Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ҰБ Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: - Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ҰБ Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
- Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
- Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
- Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
- өтімділік коэффициенті;
- ашық валюталық позиция лимиті;
- негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін ҰББ бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез-келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады. - Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін ҰББ бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез-келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
- Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті. Меншікті капитал (К) - бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (1 деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі. Банк инвестициясы – акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдарының, сондай-ақ басқа заңды ұйымдарының субординнирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс: - Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
- жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс;
- жоғары аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Poors және басқа халықарлық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингімен төмен болмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |