№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет87/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Кілттік сөздер: психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу, тұлғалық құндылық принципі, ғылы-
ми-зерттеу пунктері.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Кез келген елдің 
реформаларға, әлеуметтік-эконкомикалық құрылымды түбірімен өзгертуге бет бұрған кезеңде 
білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайды. Білім беру жүйесінде түрлі рефорламарды 
жүзеге асыру барысында мұғалімдерге оқушыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу 
өте маңызды. Оқу-тәрбие-үдерісін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу – оқушының субъ-
ективті тәжірибесі мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оның жеке-тұлғалық қасиеттерін 
қалыптастыруға, танымдық дамуын оқу-тәрбие үдерісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған 
педагогтің және оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың біріккен іс-әрекетінің жүйесі.
Қазіргі кезде ұстаздарға оқушының психологиялық жас ерекшелігін терең біліп, оқыту мен 
тәрбие үдерісін жүзеге асыруда басшылыққа алуы маңызды. Жеке-тұлғалық қасиеттеріне оқушы-
ның отбасылық жағдайы, темперамент типі, қабілеті, мінез-құлқы және өзіндік санасы жатады. 
Темперамент типтері мен мінез-құлық ерекшеліктері, экстроверт пен инстроверт оқушылардың 
өз-өздерін реттеуде, өз-өздерін бағалауда, оқуға ішкі және сыртқы ынталандыруды оятуда ерек-
шеліктеріне қарай педагог қарым-қатынас стилін айқындап, қолдау, бағыт-бағдар беру мөлшерін 
қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асыру қажет. Оқушы қабілетін, оның арнайы және жал-
пы көріну кеңдігіне қарай оқыту-тәрбие үдерісінде дамыту үшін кеңейтілген тапсырмалар, сыни 
тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, Блум таксономиясына негізделген деңгейлік сұрақтар, 
тапсырмалар енгізу арқылы дамытуға болады.
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу мақсаты – оқушының нақты жағда-
яттарда барынша тұлғалық дамуы мен оқуына оның нақты объективті мүмкіндіктері аясында 
әлеуметтік-педагогикалық орта жағдайын жасау.
Сүйемелдеу принциптері: тұлғалық құндылық принципі, баланың қайталанбас жекелігін мой-
ындаудан тұратын тұлғаның бірегейлігі принципі, тұлғалық даму басымдылығы принципі.
Тұлғалық құндылық принципі
Жасерекшелік сатысында баланың табиғи дамуын ескеру. Баланы сүйемелдеу жасанды мақ-
саттар мен міндеттерге сүйенбейді, балада нақты бар тұлғалық жетістіктерге негізделеді. Сол 
себепті, оқушының ішкі әлемінің құндылығы, оның қажеттіліктері, мақсаттары және даму құн-
дылықтары басымдыққа ие.
Тұлғаның бірегейлі принципі астарында балалардың қоршаған ортамен және өз-өзімен қа-
тынастар жүйесін өзбетімен шығармашылық тұрғыда меңгеру үшін, сонымен қатар әр баланың 
тұлғалық маңызы бар шешімдер қабылдауға жағдай жасау. Баланың ішкі әлемі автономды және 


199
тәуелсіз. Бұл бірегей әлемнің дамуы мен қалыптасуында ересек адам маңызды рөл атқарады. 
Дегенмен, мұғалім бала үшін таңдау жасамауы керек, себебі баладан қабылданған шешімнен 
жауапкершілікті азайтады. Мұғалім сүйемелдеу үдерісі барысында таңдау жағдаятын жасақтау 
арқылы балаға өзбетімен шешімдерді табуға бағыттайды, өз өміріне жауапкершілікті алуға 
көмектеседі.
Ал бұл принцип оқу мен оқыту модулдерінде толықтай басшылыққа алынған. Мысалы., сыни 
тұрғыдан ойлауды дамыту модулінің түйінді идеяларын жүзеге асыру үшін қолданылатын тәсіл-
дер «Блум түймедағы», «Галерея», «Стоп кадр», «Ашығын айтсам», «ББҮ» және т.б. оқушының 
белгілі бір ақпаратты қабылдай отырып, өз ой-пікірін білдіру, өзі үшін маңыздылығын айқын-
дау, басқаның пікірін қабылдай отырып, рефлексивті ой қорытынды жасауы оқушының өз өмірі 
үшін жауапкершілікті қалыптастырады. Оқыту үшін бағалауда өзін-өзі бағалау арқылы өзінің оқу 
жетістіктері мен жетілдіретін тұстарын айқындап, әрі қарай қалай оқу керектігін айқындайды.
Тұлғалық даму басымдылығы принципі, оқу басты мақсат емес, әр баланың дамуына сеп-
тесетін құрал ретінде қолданылса. Сүйемелдеу идеясында екіншілік принципі бар, ол баланың 
өмірі мен іс-әрекетінің әлеуметтік және оқу-тәрбие ортасына қатысты оның формалары мен 
мазмұны арқылы жүзеге асады. Мұғалім арқылы жүзеге асатын психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу алдына баланың әлеуметтік жағдайына бағытталмайды, ол үшін ата-анасы таңдаған 
тәрбие жүйесіне мақсатты бағытталады.
Бұл принцип «Талантты және дарынды балаларға білім беру» және «Оқу үшін және оқыту 
үшін бағалау» модульдерінде ата-анамен тығыз байланыс жасау, отбасындағы тәрбиелеу мен ба-
ланың дамуы үшін жасалған мүмкіндіктер туралы сауалнама өткізу, талантты және дарынды ба-
ланың қабілетін анықтау үшін әдістемелер өткізу, оқу үшін және оқыту үшін бағалауда ата-анаға 
кері байланыс жасау, бағыт-бағдар беру арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын түрлі Отандық және Шетелдік психолог педагогтар зерт-
теп келеді. Ғылыми зерттеудің қорытындысы бойынша, оқушылар шамамен оқығанның 10%ын, 
20% естігенінен, 30% бақылағанынан, 70% көргенінен және естігенін, 90% өз ойын айтып, 
талқылағанын есте сақтап қалады екен. Оқушы үшін білім алу мақсатында ең тиімді әдіс – ғылы-
ми зерттеу қызметі. Бұл оқушының шығармашылығын көрсетіп, сөйлеу, жазу, оқу, дағдыларын 
қалыптастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандырады. Себебі педпгогтардың мақсаты 
– оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, барынша шығармашылығын дамыту, баланың 
білім алуға құштарлығын ашу. 
Ғылыми зерттеу жұмыстар мен оқушының ғылыми зерттеу қызметінің арасында айтарлықтай 
айырмашылықтар бар.
Ғылыми зерттеу қызметі белгілі білім саласында нысаны мен зерттеу объектісімен анықта-
лады. Ол арнайы ұзақ уақыт бойы дайындалған кәсіби кадралдың қызмет етуімен атқарылады. 
Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетілдірілген жабдықтар мен лабороторияларды қажет етеді. 
Әлемдік проблемалармен ғалымдар ұжымы, ғылыми зерттеу институттары айналысады. 
Ал оқушылар ондай деңгейде ғылыми жұмыстарын жасамайды, бірақ мектеп немесе білім 
беретін мекемелерде ғылыми таным әлеміне сабақтармен ұштастырып араласа алады. Сол 
үшін ғылыми зерттеу деген терминді оқушылар үшін орынды қолдануды білу керек. Оқушы-
ның оқу-зерттеу қызметі деген түсінік – бұл оқушыны дамыту құралы, жаңа білім беру қаруы, 
мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қатынасты құрудың тәсілі.
Осылайша, оқушының ғылыми зерттеу қызметі мұғалімге оқушыны ары қарай жетілдіріп қа-
лыптастыруға, кәсіби және әлеуметтік әлемге болашақ мамандығын таңдап бейімдеуге көмекте-
седі. 
Мұғалімнің оқушының зерттеу қызметіндегі рөлі – ұйымдастыру, қажетті түрлі ақпарат ала-
тын көзіне сілтеме жасау, кеңес беру, бағыт-бағдар көрсету.
Оқушының ғылыми зерттеу қандай жұмыстардан тұру керек?
• 
Біріншіден, зерттеу мақсаты болу керек. Зерттеу мақсаты әдетте белгілі бір құбылыстар-
ды зерттеуден тұрады.
• 
Кейбір зерттеу жұмыстарында болжамды анықтап алған жөн. Бұл зерттеу кезінде оқушы-
ның қызығушылығын одан әрі оятып, нақты мысалдар табуға әрекет етеді. Жұмыс барысында 
болжам расталуы немесе расталмауы мүмкін.


200
• 
Болжамнан кейін міндеттер қою керек. Міндеттер мен мақсаттар – бұл бір нәрсе емес. 
Міндеттер қандай жұмыстар жасалу керектігін көрсетеді.
• 
Зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерге көңіл бөлу керек, себебі оқушы әдебиет-
тер арқылы қандай қорытынды болды немесе қандай қорытындыға келу керек, негізді түрде кез-
десетін сұрақтарға жауап беруге мүмкіндігі болады.
• 
Зерттеу объектісін жазып отыру, эксперимент кезінде қолданылған әдістемелер мәнін 
ашу
• 
Соңына қарай өзінің шығарған қорытындысын көрсету. Қорытындыны график, диаграм-
ма, фотолар арқылы көрсеткен тиімді. Алынған деректер әдебиеттен алынған ақпараттармен са-
лыстырылып, талдау жасалып, заңдылықтарын қалыптастыру керек.
• 
Жұмыс алынған нәтижелермен қорытындыланады. Қорытынды зерттеу мақсаты, мін-
деті, болжаммен сәйкес болу керек.
Ал халықаралық («Мирас») мектепте өткізілетін зерттеу жұмыстарына бүкіл мектеп қызмет-
керлері қол ұшын береді. Әр бала өзін қызықтырған тақырыпты таңдап, мектепте алған білімдер-
мен қоса бес негізгі элементтерді түсінгенін көрсетеді. Олар: оқушының білімі, тұжырымдама-
сы, дағдылар, қарым-қатынас және іс шара. Зерттеу жұмысы кезінде оқушы өзінің рөлін дұрыс 
түсінуі тиіс. Оқушыға ментор, яғни бағдарлаушы тағайындалады. Алдымен оқушы өзінің зерттеу 
кітапшасына жоспар жазады. Бұл зерттеудің соңы көрмемен аяқталады.
Жоспар: 1. Зерттеу тақырыбын таңдау (заман талабына сай, қызықтыратын тақырып таңдау)
2. Орталық идея мен зерттеу жолдарын ашатын концепциялық сұрақтар жазу (зерттеу кезінде 
қаралатын мәселені табу)
3. Көрмеге дайындық (интервью, сауалнама, іс-шаралар ұйымдастыру)
4. Қажетті ақпараттарды сараптау (Жинаған ақпараттарды сараптап, керегін рәсімдеу)
5. Жазба және көрініс. (Оқушының зерттеу жұмысы барысында жасаған жаңалығы, маңызы, 
зияны туралы қорытынды пікірі рәсімделеді)
6. Жинаған ақпараттарды үш тілде жазып, көрмеге, презентацияға дайындалу. Келген қо-
нақтарға зерттеген жұмысын көрсету
Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру дегеніміз мектептің жаңа моделін 
құру, яғни қазіргі білім беру жүйесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын маңыз-
ды құрам болып табылады.
Қорыта келе, әр оқушы қайталанбас жеке тұлға, білім беру ортасы әр оқушының дамуына 
қолайлы жағдай жасауы, оқу мен тәрбие баланың тұлғалық дамуына септесуі керек, ол үшін 
жаңарған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда педагогтің кәсіби құзіреттілігі мен психологи-
ялық құзіреттілігі де үлкен рөл атқарады. Үздіксіз оқу мен оны тәжірибемен ұштастыру арқылы 
көздеген мақсатымызға жете аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет