 1964. 59, 78

26. Байсалов С. Заң терминдерінің орысша – қазақша сөздігі.

Құдайбергенов Ұ Алматы, 1960. 11, 55

27. Байсалов С., Русско-казахский толковый словарь юридических

Уәлиев М., терминов. Алматы, "Казахстан",

Сапарғалиев Г. 1984.

28. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы, Ғылым, 1987

29. Бәйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың

негізгі принциптері мен міндеттері.

(Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1- кітап)

30. Бәйішев С. Термин және терминдерді қолдану туралы.

"С.Қ", 1947, 11 шілде.

31. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру.

1997, 6-10, 11

32. Дулатбеков Н. О Заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-

қазақша сөздігі. Алматы, 1995. 7- 42.

33. Ибраева С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы.

Алматы, 1983, 236-б.

34. Исаева С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы.

Алматы, 1983, 236-б

35. Кенжалиев З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.

Даулетова С. О Алматы, "Жеті жарғы", 1996.

Андабеков Ш. А

Әділбаев М. К.

Тоғжанов Е. Л

36. Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977.

37. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіг. I – X томдар. Алматы, "Ғылым",

1974 – 1986

38. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы, 1986.

39. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, "Қазақстан", 1988.

40. Қазақ ССР – інің қылмыстық істер жүргізу кодексі. Алмаиты,

"Қазақстан", 1984.

41. Қазақ ССР – інің заңдар жинағы. Алматы, 1979.

42. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. Алматы, "Ғылым". 1985.

43. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, "Қазақстан",

1995.


44. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. Алматы,

"Жеті жарғы", 1997.

45. Қайдаров Ә. Термиология көкжиегі. "Қазақ әдебиеті"

Айтбаев Ө 1984, 10 тамыз.

46. Өсеров Н. Жеті жарғы. Алматы, "Жеті жарғы", 1995.

47.Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі.

Алматы, "Жеті жарғы", 1995. 11-99.

48. Терминдер мен атаулар. Сөздік. Алматы, "Қазақстан". 1990.

49. Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. Алматы,1993

50. Тоқаев К. Заң терминдері хақында "Қазақ әдебиеті". 1968.

51. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1949.

52.Әуезов М. Шығармалары. "Жазушы". 1968, 5 том.



53. Әуезов М. "Абай жолы", "Жазушы". 1989, 2 том.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет