«№3 мектеп- гимназиясы» мм тәрбие сағаты «Дәуірдің дара тұлғасы»



бет1/7
Дата11.07.2022
өлшемі29.86 Kb.
#459660
  1   2   3   4   5   6   7
Әуезов


«№3 мектеп- гимназиясы» ММ
Тәрбие сағаты

«Дәуірдің дара тұлғасы»
(М. Әуезовтің 120-жылдығына арналған әдеби кеш)

Ұйымдастырушылар: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Астана, 2017


Мақсаты:
Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүниесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Әуезов портреті, кітаптар көрмесі, азаматтық шығармашылығына байланысты презентациялық слайдтар, бүктемелер.

Барысы:
Жоспар:
Кіріспе:
М.Әуезов туралы видеотаспа. 2 мин
1- жүргізуші: - Армысыздар, текті елімнің текті ұрпақтары!!!
2 - жүргізуші: - Армысыздар, кешке жиналған көпшілік қауым! Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған әдеби кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!
1-жүргізуші: Бүгінгі "Дәуірдің дара тұлғасы" атты әдеби кешіміз қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналады.

2 - жүргізуші: М. Әуезов - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі - Мұхтар Әуезов.

  1. жүргізуші: Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған.

Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа»
Биіктеп Алатаудың Талғарындай,
Тереңдеп Атыраудың аңғарындай,
Аңқылдап жомарт көңіл келе жатыр,
Қазақтың даласының аумағындай.
Тәтті сөз тамылжыған таңдайында,
Бұлақтай атқылаған әрдайымда.
Тоғысып толқын ойдың тораптары,
Жатқандай оның жалпақ маңдайында (Сырбай Мәуленов «Мұқаңа»)

Кеудеңізде алтын ғасыр суреті,


Тұлғаңызға бір қарасын жер беті.
Ұқсын әлем қандай екен жанымыз
Рахмет сізге, дана халық перзенті (Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!»)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет