2008 жылдың 2–ші тоқсанында Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдер саны 6 222.2 мың транзакция құрап, бұл төлемдердің сомасы 31 293.4 млрд. теңге болды. 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 4.2%-ға ұлғайды, ал төлемдер сомасы 13.0%-ға төмендеді.
Бұл ретте, БААЖ арқылы жасалған төлемдерге 2008 жылдың 2–ші тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 40.1%, ал төлемдер көлемінің 98.1% келеді. Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 59.9%, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 1.9% келеді.
БААЖ
2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БААЖі қатысушыларының саны 50 болып, оның ішінде:
-
35 екінші деңгейлі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;
-
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті;
-
6 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
-
Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық (3 шот ашылған);
-
Мемлекетаралық Банк;
-
Евразиялық даму банкі;
-
ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).
2008 жылдың 2–ші тоқсанында БААЖ арқылы сомасы 30 695.0 млрд. теңге құрайтын 2 495.9 мың транзакция жасалған. 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 16.3%-ға ұлғайды, ал төлемдер сомасы 13.2%-ға төмендеді.
2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2008 жылдың 2–ші тоқсанында байқалып отырған БААЖ төлемдер көлемінің төмендесі ҚР резиденттерінің бағалы қағаздармен операциялары бойынша төлемдер көлемінің 33.5%-ға азайтуымен байланысты болды.
Төлемдердің орташакүндік саны 39.6 мың транзакция болып, сомасы 487.2 млрд. теңге құрады. 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 5.6 мың құжатқа (16.3%-ға) артуы байқалады, төлемдердің орташа күндік сомасының 74.2 млрд. теңгеге (13.2%-ға) төмендеу байқалады.
Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2008 жылдың 2–ші тоқсанында 12.3 млн.теңге құрап, 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 4.2 млн. теңгеге (25.4%-ға) төмендеген.
2008 жылдың 2-ші тоқсанында жүйеде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 1 және 2 Кестелерде келтірілген.
Банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі төлемдер көлемі
Кесте 1
|
Месяц
|
2007ж. II тоқсан
|
2008ж. II тоқсан
|
Өзгеріс
|
Саны
(мың тр.)
|
Сомасы
(млрд. теңге)
|
Саны
(мың тр.)
|
Сомасы
(млрд. теңге)
|
Саны
|
Сомасы
|
Сәуір
|
677.9
|
11 775.4
|
844.6
|
9 731.2
|
24.6%
|
-17.4%
|
Мамыр
|
739.7
|
10 448.0
|
833.7
|
9 504.3
|
12.7%
|
-9.0%
|
Маусым
|
728.4
|
13 147.9
|
817.5
|
11 459.5
|
12.2%
|
-12.8%
|
II тоқсан
|
2 146.0
|
35 371.2
|
2 495.9
|
30 695.0
|
16.3%
|
-13.2%
|
Банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі төлемдер көлемінің пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі
Кесте 2
|
Топ
|
Төлемдер көлемі (млрд. теңге)
|
Өзгеріс
|
2007ж.
II тоқсан
|
2008ж.
II тоқсан
|
млрд. теңге
|
%
|
Бес ірі банк
|
11 975.0
|
9 748.7
|
-2 226.2
|
-18.6%
|
Басқа да банктер
|
7 481.4
|
7 375.9
|
-105.5
|
-1.4%
|
Басқа қатысушылар
|
15 914.8
|
13 570.4
|
-2 344.4
|
-14.7%
|
Жалпы нәтижесі
|
35 371.2
|
30 695.0
|
-4 676.2
|
-13.2%
|
Банкаралық клиринг жүйесі
2008 жылдың 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық клиринг жүйесінің қатысушыларының саны 35 болған болса, оның 28 екінші деңгейлі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті, «Казпочта» АҚ, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (3 шот ашылған), ҚРҰБ және Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).
2008 жылдың 2–ші тоқсанында бөлшек төлемдер ағыны сомасы 598.4 млрд.теңге болатын 3 726.4 мың құжатты құрады. 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда Банкаралық клиринг жүйесінде жасалған төлемдер саны 2.6%-ға төмендеді, ал сомасы 0.3%-ға артты.
2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2008 жылдың 2–ші тоқсанында Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемінің өсуі көрсетілген қызметтер бойынша төлемдердің 4.4%-ға артуымен байланысты болды.
Қарастырылып отырған кезеңде клирингтік жүйеде өңделген транзакциялардың орташа күндік көлемі 9.5 млрд. теңге сомасындағы 59.1 мың құжатты құрады. 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 1.6 мың құжатқа (2.6%-ға) төмендеу, төлемдердің орташа күндік сомасының 32.2 млн.теңгеге (0.3%-ға) артуы байқалады.
Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2008 жылдың 2–ші тоқсанында 160.6 мың теңге болып, 2007 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 4.7 мың теңгеге (3.0%-ға) артқан.
2008 жылдың 2-ші тоқсанында Банкаралық клиринг жүйесінде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 3 және 4 Кестелерде келтірілген.
Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемі
Кесте 3
|
Айы
|
2007ж. II тоқсан
|
2008ж. II тоқсан
|
Өзгеріс
|
Саны
(мың тр.)
|
Сомасы (млрд. теңге)
|
Саны
(мың тр.)
|
Сомасы (млрд. теңге)
|
Саны
|
Сомасы
|
Сәуір
|
1 423.0
|
183.7
|
1 487.4
|
205.6
|
4.5%
|
11.9%
|
Мамыр
|
1 192.2
|
205.7
|
1 086.9
|
188.5
|
-8.8%
|
-8.3%
|
Маусым
|
1 210.9
|
207.0
|
1 152.1
|
204.3
|
-4.9%
|
-1.3%
|
II тоқсан
|
3 826.2
|
596.4
|
3 726.4
|
598.4
|
-2.6%
|
0.3%
|
Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер көлемінің пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі
Кесте 4
|
Топ
|
Төлемдер көлемі (млрд. теңге)
|
Өзгерістер
|
2007ж. II тоқсан
|
2008ж. II тоқсан
|
млрд. теңге
|
%
|
Бес ірі банктер
|
272.6
|
274.6
|
2.0
|
0.7%
|
Басқа да банктер
|
183.1
|
195.2
|
12.1
|
6.6%
|
Басқа қатысушылар
|
140.7
|
128.6
|
-12.1
|
-8.6%
|
Жалпы нәтиже
|
596.4
|
598.4
|
2.0
|
0.3%
|
Достарыңызбен бөлісу: |