Тілдік таңба (знак языковой) – тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбалардың жиынтығы ерекше таңбалар жүйесі – тілді жасайды. Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың, яғни таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады. - Тілдік таңба (знак языковой) – тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық (екі жақты) құрылымы. Тілдік таңбалардың жиынтығы ерекше таңбалар жүйесі – тілді жасайды. Тілдік таңба мазмұн мен дыбысталудың, яғни таңбаланушы мазмұн мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады.
- Тілдік таңбаның неғұрлым жиі кездесетін түрі – сөз, себебі алдыңғы ұрпақтар тәжірибесінде жинақталып қалыптасқан заттың танымдық бейнесі тек сөзде сақталады. Өз мағынасы басқа таңбаларға байланысты ғана білдірілетін, ішкі құрылымдық мәні бар сөзжасамдық және сөз түрлендіруші морфемалардың жартылай таңбалық сипаты бар.
Тілдік таңба тілдегі белгілі үлкенді-кішілі жүйелерде орныққан үлгілерге сай қалыптасады да, адамзат тілінің екі негізгі құрылымдық өлшеміне қатаң түрде бағынады. Оның бірі – таңбаланушы мен таңбалаушылардың әртүрлі парадигмалары мен топтарынан тұратын парадигматикалық өлшем, екіншісі – көлденең қатарда таңбалардың тіркесімін білдіретін синтагматикалық өлшем. Бұдан басқа толық мәнді сөз таңбаларына семантикалық қалып, яғни тарихи ұқсастық тұрғысынан қарайтын үшінші құрылымдық өлшем тән. - Тілдік таңба тілдегі белгілі үлкенді-кішілі жүйелерде орныққан үлгілерге сай қалыптасады да, адамзат тілінің екі негізгі құрылымдық өлшеміне қатаң түрде бағынады. Оның бірі – таңбаланушы мен таңбалаушылардың әртүрлі парадигмалары мен топтарынан тұратын парадигматикалық өлшем, екіншісі – көлденең қатарда таңбалардың тіркесімін білдіретін синтагматикалық өлшем. Бұдан басқа толық мәнді сөз таңбаларына семантикалық қалып, яғни тарихи ұқсастық тұрғысынан қарайтын үшінші құрылымдық өлшем тән.
Тілдің таңбалық сипаты, оның негізгі ерекшеліктерінің бірі. Осылай болғандықтан, философтар мен лингвистер бұл мәселеге ертеден бері ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты, әсіресе, Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.
Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т. б. салыстыруға болады. Ол тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмірінін, ішіндегі таңбалардың табиғатын зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны «семиология» деп атар едік», деген жазба қалдырған.
Таңбалар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |