3 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет1/4
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#453926
  1   2   3   4
stud.kz-13194


3 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі
Жұмыстың мақсаты:

1. WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі нысаналарымен танысу;

2. WINDOWS операциялық жүйесін баптауды меңгеру;

3. WINDOWS операциялық жүйесінің стандартты қосымшаларымен жұмыс істеуді меңгеру.



Жұмыстың мазмұны:

Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады.Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады.Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Операциялық жүйе  кез  келген  компьютердің   ең  қажетті   құрамдас  бөлігі   және  ол  компьютерді  басқаруға,  ақпаратты  сақтауға,  оған  қосылған  барлық  құрылғылардың жұмысын  ұйымдастыруға арналған программалардың  жиыны  болып  табылады. Операциялық  жүйе  адам  мен  компьютер  арасындағы   өзара  байланысты  қамтамассыз  етеді.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер былай бөлінеді:



  • бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.

Бір міндетті операциялық жүйе қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көп міндетті операциялық жүйе бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйеде бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді.

WINDOWS операциялық  жүйесіндегі  жаңа  нұсқасының  атауындағы  ХР  әріптері   eX Perience  деген  ағылшын  сөзінің  бөлігі  болып  табылады,  ол “ өмір  тәжірибесі ”, “білім”  дегенді  білдіреді. WINDOWS сөзінің  өзі  терезе  деген  мағынаны  береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет