Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған



бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#171688
түріДиплом
  1   2   3   4
________________________тобының студенті

___________________________________

«Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

ПІКІР
Мектеп жасындағы баларда жиі кездесетін психологиялық проблемалардың бірі балалардың мінез-құлық үйлеспеушілігі. Осы мәселені зерттеу жолдарын және оны коррекциялау әдіс-тәсілдерін жақсы меңгері - психолог алдында тұрған міндеттердің бірі. Әр психолог өз жұмысын жоспарлағанда, орындайтын қызметінің мазмұнын анықтағанда, жеткіншектер мен жас өспірімдердің мінез акцентуациясының түрін, көрініс беру ерекшеліктерін анықтап, көрсеткіштері нормадан асқандарға уақытылы көмек көрсетуі керек. _________________________тың дипломдық жұмысы осы мәселені зерттеуге, балаларға мінез-құлық үйлеспеушілігінің теріс әсерін төмендетуге үлесін қосатын зерттеу. Сондықтан Жүсіпалиевтің дипломдық зерттеуге анықтаған таңырыбы қазіргі барлық уақытта актуалдылығын жоғалтпайды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

Бірінші бөлімде мінез-құлық формалары мен оның функциялары, қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар сыртқы және ішкі мотивациялармен байланысты сыныптастырып, әр түрі жеке талданған. Мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың ерекшеліктеріне психологиялық мінездеме берілген.

Екінші бөлімде мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық проблемасын анықтау әдістемелері көмегімен балалардың жекелік психофизиологиялық қасиеттерін зерттеу, оқушылардың мінез ауытқуларын Басса-Дарки, Шишек тесттерімен зерттеп, оларға қосымша пиктограмманы қолдану арқылы балалардың жекелік психикалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу үлгілері көрсетілген және олармен коррекция жүргізуге арналған жаттығулар жинақталған.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің жеткіншектермен жүргізетін жұмыстарының басты міндеті ретінде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу және жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлық проблемаларын анықтау жолдары мен түзету әдістемелерін қолдану қажеттілігі көрсетілген.

___________________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған. Дипломдық жұмыс студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі екені анық байқалады және психологиялық зерттеулерді орындай алатындығын дәлелдейді. Ол алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындап психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

Дипломдық жұмыс талаптарға сай көркемделінген. Диплом жұмысын қорғауға ұсынып, оны жоғары бағалауға болады деген сенім білдіремін.

_____________________тобының студенті

_______________________________________

«Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

ПІКІР


Мінез-құлық үйлеспеушілігі жеткіншек жас кезеңінде жиі кездесетін психологиялық проблемалардың бірі. Осы мәселені зерттеу жолдарын және оны коррекциялау әдіс-тәсілдерін әр психолог жақсы меңгеруге тиіс. Психолог жеткіншектер мен жас өспірімдердің мінез акцентуациясының түрін, көрініс беру ерекшеліктерін анықтап, көрсеткіштері нормадан асқандарға уақытылы көмек көрсетуі керек. Сондықтан _______________________ дипломдық жұмысының тақырыбы барлық уақытта актуалды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

«Мінез-құлық және оның негізгі көріністері» деп аталатын бірінші бөлімде мінез-құлық формалары мен оның функциялары, қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар сыртқы және ішкі мотивациялармен байланысты сыныптастырып, әр түрі жеке талданған. Мінез-құлқында ауытқуы бар әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың ерекшеліктеріне психологиялық мінездеме берілген.

«Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деп аталатын екінші бөлімде мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық проблемасын анықтау әдістемелері ішінен темпераментті анықтауға Айзенк тесті, мазасыздану деңгейін зерттеуге Басса-Дарки, акцентуацияны анықтауға Шмишек тестері қоланылған және олармен коррекция жүргізуге арналған жаттығулар жинақталған.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің басты міндеті ретінде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу және мінезінде үйлеспеушілік белгісі бар балаларға психологиялық қызмет көрсету барысында түзету әдістемелерін қолдану қажеттілігі көрсетілген.

____________________________дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған. Дипломдық жұмыс студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі екені анық байқалады және психологиялық зерттеулерді орындай алатындыгын дәлелдейді. Ол алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындап психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.

Дипломдық жұмыс талаптарға сай көркемделінген. Диплом жұмысын қорғауға ұсынып, оны жоғары бағалауға болады деген сенім білдіремін.
Оқушылардың жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары

Мазмұны
КІРІСПЕ

1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІШСТЕРІ

1.1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі

1.2. Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушыларға сипаттама

1.3. Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытку себептері.
2. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАРҒА

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2.1. Мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар

балаларды анықтау

2.2. Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды коррекциялау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ


Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.

Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.

Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық.

Дипломдық зерттеу мақсаты - мінез-құлық үйлеспеушілігі факторларын, себептерін анықтау, диагностикалау әдістерін жүйеге келтіру.

Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланды:

- мінез-құлық формалары мен оларға әсерін тигізетін факторларды анықтау;

- мінез-құлық үйлеспеушілігі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйеге келтіру;

- мінез-құлық ауытқуларын диагностиклау әдіс-тәсілдерін анықтау;

- мектеп оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.

Дипломдық зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми еңбектерді талдау, мінез-құлық ерекшеліктерін талдау және психодиагностикалық әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, мазасыздану деңгейін анықтау тестерін, акцентуация түрлерін анықтау тестерімен зерттеу жүргізу.

Жинақталған материалдардың логикасына қарай отырып диплом жұмысының құрылысын анықтадық. Ол кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының көкейкесті мәселені зерттеуге бағытталғандығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталған.

«Мінез-құлық және оның негізгі көріністері» - деп аталатын бірінші бөлімінде мінез-құлықтың негізгі көрсеткіштері және олардың көрініс беру ерекшеліктерін түсіндіретін теориялық қағидалар талданып, мінез-құлықтардағы ауытқулар деген не екені көрсетілген. Оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге сипаттама берілген.

«Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деген екінші тарауда оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, балалардың мазасыздану деңгейін және акцентуациясын зерттеу нәтижелері берілген.

Қорытындыда зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен балалар мінезіндегі үйлеспеушіліктер байқалғанда оларға психологиялық қызмет көрсету жолдары анықталған.

1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1.1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелігі
Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.

Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.

Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күмәнданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жататын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.

Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:

1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық);

2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с);

Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:

1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.

2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе жағымсыз жағдайларға негізделеді. Сыртқы және ішкі мотивациялардың мінез-құлыққа және психикалық процестерге әсерін кесте бойынша қысқаша көрсетуге болады. Ол келесі №1 кестеде бейнеленген:

1 Кесте.



Сыртқы мотивацияның әсері.

Ішкі мотивацияның әсері

Іс-әрекет ұзақтығына байланысты ағым.

Сыртқы себебі бар

Ішкі себебі бар мінез-құлық оған пайда

мінез-құлық сыртқы күш

болуына әсер ететін заттар жоқ болып

кеткеннен кейін тоқтап

кетсе де, біраз уақыт созылуы мүмкін

Қалады




Зерттеушілер бір шама жай

Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.

Тапсырмаларды таңдайды,




бірақ оны тек-қана керек




кезде ғана орындайды.




Іс-әрекет алгоритмизациясының дәрежелері

Канитивтілікке жағымсыз

Канитивтілікке жағымды әсер қалдырады.

әсер қалдырады. Алгоритмдік

Эвристикалық әдістерді тасяап ететін іс-

әдістерді талап ететін іс-

әрекеттің орындалуын жеңілдетеді.

әрекеттердің орындалуын




жеңілдетеді.




Эвристикалық мәселелердің




шешілу жылдамдығының




сапасын төлендетеді.




Креативтілік

Креативтілікті күшейтеді.

Креативтілікке мүмкіндік береді.

Спонтандылықты төмендетеді




Эмоция

Басқалармен өзара әрекет

Қызығу эмоциялары пайда болады,

кезінде жағымсыз эмоцияларда

қуанышты. Қозу туады т.с.с.

пайда болады.




Мектептегі оқу




Ішкі мотивация кезінде мектеп бағ-




дарламаларын нәтижелі игереді және




теориялық мәліметтерді игеруде жоғары




дәрежеге ие болады, мнемоникалық




процестердің сапасының жақсаруы




байқалады

Өзін сыйлауы.




Ішкі мотивацияның болуы өзіндік




бағалауын жоғарылатады

Мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін Выготский Л.С. келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді:

1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция: Түрлері:

а). Сыртқы (экстрапсихикалық)

б). Ішкі (интрапсихикалық):

в). спонтанды түрі

с) ерік түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)

2. Мінез-құлықтың жоғары формасы

Түрлері:

1. Әлеулеттік

2. Даралық.

3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы

Түрлері:

1. Әлеулеттік (интерпсихикалық):

а) примитивті

б) жоғары

2. Даралық:

а) примитивті

б) жоғары

4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық)

5. Эледаентарлы психофизиологиялық функция.

Жоғары психикалық функцияның құрылымы

1. Мәселе және мақсат

2. Белгі — психологиялық қару ретінде:

Түрлері: а) сыртқы

б) ішкі


3. Мағынасы :

Түрлері: 1 Сөздердің мағынасы:

а) заттық қарау (денотативті мағынасы)

б) сигнификативті мағынасы (сонымен қатар түсінік)

в) ішкі формасы (этималогиялық мағынасы)

г) мазмұны

2. Қабылдаудағы заттық мағына.

3. Заттың функционалды мағынасы

4. Жағдайдың мағынасы немесе

4. Байланыстылық (сайланыстыру іс-әрекеті):

Түрлері: 1. Затты шығару және қолдану

2. Белгілердің шығару және қолдану

5. Психологиялық функционалды жүйе:

Қасиеттері:

1. Жоғарылылықпен төменділіктің бірлігі

2.Функционалды аралық байланыс.

6. Сананың құрылылы

Түрлері:

1.Жүйелілік

2. Мағыналылық

Л.С.Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез құлықтың форлалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады. Жоғарғы психикалық функция мінез-құлықтын өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады. Л.С. Выготский «жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп атап көрсетеді.

Бірінші – мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгеру мен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.

Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процестері, осы аталғандарды балалардың мінез құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз. (Выготский Л.С.).

Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады:

1. Кең мағынада - мінез-құлықтың жоғарғы формалары.

2. Тар мағынада - арнайы психикалық функция.

Л.С. Выготский «баланың далуындагы белгі және қару« деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцюларга дәл анықтала берлеген, ол - «дәл анықтама ғылыми білімнің басталасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелелік»- дейді. Содан соң, бұл мәселелерді Л.Р.Лурьа шешуге тырысты. Ол Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция — бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы. А.Р.Лурия берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшелінеді. Мінез-құлықтын жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлықтын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануында. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтың жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді:

а) жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.

б) символикалық іс-әрекет.

в) өзіндік жоғары психикалық функция.

г) жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция)

Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп айтады. Выготскийдің концепциясын талдау негізінде құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:


№ 2 кесте



Л.С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинкт, интелект) теориясын жатқызады.

Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықпен әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарлауінен сипатталады, үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:

1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.

2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологияық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарылылығымен, сонымен қатар психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапозоның негіздейді.

3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

Сонымен қатар ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың негізі болып табылатын үш кілті бар:

1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектік кезенде де негізгі әрекет болып қала беред. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуга құмарлық күлкілі болып табылады. Сөйтіп олар қатарластарымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.

2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп, жеткіншектік кезенде ойын бірінші орынға шығады.

3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Шмтимді-жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.

Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дасмуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның - қарым-қатынасты ойындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:

1. Бұл жақындасудын төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес.

Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.

2. Жақындасу және қашу мотивациялары арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен аралысқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін. Мұндай мотивтің себебі баланың биологиялық ерекшеліктерімен қатар тәрбие шартына да байланысты.

3. Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынастағы шектеуді сезбейді қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.

Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік т.б.) үйлесілсіз жағдайларға жатады. Осы сипаттамалардың дәлелі ретінде Л.О.Прохоровтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесін қорытындылау барысында үйлеспеушіліктің келесі жағдайлары кездесті. Оқу әрекетінде жеткіншектер апатиа, зұлымдық, ашу, өкпе сияқты жат жағдайларды басынан кешіріп отырса, жағымды жағдайлар ішінен қуаныш, бақыт, таңқалу, қозу сияқты мінез-құлық қасиеттері кездесіп отырған, сонымен қатар оқушылардың басынан кешіріп отырған мінез-құлыққа тәуелділігі анықталады. Тітіркенудің импульсивті формасы қиын жағдайға тән мінездің түрі болып табылады. Сонымен қатар К.Рубин өз еңбектерінде «әлеуметтік бөлектену» терминін қолданады. Әлеуметтік бөлектенудің инициаторы болып баланың өзі табылады. Оның бір көрінісі - ұялшақтық. Ұялшақтық - бала бейтаныс адамдармен кездескенде қорқу немесе мазасыздану пайда болады. Оның негізгі себебі әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Әлеуметтік бөлектенудің тағы бір көрінісі - өзін еркін сезінбеу немесе шегінушілік. Бұл жағдай баланың қатарластары арасында және тіпті жағдайға байланысты да туып отырады. Мұның негізі жаңадан және әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Бұл жақындаудан қашудан күресуге негізделген ішкі конфликтілік мінез-құлық. Сонымен қатар, «әлеуметтік бөлектенуге жақын» бірақ, одан басқа «ұстайды мінез-құлық» бар. Мұны жақын немесе бейтаныс адамдардың арасында баланың өзін ұстап, олармен қатынасқа түспей олардың әрекетін бақылаумен шектелу. Мұндай мінез-құлық баланың әлеуметтік стимул алдында сезінетін мазасыздануды бейнелейді. Сонымен қатар, мұның негізінде қашу себебі де жатыр. Бұл үндемейтін балаларға тән. Осы мәліметтер нәтижесі бойынша, үйлеспеушілік ерекше өмір жағдайында туады, яғни адам өмірінің күрделі де қиын кезеңдерінде пайда болады. Оның пайда болуы рационалды емес, бейадекватты, агрессивті, кей кезде қайғылы да мінез-құлықтың себебі болуы мүмкін. Сондықтан да, субъект үшін бұл жағдайларды басқару күрделі болып табылады.

Жүйелі ағым және өзін ұйымдастыру концепциясы позициясы тұрғысынан үйлеспеушілік ағза және орта арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Симметрия бұзылысы ашық жүйеге келетін хабарлар және энергиялар толқынына негізделген процестер әсерінен пайда болады. Төмен тұрақтылық үйлеспешіліктің маңызды қасиеттерінің бірі. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншіліктік жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Үйлеспеушіліктің пайда болуына әсер ететін басқа да факторлар бар. Атап айтсақ ол құрылымының негізгі белсенді элементтері және жеке адам жүйелері арасындағы диссонанс болып табылады. Яғни, негізгі себептер арасындағы мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы компоненттері арасындағы қарсылықтар. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен өткізіледі. Егер энергетика тұрғысынан қарайтын болсақ, үйлеспеушілік жете зерттелмеген олар тек уақытша координат ретінде қарастырылды. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктін феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы факторлары, белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикалы жағдайдың негізгі процессуалды сипаттамасы, үйлеспеушіліктің субъектінің мінез-құлқына тигізетін әсері жете зерттелмеген. Бірақта педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдауға тырысады. Бұл түсінікті де, өйткені бұл жас дамуының кезеңгі бөлінуінің әр түрлілігіне байланысты.

Сонымен «үйлеспеушілік, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцианың белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті норма болып табылатын эмоцианың өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтын белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет