Тақырыбы бойынша очерктің бірнеше түрі бар:
Портреттік очерк – тұлғаның өмірі, көзқарасы жайлы әңгіме. Портретті очерктің міндеті – кейіпкердің жанды кескіндерін суреттеп беру, оның көрсеткен ерлігі туралы, оның істеген, өмірге енгізген жаңалықтары туралы хабарлау.
Проблемалық очерк – автор ең алдымен маңызды мәселені талдап, оның адамдар әрекетіндегі көрінісіне тоқталады. Проблемалық очерк түрінің негізі – әлеуметтік маңызды мәселелер. Мысалы, саясат, экономика, имандылық, этика т.б.
Ғылыми көпшілікке арналған очерк – ғылыми мәселелер туралы терең және дәйекті, бірақ баршаға түсінікті тілде айтылады.
Сонымен қатар очеркте түрлі жанрлардың ерекшеліктері байланысады. Мысалы : репортаж, есеп, суреттеме, корреспонденция. Бұл очерктің жан жақтылығының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |