3514 әскери бөліміндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған кездесу



Дата17.07.2016
өлшемі24.6 Kb.
#204964
3514 әскери бөліміндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған кездесу
2015 жылғы 2 ақпанда ҚР Ұлттық гвардиясының 3415 әскери бөлімінде Достық үйінің директоры Ш.И.Тулеутаевтың әскери бөлім қызметшілерімен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кездесуі болып өтті.

Біз әскери бөлімдегі қызметтің ерекшелігін әскери бөлімге енген кезден бастап сезіне бастадық. Әр жерде бөлімше командирлерінің қысқа, айқын бұйрықтары естіледі, әскери бөлім іші тап – таза, барлық жерден әскери тәртіптің қатаңдығы сезіліп тұрғандай.

Біз келген кезде әскери бөлімнің акт залы әскери қызметшілерге толы, ине шаншар жер жоқ екен. Олар біз кірісімен бірден орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Әскери бөлім командирінің тәрбие және жеке құраммен әлеуметтік- құқықтық жұмыс бойынша орынбасары Т.Е.Тушибаев кездесуді ашып, Достық үйінің директоры Ш.И.Тулеутаевқа сөз берді.

Ш.И.Тулеутаев 2015 жыл атаулы мерекелерге толы жыл екенін атап өтті: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығы, ұлы ойшыл, ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл және әрине Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.

Ол Ассамблеяның құрылу тарихына тоқтала келе, оны құрудың бастамашысы Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев болғаны және Президентіміздің Ассамблеяның тұңғыш және өмірлік төрағасы екенін атап өтті.

Сондай- ақ ол Ассамблеяның Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар арасында бейбітшілік пен келісімді сақтау мен нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Достық үйінің жұмысына тоқтала келе Ш.И.Тулеутаев бөлімнің әскери қызметшілері Достық үйі өткізіп отырған барлық іс- шаралардың белсенді қатысушылары екенін атап өтті. Ол қоғамдық маңызды және мәдени- көпшілік жұмыстарға белсене қатысып жүрген әскерилерге жеке жеке тоқталып, алғысын білдірді.

«Әскери бөлім жастарға патриоттық тәрбие берудің шынайы үлгісі болып табылады және бөлімнің әскери қызметшілері бұдан әрі де қаланың қоғамдық- саяси және мәдени өміріне белсене араласатын болатынына нық сенімдімін. Жергілікті ұлт өкілдерінен емес әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілді меңгергендер санының жылдан жылға артып келе жатқаны үлкен қуаныш сезімін тудырады, олар Отанына шынайы берілгендік пен сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің нағыз үлгісі болып табылады»,- деді Тулеутаев.

Ол бөлім басшылығына Достық үйі мен ардагерлер Кеңесі әскери бөлімге олардың іс- шараларын ұйымдастыруға қолдан келген көмектерін аямайтынын атап көрсетті. Оның ішінде концерт залын беру, әдістемелік көмек көрсету, концерттер, байқаулар, өзге де іс- шаралар ұйымдастыруға қолдау көрсету.



Бұдан әрі Ш.И.Тулеутаев әскери бөлім командирі Т.Б.Акшиковке ҚР Ұлттық гвардиясы әскери бөімдері арасында жеке құрамның әскери – саяси даярлығы бойынша байқауда 1 орын алғаны үшін Достық үйінің ұжымы атынан алғыс хат табыс етті.
А.Ғылымбай, Достық үйінің әдіскері






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет