3 алгоритмдеу негіздері


Айнымалы – программа орындалуы барысында өз мəнін  өзгерте алатын объект. Айнымалы қасиеттері



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата08.09.2023
өлшемі357.47 Kb.
#476892
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дәріс №1. Даму ортасы, тіл негіздері және мәліметтер типтері

Айнымалы
– программа орындалуы барысында өз мəнін 
өзгерте алатын объект.
Айнымалы қасиеттері:
1. айнымалы белгілі бір мəнге ие болғанша, анықталмаған 
болып саналады. Оған мəн беру мынадай тəсілдермен 
орындалады: 

сырттан енгізу арқылы; 

тұрақты мəнді (константаны) меншіктеу арқылы; 

бұрын анықталған айнымалының мəнін беру арқылы;
2. кез келген сəтте айнымалының белгілі бір мəні болады не-
месе ол анықталмаған болып есептеледі;
3. айнымалыға соңғы берілген мəн оның алдыңғы мəнін жой-
ып (өшіріп) жібереді. Айнымалыны таңдау (оқу) жəне оны 
пайдалану айнымалының мəнін өзгертпейді.
Бұл пəннің заттық негізі болып (ЭЕМ-де шығару мақсатын-
да) алгоритмдер мен программаларды құрастыру тəсілдері мен 
құралдары саналады. Программалар құру үшін программалау 
жүйелері пайдаланылады.
Программалау жүйесі 
– программалауды автоматтандыру 
құралдары. Олар программа лау тілінен, осы тілдің трансляторы-


6
нан, құжаттамаларынан жəне де программаларды дайындау, əрі 
орындау құралдарынан тұрады.
Транслятор
– бір тілді екінші тілге аудару программасы. Ол 
интерпретатор жəне компилятор сияқты екі топқа бөлінеді. 
Интерпретатор
– бұл командаларды аударып, оларды бірден 
орындауға арналған трансляторлық программа.
Компилятор
– бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын 
толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің 
нəтижесін алу түшін машиналық кодты орындау керек.
1.2. Алгоритм қасиеттері
Алгоритм ұғымының мəнін ашатын негізгі қасиеттерінен 
не месе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар кел-
тірейік. ЭЕМ-де орын далуға тиіс алгоритмдерге мынадай талап-
тар қойылады:
1) ол анық əрі дəл өрнектелуі тиіс – детерминділік (анықтылық, 
бір мəнділік) қасиеті, яғни алгоритмді басқаша түсінуге жол бер-
мей, тек қана көрсетілген əрекеттерді айқын түрде орындауға 
арналған нұсқаулар дəлдігі;
2) алгоритм шектелген уақыттан соң нəтиже беруі тиіс – 
нəтижелілік қасиеті, мұнда белгілі бір əрекеттер саны атқарылған 
соң, процестің қажетті нəтижесін алып, оны аяқтау мүмкіндігі-
нің болуы немесе есептеу процесін ары қарай жалғастыруға 
болмайтындығы жайлы мəлімет алуымыз қажет;
3) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы 
тиіс – жал пы лық қасиеті, ол алгоритмнің осы сияқты көптеген 
басқа да есептерге қолданылу мүмкіндігінің болуын көрсетеді;
4) алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы 
қажет – модульдік (дискреттілік, бөліктік) қасиет – есептеу 
процесін жекеленген қарапайым операцияларға бөлу мүмкін-
дігінің болуы, яғни күрделі есепті атқарылуына күдік келтіруге 
болмайтын шағын бөліктерге жіктеу орындалуы тиіс.
Біріншіден, алгоритм анық, əрі дəл өрнектелуі қажет. Онда 
қандай қадамдар көрсетілсе, тек соны ғана орындау керек. 
Есеп шығару жолына керектің бəрі біржақты анықталуы жəне 
орындаушыға түсінікті, əрі нақты болуы тиіс. Екіншіден, алго-
ритм нəтижелі болуы керек. Əрекеттердің шектелген санынан 


7
кейін белгілі бір уақыт ішінде қорытынды нəтиже алуымыз қа жет. 
Əрбір алгоритм біршама бастапқы мəліметтердің болуын талап 
етеді жəне іздеген нəтижені алуға жеткізеді. Мысалы, сандарды 
қосу алгоритмі үшін бастапқы мəліметтерге қосылғыштар мəні 
жатады, ал нəтижесі қосынды болады. Үшіншіден, алгоритмнің 
жалпылық қасиеті болады, яғни бастапқы мəліметтер мəнінің 
бір жиыны бір ғана нəтиже бе реді. Егер берілген мəліметтер 
өзгерсе, нəтиже де өзгереді. Басқаша айтқанда, бір алгоритм бір 
типтес есептердің əр түрлі алғашқы мəліметтері үшін əр түрлі 
нəтижелер беруі тиіс. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі 
кез келген а, b, с мəндері үшін оның түбірін дұрыс табуы керек. 
Төртіншіден, алгоритмнің үзік-үзік модульдерге бөліну қасиеті 
болуы тиіс, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгорит-
мдерге жіктеуге əрқашанда мүмкіншілік болуы керек. Сондықтан 
алгоритмді екі-үш бөлікке бөліп, оларды өзінше құра алатын 
дəрежеде жұмыс істелуі қажет. Олар тек бірінің қорытындысын 
келесі жолы керекті мəлімет ретінде қолдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет