3. Нәресте қыз бала, 5 күндік, туылғандағы дене салмағы 3100, қараған кезде баланың дене салмағы 3000 г


«БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ПӘНІНЕН №2 БЛОК БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ



бет4/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#139883
1   2   3   4   5

«БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ПӘНІНЕН №2 БЛОК БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ





Нұсқа



1

2

3

4

5

6

7

1

В

А

Б

Г

В

Д

А

2

Г

Б

Д

А

А

Б

Д

3

Б

Г

Г

Б

А

Б

Д

4

Б

Г

Г

Г

В

Б

Г

5

А

А

Д

В

В

В

Г

6

А

В

А

А

А

В

В

7

В

Б

А

В

Г

А

А

8

А

А

В

Г

Г

Д

А

9

Г

А

А

В

Б

Б

Б

10

Б

А

А

А

А

А

В

11

Д

Г

Д

Б

Д

А

А

12

В

Г

Б

А

А

Д

Б

13

Г

Г

Г

Г

В

В

Г

14

Б

А

Б

В

В

Г

Д

15

Б

Д

Д

Б

Д

А

Б

16

Д

А

Д

Д

Д

А

Г

17

Д

А

Б

Д

В

В

Д

18

Г

Д

В

Д

А

Г

Б

19

Д

Г

Д

Б

А

Б

Д

20

А

Б

Г

А

Д

Д

Г

2 БЛОК. НӘРЕСТЕЛЕР ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ, ПЕДИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



  1. Ұрық дамуының эмбрионалдық кезеңі гестацияның нешінші аптасына дейін созылады:

  1. гестацияның алғашқы аптасының соңына дейін

  2. гестацияның 4 аптасына дейін

  3. гестацияның 12 аптасына дейін

  4. гестацияның 28 аптасына дейін

  5. гестацияның 40 аптасына дейін




  1. Ұрық дамуының феталдық кезеңі гестацияның нешінші аптасынан басталады:

  1. 1-інші

  2. 4-інші

  3. 12-інші

  4. 28-інші

  5. 8-інші




  1. Гестацияның қай мерзімінде қолайсыз факторлардың әсері туа біткен даму ақауларының, ағзалар аномалияларының, дизэмбриогенез стигмаларының дамуына алып келеді:

  1. гестацияның 4 аптасына дейін

  2. гестацияның 12 аптасына дейін

  3. гестацияның 20 аптасына дейін

  4. гестацияның 28 аптасына дейін

  5. гестацияның 38-40 аптасына дейін

4. Мына төменде көрсетілген лабораторлық мәліметтердің қайсысы нәрестелердің физиологиялық сарғыштығына тән:



  1. тура емес фракция есебінен гипербилирубинемия

  2. тура фракция есебінен гипербилирубинемия

  3. тимол сынамасының жоғарылауы

  4. нәжіс пен зәрінің түсінің өзгеруі

  5. бауыр сынамаларының жоғарылауы

5. Апгар бағанасы бойынша нәрестені бағалау туылғаннан кейін нешінші минуттарда жүргізіледі:



  1. 1 және 3

  2. 1 және 5

  3. 1 және 10

  4. 1 және 15

  5. 1 және 20




      1. Дені сау нәресте Апгар бағанасы бойынша қанша баллға бағаланады:

  1. 2-4

  2. 4-6

  3. 6-7

  4. 8-10

  5. 10-12




      1. Төменде келтірілгендердің қайсысы нәрестенің физиологиялық сарғыштығына ТӘН ЕМЕС?

  1. тура фракция есебінен гипербилирубинемия

  2. тура емес фракция есебінен гипербилирубинемия

  3. бауыр өлшемдері қалыпты

  4. нәжіс және зәр түсі өзгермеген

  5. трансаминазалар қалыпты




      1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы нәрестелердің физиологиялық сарғыштығына тән?

  1. баланың жағдайы нашарламайды

  2. туылғаннан кейін алғашқы тәуліктерде пайда болады

  3. бауырдың өлшемі ұлғайған

  4. баланың жағдайы ауыр

  5. өмірінің 1-2 айында пайда болады




      1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы ана сүтімен байланысты сарғыштыққа тән:

  1. баланың жағдайы нашарламайды

  2. бауырдың өлшемі ұлғаяды

  3. баланың жағдайы ауыр

  4. дене қызуы жоғарылайды

  5. теріде геморрагиялық бөртпе




      1. Нәрестеге жүрек соғуының жиілігі минутына мынадай болғанда Апгар бағанасы бойынша 2 балл беріледі:

  1. 50-ге дейін

  2. 50-100

  3. 100-160

  4. 200-ден жоғары

  5. жүрек соғуы жоқ




      1. Нәрестеде жүрек соғуының жиілігі минутына 100-ден төмен, брадипноэ. Бұлшықет тонусы төмен, рефлекторлық қозғыштығы сақталған. Тері түсі қызғылт, бірақ аяқ қолдарының көгеруі байқалады.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

  1. 2

  2. 4

  3. 6

  4. 8

  5. 10




      1. Нәрестенің терісінің түсі қызғылт. Брадипноэ, жүрек соғуы минутына 90. Жөтеледі, түшкіреді, қозғалыс белсенділігі жоғары.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

  1. 5

  2. 6

  3. 7

  4. 8

  5. 10




      1. Неонаталдық кезең деп ұзақтығы мынадай болатын кезеңді айтамыз:

  1. А. ұрықтанудан бастап туылғаннан кейінгі 15 күнге дейін

  2. Б. өмірінің 1-ші айынан 75 күнге дейін

  3. В. туылғаннан бастап өмірінің 45-ші күніне дейін

  4. Г. туылғаннан бастап өмірінің 3-ші айына дейін

  5. Д. туылғаннан бастап өмірінің 28-ші күніне дейін




      1. Мерзіміне жеткен жүктіліктен туылған баланың гестациялық жасы құрайды:

  1. 38-41 апта

  2. 42-44 апта

  3. 42-43 апта

  4. 37-38 апта

  5. 32-35 апта




      1. Нәрестелердегі зәрқышқылды инфаркттың себебі болып табылады?

  1. бүйректің каналшалық қызметінің төмендеуі

  2. алмасудың катаболикалық бағыты

  3. бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуі

  4. АДГ концентрациясының төмендеуі

  5. ренин концентрациясының жоғарылауы

16. Неонаталдық кезеңнің ұзақтығы құрайды:



  1. 1 апта

  2. 2 апта

  3. 3 апта

  4. 4 апта

  5. 6 апта

17. Мыналардың қайсысы нәрестелердегі жылу жоғалтудың алдын алу үшін ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:



    1. сүрту

    2. орау

    3. терімен теріге жанасу

    4. кеудемен тамақтандыру

    5. дененің салқындаған бөлігіне компресс қою

18. Мыналардың қайсысы нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына ТӘН ЕМЕС?



  1. өмірінің 3-5 тәулігінде пайда болады

  2. туылғаннан кейін бірден дамиды

  3. дене температурасы 38-39 0С дейін жоғарылайды

  4. қызынған кезде дамиды

  5. суды аз беру себебі болуы мүмкін




    1. Нәрестенің ОЖЖ-ң жағдайы мына белгілерден БАСҚАСЫМЕН бағаланады:

  1. бұлшық ет тонусы

  2. туа біткен автоматизм рефлекстерін бағалау

  3. патологиялық рефлекстердің болуы

  4. қозғалыс белсенділігі

  5. тыныс алу және жүрек соғу жиілігі




    1. 15 күндік нәрестеде қауіптену үшін негіз болады:

  1. емуден бас тарту

  2. атетоз тәрізді қозғалыстар

  3. еңбектеу рефлексі

  4. Керниг рефлексі

  5. бүккіштерде тонус жоғарылауы

21. Нәрестедегі атетоз тәрізді қимыл қозғалыстар мына төменде көрсетілген ОЖЖ-ң бір ерекшелігімен байланысты:



  1. таламопалидарлық жүйенің басым болуымен

  2. ОЖЖ патологиясымен

  3. пирамида жолдарының толық миелинизацияланбауымен

  4. дендриттердің нашар дамуымен

  5. мишықтың жеткіліксіз дамуымен

22. Мына төменде көрсетілген симптомдардың біреуі 20 күндік нәрестеде қалыпты болып саналады:



  1. Грефе симптомы

  2. қолдарының треморы

  3. үлкен еңбектің кернелуі

  4. аяқ қолдарының бүгу бұлшықеттерінің гипертонусы

  5. жарықтан қорқу

23. Нәрестеде жалпы ми реакцияларының дамуына себеп бола алады, БІРЕУІНЕН БАСҚА:



  1. мишықтың нашар дамуы

  2. гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің жоғары болуы

  3. бас миы қанайналымының жақсы болуы

  4. диплоитикалық көктамырлардың болмауы

  5. миелинизация процессінің аяқталмауы

24. Нәрестеде мына төмендегі жағдайлардың қайсысы нәрестеде патологиялық болып саналады?:



  1. физиологиялық сарғыштық

  2. физиологиялық салмақ төмендеуі

  3. зәрқышқылды инфаркт

  4. жыныстық криз

  5. нәрестелер көпіршігі




    1. Балаларда жасының ағуы қай жаста пайда болады:

  1. туылған кезден

  2. өмірінің 1 аптасының соңында

  3. өмірінің 1 айынан

  4. өмірінің 2 айынан

  5. өмірінің 3 айынан




    1. Балаларда түсі ашық заттарға фиксациясы қай жаста байқалады:

  1. туылғаннан бастап

  2. өмірінің 1 аптасының соңында

  3. өмірінің 1 айында

  4. өмірінің 3 айында

  5. өмірінің 6 айында




    1. Мына төменде көрсетілгендердің біреуі нәрестелердің көру анализаторының ерекшелігі болып табылады:

  1. фотофобия

  2. жас ағу

  3. түсті көруі жақсы

  4. алыстан көргіштік (дальнозоркость)

  5. назарын тіктей алады (фиксация взора)




    1. Мына төменде көрсетілген симптомның біреуі нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

  1. коньюнктивит

  2. дакриоцистит

  3. қылилық

  4. алыстан көргіштік (дальнозоркость)

  5. жас ағу




    1. Төменде көрсетілген жағдайдың біреуі нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

  1. зәрқышқылды инфаркт

  2. нәрестелер көпіршігі

  3. везикулопустулез

  4. омфалит

  5. милық гипертензия




    1. Төменде берілген нәрестенің терісіндегі көріністердің қайсысы патологияға жатады?

  1. милиа

  2. телеангиэктазия

  3. физиологиялық эритема

  4. монғол дақтары

  5. везикулопустулез




    1. Нәрестеде төменде көрсетілген жүрек-қантамыр ауруларының біреуі болуы мүмкін:

  1. қызылжегілік кардит

  2. ревматикалық кардит

  3. жүректің ишемиялық ауруы

  4. фиброэластоз

  5. вегето-тамырлық дистония



    1. Жүректің 1 минуттағы қандай соғу жиілігінде нәрестеде тахикардияны диагностикалайды?

  1. 120

  2. 130

  3. 140

  4. 150

  5. 180




    1. 1 айлық баланың пульс жиілігі:

  1. 180

  2. 150

  3. 130

  4. 100

  5. 80




    1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестенің жүрек-қантамыр жүйесінің анатомдық-физиологиялық ерекшеліктеріне ЖАТПАЙДЫ:

  1. жүректің салыстырмалы салмағының үлкен болуы

  2. қанмен қамтамасыз етілуі жақсы

  3. бұлшықет талшықтарының жетілмеуі

  4. парасимпатикалық иннервациясының басым болуы

  5. қантамырлардың перифериялық қарсылығының төмен болуы




    1. Қай жаста физиологиялық тахикардия және жүректің соғу көлемінің төмен болуы айқынырақ:

  1. емшек жасында

  2. ерте жаста

  3. мектепке дейінгі жаста

  4. кіші мектеп жасында

  5. пубертатты кезеңде




    1. Патронаж кезінде нәрестенің анасы туылғаннан бері байқалатын шулы тынысқа, ему және жылау кезінде шудың күшейе түсетіндігіне шағымданады. Қарау кезінде ішкі мүшелер бойынша басқа ауытқулар байқалмады.

Дәрігер қандай қорытынды жасады?

  1. көмей стенозы

  2. бронхит

  3. трахеит

  4. ларингоспазм

  5. туа біткен стридор




    1. Нәрестенің беткей жиі тыныс алуы төмендегі жағдайлармен байланысты, МЫНАДАН БАСҚА:

  1. өкпе тінінің ауалануының төмен болуымен

  2. альвеолалар дифференцировкасының жеткіліксіз болуымен

  3. қабырғалардың көлденең орналасуымен

  4. өкпенің экскурсиясы аз және көлемінің өзгеруімен байланысты

  5. оттегіге қажеттілігінің төмен болуымен




    1. Нәрестелердің жоғарғы тыныс жолдарының анатомдық-физиологиялық ерекшеліктері қандай патологиялық жағдайларға бейімдейді:

  1. фронтиттерге

  2. мұрыннан қан кетулерге

  3. гаймор қойнауының қабынуына

  4. баспаға

  5. жалған круп дамуына




    1. Емшек жасындағы сау балалардың ішектің басты микрофлорасы:

  1. протейлер

  2. ішек таяқшалары

  3. лактобактериялар

  4. бифидобактериялар

  5. стрептококктар




    1. Анадағы лактацияны қолдаудың басты механизмі болып табылады:

  1. жедел аурулардың болмауы

  2. емізетін әйелдің тамақтану сапасы

  3. сору стимулы

  4. жеткілікті сұйықтық ішу

  5. әйелдің дұрыс тамақтану және демалыс тәртібі




    1. Нәрестелердің асқорыту жүйесінің анатомдық-физиологиялық ерекшеліктері қандай ауруларға бейімдейді:

  1. гиперацидті гастритке

  2. жедел аппендицитке

  3. жедел холециститке

  4. инвагинацияларға

  5. жергілікті перитонитке




    1. Мыналардың қайсысы нәрестелердің асқазан сөлінің ерекшеліктеріне ЖАТПАЙДЫ?

  1. асқазан бездерінің жеткіліксіз дамуы

  2. пепсиннің аз болуы

  3. липазаның аз болуы

  4. жалпы қышқылдығы жоғары

  5. қабырғалық асқорыту




    1. Дені сау нәрестенің бастапқы салмағын қалпына келтіруі өмірінің нешінші күні болады:

  1. 6-8 күндері

  2. 9-12 күндері

  3. 12-15 күндері

  4. 15-20 күндері

  5. өмірінің 1 айына қарай




    1. Сау нәрестенің өмірінің 6-8 күнінен бастап 3 айына дейін күн сайын орташа салмақ қосуы:

  1. 10 гр.

  2. 20-30 гр.

  3. 40-50 гр.

  4. 60-80 гр.

  5. 90-100 гр.




    1. Дені сау нәрестеде физиологиялық сарғаю өмірінің нешінші күні жоғалады:

  1. 3-4

  2. 10-15

  3. 20-25

  4. 25-30

  5. 30-40




    1. Мына төменде көрсетілгендерден дені сау нәрестенің дене салмағына гестация мерзімінің сәйкестігін таңдаңыз:

  1. дене салмағы 3800 гр. – гестация 35 апта

  2. дене салмағы 2000 гр. – гестация 38 апта

  3. дене салмағы 1500 гр. – гестация 38 апта

  4. дене салмағы 2000 гр. – гестация 42 апта

  5. дене салмағы 3000гр. – гестация 39 апта




    1. Мыналардың қайсысы нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

  1. микрофтальм

  2. дакриоцистит

  3. нистагм

  4. эпикант

  5. ретролентальды фиброплазия




    1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы нәрестелік кезеңде физиологиялық болып табылады:

  1. жай эритема

  2. кефалогематома

  3. лагофтальм

  4. синдактилия

  5. лимфангиома




    1. Төменде келтірілгендердің қайсысы нәрестелерде дизэмбриогенез стигмасына ЖАТПАЙДЫ?

  1. қысқа тілшік

  2. готикалық таңдай

  3. анофтальм

  4. эпикант

  5. брахидактилия




    1. Мына төменде берілген табиғи тамақтандыру ережелерінің қайсысы ДҰРЫС ЕМЕС:

  1. ана сүтімен тамақтандыруды нәрестенің бірінші талабы бойынша жүзеге асырылады

  2. дені сау нәресте тамақтану арасында су ішуді талап етпейді

  3. алғашқы емшекке салу туылғаннан кейін 30 минут ішінде

  4. әрбір емізгеннен соң міндетті түрде сауу қажет

  5. қосымша тамақ өмірінің 1 айынан бастап енгізіледі




    1. 7 күннен асқан нәрестелердің бір тәуліктегі зәр бөлу саны:

  1. 1-2

  2. 3-5

  3. 6-8

  4. 10-12

  5. 15-25




    1. Дені сау нәрестенің бас шеңберінің орташа көрсеткіштері:

  1. 28-29 см

  2. 30-31 см

  3. 32-33 см

  4. 34-35 см

  5. 36-37 см




    1. Емізетін әйелде окситоцин бөлінуі мына төменде көрсетілгендердің қайсысын қамтамасыз етеді:

  1. нәрестенің иммундық жүйесінің дамуын

  2. сүт бездерінің сүт өндіруін

  3. сүт бездерінен сүттің бөлінуін

  4. сүттің жасалынуының тежелуін

  5. баланың ішегінің перистальтикасын күшейтеді




    1. Нәрестеде мына төмендегі жағдайлардың қайсысы терінің транзиторлық өзгерістеріне ЖАТПАЙДЫ?

  1. Жай эритема

  2. монғол дақтары

  3. токсикалық эритема

  4. Физиологиялық түлеу

  5. Нәрестелер көпіршігі




    1. Нәрестеде жауырынында, бөксесінде – монғол дақтары.

Мына төменде көрсетілгендердің қайсысын балаға тағайындаған жөн?

  1. оперативті ем

  2. антибактериалды ем

  3. гормондық ем

  4. емді қажет етпейді

  5. фототерапия




    1. Дені сау нәрестені ана омырауына қашан берген жөн?

  1. туылғаннан кейін 30 минуттан соң

  2. туылғаннан кейін 6 сағаттан соң

  3. туылғаннан кейін 12 сағаттан соң

  4. туылғаннан кейін 24 сағаттан соң

  5. туылғаннан кейін 48 сағаттан соң




    1. Нәресте ішегінің микробиоценозының дұрыс қалыптасуы үшін мына төмендегілердің біреуі маңызды:

  1. өмірінің алғашқы сағаттарынан ана сүтімен тамақтандыру

  2. өмірінің екінші тәулігінен ана сүтімен тамақтандыру

  3. туылысымен эубиотиктер тағайындау

  4. туылысымен жасанды тамақтандыру

  5. туылысымен аралас тамақтандыру




    1. Қандай симптом нәрестеде менингиттің бар екендігін көрсетеді?

  1. Керниг симптомы

  2. Бабкин симптомы

  3. Галант симптомы

  4. Лессаж симптомы

  5. Брудзинский симптомы




    1. Мыналардың қайсысы нәрестенің бірінші тыныс алуының физиологиялық механизмі болып табылады:

  1. қанда көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы

  2. қанда көмір қышқыл газының концентрациясының төмендеуі

  3. тыныс орталығының қандағы О2 жоғары концентрациясымен тітіркенуі

  4. шунттардың жабылуымен

  5. көкеттің жиырылуымен




    1. Жүктіліктің қай мерзімінен бастап нәрестеге анасынан пассивті иммунитет беріледі:

  1. 28-ші аптадан бастап

  2. 30-шы аптадан бастап

  3. 32-ші аптадан бастап

  4. 34-ші аптадан бастап

  5. 36-шы аптадан бастап




    1. Дені сау нәрестенің бойының орташа көрсеткіштері:

  1. 44-46 см

  2. 46-48 см

  3. 50-52 см

  4. 54-56 см

  5. 56-58 см




    1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестеде милианың түзілуінің себебі болады:

  1. май бездерінің бітелуі

  2. тер бездерінің шығару өзектерінің бітелуі

  3. суықтау

  4. күтім кемшіліктері

  5. физиологиялық эритема



    1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестенің антропометриясы түсінігіне КІРМЕЙДІ:

  1. баланың бойын өлшеу

  2. бас шеңберін өлшеу

  3. дене салмағын өлшеу

  4. кеуде шеңберін өлшеу

  5. баланың дене қызуын өлшеу




    1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы ана сүтінің құрамына қатысты ДҰРЫС ЕМЕС?

  1. белок казеин түрінде берілген

  2. сиыр сүтіне қарағанда белок аз

  3. сиыр сүтіне қарағанда Са мен Р аз

  4. қанты β-лактоза түрінде

  5. сиыр сүтіне қарағанда Fe аз




    1. Мына төменде көрсетілгендердің біреуі нәрестеде жыныстық криздің дамуының себебі:

  1. эстрогендердің мөлшері көп

  2. андрогендердің мөлшері көп

  3. симпато-адренал жүйесінің қызметінің күшеюі

  4. симпато-адренал жүйесінің қызметінің бәсеңдеуі

  5. эстрогендердің мөлшері аз




    1. Мына төменде көрсетілгендердің біреуі нәрестелерде тершеңдіктің (потницА. пайда болуының себебі:

  1. күтім нашарлығы

  2. шала туылу

  3. нәрестенің тоңуы

  4. нәрестені артық тамақтандыру

  5. орталық жүйке жүйесінің туыт жарақаттары




    1. Емізетін әйелде гипогалактияның дамуының СЕБЕБІ ЕМЕС:

  1. сирек емізу

  2. түнде емізбеу

  3. кеудемен ұзақ емізбеу

  4. жиі емізу

  5. омырауды сүттен нашар босату




    1. Шала туылуды анықтауда мыналардың қайсысы негізгі көрсеткіш болып табылады:

  1. гестация мерзімі

  2. тері асты шел қабатының айқындылығы

  3. туа біткен автоматизм рефлекстерінің болуы

  4. Апгар бағанасы бойынша бағалау

  5. туылған кездегі дене салмағы




    1. Шала туылған нәрестенің дене салмағына гестация мерзімінің сәйкестігін таңдаңыз:

  1. дене салмағы 3000 гр. – гестация 30 апта

  2. дене салмағы 2000 гр. – гестация 38 апта

  3. дене салмағы 1200 гр. – гестация 37 апта

  4. дене салмағы 1000 гр. – гестация 36 апта

  5. дене салмағы 2100гр. – гестация 37 апта




    1. Мына төменде көрсетілген анасындағы қандай ауру шала туылудың себебі БОЛА АЛМАЙДЫ?

  1. Гиперметропия

  2. бүйрек аурулары

  3. анасының эндокриндік аурулары

  4. фетоплацентарлық жетіспеушілік

  5. Гипертониялық ауру




    1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы терең шала туылған балаларға ТӘН ЕМЕС?

      1. бұлшықет гипотониясы

      2. ми тінінің айқын гидрофильділігі

      3. жалпы тежелу

      4. орталық реттелудің жетілмеуі

      5. туа біткен автоматизм рефлекстерінің жақсы жетілуі




    1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы шала туылудың БЕЛГІСІ ЕМЕС?

  1. қолдарында тырнақтарының жетілмеуі

  2. құлақ қалқаны жұмсақ

  3. гениталийдің жетілмеуі

  4. кіші еңбегінің жабық болуы

  5. айқын лануго




  1. Мына төменде көрсетілген симптомдардың біреуі шала туылудың БЕЛГІСІ ЕМЕС:

  1. брадикардия

  2. әлсіз айқай

  3. гипотермияға бейімділік

  4. төмен бұлшықет тонусы

  5. рефлекстерінің әлсіздігі және тез өшуі




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы дене салмағы 1 кг-нан аз болатын шала туылған нәрестелерге КӨРСЕТІЛМЕГЕН:

    1. кювез жағдайында болу

    2. қосымша оттегі беру

    3. кеудемен емізу

    4. негізгі физиологиялық параметрлерін бақылау

    5. дене қызуын бақылау




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы 1 дәрежелі шала туылған дені сау нәрестелер күтімі кезінде ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:

  1. кіндік жарасын өңдеу

  2. жиі тамақтандыру

  3. анасымен жанасу (контакт)

  4. түтік арқылы тамақтандыру

  5. тері, көзді гигиеналық өңдеу




  1. Мына төменде көрсетілген факторлардың қайсысы шала туылған балаларда дегидратация дамуына бейімдейді:

  1. Бүйректің функционалды жетілуі

  2. Клетка ішілік сұйықтықтың басым болуы

  3. Бүйрек үсті бездерінің функционалды жетілуі

  4. Қарқынды су алмасуы

  5. Қоңыр май клетчаткасының болуы




  1. Салмағы 1000 гр-нан төмен болып шала туылған дені сау баланың салмағын екі еселеуі мына жаста болады:

  1. 2-2,5 ай.

  2. 2,5-3 ай

  3. 3-4 ай

  4. 5-6 ай

  5. 6-8 ай




  1. Терең шала туылған балалардың нәрестелік кезеңі қаншаға созылады:

  1. 2,5-3 апта

  2. 3,5-4 апта

  3. 1-1,5 ай

  4. 1,5-2 ай

  5. 3-4 ай




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестелердің ішегіне ТӘН ЕМЕС?

  1. микроорганизмдер мен токсиндер үшін ішек қабырғасының жоғары өткізгіштігі

  2. өт қышқылдары тұздарының тапшылығы

  3. ішек перистальтикасының жоғары болуы

  4. ішек гипотониясы

  5. метеоризмге бейімділік




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған дені сау нәрестелердің ақ қанына ТӘН ЕМЕС?

  1. лейкоциттердің деңгейі 4-4,5*109

  2. лейкоциттердің деңгейі 5-35*109

  3. нейтрофилез

  4. лейкоцитарлық формуланың миелоциттерге дейін солға жылжуы мүмкін

  5. алғашқы нейтрофильді-лимфоцитарлық қиылысу өмірінің 3-14 күндері




  1. Мына төменде көрсетілген факторлардың қайсысы шала туылу мүмкіндігіне ӘКЕЛМЕЙДІ?

  1. анасының жасы 18 жасқа дейін

  2. анасының жасы 35 жастан асқан

  3. әкесінің жасы 40 жаста

  4. бұрын жасалынған жасанды түсіктер

  5. спонтанды түсіктердің болуы




  1. Перзентханада шала туылған балаларға арналған палатадағы ауа температурасы қандай болуы керек:

  1. 180

  2. 200

  3. 220

  4. 250

  5. 280




  1. Перзентханада шала туылған балаларға арналған палатадағы ауа ылғалдылығы қандай болуы керек:

    1. 40 об.%

    2. 45 об.%

    3. 50 об.%

    4. 55-60 об.%

    5. 70-75 об.%




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы барлық шала туылған нәрестелерге туылғаннан кейір бірден жасалынуы тиіс:

  1. кіндік көктамырына 10% глюкоза ерітіндісін енгізу

  2. көктамырға 10% кальций глюконаты ерітіндісін енгізу

  3. бұлшық етке К витаминін (викасол) енгізу

  4. бұлшық етке В12 витаминінін енгізу

  5. бұлшық етке дицинон енгізу




  1. Дені сау шала туылған нәрестені дене салмағы қанша болғанда шомылдыруға болады:

  1. 1000,0-1100,0

  2. 1200,0-1400,0

  3. 1500,0-1600,0

  4. 1700,0-1900,0

  5. 2000,0-нан асқанда




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы перзентханадан шала туылған баланы үйіне шығарғанда ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙДЫ:

  1. қалыпты дене температурасын ұстап тұру қабілеттілігі

  2. дене салмағын жүйелі түрде қосуы

  3. дене салмағының 1500,0-ге жетуі

  4. кіндік жарасының жақсы эпителизациясы

  5. қалыпты қан анализдері




  1. ІІ этапта күтіп-баптау бөлімшесінен шала туылған баланы қашан шығаруға болады:

  1. 2-3 апталық жасында

  2. 4 апталық жасында

  3. дене салмағы 1700,0 болғанда

  4. дене салмағы 2500,0 болғанда

  5. дене салмағы 3000,0 болғанда




  1. Гестациялық жасы 36 апталық шала туылған баланы жағдайы қанағаттанарлық болса туылғаннан кейін қанша уақыттан кейін ана омырауына беруге болады:

  1. туылғаннан кейін бірден

  2. 1-3 сағ.

  3. 4 сағ.

  4. 6 сағ.

  5. 12 сағ.




  1. Нәрестелердің асқазан-ішек жолдарының жергілікті қорғанысының төменде көрсетілген қандай факторы болмайды:

  1. сарысулық иммуноглобулиндер

  2. ана сүтінің секреторлы IgA-і

  3. нейтрофилдер

  4. макрофагтар

  5. лактоферрин




  1. Лактацияға мына төменде көрсетілген гормонның қайсысы қатысады:

  1. ренин

  2. пролактин

  3. соматотропин

  4. инсулин

  5. эритропоэтин




  1. Мына төменде көрсетілген факторлардың қайсысы ана сүтінің құрамына ЫҚПАЛ ЕТПЕЙДІ:

  1. алкоголь

  2. жыл маусымы

  3. анасының темекі шегуі

  4. анасындағы күйзелістер

  5. анасының аурулары




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестелердегі бифидум-флораның өсуін ынталандырады?

  1. анасының α-лактозасы

  2. анасының β-лактозасы

  3. қанықпаған май қышқылдары

  4. лактоферрин

  5. лизоцим




  1. Шала туылған нәрестеге ана сүтінің бірінші алынуына дейін қандай сұйықтық берген жөн:

  1. 5% глюкоза

  2. 10% глюкоза

  3. қайнаған су

  4. физиологиялық ерітінді

  5. дистиллденген су




  1. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған балалар ретинопатиясының дамуындағы басты фактор болып табылады?

  1. антибиотиктер қолдану

  2. жоғары концентрациялы оксигенді терапия

  3. көктамырға глюкоза енгізу

  4. К витаминін үлкен мөлшерде беру

  5. баланың қызынуы (перегревание)




  1. Нәрестелер сепсисінің емінде мына төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ?

  1. антибактериалды препараттар

  2. арнайы иммуноглобулиндер

  3. арнайы анатоксиндер

  4. цитостатиктер

  5. саңырауқұлаққа қарсы препараттар




  1. Мына төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына менингоэнцефалит, гидроцефалия, көздің зақымдануы, гепатит тән?

  1. герпес

  2. хламидиоз

  3. листериоз

  4. токсоплазмоз

  5. цитомегаловирусты инфекция




  1. Мына төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына тері мен шырышты қабықтардағы везикулярлы бөртпелер, кератит, сарғаю, гепатит, пневмония, геморрагиялық синдром тән?

  1. герпес

  2. хламидиоз

  3. токсоплазмоз

  4. қызамық

  5. цитомегаловирусты инфекция




  1. Нәрестенің көпіршігі мына төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысымен шақырылады?

  1. вируспен

  2. стрептококкпен

  3. көкіріңді таяқшамен

  4. стафилококкпен

  5. хламидиямен




  1. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы сәбилердегі сепсистің септицемиялық түрінің клиникасына ТӘН ЕМЕС?

  1. интоксикация

  2. дистрофия

  3. ошақтардың болуы

  4. сарғыштық синдромы

  5. геморрагиялық синдром




  1. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы септикалық процесстер кезінде пассивті иммунотерапия мақсатында қолданылады:

  1. антибиотиктер

  2. стафилококкты анатоксин

  3. пентоксил

  4. натрий нуклеинаты

  5. Т-активин




  1. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы неонаталді сепсис дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:

  1. реанимациялық шараларды жүргізу

  2. нәрестеде фенилкетонурия болуы

  3. 12 сағат бойына сусыз кезең

  4. анасында инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы

  5. өмірінің алғашқы аптасында жергілікті іріңді инфекция болуы




  1. Нәрестенің везикулопустулезі мына төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысымен шақырылады?

  1. вируспен

  2. стрептококкпен

  3. ішек таяқшасымен

  4. стафилококкпен

  5. кандидамен




  1. Төменде көрсетілген лабораторлық көрсеткіштердің қайсысы нәрестелердің сепсисіне ТӘН ЕМЕС?

  1. Лейкоцитоз

  2. Нейтрофилез

  3. Анемия

  4. Нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктілігі (зернистость)

  5. Тромбоцитоз

  1. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы БДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша әлемдегі неонаталді өлімшілдіктің бастысы:

  1. Инфекциялар

  2. Туылу кезіндегі асфиксия

  3. Туылу жарақаттары

  4. Туа біткен даму ақаулары

  5. Шала туылу




  1. Мына төменде көрсетілген препараттардың қайсысы нәрестелер сепсисін емдеуде қолданылады?

  1. Ремантадин

  2. Роцефин

  3. Аспирин

  4. Тетрациклин

  5. Циклофосфан




  1. Мына төменде көрсетілген нәрестелердің терісінің ауруларының қайсысы жұқпалыға жатады:

  1. телеангиоэктазия

  2. гемангиома

  3. туа біткен ихтиоз

  4. тері аплазиясы

  5. везикулопустулез




  1. Нәрестеде өмірінің 12-ші күнінде сан, бөксе терісінде диаметрі 1-3 мм, ішінде лайлы сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жалпы жағдайы нашарламаған. Мейілінше жуық диагнозды таңдаңыз:

  1. пемфигус

  2. везикулопустулез

  3. флегмона

  4. ихтиоз

  5. тілме (рожа)




  1. Нәрестеде өмірінің 12-ші күнінде сан, бөксе терісінде диаметрі 1-3 мм, ішінде лайлы сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жалпы жағдайы нашарламаған. Осы аурудың қоздырғышы қандай микроорганизм:

  1. стафилококк

  2. стрептококк

  3. анаэробты таяқша

  4. кандида

  5. көкіріңді таяқша




  1. Нәрестеде өмірінің 12-ші күнінде сан, бөксе терісінде диаметрі 1-3 мм, ішінде лайлы сұйықтығы бар ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жалпы жағдайы нашарламаған. Емінде қолдану керек:

  1. жергілікті преднизолон майы

  2. көпіршіктерді бриллиант көгінің 2% ерітіндісімен өңдеу

  3. көпіршіктерді тесу

  4. көктамырға антистафилококкты плазма

  5. жергілікті ацикловир майы




  1. Балаға 7 күн. Перзентханадан кеше терісі таза күйінде үйіне шығарылған. Бүгін анасы кіндік айналасындағы теріде екі көпіршікті байқаған, ал кешке қарай кеудеде, мойында, санда, құлақ артында көлемі 1 теңгелік тиындай жаңа көпіршіктер пайда болды. Көпіршіктердің ішінде лайлы сұйықтық бар. Кейбір көпіршіктер жарылып, олардың орнында эрозирленген дерма көрінеді. Дене қызуы қалыпты. Тәбеті сақталған, лоқсымайды. Диагноз қойыңыз:

  1. пемфигус, қатерсіз түрі

  2. везикулопустулез

  3. Риттердің эксфолиативті дерматиті

  4. көпіршік

  5. тілме (рожа)




  1. Балада өмірінің 6-шы күні шап қатпарларындағы және қолтық астындағы тері қатты қызарып, бірен-саран ұсақ эрозиялар түзілді. Дене қызуы қалыпты, жағдайы қанағаттанарлық. Мейілінше жуық диагноз:

  1. Потница (тербөртпе)

  2. баздану

  3. везикулез

  4. тілме (рожа)

  5. пемфигус




  1. Қыз бала, 5 күндік. 4-ші жүктіліктен туылған, алғашқы 3-уі медициналық жасанды түсіктермен аяқталған. Жүктіліктің 2-ші жартысында анасында пневмония болған. Мерзімінде босанды. Туылған кездегі баланың жағдайы Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға сәйкес болды. Кейінгі 3 күнде жағдайы қанағаттанарлық болды. 4-ші тәулікте арқасының төменгі жағындағы теріде қызару аймағы пайда болып, ол 1 тәуліктен кейін қызыл-көк түске ауысты. Дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Мейілінше жуық диагнозды көрсетіңіз:

А. нәрестелер флегмонасы

Б. баздану

В. сыздауық

Г. терінің физиологиялық катары

Д. потница


  1. Нәрестеде өмірінің 8-ші күні кіндік, шап қатпарлары аймағында қызару, сулану, сызаттану түрінде эритемалар пайда болып, ол ары қарай іш, кеуде терісіне таралды. Солғын көпіршіктер пайда болды, Никольский симптомы оң, аумақты эрозиялар бар. Қайнаған суға күйгендей. Мейілінше жуық диагнозды көрсетіңіз:

  1. везикулопустулез

  2. пемфигус

  3. Риттердің эксфолиативті дерматиті

  4. тілме (рожа)

  5. нәрестелер флегмонасы




  1. Балаға 12 күн. 5-ші күні кіндігі түскеннен кейін шығарылды. Бүгінге дейін кіндік жарасы дымқыл. Аздап домбығып түр, кіндік сақинасының айналасында болмашы гиперемия байқалады. Жарадан аздаған қанды бөлініс бар. Баланың киімі кіндікке жабысады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, емуі белсенді. Мейілінше жуық диагноз:

А. баланың дені сау

Б. серозды омфалит

В. кіндік жылан көзі

Г. суланған кіндік

Д. амниотикалық кіндік


  1. Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы нәрестелердегі іріңді омфалитке тән:

А. кіндік сақинасы өзгеріссіз

Б. кіндіктен серозды бөлініс

В. кіндік пиореясы

Г. кіндік жарасынан геморрагиялық бөлініс

Д. терінің кіндік қабықшасына өтуі


  1. Төменде көрсетілген жұқтырудың қандай жолы ұрық үшін МҮМКІН ЕМЕС:

А. гематогенді

Б. өрлеуші

В. төмендеуші

Г. аэрогенді

Д. лимфогенді


  1. Трансплацентарлық инфицирлену кезінде инфекциялық агент ұрыққа мына жолмен түседі:

А. қан ағысымен

Б. жатыр қабырғасынан

В. құрсақ қабырғасынан

Г. жатыр түтіктерінен

Д. жатыр мойнынан


  1. Нәрестелердің іріңді омфалитін емдеуде төмендегілердің қайсысы ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:

А. кіндікті 1-2% бриллиант көгінің ерітіндісімен өңдеу

Б. кіндікті сутегінің асқын тотығымен өңдеу

В. антибактериалды ем

Г. бұлшық етке преднизолон тағайындау

Д. физиоем


  1. Сепсис диагнозын қою кезіндегі басты лабораторлық белгі:

  1. жалпы қан анализіндегі анемия

  2. биохимиялық қан анализіндегі диспротеинемия

  3. қанды бак.себу нәтижесі оң

  4. қан анализінде лейкоцитоз бен нейтрофилез

  5. биохимиялық қан анализінде С-реактивті белоктың жоғарылауы




  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ұрықтың құрсақ ішілік инфицирленуіне ТӘН ЕМЕС?

А. ұрықтың гипоксиясы

Б. құрсақ ішілік дамудың кідіруі

В. шала туылу

Г. ұрық маңы суының көп болуы

Д. жүктіліктің мерзімінен асуы


  1. Нәрестеде везикулопустулез кезінде бөртпенің қандай локализациясы ТӘН ЕМЕС?

А. шүйде аймағы

Б. арқасы

В. бөкселері

Г. алақан, табаны

Д. кеудесі, беті


  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестедегі катаралді омфалиттің емінде қолданылады:

А. кіндікті бриллиант көгінің 2% ерітіндісімен өңдеу

Б. гормоналды майлармен өңдеу

В. антибактериалды ем

Г. антигистаминді ем

Д. хирургиялық ем


  1. Мына симптомдардың қайсысы нәрестедегі гонобленореяға ТӘН ЕМЕС?

  1. анофтальм

  2. жиі екі жақты процесс

  3. конъюнктиваның гиперемиясы

  4. көзден іріңді бөліністердің көп болуы

  5. қабақтың ісінуі




  1. Туа біткен цитомегаловирустық инфекцияның арнайы емінде төменде көрсетілген препараттардың біреуі қолданылады:

А. роцефин

Б. видабирин

В. цитотект

Г. реоферон

Д. сумамед


  1. Нәрестеде туа біткен хламидиоз.

Осы ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы тиімді болып табылады?

А. дифлюкан

Б. пенициллин

В. сумамед

Г. преднизолон

Д. виферон




  1. Герпестік энцефалиті бар нәрестеге төменде көрсетілген препараттың қайсысын тағайындаған жөн?

А. цитотект

Б. пентоглобин

В. интерферон

Г. ацикловир

Д. реоферон


  1. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы туа біткен мерезге ТӘН ЕМЕС?

  1. отит

  2. розеолезды және папулезді бөртпе

  3. остеопороз, остеохондрит

  4. ринит

  5. бауыр ұлғаюы, сарғаю




  1. Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») қандай құрсақ ішілік инфекцияға тән?

А. хламидиоз

Б. ЦМВ-инфекция

В. микоплазмалық инфекция

Г. токсоплазмоз

Д. листериоз


  1. Туа пайда болған токсоплазмоздың қай формасында арнайы ем ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ?

  1. жедел жайылған түрінде

  2. жедел жергілікті түрінде

  3. токсоплазмозды хориоретиниттің қалдық көрінісінде

  4. жедел субклиникалық түрінде

  5. жеделдеу ағымында




  1. Мыналардың қайсысы нәрестенің хламидиозды пневмониясына ТӘН ЕМЕС?

  1. Жедел басталады

  2. Тұрақты созылыңқы жөтел

  3. Айқын емес интоксикация

  4. Конъюнктивиттен басталады

  5. Интерстициалді типте өтеді




  1. 5 күндік нәрестеде ринит көріністері, алақан мен табанында ішінде серозды-қанды сұйықтығы бар көпіршіктер, эрозиялар. Айқын сарғаю, бауырдың аздап ұлғайған.

Мейілінше жуық диагноз:

А. іштен біткен гепатит

Б. іштен біткен мерез

В. везикулопустулез

Г. іштен біткен герпес

Д. Риттердің эксфолиативті дерматиті




  1. 5 күндік нәрестеде ринит көріністері, алақан мен табанында ішінде серозды-қанды сұйықтығы бар көпіршіктер, эрозиялар. Айқын сарғаю, бауырдың аздап ұлғайған.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы балаға көрсетілген?

А. ровамицин

Б. пенициллин

В. сумамед

Г. тетрациклин

Д. ацикловир




  1. Балада Д витаминінің тапшылығына төменде көрсетілгендердің барлығы алып келеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

А. ерте аралас тамақтандыру

Б. ерте жасанды тамақтандыру

В. 3 айға дейін токсикозбен ішек инфекциясымен ауырса

Г. емшек сүтімен тамақтандыру

Д. 6 айға дейін баланы серуендеуге шығармаса


  1. Д витаминіне тәуліктік физиологиялық қажеттілік:

А. 100 ХБ

Б. 100-300 ХБ

В. 400-600 ХБ

Г. 800-900 ХБ

Д. 900-1000 ХБ


  1. Д витаминінің белсенді түрі қай мүшеде түзіледі:

А. теріде

Б. ішектерде

В. көкбауырда

Г. бауырда

Д. бүйректе


  1. Рахиттің бастапқы сатысына төменде көрсетілгендердің қайсысы ТӘН ЕМЕС?

А. тітіркенгіштік, үркектік

Б. терлегіштік

В. айқын маңдай және төбе төмпектері

Г. қызыл дермографизм

Д. шүйде шашының түсіп қалуы


  1. Мына симптомдардың қайсысы рахиттің өршу сатысына ТӘН ЕМЕС:

А. шүйденің тегістелуі, бассүйек асимметриясы

Б. айқын маңдай, төбе төмпектері

В. кеуде клеткасының төменгі апертурасы сыртқа айналған

Г. диффузды бұлшық ет гипотониясы

Д. бұлшық ет гипертониясы


  1. Рахит кезінде сүйек өзгерістері төменде көрсетілгендердің қайсысымен байланысты?

А. гиперкальциемиямен

Б. А гиповитаминозымен

В. Д гиповитаминозымен

Г. К гиповитаминозымен

Д. гиперфосфатемиямен


  1. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы рахиттің жеңіл дәрежесіне ТӘН ЕМЕС?

А. тершеңдік

Б. шошыну

В. мазасыздану

Г. бас сүйектерінің жұмсаруы

Д. аяқ-қолдардың деформациясы


  1. Рахитке мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы ТӘН ЕМЕС?

А. сүйек деформациясы

Б. терінің құрғақтығы

В. тершеңдік

Г. тұрақты тістерінің шығу ретінің бұзылысы

Д. бұлшықеттер және байланыс аппаратының әлсіздігі


  1. Рахитпен ауыратын балалар төменде көрсетілген патологиялық жағдайларға бейім:

А. қанкетулерге

Б. сарғыштану синдромының дамуына

В. ісіну синдромының дамуына

Г. инфекцияларға

Д. анемияларға


  1. Д витаминімен емдегенде төменде көрсетілген тексерулердің қайсысы жүргізіледі?

А. АЛТ, АСТ анықтау

Б. Сулкович сынамасын

В. тимол сынамасын

Г. қандағы кальий

Д. Нечипоренко сынамасын


  1. Мыналардың қайсысы рахиттің арнайы профилактикасына жатады?

А. тамақтануын коррекциялау

Б. баланың күнтәртібі мен күтімін дұрыс ұйымдастыру

В. су процедуралары, таза ауада серуендеу

Г. жүйелі түрде таза ауада серуендеу

Д. кесте бойынша УКС


  1. Мыналардың қайсысы 4 айлық баладағы рахиттің себебі болуы мүмкін:

А. кестесіз тек ана сүтімен тамақтандырылса

Б. жұмыртқа сарысын, шырын, езілген алма қабылдамаса

В. жедел пневмониямен ауырса

Г. экссудативті-катаральды диатез көріністері болса

Д. таза ауаға серуендеуге шықпаса


  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы рахиттің арнайы алдын алуына жатады:

А. массаж

Б. емдік денешынықтыру

В. дұрыс тамақтандыру

Г. Са препараттарын тағайындау

Д. Д3 витаминін тағайындау


  1. Мыналардың қайсысын Д витаминімен қоса тағайындауға БОЛМАЙДЫ?

А. С витаминін

Б. УКС


В. массаж

Г. емдік денешынықтыруды

Д. су процедураларын


  1. Д витаминінің дұрыс алдын алу дозасын көрсетіңіз:

А. 100 ХБ

Б. 500 ХБ

В. 1000 ХБ

Г. 1500 ХБ

Д. 50 ХБ


  1. Төменде көрсетілген сүйек тінінің қандай өзгерістері рахитке ТӘН ЕМЕС?

А. сүйек деформациясы

Б. сүйектенудің бұзылысы

В. остеоидты тін өсуі

Г. сүйек тінінің жеткіліксіз минерализациясы

Д. патологиялық сынықтар


  1. Рахиттің дамуы мынаған негізделген:

А. Д витамині тапшылығына

Б. А витаминінің метаболизмінің бұзылысына

В. темір тұздарының жеткіліксіз түсуіне

Г. белок тапшылығына

Д. Д витамині артық түсуіне


  1. Мына көрсетілген факторлардың қайсысы рахит дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:

А. зәр жолдарының инфекциясы

Б. табиғи тамақтандыру

В. асқазан-ішек аурулары

Г. тері аурулары

Д. аралас және жасанды тамақтандыру


  1. Рахиттің патогенезінде мына көрсетілген тізбектердің қайсысы БОЛМАЙДЫ:

А. гипокальциемия

Б. екіншілік гиперпаратиреоидизм

В. гипоксемия және гипоксия

Г. ацидоз

Д. гипофосфатемия


  1. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы I дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:

А. мазасыздық

Б. үркектік

В. шамадан тыс терлеу

Г. краниотабес, шүйде сүйегінің тегістелуі

Д. жамбас сүйектерінің деформациясы


  1. Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы ІI дәрежелі рахитке ТӘН ЕМЕС:

А. айқын төбе, маңдай төмпектері

Б. бұлшықет гипотониясы

В. мазасыздық, шошыну

Г. қабырғадағы таспиықтар, Гаррисон сайы

Д. терінің құрғақтығы


  1. Рахиттің алғашқы симптомдары жиі қай жаста көрінеді:

А. 1-3 айлығында

Б. 12 айлығында

В. 1-1,5 жаста

Г. 1,5-2 жаста

Д. 2 жастан кейін


  1. Төменде көрсетілген гормондардың қайсы фосфор-кальций гомеостазын реттеуге қатысады:

А. паратгормон

Б. инсулин

В. ренин

Г. соматотропин

Д. ангиотензин


  1. Рахитке Р-Са алмасуы жағынан қандай лабораторлық өзгерістер тән:

А. қанда Са төмендеп, Р жоғарылайды

Б. қанда Са төмендеп, зәрде Р төмендейді

В. зәрде Са төмендеп, Р жоғарылайды

Г. зәрде Са жоғарылап, Р төмендейді

Д. қанда Са мен Р төмендейді


  1. Рахитті емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысы қолданылады:

А. паратгормон

Б. димедрол

В. К витамині

Г. Д витамині

Д. пенициллин


  1. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысында Д витамині тағайындалады:

А. гепатитте

Б. анемияда

В. пневмонияда

Г. рахитте

Д. спазмофилияда


  1. Рахиттің арнайы алдын алу мына балаларға жүргізіледі:

А. ОЖЖ органикалық зақымдануы бар

Б. дені сау балаларға 3 апталық жасынан

В. микроцефалиясы бар

Г. спазмофилиясы бар

Д. бауыр және бүйрек зақымданулары бар


  1. Рахиттің антенаталды алдын алуына төмендегі көрсетілгендердің БІРЕУІ ЖАТПАЙДЫ:

А. жүкті әйелдің салауатты өмір салты

Б. толыққанды тамақтану

В. жүкті әйелдің Д витаминін емдік дозада қабылдауы

Г. күтіну режимі

Д. поливитаминдер қабылдау


  1. Рахиттің постнаталды арнайы алдын алуына төменде көрсетілгендердің біреуі жатады:

А. Д витаминін тағайындау

Б. шынықтыру

В. массаж

Г. күнделікті таза ауада болу

Д. рационалды тамақтандыру


  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы рахитпен ауыратын науқастардың күтімінде ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ?

А. күнделікті ылғалды жинау жүргізу

Б. таза ауада серуендету

В. қылқанды және тұзды ванналар тағайындау

Г. терісін 70% этил спирті ерітіндісімен сүрту



Д. массаж, гимнастика
2 БЛОК. НӘРЕСТЕЛЕР ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯСЫ, ПЕДИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет