МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3
I Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және
экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні........................5
1.2 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері..................12
II Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығының субъектілері мен объектілері....................21
-
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығының ставкалары мен төлеу тәртібі ..................22
-
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын есептеу әдісі......................................................27
Қорытынды .........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................42
Кіріспе
Жақын келешекте ауыр өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқада салаларының үздіксіз дамуы отын мен жағар майларды қарқынды өндірудің қажеттілігіне әкеліп соқтырады, демек көмірсутек шикізаты – газ тәрізді және сұйық мұнай өнімдері ресурстарының өсуіне алып келеді. Мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуін қанағаттандыру үшін жыл сайын үлкен қуаты бар мұнайды алғашқы айдау қондырғыларын жаңадан іскеқосу керек болады.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғылары мұнай өңдеу зауыттарында үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каткренинг, кокстеу, тазарту және басқа да процестердің тиімділігі осы қондырғының жұмыс көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан мұнай өңдеу өндірісінің жұмысшылары, ғылыми зерттеу және жобалау - конструкциялық ұйымдардың қызметкерлері қондырғылардың технологиясын оның өнімділігін ұлғайтуға және алынған өнімдердің сапасын жоғарлатуға ұмтылуы керек. Еңбек өнімдігін жоғарылату, тауардың өзіндік құнын кеміту энергия шығындарын қысқарту, металл шығындарын және басқа шығындарды қысқарту а/ы ісіне асатын қондырғының (көрсеткіштерінің) технико – экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың үлкен мәні бар.
1950 жылға дейін мұнайды алғашты айдаудың инновациялық әлеуметі қалыптасады. Осыған байланысты адамның біәлім – білік капиталына қатысты экономиканы өрістеу мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика білім - өндіріс саласын басымдығы ретінде айқындай түсті. Бүгінгі өркениет білім программасын өзгертуді талап етуі. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды да инновациялық білім келуі тиіс. Бір ескерер жайт етіп, ғылыми білім қоғам мүшелері қызметінің әлеуметтік жағдайына қарай қарастырылады. Мұны халқымыз «Еңбегіне қарай - өнбегі деген нақылға сыйдырған. Сонда инновациялық білімнің мақсаты болашақ жасампас қызметін болмыс – бітімін қалыптастыру болып шығады. Қазақстанның бәсекеге қабіліеттігін қамтамасыз ететін білім реформасы да елбасы пайымына сай келді.
Әлбетте, білім мен ғылым – бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі өрістете беретін салалар. Бұл ретте жолдаудағы ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру» деген Президенттің тапсымасы елдік дамуымыздың дәл осы кезеңінде аса көкейкесті деп білеміз.
Қазір жахандық тоқыралардың нышаны байқалып отырған уақытта адамның жаңа дүние танымдық бағдарын іздеу зәрулігі күн тәртібіне шығып отыр. Осыған байланысты ғылымның мән мағынасы да, оның қоғам өміріндегі орны туралы түсінік те қайта байпталып жатыр. Ендігі жерде құндылықтар жүйесіндегі ғылымның қадір қасиеті оның технологиялық қарқынымен өлшенетін айқын. Осы орайда Президентіміз «Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы замагнғы ғылыми орталықтар мен технологиялық парктер құру мен дамыту, технологиялардың игеру үрдісіне қолдау көрсету мен кадырлардың білігіне бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек – дейді. Бұл да -тың ой - әрі тың бастама. Ғылымды жан – жақты дамытуға бағыттау - уақыт талабы Қазақстан ғылымнан керіде дей алмаймыз. Елімізде 10 мыңға жуық ғылыми қызметкер мен ғылыми мамандар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы тек мемлекеттің меншігінде болатыны белгіленген. Конституцияның осы нормасын ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2828 Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша және төлемді жер қойнауын пайдалану көзделген.
I Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы тек мемлекеттің меншігінде болатыны белгіленген. Конституцияның осы нормасын ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2828 Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша және төлемді жер қойнауын пайдалану көзделген.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
-
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
-
барлау;
-
өндіру;
-
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылыстары және пайдалану.
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, шеттетілетін не шеттетілмейтін, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
Тұрақты және өтемсіз жер қойнауын пайдалану құқығында жеке меншік немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер қойнауын пайдаланушыға тиісті жер учаскелерінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері қазақстандық және шетелдік жеке және де заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Тұрақты жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар.
Уақытша жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі мерзіммен шектелген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жолмен туындайды:
-
жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну;
-
жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
-
әмбебап құқық иелігі тәртібіндегі жер құқығын пайдалану құқығына көшу.
Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну мемлекеттің тікелей жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға ұсынуын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға беруін білдіреді.
Әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібіндегі жер қойнауын пайдалануқұқығына көшу заңды тұлғаны қайта құру кезіңде құқық мирасқорлығында жер қойнауы құқығының туындауын білдіреді.
Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, сондай-ақ барлау мен (немесе) өндірумен байлданысты жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну келісім-шартты жасау жолымен жүргізіледі.
Коммерциялық мақсаттағы жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну облыстық атқарушы органмен келісім-шарт жасау негізінде жүргізіледі.
Пайдалы қазбалардың аздағвн қорлары мен кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мен қорғау бойвнша мемлекеттік органның әкімшілік актісі негізінде жүргізіледі.
Өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру мен жер асты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары орналасқан жер учаскелерін бір уақытта жеке меншікке немесе келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен ынтымақтастықта болады. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу үшін пайдалануға беру жүргізіледі. Уақытша жер пайдалануға жер учаскесін ұсыну кезінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын пайдаланудың шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартпен келісілуі тиіс.
Жер пайдалану құқығы бірнеше жер қойнауын пайдаланушыға ұсынылуы мүмкін. Осындай ұсынылу жағдайында осы жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлері болып табылады. Осындай жер қойнауын пайдаланушылардың өзара құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құзіретті органға қатысты құқықтары мен міндеттері келісім-шартта айқындалады. Жер пайдалану құқығының бірлескен иегерлері келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен жауапкершілікте болады.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауы келісім-шарттың мынадай түрлері:
-
барлау бойынша жұмыстарды өткізуге;
-
бірлескен барлау мен өндірі бойынша жұмыстарды өткізуге;
-
өндіру бойынша жұмыстарды өткізуге;
-
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен (не) пайдалануға қолданылады.
Жер қойнауын пайдалану мен басқа да жағдайлар бойынша нақты операциялардың қағидаларына қарамастан келісім- шарттардың құрамдастырылған және өзге де түрлеріне жол беріледі.
Кілісім-шарт жағдайы үлгілік келісім-шарттың ережелерін ескеріп тараптардың өзара келісімі бойынша айқындалады.
Келісім-шарт жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі керек. Келісім-шарт жасау сәтіне қолданылатын заңнамаға қайшы келетін келісім-шартт жағдайы оны жасау сәтінен бастап жарамсыө деп саналады.
Жұмыс бағдарламасын қоса бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарт бойынша өндіруді өткізуге жағдай мен тәртібі келісім-шартта айқындалатын тәртіпте жасалған келісім-шартқа қосымша ретінде қосымша рәсімдеуге жатады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға және арнайы төлемдерге салық төлеушілері техногендік миниралдық құрылымдардан пайдалы қазбаларды алуды қоса Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Жер пайдалануға келісім-шарт екі тараптын коммерциялық шарты болып табылады, яғни Құзіретті орган тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жер қойнауын пайдаланушы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы және халықаралық шарт болып табылмайды.
Яғни, жер қойнауын пайдалану үшін белгіленетін салық режимі келісім-шартты жасау күніне қолданылатын заңды және жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді реттейтін салық заңнамасының ережелеріне сәйкес келуі керек. Осындай жолмен, келісім-шарттың салық режиміне оған қол қою күніне қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін ережелер енгізіледі.
Келісім-шартқа қол қою күніне дейін салық сараптамасын өткізу күнінен бастап салық заңнамасының өзгеруі жағдайында салық режимі қайтадан салық сараптамасын өткізумен осы өзгерістерге сәйкес келтірілуі керек.
Егер бір келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шартта белгіленген салық режимі бірнеше салық төлеушілер жүзеге асырса олар үшін бірыңғай болып табылады. Бұл ретте :
-
салық салу мақсатында салық төлеушінің осы келісім-шарт шегінде жүзеге асырылатын қызметі бойынша бірыңғай тұтастандырылған есеп және келісім-шартта белгіленген барлық салықтар мен төлемдерді төлеуге міндетті;
-
келісім-шартпен белгіленген салықтарға қосымша бір келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің «Халықаралық салық салуы» бөліміне сәйкес салық салуға жатады.
Келісім-шартпен көзделген салық режиміне сәйкес салықтарды төлеу осы келісім-шарттың шегінен шықпайтын қызмет бойынша салық міндеттемелерін төлеуден жер қойнауын төлеушілерді босатпайды.
Осы ереже жалпы таралған пайдалы қазбалар мен (немесе) жер асты суларын өндіру бойынша келісім-шарттарға таралмайды.
Келісім-шартта көрсетілмеген қосымша пайдалы қазбалардың коммерциялық мақсатта әзірлеу жағдайында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген кесімді ставкалар бойынша олармен төлемдер жүргізеді.
Келісім-шарттың негізгі түрлерін ескеріп жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екі үлгіге бөлінеді.
Салық режимінің бірінші үлгісі Кодекспен белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін жер қойнауын пайдаланушылар төлеуді көздейді және олар үшін салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда (келісімдерден) басқа барлық келісім-шарттарда белгіленеді.
Міндетті салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген салық режимі келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының және Қазақстан Республикасының алғашқы экономикалық мүдделерінің қатынасы ретінде өзгерістерге алып келмейтін және келісім-шарт тараптарының келісімі бойынша салық режиміне өзгерістер енгізілген жағдайлардан басқа осы келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қызмет етеді.
Келісім-шартпен көзделген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін жою жағдайында жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіпте келісім-шартқа тиісті өзгерістерді енгізуге дейін келісім-шартпен белгіленген тәртіпте және мөлшерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.
Оларға қол қоюға дейін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттррдың барлығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте және мерзімде міндетті салық сараптамасынан өтуі тиіс.
Салық сараптамасы- салық режимін айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын белгілеу мақсатында өткізілетін оған толықтырулар мен өзгерістер, келісім-шарт жобасын талдау мен бағалауды енгізетін міндетті сараптама.
Келісім-шарттардың салық сараптамасының мынадай уәкілетті органдар:
-
жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларынан басқа пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша келісім-шарттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық саясат пен болжамдар департаменті;
-
жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша келісім-шарттарды- кен орнының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыста, Астана мен Алматы қалалары бойынша салық қызметі органдары өткізеді.
Салық сараптамасын сәйкес келтіру мақсатында уәкілетті органдардың өкілдері олармен келісім-шарт жасау үшін жер қойнауын пайдаланушыларды айқындау кезінде тендерлік комиссияның жұмысына да, келісім-шарттарды дайындау кезінде де қатысады.
Осы ереже бұрын жасалған келісім-шартарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға таралады.
Салық сараптамасының барысында уәкілетті органдар мынадай мәселелерді қарайды:
-
жер қойнауын пайдалануғакелісім-шарттарда салықтар және бюджетке төленетіе басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді белгілеу, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді келісім-шартта көрсетудің толықтығы, оларды есептеу мен төлеудің тәртібі, оның ішінде «Өнімді бөлу туралы» келісім-шарт түрлерәнің салық режимі мен жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін белгілеу;
заттай нысанда жер қойнауын пайдаланушы төлеуге жататын роялти сомасын бюджетке төлеу мен аударудың тәртібін Қазақстан Республикасының Уәкілетті органдарымен бірге белгілеу;
кен орнын барлаудың салдарын жою қорын қалыптастыру мөлшері мен тәртібінде Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен айқындайға қатысуы;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің тікелей және жанамалай қатысты келісім-шарт жобаларының ережелеріне сәйкестігі.
Жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген салық сараптамасының нәтижелері салық сараптамасынан өту туралы уәкілетті органдардың қорытындысына енгізіледі және келісім-шарттардың түпкілікті мәтіндеріне міндетті түрде енуге жатады.
Пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тиісті келісім-шарттар жасағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде республикалық бюджет кірісіне жер қойнауын пайдаланғаны үшін аударымдарды жүргізеді.
Бұл ретте осы аударымдарды төлеу мерзщімі мен салық салу объектілерін айқындау роялтиді төлеу үшін белгіленген тіртіпте жүргізіледі.
Келісім-шарттарда келісілген жағдайлардан басқа қызметті жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар Салық кодексімен белгіленген салықтар мен бюджетке төлемдердің барлық түрлерін төлейді. Бұл ретте, салықтар мен төлемднрді есептеу мен төлеу тәртібі Салық кодексінің тиісті бөлімімен айқындалған. Жер қойнауын пайдаланушыларға оның ішінді Салық кодексімен белгіленген әкімшілік ережелерінің барлығы қолданылады. Салық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкциялары тиісті бұзушылықтарды белгілеу сәтіне қолданылады.
1.2 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері
Салық кодексінде геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарын ҚҚС- пен салық салу тәртібі сақталған. Мәселен, геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстары бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Бұл жағдайда геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстары деп әзірлеуге көмірсутегі мен минеральдық шикізат кен орындарын (шоғыр) іздестіруді, барлауды, бағалау мен дайындауды қамтамасыз ететінбелгілі жұмыста қолданылатын өзара байланысты жиынтық түсініледі. Геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарына мынадай жұмыстар жатады:
-
жер қойнауының жағдайына мониторинг жүргізу, сейсмоболжау;
-
геологиялық, геофизиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсірулер;
-
пайдалы қазбаларға болашақты айқындаумен тұтастай алғанда республика аумағының геологиялық құрылымын зерттеу;
-
теңіз геологиялық-геофизикалық, ғылыми және тақырыптық зерттеулер;
-
ғылыми- геологиялық зерттеулер;
-
жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізі болып табылатын мемлекеттік геологиялық карталарды құру;
-
пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен барлау және оларды бағалау;
-
геологиялық барлау мен геологиялық іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде тікелей пайдаланылатын мүлікті тасымалдау;
әзірлеуге көмір сутегі мен минералдық шикізат кен орындарын (шоғырларын) іздестіру, барлау, бағалау мен дайындауды қамтамасыз ететін лаборраторлық, топографо-геодезиялық, карта жасау, бұрғылау, кен үргілеу және басқа да жұмыстар.
Арнайы, қосарлама жұмыстарды қоса геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарының нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына, геологиялық жұмыстар өндірісіне геологиялық- әдістемелік талаптар, ғылыми- техникалық мүмкіндіктер, геологиялық объектінің ерекшеліктері мен зерттеу мақсатын ескере отырып әрбір геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру (ғылыми- геологиялық) объекті бойынша жер қойнауын пайдаланушыда жобалық- сметалық құжаттамасымен (жұмыс бағдарламасымен) айқындалады.
Арнайы жұмыстардың кейбір түрлері (сызба- ресімдеу, сараптама және т.б) басқа мамандандырылған ұйымдардың күштерімен орындалуы мүмкін және геологиялық барлау мен геологиялық барлау және геологиялық- іздестіру жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы жұмыстарды орындау қажеттілігі геологиялық объектінің жобалық- сметалық құжаттамасында (жұмыс бағдарламасында) негізделеді және көрсетіледі. Бұл ретте, жеңілдік жер қойнауын пайдаланылушымен осы жұмыстарды орындауға шартты тікелей жасаған ұйымдарға ғана қолданылады.
Орнату мен бағалау кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге геологиялық зерттеу, барлау және дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жүргізген шығыстар, төленген жазылмалы бонус сомасы мен коммерциялық табылу бонусы жеке топ құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қарауы бойынша айқындалатын нормалар, бірақ 25 пайыз мөлшерінде амортизацияның шекті нормасын жоғары пайдалы қазбаларды өндіруді бастау сәтінен амортизациялық аударымдар түріндегі жылдық жиынтық кірістен шегеріледі.
Осы шығыстар мыналардан басқа табиғи ресурстарды өндіруге геологиялық зерттеу мен дайындық жұмыстарын өткізу кезеңінде жасалған келісім-шарт жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кірістер сомасына оларды кеміту жолымен түзетуге жатады:
-
пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған кірістер;
-
Кодекс ережелеріне сәйкес жылдық жиынтық кірістен алып тастауға жататын кірістер.
3. Арнайы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері
Арнайы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдеріне мыналар жатады:
- үстем пайдаға салық;
- бонустар(жазылмалы,коммерциялық табу);
- роялти;
- өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушылардың кесімді төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттабелгіленген мөлшер мен тәртіпте ақшалай нысанда төленеді:
-
жазылмалы бонус;
-
коммерциялық табу бонусы.
Жасалынатын келісім-шарттың техникалық-экономикалық есептеріне сәйкес жасалынатың келісім-шарт бонустардың бір немесе екі түрі қолданылады.
Жазылмалы бонус келісім-шарт аумағында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы үшін жер қойнауын пайдаланушының бір жолғы кесімді төлемі болып табылады.
Бұл ретте, жазылмалы бонустардың бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, ал соңғы мөлшері кен орнын (аумақтардан) жер қойнауын пайдаланушы үшін берілетін экономикалық құндылықтарды ескеріп, келісім-шартта, бірақ бастапқы мөлшерлерден кем еместе белгіленеді.
Жазылмалы бонус келісім-шартпен белгіленген мерзімде, бірақ оның күшіне ену сәтінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджетке төлеуге жатады, ал декларация төлем мерзімі басталған айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша аумақтық салық органына жер қойнауын пайдаланушы береді.
Коммерциялық табылу бонусы келісім-шарт аумағында әрбір коммерциялық табылу үшін, оның ішінде, алғашқы белгіленген алынатын қорларды ұлғайтуға алып келетін кен орнын қосымша барлау барысында пайдалы қазбаларды табу үшін белгіленеді.
Оларды одан кейін өндіруді көздемейтін пайдалы қазбалардың кен орнын барлау өткізуге келісім-шарттар бойынша коммерциялық табылу бонусы белгіленбейді.
Коммерциялық табылу бонусының мөлшерін есептеу үшін:
-
салық салу объектісі кен орнына пайдалы қазбалардың алынатын қоларын мемлекеттік органның осы мақсаты үшін уәкілетті бекіткен көлемі болып табылады;
-
база пайдалы қазбалардың алынатын қорларын бекіткен көлемінің құны болып табылады, ол төлемді жүзеге асыру күнінен осы пайдалы қазбаның биржа бағасын ескеріп айқындалады;
-
ставка әрбір келісім-шартта жер қойнауын пайдалануды жүзеге асырудың жеке жағдайларын ескеріп, бірақ 0,1 пайыздан кем емес тиісті коммерциялық табылу бойынша алынатын қорлардан бекітілген құнға пайыздарда белгіленеді.
Коммерциялық табылу бонусының мерзімі келісім-шартпен белгіленеді, ал салық декларациясы төлем мерзімі басталған айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша аумақтық салық органына жер қойнауын пайдаланушы береді.
Роялти төлеушілер есепті кезеңде оларды сату орны болды ма, болмады ма, оған қарамастан мемлекеттік меншіктегі технологендік минералдық құрылымдарды алу мен пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.
Роялти өз мұқтаждарына пайдаланылды ма немесе сатып алушыға сатылды ма, оған қарамастан өндірілетін пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша жеке төленеді.
Үстеме пайдаға салық төлеушілер пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін осы келісім-шарттар жағдайында жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өндіруге келісім-шарттар мен өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратындардан басқа жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.
Өнімді бөлу туралы келісім-шарт
Өнімді бөлу туралы келісім-шарт өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін жер қойнауын пайдаланушы төлеуді (беруді), сондай-ақ мыналардан басқа Кодекспен көзделген салық және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуді көздейді:
- шикі мұнайға және басқа да пайдалы қазбаларға акциз;
- үстеме пайдаға салық;
- жер салығы;
- мүлік салығы.
Алайда, бұл жер қойнауын пайдаланушылар осы төлемдерді төлеуден босатылмайтынын білдірмейді. Аталған төлемдер өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда Республика үлесінде ескеріледі, ол республикалық және жергілікті бюджеттердің көзі болып табылады.
Өнімді бөлу туралы келісім-шарт шарт болып табылады, оған сәйкес Қазақстан Республикасы оның шотынан осы жұмастармен байланысты жүргізу мен келісім-шарт аумағына пайдалы қазбаларды өндіруге құқықтың төлемді негізінде жер қойнауын пайдаланушыға беріледі және мынадай шарттары болуы тиіс:
-
бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;
-
Қазақстан Республикасының үлесін және жер қойнауын пайдаланушының пайдасын айқындау;
-
пайдалы өнімді (өтемақылық өнімнің шегерімінен кейін бөлуге жататын өнім) бөлу (заттай, ақшалай) нысаны;
-
өндірілген өнім бөлімін айқындау, келісім-шарт бойынша (өтемақылық өнім) жұмыстарды орындауға шығыстарды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыға меншікке беріледі;
-
бағаны белгілеу және ақшалай теңгерімде өнімді бөлу кезінде өнімнің құнын айқындау.
Өтелетін шығыстар деп жұмыстардың бағдарламасын орындау кезінде нақты шегілген жер қойнауын пайдаланушының негізделген шығыстары түсініледі. Өтелетін шығыстарды өтеуге жіберілетін өнімді шекті бөлу барланатын кен орнының экономикалық құндылығын ескеріп, әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленеді, бірақ есепті салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өндірілген пайдалы қазбалардың жалпы көлемінен 80 пайыздан аспауы тиіс.Өтелетін шығыстар келісім-шартпен көзделген тәртіпте бекітіледі.
Өтелетін шығыстардың құрамына мыналар енгізіледі:
-
келісім-шарттың күшіне ену сәтіне дейін жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен шығыстар:
келісім-шарттың қорытындысына тиесілі сатыдағы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға және әзірлеуге шығыстар;
келісім-шарттың күшіне енуне дейін жүзеге асырылған және осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау және барлау жұмыстарына шығыстар;
-
Кодекспен белгіленген шығыстардан басқа оның барлық қызмет кезеңі ішіндегі және келісім-шарттың күшіне ену күнінен бастап жер қойнауын пайдаланушы шеккен шығыстар.
Өтемақылық өнім есебінен өтелетін шығыстар.
Жер қойнауын пайдалану құқығына конкурсқа қатысу үшін жарна төлеу бойынша шығыстар;
Геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша шығыстар;
Олар бойынша келісім-шартпен шектеу белгіленген олардың асу бөлігіндегі баптар негізіндегі шығыстар, оның ішінде әкімшілік шығындары;
Жеткізу (бөлу) пунктінен сату пунктіне дейін осы өнімді жеткізуге шығыстарды қоса пайдалы өнімнің үлесі мен өтемақылық өнімді жер қойнаын пайдаланушыға тиісті сатумен байланысты шығыстар, тасымалдау кезіндегі шығыстар, нысаналы пунктке өнімді тасымалдау кезінденгі сақтандыруға шығыстар, комиссиялық және өзге де шығыстар;
Акционерлердің (құрылтайшылардың) талаптары бойынша жүзеге асырылатын қаржы-шаруашылық қызметін ревизиялаумен (аудитпен) байланысты шығыстар;
Келісім-шартпен белгіленген өз міндеттемелерін салық төлеушілердің орындамауы немесе дұрыс орындамауымен байланысты туындайтын шығыстар;
Экскурсияларға және саяхаттарға жолдамалардың құнын төлеумен байланысты шығыстар;
Сот талқылауларамен байланысты шеккен шығыстар;
Жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік органдар өндіріп алатын айыппұлдар мен өсімдер;
Келісім-шарт бойынша қызметке жатпайтын басқа да шығыстар.
Жер қойнауын пайдаланушының шығыстары мыналарға азайтылады:
оларды алумен байланысты шығыстардың шегерімімен келісім-шарт бойынша алынған немесе құрылған мүлікті жалға тапсыру үшін жалға алу төлемін алумен байланысты операциондық кірістердің сомасы;
келісім-шарт шегіндегі қызметтен алынған өзге де кірістердің (айыппұлдардың, өсімдердің, тұрақсыздық айыптарының және т.б) сомасы.
Заттай нысанда өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін белгілеү мен төлеу тәртібі.
Оған қол қою сәтіне дейін заттай нысанда роялти төлеуге келісім-шартқа қосымша келісім-шартты жасау жағдайында міндетті түрде оның салықтық сараптамасы жасалады.
Бұл ретте, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеудің заттай нысаны төлемнің ақшалай нысандағы осы төлемдері үшін келісім-шартта белгіленгенге тең болуы керек.
Келісімде өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеудің заттай нысанды белгілеу кезінде міндетті түрде мыналар көрсетіледі:
-
республиканың роялти және үлесіне келетін өнімнің бөлігіне мемлекет атынан алушы (бұдан әрі – алушы);
-
жеткізудің пункті мен шарты.
Республиканың роялти және үлесін төлеу есебіне берілетін өнімді жер қойнауын пайдаланушының беру мерзімі келісімде ақшалай нысанда төлем үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шартта белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінің мерзіміне сәйкес келуі керек.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген төлемдерді төлеу мерзімдерінен кешіктермейтін мерзімде алушыға өнімді береді.
Ақшалай нысанда төлеу үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген төлемдерді төлеу мерзімінде алушы келісім-шарт жағдайына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы есептеген ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін мемлекеттік бюджетке аударады, сондай-ақ өз бетімен өнімнің тиісті көлемін оған жер қойнауын пайдаланушы толық және уақтылды беруге бақылауды жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы салық органына мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша келісім-шартпен белгіленген мерзімдегі заттай нысанда өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының роялти мен үлесін төлеу (беру) мөлшері мен мерзімі туралы есеп беруді ұсынады.
Алушы алынған өнім үшін қаражатты бюджетке аударудың толықтығы мен мерзімдерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: |