3
1. АЛГОРИТМДЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Негізгі ұғымдар мен түсініктер
ЭЕМ-ді пайдалану істерін қарастырмас бұрын оның жұ-
мы сымен тығыз байланысты алгоритм, программа ұғымдарын
білуіміз қажет. Əрбір ЭЕМ
алдын ала берілген алгоритммен,
яғни жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттел-
ген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын
операциялар тізімі
деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен қолданылып
жүр. Оның көптеген анықтамалары да бар. Соның бірін келтіре
кетейік.
Алгоритм
–
берілген есептің шығару жолын реттелген амал-
дар тізбегі түріне келтіру. Кез келген
есепті қарапайым амал-
дарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді
ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Сонымен, алгоритм оны атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тəртібін
түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Алгори-
тмді атқарушының рөлін негізінен адам немесе автомат тан-
дырылған аспап,
яғни ЭЕМ, робот, т.б. атқарады. Мысалы,
y=(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төменгі іс-əрекеттерден
тұрады:
1)
а-ны
х-ке көбейту, оны R
1
деп
белгілеу;
2) оған
b-ны қосу, нəтижесін R
2
деп белгілеу;
3)
с-ны
х-ке көбейту, оны R
3
деп белгілеу;
4) одан
d-ны алу, оны R
4
деп белгілеу;
5) R
2
-ні R
4
-ке көбейту, оны
y деп белгілеу.
Алгоритмнің орындалу кезінде оны орындаушыға келесі жолы
қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал
орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны – ко-
мандалар жүйесін құрайды.
Алгоритм мен программаға байланысты ЭЕМ-нің мынадай
жұмыс ерекшеліктері болады:
1) есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) алгоритм
программаға айналдырылуы тиіс;
4
3) программа машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы
керек. Алгоритм күнделікті тұрмыста да кеңінен қолданылады.
Мысалы, студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын
орындау керек.
1.
Орта мектепті бітіріп, аттестат алу.
2. Керекті құжаттарды аттестаттың түпнұсқасымен бірге
бел гілі бір оқу орнына өткізу.
3. Конкурстан өту.
Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды.
Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс. Сонда ғана
керекті нəтижеге (студент болу) қолымыз жетеді.
Алгоритм информатиканың іргелі ұғымдарының бірі. Квадрат
теңдеудің түбірін
табу ережесі, үшбұрыштың ауданын есептеу
жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады.
Алгоритмдеу
–
есепті шығару алгоритмін құрастыру про-
цесі, мұның нəтижесінде мəліметтерді өңдеу процесінің кезең-
дері айқындалады да, кезеңдер мазмұны формальды (жасанды)
түрде жазылып, солардың орындалу реттілігі анықталады.
Алгоритмдік тіл
– алгоритмдерді жазуға арналған символ-
дар мен сол символдардан тұратын конструкцияларды құрас-
тыру жəне түсіндіру ережелерінің жиыны.