Азаматтық ҚҰҚЫҚ



бет1/7
Дата21.02.2024
өлшемі347.32 Kb.
#492732
  1   2   3   4   5   6   7
5 лекция РИМ құқығы 4d14864d938486ac6df39ed5679fe6c1

5 – тақырып: Рим меншік құқығының түсінігі және түрлері

1. Меншік құқығы барлық құқық жүйесіндегі орталық институттардың бірі. Меншік құқығы институты жеке құқықтың сипатын анықтайтын институт. Рим құқығы меншік құқығын затқа толық үстемдік деп анықтады. Заттық құқықтан туындайтын тұлғаның затқа үстемдігі әртүрлі деңгеймен және мазмұнмен сипатталады. Бұл үстемдік меншік құқығында толық көрсетіледі. Классикалық рим меншігі түлғаның жерге және құлға үстемдігін көрсетті. Дей тұрғанмен, меншік құқығының түсінігін өңдеу жай жүргізілді.

Рим мемлекетінің құрылуымен мемлекетке тиесілі барлық жерлермен қатар республиканың ішкі тарихы да өзгерді.

Мемлекет барлық азаматтарға жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығын берді. Үздіксіз жаулап алу салдарынан және рим аумағының үлкеюімен қатар мемлекеттік жер қоры мемлекетке өз азаматтарына көптеген кеңістіктерді беру мүмкіндігіне ие болды.

Ерте құқықта меншік түсінігін беретін арнайы термин болған жоқ. Ерте кездегі dominium термині "билік ету" дегенді білдірді және бұл термин зат кімнің билігінде болса соған қатысты қолданыла берді. Меншік құқығының мазмұны меншік иесінде бір мезгілде:

- ius utendi-затты пайдалану

- ius abutendi -затқа билік ету

- ius fruendi - затты пайдалану нәтижесінде кіріс алу және затқа билік ету құқықтарының болуымен түсіндірілді.

Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.

Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.

Билік ету құқығы үшінші түлғалардың талабымен емес, өзінің қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін білдірді, яғни заттың юридикалық тағдырын шешу кұқығы. Иелену затты нақты іс жүзінде иелену арқылы түсіндіріледі. Осы 3 құқығы болған кезде ғана меншік құқығы туралы айтуға болатын, корыта айтқанда осы 3 термин меншік құқығының мазмұнын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет