3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨлім «Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі ?



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі20.57 Kb.
#495167
түріПоэма
  1   2   3
ТЖБ.әдеб.3-т.9-сын


3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1.«Құлагер» поэмасында кімнің асы суреттеледі ?
А. Әлімқұлдың
В. Бөжейдің
С. Сағынайдың
Д. Күреңбайдың
Е. Шорманның
2.Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
А. Әбдірахманның өлімі.
В. Екі жастың бақытты өмір сүруі.
С. Шұғаның өлімі
Д. Шұғаның қатты құса боп ауруға шалдығуы.
Е. Шұғаның аурудан айығуы
3. Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі жолдарынан асты сызылған тіркестердің қандай көркемдік тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз.
Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,
Қаланып қалса тәртіппен.
А. Теңеу
В. Кейіптеу
С. Метафора
Д. Метонимия
Е. Эпитет
4.«Қыз баланы қор қылатын өзіміз ғой...» Берілген сөз қай кейіпкердікі?
А. Артықбай
В. Есеней
С. Мүсіреп
Д. Торсан
Е. Ұлпан
5. Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің қай жолдарында бақытты сәттерді өлеңмен байланыстырып суреттейді?
А. Жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде

мен сені саялаймын.



В. Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен,

өзіңмен қоштаспадым мен.



С. Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,

алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.



Д. Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,

шаттанып қалған шағымда,

қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.



Е. Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,

өртеніп от басқаныммен,

өзіңмен қоштаспадым мен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет