3 Тақырып. Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері Дәріс мақсаты



бет1/4
Дата09.12.2022
өлшемі20.87 Kb.
#466919
  1   2   3   4
3 Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері


3 Тақырып. Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері
Дәріс мақсаты: үйсіндер, қаңлы, ғұн мемлекеттерінің қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Үйсіндердің этникалық шығу тегі мәселесі мен территориясы. Қоғамдық құрылысы.Саяси тарихы. Шаруашылығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері.

  2. Қаңлылардың этникалық шығу тегі мен территориясы. Қоғамдық құрылымы. Саяси тарихы.

  3. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. . Ғұндардың сыртқы саясаты.

  4. Ғұн мемлекетінің саяси және қоғамдық құрылымы.

  5. Ғұндардың шаруашылығы, мәдениеті және діни-нанымдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны – Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.
Б.з.б. 30 – жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.
ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық – сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет