3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау



бет1/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау


3 сессия жауаптары

Механизмдер мен машиналарды жобалау

  1. Машина тетіктері туралы жалпы мағлұматтар. Машина – адамның физикалық және ой жұмысын алмастыру немесе жеңілдету үшін, механикалық жұмыс атқаруға немесе энергияны түрлендіруге лайықталып, белгілі бір қозғалыс жасайтын материалдық денелердің жасанды құрылымы.

Машинаның қандай түрі болмасын, олар әртүрлі бөлшектен құралады. Бөлшектің саны олның күрделілігіне байланысты анықталады. Мысалы: кір жуатын машинада ондаған бөлшек болса, автомобиль бөлшектері он бес мыңға жуық, ал самолеттерде милионнан астам бөлшек болады.

Машиналарда кездесетін сан алуан бөлшектерді екі түрге бөлуге болады: 1. Бір типтес бөлшектер, 2. Арнаулы бөлшектер. Бір типтес бөлшектерге әртүрлі беріліс пен қосылыс бөлшектері кіреді (тісті дөңгелектер, белдікті, фрикционды берілістер; бұрандалы тетіктер, кілтектер, біліктер, мойынтіректер, т.б. жатады.) Арнаулы бөлшектерге: тежеуіштер, барабандар, шығырлар, шөміштер жатады.

Бөлшектер тораптарға біріктіреді. Торап деп жұмыс атқаратын бөлшектердің жиынын атайды. Тораптарға подшипниктер, тісті дөңгелектер отырғызылған біліктер, т.б. жатады. Тораптардың өзі қарапайым және күрделі торап болып екіге бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет