3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38


Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады



бет6/25
Дата09.07.2016
өлшемі2.77 Mb.
#186758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

6.Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады.

Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Физиканы оқытудың негізгі міндеттері: оқушыларға білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу.

Білім беру міндетіоқушыларға физиканың негізгі заңдылықтарынан білім беру, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.

Дамыту міндетіоқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытады, оқушылардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асырады. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырады.

Тәрбиелеу міндетінегізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері – өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.

Физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Физиканы оқытудың қандай міндеттері бар?

  2. Білім беру міндетінің мақсаты қандай?

  3. Дамыту міндетінің мақсаты қандай?

  4. Тәрбиелеу міндетінің мақсаты қандай?

3-тақырып. Политехникалық оқыту және кәсіби бағдар, политехникалық білім беру.


Дәріс жоспары

  1. Политехникалық білім беру

  2. Физиканы оқытуда оқушыларға кәсіби бағыт беру

  3. Физиканы оқыту процесінде оқушыларға экологиялық білім беру


Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Политехникалық білім беру.

Физика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті:


1.Физика мен техниканың байланысы

2.Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары

3.Қазіргі кездегі өндірістің негізгі салалары

4.Нақты техникалық обектілер мен технологиялық процестер

5.Әлеуметтік-экономикалық білімдер

6.Экологиялық білім.

Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметтер беріліп, іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағдыларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет.

Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады.

Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жаттығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс.

Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехникалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек.


Политехникалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі.

7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады.

8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмысы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі.

10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады.

Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі техникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге дағдыландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет