«№7 орта мектеп» кмм тәрбие сағаты «Дәуірдің дара тұлғасы»



бет1/3
Дата13.10.2022
өлшемі25.34 Kb.
#462562
  1   2   3
Мұхтар Әуезов Дәуірдің дара тұлғасы сыныптан тыс іс-шара


«№7 орта мектеп» КММ
Тәрбие сағаты

«Дәуірдің дара тұлғасы»
(М. Әуезовтің 125-жылдығына арналған әдеби кеш)

Ұйымдастырушылар: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Петропавл, 2022


Тақырыбы: «Дәуірдің дара тұлғасы»
Мақсаты:
Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Әуезов портреті, кітаптар көрмесі, азаматтық шығармашылығына байланысты презентациялық слайдтар, бүктемелер.
Жоспар:
1. М.Әуезовтың жанды дауысы қосылады.
2. «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін».Өмір тарихын тізбесі.
3. «Əуезов асыл мұрасы» кітап көрмесі.
Кіріспе:
(М.Әуезов жан дауысы)
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар, кеш қонақтары!
Жүргізуші:Бүгін ұлы тұлға,заңғар жазушы,қоғам қайраткері,Абайтану ғұлама ғалымның дүниеге келгеніне 119 жыл толуына орай өткізгелі отырған кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Иә, М.О.Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте дүниеге келген.
Жүргізуші: Ұлы адамдардың естеліктері
Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н.Ә. Назарбаев
Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.
Н.Погодин
Жүргізуші:Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері
Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Шығыс Айтматов, жазушы
Жүргізуші:Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой. Бержерон, француз жазушысы
«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған адам.» Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі болатын.»
Зейнолла Қабдолов
Жүргізуші: Ақындар арнаулары
Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған.Мысалы:Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа», Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», Әбдіраштың Жарасқаны «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?».
Бұл оқылған дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет