3 ІІ негізгі бөлім І тарау. ІІ- ші Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы


Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі302.5 Kb.
#13332
1   2   3   4

1.2.Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы.

Шығыс легиондарының құрамында Түркістан легионы да соғыс қимылдарына қатысты. Гилязов зерттеулеріне қарағанда 1942-43 жылдары Кавказда герман әскерлері құрамында алты түркістандық, бес әзірбайжан, төрт грузин, екі армян боталондары қатысты. Олафа Каро мәліметтерінде үш түркістандық батальон Сталинград бағытындағы шабуылға қатысуға қабылданды.Алайда соғыс қимылдарында коптеген легионерлер қайтыс болды.,ал алты батальон соғыс аяғында берлин қорғанына енгізілді

1943 жылыдың көктем мен жазында Украинаға әзірбакйжан, волжско-татарлық , грузиндік және түркістандық батальондарды партизандық қозғалыстарға жұмылдырды.1943 жылдың тамызында Львова районында жалпы шығыс легионерлері 31 мыңды құрады. Олар ашық түрде қарсыласып партизандық қозғалыстарға күшейтілген ықпалмен «жау насихатын » қызметін атқарды.

1943 жылдың 29 қыркүйек айында Гитлер шығыс легиондарын Францияның оңтүстік Маийо қаласына жұмылдыру туралы бұйрығын жариялады.

Соғыстың алғашқы кезеңі Кеңес армиясы үшін өте сәтсіз болғаны шындық. Неміс әскерлерінің ілгері жылжуы кейбір жерлерде тәулігіне 60 шақырымға дейін жетті. Мұның өзі сайып келгенде, біздің жауынгерлер мен офицерлерді рухани жағынан әлсіретіп, аса ауыр жағдайға душар етті. КСРО -дан бұл соғысқа 32 миллион адам қолына қару алып қатысқан болса, солардың 5 миллион 734 мың 528-і тұтқынға түсті. Мұның сыртында Қорғаныс министірінің Подольск қаласындағы архивінде хабарсыз кеткендердің 2,5 миллион кітапшасы сақтаулы тұр. Неміс статистикасында 280мың адамның лаәгерлерде қырылғаны және 1 миллион 30 мың 157 адамның Германияның зауыттарында, шахталарында азапқа шыдаай қашу үстінде атылғаны тіркелген. Германияның еңбек министірі Шпеер 1944 жылы 500 мың адамның лагерьден қашып кеткендігін мәлімдеді.

Батыстағылар тұтқынға түскендердің мұншалықты қырылуына фашистік өшпенділіктің салдарымен бірге сталиндік қатігез жүйенің себеп болғандығын атап көретеді. Оған бұлтарыс дәлелдер де бар. Егер тұтқынға түскндерді Сталин “сатқындар” деп бағаламай, оларға Халықаралық Қызыл крест арқылы азық түлік жіберткенде ең кемі жартысын ажалдан құтқарып қалуға болары сөзсіз ді.

1941 жылдың тамызында Гитлер Хаммерштадтағы кеңес әскери тұтқындары орналасқан лагерьге Қызыл Крест делегациясының баруына рұқсат етті. Содан кейін делегация мүшелері Сталиннен тұтқындағы кеңіес адамдарына азық түлік жіберутуін өтінді. Алайда, Сталин бұған келіспей, адамның халықаралық құқығына қарсы шықты.

Халықаралық құқықтың: “Соғыста тұтқынға түсу – қылмыс емес. Қолға түскендер – бақытсыздар қатарында қамқорлыққа алынуы тиіс” - деген талабын орындаудан бас тартты. Бұл басқалар үшін де бұлжымас заңға айналып кетті, оған қоса Сталиннің атышулы № 270 бұйрығы бойынша қылмысты әрекеттерге жол берілді.

Ақылға салып көрелік. Соғыстың алғашқы жылында әскери техникамыздың нашарлығынан, тапшылығынан, білімді де білікті қолбасшыларымыз дың жазықсыз репрессияға ұшырауынан, соғысқа жөнді дайындықсыз кіріскен жауынгерлерге басшылық жасайтын офицер кадрлардың жетіспеуінен фашистерден ойсырап жеңілгеніміз тарихи шындық. Олай болса, 1941 жылы жылдың аяғына қарай тұтқынға түскен 3,8 миллион жауынгер, офицер, саяси қызметкерлеріміз не үшін айтылмақ оларды қандай негізде “сатқындар ” қатарына қосуға тиіспіз?

Гитлер соғыстың бастапқы кезінде кеңес тұтқындарынан кеңес үкімтіне қарсы күресетін әскери бөлімдер құру ұсыныстарын мүлдем қаьылдамады. Дегенмен, майдандағы неміс әскерлері үшін қолыйсыз жағдайлар Гитлерді ойландыра бастады. Генерал Власовтың немістер жағына шығуы, тұтқындағы Қызыл Армияның коммандирлері мен жауынгерлерінің “большевиктерге қарсы өткізген 1 – конференциясы ” орыс тектес жауынгерлерден құрылған “Орыстың азаттық әскерінің” нақты пайда болуы Гитлерді әбіржеткен секілді. Ол бұл әрекеттер орыс мемлекетін (немесе саяси орталығы ) құрудың бастамасы болады деп санады.

“Қауырт соғыстың” күйреп сәтсіздікке ұрынуы және совет герман майданындағы аса ірі шығындар Гитлердің, оның сыбайлас тобын қосымша резерв іздеуге мәжбүр етті. Аз ұлттардың тұтқындарынан “болшевиктерден және орыстардан азат ету ” ұранымен “легиондар ” құру жөнінде шешім қабылданды. Бірте бірте “шығыстық ” құрылымдар, түрік тектес ұлттардың легиондары құрылып, құрылыс аламандары, эскадрондары пайда болды. 1941 жылдың 30- желтоқсанда Кавказ мұсылман легионы, грузин және армиян легиондарын ұйымдасты. Кейіннен оған терістік Кавказ және әзірбайжан легиондары, ал 1942 жылдың ортасында Қырым және Еділ бойындағы таратарлардың легиондарына қосылды.

Олармен бірге орыс – казактары мен калмактар да өз бөлімдерін ұлттық комиттеттерін құрып, Розенбергтің Шығыс министірлігімен ұдайы байланыс жасап тұрды. Легиондарда ұлттық конгрестер өткізіліп, өздерінің үкіметтерін құруға дейін сөз болды. Әрбір легионның ұлттық жалауы айырым белгілері болды, киімдеріне дейін бір біріне ұқсамайтын. Гитлердің бұйрығы бойынша әрбір ұлттық құрылым батальон құрамынан аспауға және неміс дивизиялармен барлық уақытта тұрақты байланыс жасап тұруға тиісті болатын. Батальондар герман әскери барлау жетекшісі адмирал Канаристің басшылығымен қимылдады.

1941 жылы қыркүйек айы немістің бас командиваниесі полковник Пон Тресковаль кеңестерге қарсы күрестің 200 мыңдық орыс әсерін құру жөніндегі ұсынысы қабылданды. 1943 жылдың басында “шығыстық” құрылым саны 176 ауламанға (батальонға) 38. ротаға жетті. 1941 жылдың күзінде Гитлер шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилет ұсынысын мақұлдап, сол жылы қарашада Түркістан легионын құруға шешім қабылданды, оны сақтау 162- ші жаяу әскерге қосылу (дивизия) штабына тапсырылды.

1942 жылы сәуірдің аяғындагенево қалашығындағы тұтқындар лагерь алаңына сапқа тұрғызып олардан ештеңе сұрап жатпай “Бүгіннен бастап сіәздер “Түркістан легионына” қызмет етуге бірің қалмай тіркелесіңдер” деп бұйырды. Саптағылардың алдында мұсылман комитетінің “көсемі” Уали Каюм қатынастырлды және ол өзін Орта Азияның “фюрері” деп жариялады. Сапты түгендеп, аралап болған соң Кеңес үкіметіне қарсы рухта сөз сөйлеген. Оның сөзінен біздің ьұл ісімізден бас тартатын немесе қарсыласаитын болсаңдар, аяушылық болмайды деген сыңай аңғарылды.

Тұтқындағылар амалсыз “көнген” болды. Уали -Қаюм енді сөздің тұөтесіне көшті. Ол: “Біздің басыты дұшпанымыз – орыс большевиктері деп мәлімдеді.- Большевиктермен күресте бізге неміс ұлтының социолистері ғана көмектеседі. Орыстарды тізе бүктіргеннен кейін сіздер біртұтас түркістан мемлекетін басқаратын боласыздар” - деп жарылқап тастады.

Сол жиында неміс әскерінің капитаны Эрник тұтқындарға Герман армиясы мен бірге өз отандарыңызды большевиктерден азат етуге тиіссіздер деп ауыр міндет қойды.

Түркістан легионы Варшавадан 18 шақырым жердегі Легиондар қалашығында жасақталды. Құрамында өзбектер, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар және басқа ұлттар болды. Гитлершілдер легионды идеалық шынықтырудан өткізе бастады. Геббельс насихатты мұсылманды діни рухта тәрбиелеуге күш салып, Варшавадағы мұсылман мешітінен аптасына бір рет молда шақырып тұрды. Молда арқылы бұл “қасиетті” соғыстың большевизмуге қарсы жүргізіліп жатқандығы насихатталды. “Сіздер ұлы Түркістанды көптен күткен бостандыққа фюрердің туы астында жеткізесіздер. Алла тағла сіздерді аңсаған армандарыңа жеткізсін” деп бата беріп, дұға оқып тұратын болды.

Түркістан легионында 12 батальон іріктелді, әрбірінде мыңға дейін адам болды. Фашистер олармен практикалық жаттығулар жүргізіп жатты. Легионның құрылған алғашқы күннен оның ұйымдастыру жұмысына 1922 жылы Германияға жіберілген Ташкент байының ұлы, Түркістан ұлтық комитетіне жетекшілік жасаған Уали Қаюм белсене қатысты. ол Германияның Шығыс министірлігінде қызмет атқара жүріп, Орта Азиялықтарды кеңес армияиының туында диверциялық әрекет жасауға жан тәнімен дайындалды. Сол үшін де неміс командованиясы “Түркістан ұлттық комитетінің” президенті етіп тағайындады. Түркістан легионының соғыс қимылдары 1942 жылдың қазан айынан басталды. 2 аламанның жасақшылары Майкоп қаласына барысымен ақ немістің 97 атқыштар дивизиясына қосып, 452 Түркістан легионы болып аталды. Фашистердің Түркістан легионына Кавказға келісімен аз санды халықтардың большевиктерге қарсы қарулы көтерілісі басталады деген үмітімен ештеңе шықпады. 15 қазан күні Папоротникова селосының жанында жасақшылардың басым көпшілігі кеңес жағына шықтыСоған байланысты екінші аламанның коммандирі майор Бауманның да тағдыры шешілді. 1944 жылы Аламанның көптеген жасақшылары коммандирі Амировпен бірге Белорус партизандарына қосылып, ал қалғаны түгелдей атылды. Қарамысов бастаған бірінші аламанның жасақшылары 1942 жылы күзде толығымен кеңес әскеріне қосылып оның құрамында жеңіс күніне дейін фашистермен соғысты. Тұтқынға түскен кеңес жауынгерлері фашистердің барлық азабын көрді. Бірақ мойымады. Тек олардың ойы мен мақсаты қалай болғандада фашистер тұтқынынан қашып шығу болды. 1944 жылы 7 аламанның 100 жасақшысы өз коммандирі Төлеу Мырзабековпен бірге Белоруссия жерінде Кеңес әскері жағына шықты. Үшінші аламанның жасақшылары басшысы Әлімжан Исинмен бірге Франция партизандарына қосылуды көздеген еді, бірақ фашистер сезіп қалып олардың көпшілігін атты, қалғандарын конслагеге жіберді. Неміс фашист коммандованиясының легиондарды өзі басып алған Европа елдеріндегі Азаттық жолындағы қозғалысқа қарсы пайдалану әрекетімен де ешнәрсе шықпады. Керісінше фашистерге қарсы көтеріліспен аяқталды. Германияның Европа туындағы партизан отрядтары көбінесе кеңес тұтқындары есебінен толықтырып отырылды. Францияда, мысалы, Кеңестің 30 партизан отряды болды. Неміс коммандованиясының Түркістан легионының үшінші аламанының қалдықтарын партизандармен күресу үшін Чехословакияға жіберуге мәжбүр болды. Олар бұл ретте де қатты қателесті. 500 ден астам жасақшылар Словакия партизандарына қосылып фашистерге қарсы күресті.

1943 жылы мамыр айында жасақталған 162- ші Түркістан жаяу әскерлер қосыны мұсылман аламаны ретінде пайдаланылды. Бұл қосынның басшысы Оскар Фон Нидермауер соғысқа дейін Берлиндегі стратегиялық институттың директоры болған. 162- ші қосын “Түркістан” деп аталғанымен онда әртүрлі этникалық топтар болды. Негізін әзербайжандар құрады. 1943 жылы қазан айында 162- ші қосын Италия соғыс театрына келді. Мұсылман бөлімшелерінің шығындары Балқан түбіндегі шайқастарда да тым азайып кетті. 1944 жылдың көктемінде 60 аламан теңіз жағасын қорғауда болды.

1944 жылы 26- шы қарашада Дрезденде “жұмысшы табының” жаннан мұсылман аламандарына діни насихатшылар үшін молдалар мектебі ашылды.Мұсылмандардың көпшілігі аталмыш легионда қорқаннан лажсыз қосылды. Гитлер фашистерінің бас командованиесінің Түркістан және басқа аз ұлтты тұтқындарынан легион құрғандағы түпкі мақсатына жете алмағандығы сөзсіз дәлел. Оны неміс және Европа елдері зерттеушілерінің дәйектемелері де анықтай түседі.



ІІ Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы

2.1 Батыс зерттеушілерінің көзқарастары.

Түркістан легионы – ХХ ғасырда дүниені білуге таласқан екі идиологияның шиеленісуінен туды деуге болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еуропа елдеріне тұтқындар ретінде отандастарымызды апарып төкті. Сондықтан легион тарихы Евроупа елдеріне барған түркі тілдес азаматтардың хикаясы болып табылады. Гулжауһар Көкебаеваның легионерлер жөнінде халықаралық құжаттар негізінде мынадай түсіндірме жүргізілді. Онда, қанша ерсі көрінсе де соғыс жүргізудің белгілі бір тәртіптері әсіресе тұттықндарға келгенде соғысып жатқан екі жақ қол қойылған құжаттарға сүйену қажет. І Дүние жүзілік соғыс кезінде осындай құқықтардың бірі БААГА келісімі болған. Оған Европа елдері тегіс қол қойған. Кейін 1129 жылы бұл келісім қайта қаралып, толықтырылып “Женева Конвенциясы ” деп аталды. Оны 47 ел танып қол қояды. Кеңес үкіметі құжаттардың бірін де мойындамайды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Фашистік тұтқынға түскен әр түрлі елдер өкілдерінің ішінде сан жағынан ең көбі. - кеңестік тұтқындар. Олардың жалпы саны 5,7 млн соның 3,8 млн алғашқы айда қолға түскен. Әрине бұл жағдайды тұтқиылдан басталуы іспетті сылтаулармен түсіндіруге болар еді. Алайда соңғы жылдарда белгілі болған мәліметтерге қарап, себептер әлде қайда тереіңде жатқанын байқауға болады.

Женева келісміне қайта оралар болсақ КСРО ны батыс елдерінің өкілдерімен салыстырғанда погославтар мен поляктардың жағдайы әлдеқайда нашарлау еді. Алайда олар халықаралықө құқықтар жүйесін пайдаланып, қызыл крестен көмек алып отырады, сондықтан жаппай қыруға ұшыраған жоқ. 1914 жылы 17 шілдеде Кеңес одағы Швед үкіметі аруқылы Гитлерге екі жақтың тұтқындарына қатысты мәселеде БААГА келісіміне сүйену туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты алғашқы жеңістерге мастанған фашистік үкімет қабылдамайды. Ал кейін кеңес тұтқынындағы немістердің саны көбейген кезде Германия екі жақтың Женева келісімінің қолдану туралы ұсыныс жасайды, бұл ұсынысты Сталин қабылдамайды.

Кеңес үкіметі тұтқындағы өз азаматтарын қорғау орнына “сатқындар” деп айыпталды. 1941 жылы 16 тамызда КСРО халық қорғаныс комисарының кеңесі әскеріне тұтқынға түспеуді бұйырған, ал тұтқындарға түскендердің туған туысқандары құралатындығы айтылған жарлығы шығады /16/.

Көп ұзамай ақ сол жылдың 8 қыркүйегінде фашистер кеңестік тұтқындарға өте қатал қарау аймақ туралы бұйрық береді. Бұл туралы қызыл крес өкілі ЖЮНО естеліктерінде қатар тұрған ағылшын және кеңес тұтқындарының арасындағы айырмашылықтың басты себебін КСРО Женева келісіміне қол қоймағанын тілге тиек етеді. Міне қысқаша айтқанда кеңес тұтқындарының жағдайы осындай болатын. Бұл жәйтті неміс зерттеушісі, профессор Патрик Фор Цур Мюлень олар туралы жазған кітабын “Свастика мен кеңес жұлдызы ортасында қалғандар” - деп атау арқылы дәл көрсеткен. Сарылып конслагерде қамалған жүздеген мың отандастарымыздың жан ұшырып тұйық тіршіліктен шығу жолдарын іздей бастады/17/.

Өзінің жазғандарын тұжырымдай келе ол былай деді: “Тұтқындардың көбі легионға баруға ұмтылды. Неге дейсіз ғой? Ең алдымен кімде болса лагерлерден өз басын құтқару үшін амал іздеді, өйткені аш жалаңаш жазықсыз адамдар сан алуан қорлық көрді. Тіпті жаны ауырып қорлық көргендерді атып тастады”. Кейбіреулер легионнан қашып не өз армиясына, не Батыс Европа елдеріндегі партизан қосылатын жағдай табам ба? деп үміттенді. Түркістан елдерінің аузаттығы үшін күресті жалғастырмақ болғандардың саны аз емес еді.

Тұтқында болып аман қалған И.А. Дуғас пен Ф.Я. Черонның парижде жарық көрген естеліктерінен соғыстың алғашқы айларында фашистер кеңестік Азия өкілдеріне басқалардан гөрі қаталырақ қарағанын, соның салдарынан 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың қысында Польша жерінде лагерлерде болған 130 мың түркі тектес тұтқындардың 122 мыңға жуығы қаза тапқандығы туралы мәлімет кездестірдік. Неміс зерттеушісі Г.Нойленнің деректерінде Ченситохау лагерінде 1941 жылдың қараша айынцда 32 мың түркістандық болғанын саны 4 айдың ішінде 262 адам ғана тірі қалғанын көрсетеді. Х. Штрайттың зерттеулерінде мынадай тың мәлімет көрсетілген. Фашистік Германия кңес одағына қарсы соғысқа қызу дайындық жүргізіп жатқан кезінде, блашақта қолға түскен кеңестік әскерлерге қалай қарау керек екендігі туралы нұсқаулар берілген. 1941 жылдың мамырндағы нұсқауында кеңестік соғыс тұтқындарына өте сақтықпен қарау керек екендігін ескерте келіп “Әсіресе Қызықл Армияның азияттық өкілдері ерекше зұлым бізге түсініксіз және сезімсіз адамдар” деп бағалаған. Гитлер шығыс легионерлерінің 80 мың қарудан айырып, шахталарға ауыр жұмысқа салуға бйрық берген. Осыдан кейін көп ұзамай -ақ шығыс легиондарын Батыс майданға ауыстыру басталған. Франция жерііне бірінші кезекті түркістан және кавказ легиондары жіберілген. Бұл жағдай фашистік Германияның Батыс майдандағы қолбасшысына хабарланбай қалып, немістер легионерлерді келген бойда тұтқындап, қаруларын тартып алып Атлантия бекінісінің құрылысына салған. Сол кезде Түрік легионерлерінің бір қатары қашып, француз қарлы асу қозғалысына қатысып елге оралды. Әр алуан деректер бойынша 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондарының арасында ең үлкені болыпты. Деседе Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет деп таппаған, тіпті қарсы болған. Өйткені оның пікірінше, фашис лагерінде зұлмат айуандықтан зардап шеккен жандарды қайтара қанды соғысқа айдап салу адамгершіліке жатпайды. Керісінше ол кісі саяси ілімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, заводтарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрларды дарлауды ұсынған. Бірақ 1941 жылы 27 мартта қайтыс болып бұл оы жүзеге аспай Француз тарихшысы профессор Клод Дельпла былай дейді. Менің деректерім боуйынша Түркістан легионы құрамында ең кемінде 6 батальон болған. Оның екеуі бізге көбірек танылып, себебі олар Францияда уруза қаласының түбінде орналасқан еді. Легионшыларға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді. Бұған дәлел ретінде протоколдардың бірін мысалға келтіруге болады.

Гестанның бір тыңшысы өзін антифашист полякпын деп түркістандықтарды сөзге тартқан Гастолге жазған құпия мәліметінде ол былай дейді. “Түркістан легионшысы өз өміріне риза, тамағы тоқ, қару алып майданға барғысы келмейтінің былай жалғастырды “Арьеж” төңірегіндегі түркістандықтардың француз, партизан бөлімдеріне қосылғаны жөнінде тари департаментінде біздің партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп” деп көрсетті.

Тұтқынға түскен түркістандықтардың көпшілігі орыс тілін білмеуі де жағдайларын қиындата түсті. Кеңестік тұтқындардың жағдайының соншалықты ауыр болуы оларды, әйтеуір тірі қалу үмітімен немістер құрған ұлттық құрамаларға кіруге итермелеуі мүмкін Осы ұлттық құрамалар Г. Нойленнің айтуынша 968 000 болған, соның ішінде Түркістандықтар 180 000 (түркістандық легионерлер саны шетелдік зерттеулерде әр түрлі мөлшерде көрсетіледі).

1941 жылы күзде кеңестік тұтқындар шоғырланған лагерлерді аралап тұтқындардың жағдайы мен көңіл күйін байқау үшін құрылған Гайбель басқарған комиссияға М.Шоқаймен бірге татар, өзбек тағы да басқа халықтардың эимграциялық өкілдері кіргізілді. Солардың бірі Ахмед – темір Еділ -Орал бойынан келген түрік тектес және мордва, удмурт тұтқындарымен кездесулері туралы баяндамасының неміс тіліндегі нұсқасында тұтқындардың көпшілігінің тоталитарлық жүйелену саясатына, отаршылдық бұғауға наразы екендігі көрсетіліп, олар халықтың тәуелсіздігі үшін кеңестік отаршылдарға қарсы қолына қару алып күресуге дайын екендігі айтылған. Демек, соғыс тұтқындарымен кездесу жалғыз Мұстафа Шоқайдың идеасы емес, кеңестік отаршылдардың бұғаудан құтылуды аңсаған барлық эмиграциядағы өкілдердің әрекеті еді /18/.

И.А. Дугастың айтуынша ұлттық легиондар құру туралы алғашқы құпия бұйрық 1941 жылы желтоқсанда беріілген. Бұл бұйрықтың берілуіне себеп болған 1941 жылы күзде түрік генералы Эрклиттің Гитлермен кездесуі кезінде кеңестік түркі тілдес тұтқындардың жағдайын жақсарту үшін жасалған өтініші. Осы бұйрық бойынша тұтқындардан үш легион – грузин, армиян және кавказ мұсылмандарының легиондар құруға тиісті болды.

1942 жылы қазақтардан бастап кавказ халықтарының эмиграциядағы өкілдерінен құралған арнайы комиссия лагерлерді аралап, легион құру жұмысына кіріскен. Шығыс легиондарының әскери қуаты төмен соғысқа жарамдылығы нашар болған. Мысалы Курск шайқасындағы жеңілістен кейін Гитлер басты айыпкерлердің бірі ретінде Шығыс легиондарын атаған. Олардың кеңес әскерлері тұжырымдарын айтқанда, түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі бұл соғыс оларудың соғысы емес болатын.

Профессор Клод Дельпла екінші дүние жүзілік соғыс, оның ішінде Түркістан легионы жөнінде бір -ақ мақалалар жазса, қазір кітап шығару үрдісінде екен. Бізге оның “Римон мен Кастелько Дюрбан түбіндегі шайқастар” зерттеуінде тек қана оқиғаларды сипаттап қоймай тұрғындардың куәліктерін де көрсеткен /19/.

Түркістан ұлтшылдарының ел тәуелсіздігі жөніндегі армны жарты ғасырдан кейін ғана жүзеге асып отыр.

Түркістан легионы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жеке бір оқиға емес, керісінше терең иірімді, ауқымды тарихи процесс. Аталмыш мәселе біздерді өзіміздің ұлтымыз, ұлтшылдығымыздың тағдыры мен еліміздің әлемдік қауымдастықта алатын орны жөнінде жоғары сана сеім тұрғысынан ойлауға тиіс.
2 .2 Отанына оралған Түркістан легионерлерінің тағдыры.

Фашистік Германияны КСРО жеңгеннен кейін Еуропа елдеріндегі кеңес үкіметі жоғарғы шенді әскерилерді Еуропа елдеріне жібереді, олар бұрынғы әскери тұтқындарды ешқандай жазалау болмайтынына кепілдік береді. Адамдар бұған сенгісі келді және Отанының оларды күтетініне сенді де. Кеңес эмиссарлары Еуропадағы партизан қозғалысы жағына өткен бұрынғы әскери тұтқындарға қолданатын арнайы қызметтер ұйымдастырады./20/

Бұл қызметтер бұрынғы кеңес азаматтарын репатриациалаумен айналысады (213). КПСС Орталық Комитеті еуропа елдеріндегі туысқан коммунистік партиялардың орталық комитеттеріне сол елдердегі партизан қозғалысына қатынасқан бұрынғы кеңестік қызылармияшылардың толық тізімін беруді ұсынып, хат жолдады.

Енді ғана КСРО-да Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы 27 желтоқсандағы әскери тыл шеңберінде құрама-аударма пункттерін құру туралы қаулысы белсенді түрде тарала бастады. Бұл пункттерге барлық тұтқында болғандарды және жау қоршауында қалған бұрынғы қызыл армияшыларды олардың арасында шпиондар мен диверсанттар бар-жоқтығын анықтау мақсатында жіберу керек болды. Олар Ішкі істер Наркомы Л.П.Берияның 1942 жылғы 13 қаңтарда бекіткен «НКВД-ның арнайы лагерлерінде тұтқында және жау қоршауында қалған бұрынғы Қызыл Армия әскерлерін ұстау тәртібі туралы уақытша нұсқауымен» жау әскерінің тұтқын солдаттары ретінде жіктелді. Арнайы лагерлер жүйесі құрылды. Кеңестер Одағына оралушы әскери тұтқындар ағымы 1944 жылдан бастап бірден көбейді, осыған байланысты НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери бақылау-барлау /контрразведка/ қызметі органдарының алдында әрбір оралушыны тексеру міндеті тұрды. Бұл жерде әңгіме тек ондаған немесе жүздеген емес, миллиондаған азаматтар туралы еді. Ресей Федерациясы Комиссиясы баяндаған құжатта «әскери тұтқындарға деген қатаң, аяусыз қарым-қатынас жеңістен кейін де көптеген жылдар бойы сақталды» деп көрсетілген /21/.

Соғыс біткенге дейін бір жыл бұрын, яғни, 1944 жылы жазда барлық елге оралушы әскери тұтқындар мен репатриацияланғандарды сүзгіден өткізу мен тексерудің жаңа жүйесін мемлекеттік қауіпсіздік органдары жасап, енгізді. Соғыстан кейін тексеру мен сүзгіден өткізу тәртібі бірден қатаңданды. Шекараларда бақылау-өткізу пункттерінің жүйесі құрылды, ал кеңестік территорияның шекаралық сызықтарында – тексеру-сүзгіден өткізу (ПФП) жүйесі құрылды. ПФП-да отырған адамдарды азықтандыру ГУЛАГа мөлшері бойынша арнайы қаулымен белгіленді. ПФП-ға азаматтарды жеткізу НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери конвойымен НКВД өкілінің жетекшілік етуімен жүзеге асырылды /22/.

1944 жылғы қарашада шыққан ГКО-ның қаулысына сәйкес Қызыл армияның барлық әскерилері тұтқыннан босатылды, олар әскери округтердің запастағы бөлімдеріне жіберілді, онда НКО «СМЕРШ» бақылау-барлау органдары тексеру жүргізді. Тәртібі бойынша арнайы запастағы бөлімдердің НКВД-ның тексеру-сүзгіден өткізу лагерлерінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ.

1944 жылы болған кескілескен шайқастар Қызыл Армия жоғалтқан адамдардың орнын қайтадан толтыруды талап етті. Сондықтан тексеруден кейін әскери тұтқындардың бір бөлігі шайқасып жатқан армияға жіберілді.

Неміс армиясы қызметінде жүрген көптеген әскери тұтқындар мен «власовшылар» ұрыстар кезінде және Германия құлағаннан кейін ұсталды. «Власов» армиясының командалық кадрлері, кеңестік және одақтық армиямен бейбіт азаматтарға, партизандарға қарсы неміс әскерлерінің қанқұйлы операцияларына белсенді қатысушылар айқындалды. Бұл адамдардың істерін, ережеге сай, үштік, яғни, НКВД, НКГБ, және «СМЕРШ» өкілдері қарастырды.

Соғыс біткеннен кейін тірі қалған адамдар одан ары тексерілу үшін есепке алынды, олардың көпшілігі, тіпті барлығы дерлік лагерлерде болды.

Тексеру мен сүзгіден өтуге жіберілгендерді тікен сымдармен қоршалған зоналарда ұстады, туысқандарымен хабар алысу құқығынан айырды.

Жабылғандарға сияқты, тексерушілерге де белгілі бір ақшалай табыс келтіру жоспарланды, ал жалақының едәуір бөлігі мемлекет кірісіне жіберілді.

Тексерудің ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға жетті. Осы лагерлердегі тәртіп сипатының, тексеру мен сүзгіден өткізу реті мен әдістерінің үлгісі, РФ комиссиясының материалдарында көрсетілгендей, хаттар болуы мүмкін, оның авторы Шахта қаласындағы №48 лагерінен былай деп жазды: «Бұл жерде барлық жастағы және барлық ұлттың адамдары ұсталып отыр. Олардың барлығы Румыния, Германия, Франция тұтқынында болған». Осы туберкулездік орынға жабылған адамдар өз тағдырының шешімін ойлап, жылдап күтеді. Егер адам лагерде 6-ай отырған болса, жетінші айда тегеуге шақырылады. Тергеп болған соң, тағы жарты жылдан кейін тергеуге шақырылады. Ол уақытым бітті-ау дегенде оған: «Сіздің жұмысыңыз отыру, қарсылық көрсету мәнсіз, тағы тексереміз, содан соң аржағы белгілі болады» деп жауап берді.

Басқа ұлттың адамдарына ерекше тергеу жүргізілді. Бұл жерде сен кінәлісің бе, жоқ па, отырасың басқа ешқандай шара жоқ.

Тергеуді қызық жүргізеді: «Тұтқынға қай жерде түстің?» - жауап «сол жерде», «қалай» - жауап «осылай». «Сен неге тұтқынға түсесің, неге өзіңді-өзің атпадың?» және т.с.с. «осы лагерде шіримін» /23/.

Түркістанның бұрынғы легионерлеріне жүргізілген сот процестері соғыс біткеннен кейін бірнеше жылға созылады. Легионерлер «істі» кеңестік республикаларда қарастырылады. Қазақстандағы ең белгілі іс болып танылған бұрынғы легионерлердің 49 -ның соты болды, оларды Мұстафа Шоқаймен байланысты деп айыптауға тырысты. Бұл жөнінде «Ұлтшылдар» мен «Халық жауы» деп аталатын коммунистердің көзін жойған компанияларына арналған тарауда баяндалған. Түркістандық Манас Нұғманов пен оның отандастарының тағдыры басқаларға үлгі болды. Олар туралы 1994 жылы түсірген француз кинематографистерінің документальды лентасында айтылған. Манас Нұғманов фашистердің тұтқынында болған. Түркістан легионына өтеді, жерлестерімен бірге легионнан қашады, Француз партизандарымен бірге соғысады. Олардың арасындағы соғыста сіңірген ерліктерін командование атап көрсетеді. Елге оралған соң Манас Нұғманов Новокузнецкідегі лагерде 10 жыл отырады /24/.

Оның Француздан туған қызы Моник – Светлана Легра – Нұманов әкесінің соғыстан кейінгі өмірін дұрыстауға көп күш -жігер жұмсады, бұл «Жер дәні үшін»фильмінде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет