Кебек:-Кеш жарық. Боранда адасып келем.
Шал: - Кім болсаң да қош келдің, төрлет.
(Кемпір мен қыз дастарқан жайып, сусын береді.)
Кебек: - Аңқуған Тобықты руынанмын. Атым – Кебек.
Кемпір: - Жарайды, қонаққа төсек салайық.
Сахнада Кебек пен қыз калады.
Қыз:Атым – Еңлік. Мен бір бағым жанбай жүрген сорлымын. Өзім қаламаған адамға атастырылып, қайғыдан көз аша алмаймын. Еріксіз бір есекке қосақталған жайым бар. Сенің маған тең екеніңе көзім жетеді. Кебек батыр, менің өмірлік жолдасым болып, мына басымдағы азаптан құтқаруға уәде берші.
Кебек: - Мен келістім. Екеуміздің қосылуымызды ата- бабаларымыз қаламас, бірақ не болса да бірге көрейік. Бер қолыңды.
(Еңлік пен Кебек қол ұстасып сахна сыртын ашығып кетеді.)
3- көрініс.Сахнада Еңлік бесіктер тербетіп отыр. Қасында Кебек садағының жебесін ұштап отырады.
Кебек: - Біздің елден жасырын жырақта тауды паналап жүргенімізге де біраз уақыт болды-ау.
Еңлік: - Бұл дүрбелең қашан басылар екен.
(Осы кезде сахнаға бірнеше қуғыншы айғайлап кеп кіреді де Кебекпен Еңлікті сүйрей жөнеледі.)
Сахнада қолдары арттарына байланған Еңлік пен Кебек.
Еңлік: - Ау, жұртым! Бір-екі ауыз сөз айтайын. Өлерде үш тілек орындалады деуші еді ғой. Әйтеуір, өлтіруге дайын тұрсыңдар ғой.
Бәрі шулап: - Айт тілегіңді! Айтсын, айтсын!
Еңлік: - Мына бала – Тобықты руының баласы ғой, Кеңгірбай биге тапсырыңдар.
Жұрт қаумалап Еңлік пен Кебекті ала жөнеледі. Сахнада бесік қалып қояды. (Сахнада мұңлы қобыздың үні естіліп тұрады.)
Автор:
Надан жұрттың болады діні қатты:
Қабекеңе тапсырмай аманатты,
Шеткі Ақшоқы маңында қалған бала
Шырқырап күн батқанша жылап жатты.
Қорытынды:
Музыкалық номер: «Ертегілер»
Достарыңызбен бөлісу: |