Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы



бет1/7
Дата08.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#122868
  1   2   3   4   5   6   7
САБЫР ТҮБІ САРЫ АЛТЫН , САРҒАЙҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА !

Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы.

Сабырлық қайдан пайда болады, орны мекені қайда? –деп көп қазақтың үнемі ойында түркілеп тұратын сауалдың бірі болу керек. Негізгі бағыт бағдар алу үшін Пайғамбарымыздың дұғасына ой жүгірсек; «Я Раббым маған таусылмас иман, жақсы мінез, шүкіршіл жүрек, сабырлы тән, зікіршіл тіл, тағдырға разы болатын қайырлы өмір, дұрыс ұрпақ, дүние мен ақыретте жақсылық бер. Ата-аналарымыздың күнәларын кешір!» деп «Раббыларыңнан сұраңдар» деген аманат қалдырыпты. Пайғамбар өсиеттерін жаратушымыз «ашық-ашық аяттар» деп ескерткенін назарға алсақ, әр сөздің өз орны және соған байланысты орындалу реті бар деген ұғымды береді. Демек сабыр тәнде. Тән тазалығы ана сүтінің қасиеттілігінен нәр аласа, ана сүтінің құнары тілінің жұмсақтығы мен, ділінің тазалығы, мінезінің көркемдігіне тәуелді болады. Ұлықпан хакімге бір кісі баласын алып келіп; - «Мына перзентімізді өзіңіздей данышпан етіп тәрбиелеңіз»-деп өтініш білдіріпті. Сонда данышпан: -Балаңыздың туғанына неше күн болды?-депті. Сонда ата-анасы; -Үш күн болды-дегенде. -Өкінішке орай үш күн өткізіп алыпсыңдар-депті. -Әй хақім, балаларымыздың туғанына жаңа ғана үш күн болды ғой-дегенде, Ұлықпан оларға: -«Данышпандықтың бірінші шарты-сабырлық. Нәресте жарық дүниеге шырылдап жылап туылады. Ол жылап-жылап ақыры өзі қояды. Мұнымен балада дүниеге деген сабырлық пайда болады. Ал егер керісінше, баланы жылағаннан-ақ қолға алып, әлпештеп, оған емшек беріп жұбатса, мұнымен сабырлығы жоғалады. Кейінірек оның басына қиындау іс түссе, оған сабырлық етіп, қиыншылықты жеңудің орнына, көз жасын төгіп отыра беретін халге жетуі мүмкін, яғни дайынға әдеттенеді. Осындайда балаға жастайынан тек ата-ана бағыт бере алады.» деп бала тәрбиесінің сабырлығының тек ата-анамен арадағы қатынастан пайда болатынын ескерткен екен. Аталарымыз «Жыламаған балаға емшек жоқ!» деген мақалының өзі осы сабырлық қағидасын ескертіп тұр. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрден қашықтап, тәрбие беруді тек білімге ғана сүйенгендіктен, шет жұртықтың сабырсыздық, шыдамсыздық, ессіздік дертіне ұшыраған, ашушаң «мастардың» елінің ессіздік дертінің қылықтар көрнісін енді алыстан іздемесек те болады. Өлшемсіз, ілімсіз, тәрбисіз алаған білім тәнді, етті шірітіп, сасытаттынын пайғамбарымызда ескерткен екен. Олай болса тән тазалығы ғана сабырдың сарайы болып табылады. Ондай дәрежеге жету үшін әуелі иман, сосын мінез болып, содан кейін жүректің шүкірді яғни жаратқанның берген нығмет несібелеріне, рахмет айтып, қызмет жасауын қалауы керек. Бірақ ондай ізгілікке жету үшін әуелі «Жан» тазалығының тәрбиелеудің қағидаларын меңгеру шарт. Адам баласының жанына не пайда, не зиянын білгеннен кейін ғана тән тазалығының сабыр қуатын, яғни жарықты сіңіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік болады. Демек тәрбиенің негізі ұлтына, жынысына өмір сүрген ортасы қоғамға сай ақылдың негізгі ірге тасын-дінін қалыптастыру шарт. Дінің көрнісі иман – ақылдың, қылықтың, кәсіптік бағдардың және құлшылық яғни белгілі бір мақсатқа қызмет жасаудың жетістігі болып, үнемі толықтырылып тұруды қажет етеді. Имандылық өзгеріске түсетін құбылыс болып, үнемі ыждағаттылықты, күтімді қажет ететіндігін ескерткен пайғамбарымыз. Сондықтан тәндегі судың құрамының өзгерісі иманды белгілейді. Тән мен жан тазалығын қатар ұстап отыру арқылы ғана иманның яғни толық адамдық кемелеттік дәрежеге жету болатынын тек Яссауи ілімі ғана ашып көрсете білген және іс жүзінде дәлелденген де. Ондай сабырдың кемелденуіне жету үшін елдің, халықтың мұң-мұқтаждығын бірге бөлісіп және ұлтық, ғұрыптық, тілдік ерекшеліктерді меңгеру арқылы жер анамен тығыз байланысқа түсу арқылы нәтижелі болмақ. Сондықтан ана тіліңнің қадірін жете түсініп, сөз ғылымын тауып, ел мүдесімен бірге халықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп, ата-ана алдындағы ізгі борыштарды өтеу яғни бодау төлеу арқылы Аллаға құлшылық болып табылады. Жаратқанның әр ұлтқа, ұлысқа тән берілген жол-жобасы арқылы, туған жеріңмен, аспаныңмен аяқ, төбе тесіктері арқылы тұрақты ақпараттық байланысқа Алла жолына яғни көктегі жеті жолға жалғану керек. Ал онан да жоғары негізгі «астанмен» байланысқа түсу үшін егер өзің өмір сүрген ортада тазалықтың жоғарғы сатысына көтерілу мүмкіндігі шектелген жағдайдың өзінде жер асты хилуеттер мешіттер ашып, халықтың көз алдында болу шарт. Жақсы мінез, әдепті қылық, көркем сөз, әрбір адам баласының иманының белгісі болып, әдет-ғұрыпқа, салт дәстүрге байланысты жасаған амалдары жүректің қалауы яғни шүкіршілік деп жаратушыға деген рахмет яғни «ғибадат» амалдарына жатады. Ал өз ана тілінен жеріп, өзге елдің салтына құмар болып, солай әрекетер, амалдар жасау жаратушының берген сынағына іштей ашықтай қарсылық білдірумен күпірлікті, күмәндарды «сығандықты» туындатады. Қандайда діннің негізгі мақсаты өзіңе тән ғайыптық еліңді тауып, адамдық, парасаттылық, зайырлыққа жетіп, құдайлық сипатқа қосылу. Сондықтанда шүкір- Алланың өзіңе, туысқандарыңа, еліңе, жеріңе Алланың берген, үнемі беріп тұратын нығметтеріне амалдар арқылы ризашылық білдіру. Ал тәубе деп, өз жеке басыңа ғана емес, өз әулетіңнің, туған туыстарыңның, өзіңнің ілгері кейінді ұрпақтық байланыстағы жасаған күнәрапа, қателіктеріне бұйырған салт- дәстүрлік амалдар арқылы ғана және жаратушы тарапынан беріліп жатқан, үнемі беріліп тұрған (түстер, аяндар, уахилар) нұсқауларға сәйкесті кешірім сұрау, сабыр қуатын, қолдау сұрау амалдары болып табылады. Осы сатылардан өткен жағдайда ғана сабыр қуатын меңгеріп, яғни тақуалықты Аллаға жақындауға болатынын ескерткен пайғамбарымыз. Ал зікір амалдарының яғни Алланың көркем есімдері, құдайлық қасиеттерді, нұсқауларды орындаудың өзіндік дәрежесі пенденің иман дәрежесіне қарай орындау шартары жеке-жеке беріліп, аянмен көрсетіліп отырады. Зікір тән, жан тазалығының теңдігін қалыптастыру амалының бірі болып орынсыз шамасын, шегін заман үн, тіл өзгеріс даму заңдылығына сай беріліп тұратын орындалу тәртібінсіз жанға кері әсерін тигізетіні шүбәсіз. Сондықтан Шәкәрім атамыз; «Сарынға жастар салмасын, кәпір жын келіп қалмасын.» деп ескерткен. Енді осы жоғарғыдағы мәселелерге жеке-жеке тоқталып, қоғамдағы құбылыстармен өзімізді салыстырып көрсек;

Ақылдылық белгісі сөзбен яғни сөйлеу мәнерімен, үннің әуезділігімен, сөздің мәнімен анықталады. Адам баласында екі үнді, бес дауысты сегіз дыбысқа әуезге айналдыруға жаратылыстан тағдырға жазылған. Оның да жұптық тақтық мәні болып Құранда көрсеткен 30 пара осы белгіні қуатты ескертеді. Бір үн ананың сүтімен, қанымен келсе, екінші үн еркек ұрығымен судың үні болып, оған ішіп жем азық арқылы келетін дауысты, дауыссыз сыбырларды қосамыз да сөз болып, адам екендігімізді жан жағымызға паш етеміз. Сондықтанда адамзатқа келер негізі қатер; «Басқа бәле тілден». Адамзаты негізінен сөзден «якини» мінездік белгіден бастап жаратса, қалай сөйлеуге тілдік үнге байланысты нәсілдік, жыныстық, ұлтық қоғамдағы орнын тіптен мінез-құлқын аңғаруға болды. Әйел сөзінен бал тамып, еркек сөзінен май тамып тұрса, ақылдылық белгісі деп біліңіз. Керісінше әр түрлі шала атаулармен, теріс ұғымдармен, аралас сөздермен тек ішіп жем, қозғалыс, нәпсілік көз қарастарды оңай білдіретін сөздермен сөйлетіндер мақтаншақ болмаса сыңар езулер-деп аталып, сырты адам ішкі дүниесі надан деп біліңіз. Пайғамбарымыз ескерткендей; Үш рет анаға құрмет; 1-ана тілі, 2-жер ана (отан, мемлекет), 3-ана сүтімен дарыған қасиетің тәрбиеңе, елдік белгіңе, ананың сөзі ақылын үнемі есте ұстау болар. Ана тілің жердің, елдің, анаңның үні. Төртіншіден әкең сенің аспаның азық берген табиғи ортаң, Адам атадан бері қалыптасып келе жатқан сөзің, әдет ғұрпың нәсілдік, тектік белгің, отаныңның оттың үні. Ана тілің туып өскен жеріңнің, ішкі сарай еліңнің яғни қанның тазалығының белгісін берсе, әке рулық жалғау адамдық бекзаттық тегіңнің көрсеткіші. Сондықтан осы ұстанымдарды өзіндік тілдік шеңберінде Алла тарапынан түске нұсқаулар мен қасиетті кітаптар негізінде ғылым мен білімен ақыл шеңберін тылсым үнін тыңдап, бұйырған сәжзде амалдарын орындау арқылы кеңейтіп отыру қажет. Тіл екі белгіден тұрады. Оның көлемдік ендік шекарасын, сөздік атаулардың қорымен белгіленіп, ұлтық шекарамыздың көлемі ана тіліне байласты сөздік белгіміздің өрісінің таралу белгісін «бал-бал» тастармен бекіткен. Ал адам атадан бастап жаратушыдан берілген көркем атаулардың аттарға, есімдерге байланысты ана тілімізге үндестігімізге сіңірген көркем сөздік қорымыз-рухымыз аспанымызды биіктетіп, жер бетіндегі, астындағы табиғат байлықтары мен халықтың несібесін толықтырып отырады. Аспанымыз- рух, жеріміз, және нәсіл елімізді- рұх, (ұрық) деп белгілейміз. Осы рухымызды сіңіріп, рұхымызды, нәсілдік ұрығымызды жетілдіру үшін тәңірлік бес қуатты меңгеруіміз керек. Сондықтанда Абай атамыз; «Бес қуаттың бәріде өнерге салар бар күшін» деп ескерткен. Адамзатқа ұлтына, үмметтік ерекшелігіне сай берілген, түсірілген жол-жобасы осы бес қуатты меңгеріп және көрінбейтін, көрінетін жаратылыс нәрселерін ақылға басқартып сабыр атты қуатқа түрлендіруіміз керек. Бірақ сабырдың, кемелдік ақылдың негізгі басты жауы да бар. Болашақта терең талқылай жатармыз, әзірше күнделікті өмірде кездесетін қарапайым пенделік белгілерін зертеп көрейік. Жаратылыс басынан ақ пен қараның қатар жүретініндей, әрбір жаратылыс нәрсесінің қарсылығы соған байланысты көмекшісі үні, дауысы болады. Ақыл ақтан басталып, басты жауы жуан дауыс, айғай яғни ашу-ыза, қаһар деп қарамен белгілейміз. Бұл адам бойындағы басты пенделік-күншілдік атты сезімін жынға айналдырып көкке көтеріп, аспандатып әкететін ерекше күш-ызақорлық, тәннің ластануынан, ұяттық сезімнің, әлсіреуінен, тәрбиенің жетімсіздігінен, дінсіздіктен пайда болатын жалпы халыққа ортақ қылық. «Ызақорды кімнің келер көргісі, Ашу-ыза ақымақтықтың белгісі»-деп ақын Жүсіп Баласағұн айтқандай, ызақор пенде түбінде бір ақымақтық іске өкінішке ұрынары даусыз. Әулие-әмбилеріміздің заманында; Тойсаң тоба қыл-деп, Құдайсыз қурайда сынбайды-деп, қонағын құдайындай сыйлап, барымен бөлісіп, жетім-жесірінің намысын жатқа былғатпаған ер қазақтың бабаларымыздың білімді ұрпақтарында жалған намыс, күншілдікпен ашу деген індет дерті жайлап алған жайы бар. Енді пендешілік ашудың табиғатын зертесек; кей пенде көршісі ерте тұратын болса да, бағында бұлбұл ертелі-кеш сайраса да, баласы дабырлап ойнаса да, еркегі пышағын қайраса да, әйелі күні бойы ыңылдап шаруасын қамдаса да, көшеде жұрт ысқыртып көлігін айдасада, саған зияны тимей өзгені жарылқап жатса да, көре алмастықтан пайда болатын, қайдағы жаман ойды шақыратын ашу бар. Оның енді екі түрлі көрнісі болады. Бәз біреулер іштей тынып, өзін өзі жеп, сыртқа сездірмей ауыр сөзге айналдырмай, іштей тынатын ашу бар. Әрине айтылмаған сөзге өзің қожа болып ешқандай күнәні туындатпайды. Бірақ түбі жүректің шүкірлігіне қарсы тұрары даусыз. Айтылмай іште бүгіп қалған, үгіліп қалған, сырт көзге білінбей тығылып қалған, бірте-бірте жоғалып кеткен ойлар, түбінде тымау немесе тәннің жарасына, жүректің ауруына айналары сөзсіз. Енді кейбір жағдайда зілсіз қысқа мерзімге ашулану да бар. Ол бір пенденің қысқа мерзімге мас болғаны сияқты, қылықтың өзгеруіне әкеліп, бәрібір жанға жазылып жүктеледі. Ал кейбір ашу бар, пенденің ішкі әлемі түгіл сырқы бейнесін, бет әлпетін, кескін-келбетін де бұзып, аяқ астынан мақұлыққа айналдырып жібермек. Күре тамыр білеуленіп, бет жүзің ісіп, дауасыз сөздерді шынжырынан ағытып, үлекке түскен бурадай түкірігің шашырап, аузың қисайып, көз көрмей аяқ, қолдың да кейде бағынбай кететіні болады. Оны енді тәнге енген жындылықтың дерті десе де болғандай. Бұндай дерттің негізгі досы күншілдік яғни шайтан сыбырлайды. Ондай дертке ұшыраған пенденің негізгі досы өкпешілдік, күншілдік. Аристотель; «Аяқ астынан өкпелеп ренжіп қалу әркімнің де қолынан келетін іс. Алайда ренжіген жанның тілін тауып, өкпесін жазып, көңілін көтеру көрінген адамның қолынан келе бермейді. Біреудің өкпесін жазу үшін сол адамның ішкі әлемін, ренішін тудырған себептерін терең білуіміз шарт.»-депті. Сондықтан күншілдік атты дертті бірден сылып тастау өте қыйын іс. Ондай пендені сабырға шақырып, көңілін аулап, жұбатқанмен, оған «әй сен көрінгенді күндеуді қой» дегеннен еш нәтиже шықпайды. Сыртай білдірмегенмен іштей жанды бәрібір жегідей жей береді. Күншілдік адам баласының өзіне-өзі риза болмай, біреуден төмен, әлсіз, керексіз санап, өз орнын бағалап, өзін танымаудың әсерінен де пайда болады. Өзін-өзі қайрап күндеуден тұрақты мінезге айналған көрнісін «ызақорлық» деп атайды. Ызақор адам ашуланшақ, ашу себепсіз ұрыс-керісті туындатады. Шәкәрім атамыз: «Ыза керсе бойыңды, Ойлатпайды ойыңды, Басқызып алсаң, пайда жоқ, Батпаннан ауыр шойынды. Ашумен қылған іс емес, Қайратта емес, күш емес, Ашуына билеткен, Ақылы түзу іс емес. Пішінің кетер қуарып, Аузың, ернің ұзарып. Тышатұғын баладай, Екі көзің қызарып. Қабаған иттей арсылдап, Дуанадай қалшылдап, Ыза қылған кісінің, Соңынан қалмай жалпылдап...» деп адам баласының ит мінезді сипатының, жынның желкеңе мініп, іштен шайтанның түртуінен пайда болатынын ескертіп кетіпті. Енді қоғамда жиі кездесетін, соның себебінен талайдың шаңырығы ортасына түсіп жатқан, итпен мысық мінезді ерлі-зайыптылар арасында да кездесетін күншілдіктің бір түрі бар. Еркек пенденің жұмысындағы жайсыздық, біреуден кеткен есесін, тіптен шаршағанын ұмыту үшін де үйге келе сала, «Қаз ашуын тырнадан алады» дегендей; «Тамағың дұрыс піспеген, әне жер алай болды мына жер былай болды, жұртың қатынын көрсең.. дегендей күншілдікке әйелдің де ондай ырылға, қарсы қояр ызылы мен ызасы дайында тұрады. «Пәлешекеңдері» немесе «жұртың күйеуін көрсең, әйелін үлде мен бүлдеге орап.., мен болсам төркіннен келген қыз күндердегі қыс киімді, етігімді әлі тастамай киіп..» дегендей күншілдік сөздерін туындатып, ақырында қып-қызыл төбелеске дейін де барып жатады. Әрине мұндай жағдайда ертеректе бір данадан ақыл сұрап барған әйелге ; «Күйеуің жұмыстан келгенде, шай тамағын алдына қой да мына құмырадағы шипа судан аузыңды алмай, қашан күйеуің ұйқыға бет бұрғанша аузыңда үнемі су болсын.»-деп тапсырма беріпті. Сонан әлгі әйел ол кісінің айтқанын бұлжытпай орындауға кіріседі. Еркектің қанша айыптаған, тақан кіналарын естігенмен жауап қатуға ауруынан қорқып, суын ұртап алып жүре береді, жүре береді. Күндер өте әбден шерін тарқатқан еркек те өз қателіктерін мойындап, үнсіздік құрсауынан құтылу үшін жан жарына тәтті сөздер айтып, от басында жанжал тоқтап, береке де кіре бастайды. Енді әлгі әйел емші кісіге қайта келіп, шексіз рахметін білдіріп, сол судан енді күйеуіне де беруін өтінсе; «Ол су үйдегі жай құдықтың суы еді, әйел адамға күйеудің алдында аз сөйлеп, сүйіспеншілігін ісімен қылығымен көрсетсін, жауап берсін деген амал еді.» деген жауап алады. Бұдан бабаларымыздың аманаты; «Жақсы әйел, жаман еркекті адам етер, жаман әйел жақсы еркекті надан етер» деген қағидасы шығады. Ғиса пайғамбарымыз; «Бір-біріңе сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін; құлақтарың естуге жүйрік, тілдерің сөйлеуге шабан болсын!» Демек көп жағдайда бұндай күншілдік ауруының отынын еркек сыртан әкелгенімен, үй ішінде оны қалап, тұтататын тамызығы да әйелде болса, ал емшісі де әйел екен. Әйел от басылық шипагер. Алла тағала жаратқандарының арасында әділділікпен өзіне лайық жүктерді, сынақтарын да яғни қайғы-қасірет, ауруды жаратса, соншалықты шипасымен сыйы, беретін бағын да жаратып қойған. Тек оны көру үшін тарихтың жібінен айрылмай, қиындықты сол қалпында қабылдай білетін төзімділік, сабырлық керек. Сабыр діннің киімі, ардың, ұятың сауыты десе де болғандай. Ол сауытты ұят пен көркем мінез қалыптастырады. Сондықтан әйел затының соншалықты жүйкесі сезімтал әлсіз болғасын, соншалықты киімнің де түрін, амал жоқ ашық тұратын жерлердегі жүйкесіне көз түспесін деп әшекей бұйымдарды беріп, көпшіліктің алдына көп көзге түспеуді жазған. Қазіргі таңда керісінше «сұқ маған қара» деп, барлық жүйкелердің қосылатын, тоғысатын, бірікен зейнетті жерлерін ашып тастағандықтан, сол себептен сіркесі су көтермейтін, нәпсіге тәуелді, берген құбылыстарды күндейтін, еңбек етуге еріншек, терісінің қабы жұқа, жан киімі жетім, адамзатты өсіп өндіруге бар ынтасымен шет жұртанда асырмақ болып кірісіп кеттік. Оған әрине «гендр» деген әйелде қанында, еркекте белінде сосын сүйегінде пайда болатын белгіні яғни итпен мысық тең болады деген ұғымды түсіндіруге үкіметімізбен бірге жаратушыны алдауға тырысып жатқан жағдайда себеп болуда.м Төбесінен әңгір таяқ ойнатса да сыр бермейтін, терісі жұқа жібектей болғанмен, жан киімі қалың, сыр мінез бәйбішелер, ақ жаулықты аналарымыз бен бірге ахиретке келмеске кетіп бара жатқан сияқты. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деп, әйел затының басы алтын, еркектің аяғы алтын, әйел затының аяғы күміс сөз, еркектің басы толған сөз екенін ескерткен құпиялап аталарымыз. Біздер қашанда бір-бірімізге, әйел еркекке, еркек әйелге, бала-шағамызға, қоғамдағы болып жатқан жағдайға қашанда тәуелдіміз. Күндестік бір-бірімізге деген мейрімділіктің дұрыс ақпараттың алмаспауынан, мұқтаждығымызды жасыру үшін өзімізге тәуелділерді ғана күндейміз. Күндеген нәрсені міндетті түрде тілдейміз. Ал қандай ғажап, қандай әдемі жаратқан жаратылысты күндей алмаймыз. Себебі олар біздің араласуымызға мұқтаж емес. Керісінше біз сол ғажаптардан келетін, бөлінетін ақпараттардан өз үлесімізді алып жанымызды тазартып отыруымыз шарт. Кезінде сол ғажаптармен сырласа білген, әлі ғылымда белгісіз құпиялар сырлар қалдырған, даналардан үлгі алудың орнына іштегі бос орынды, ашу ызаға толтыру үшін түтінге құмарлық, дем алыс «У»-ға құмарлық, шетелдің айуандық жеңілтектік жел өкпелеріне құмармыз. «Адамдар өз ақылының жетпей жатқан жерін ашу ызамен толтырады.» депті бір данышпан. Енді сол орындардың да толтыру ерекшелігі бар екен. Еркектің ақылы табаннан келсе, әйелдің ақылы баста болмақ. Бас ең төменгі қысқа жиіліктің сақтаушы бірлеуші сарайы болса, ал еркек аяғы ұзын толқынды хабарды қабылдауға қабілетті. Ақыл иіс сезім мүшелеріне тәуелді, демек ақылдың да иісі бар. Қысқа толқынды ақылдың иісін сезуге адам баласының қабілеті жетпейді. Иіс- сөз және жіңішке үнді, жуан үнді. Сондықтан жаулығы жоқ әйелдің ақылы бастан жіңішке үнді болып иісі шығып, қайта тамаққа араласып еріне өтіп ашуға деген нәпсіге айналады. «... Қиядан сөз табатын ақыл бар ма, Тыңдайтын бойым балқып нақыл бар ма? Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе, Обалы жаулығы жоқ қатындарға!» деп Мағжан атамыз мұңын шақандай сөз саны әйел затының басында. Сөздің иісі болса онда ызақор еркектің аяғынан қандай шудың, айқайдың иісі шықса, әйелдің басынан ызыңдап ой «йод шаңы» болып бөлініп тұрады. Сондықтан жалаң аяқ еркектің де тәндегі йоды азайып, жаулығы жоқ әйелдің басынан кеуіп, санасы жоғалып, есте сақтау ұмытшақтық пайда болады. Ақылдың қазынасы йодты тек салт-дәстүрімізбен, ғұрыпнамамыздан алу арқылы білімен кеңітетімізді қаперге де алмай, заманда болып жатқан көп құбылысқа індеттерге, жаратушыдан келген сынақтарға да ғылымда дәлеліміз жоқ. Сол бос қуыс кеудемізді көрсетпеу үшін дәлеліміз жетпей бара жатса, айғайға, ашуға басамыз. Өз қателігімізді дәрменсіздігімізді үкіметен, басшылардан іздеп, болмаса әлі жеткен әлсізді құлдайды. Әрине мұндай құбылыс қоғамда көбіне еркектерге тән болып келеді. Бұл жан әлсіздігінің көрсеткіші, еркектің негізгі ақыл қуатының кемістігі. Ақыл қуаты кем пендеде жыныстық қуатта әлсіз болады. Ұрықта ашып белсіздік, бала көтермеу ауруын туындатады. Кейде осындай жасырын кемістігімізді өзгеден көріп күндеп, міндеп жарияға жар салып та кетеміз. Ішіп қойды, жеп қойды мен болсам бәрін түзер едім дем ішкі қисығымызды түзей алмай жүріп, елді түзейтін мамандықты меңгеруге кірісіпте жүрміз. Ал өзгедегіні менде неге болмады деген ойдан өзімшілдік болып өсе берсе қызғаншақтыққа ұласады. Қызғаныш деген өмірге ұрпақ әкелу мақсатында ғана пайдалы. Болмаса көзі жасыл құбыжыққа айналып, қоршаған ортаның бәрін жасыл қылып көрсеттеді. Қызғаныш көктем сияқты құбылыс, жаңбыры да көп болады. Белгілі бір шек арада қызғаныш болу керек. Болмаса адамзат түгіл хайуандардың да өнім беруі, өсіп өнуі тоқтайды. Қызғаныш белгілі жағдайда меншікті шекті белгілеп, құмарлық құштарлық сезімдерін қалыптастырады. Сондықтан ақылсыз қандай жағдайда қызғану керек қандай жағдайдың бұрыстығын алған тәрбие ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр арқылы ғана шегін анықтап сабырлықпен басқаруға болады. «Әйелдің қызғанғаны сүйгені, еркектің қызғанғаны күйгені» деген мақалдың өзі, қызғаныштың да еркектік әйелдік ерекшелігі болатынын ескертеді. Мен білетін жалпы қызғаныштың пайда болатын себептері бар. Ғашықтықтан пайда болатын қызғаныш және құмарлықтан пайда болатын қызғаныш. Сезімдік қызғаныш. Түйсіктен ойда жоқ жерден пайда болатын қызғаныш. Қызғаныштан, құштарлық пайда болып әрі қарай ұнатып жақсы көруден ғашықтыққа ұласып барып, ақылдың өлшемімен жүректің қалауынан сындардан шыңдалып, сабырдың өнімінен ғана махаббат пайда болады. Тек шынайы махаббат қана қызғанышты сабасына түсіріп өз арнасынан асып төгілуден сақтайды. Махаббат пен ғашықтық жекелей қарастырғанда екі басқа ұғым. Махаббат ақылмен ғана қалыптасып, сүйіспеншілікке, мейрімділікпен аяушылықты қалыптастырады. Ол үшін жаратушы тарапынан үнемі толықтырылып Махаббаттың нәтижесі жүзбен нұрға айналады. Махаббат бар жерде мейрімділік, кешірім, ізгілік, төзімділік өзін құрбан ету де бар. Ғылымда бар нәрсенің өлшемін жоғалтып, сөздеріміз қысқаруға түскесін бар затты жоққа балап, жақсы көруді махаббат деп ақындарымыз, филлософ ғалымдарымыз, дін ғұламаларымыз өлшемінен айрылғасын нәтижесінде, қалай өлшеп бағаласаң солай аласың. Еркектің ақылы ұзын толқынды яғни үш жыл бұрын болжауға арналса, әйел ақылы қысқа толқынды күнделікті тіршілік қамын қалыптастырып сақтауға бейімделген. Әйелін қызғанатын еркек балаға тәрбие бергендей жазалап, орнына қойып, енді қайталамауын талап етсе, ал ерін қызғанған әйел көп жағдайда, қысқа ойлағандықтан есін жоғалтып, алдын артын ойламай кектеніп, есесін қайтарамын деп, от басып, тағдырға балта шабуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұлттық тәлім, ата-бабадан қалыптасқан салттық шежірені меңгергендер ғана жан ұяның беріктігін сақтай алады. Махаббат сабырға ғана берілген жаратушының туысқандық сезім сыйы. Махаббаттың қашанда сыйы бар. Ондай дәрежеге жету жолында сынақтар бар, демек сынақтардан құрбандықсыз өту мүмкін емес. Махаббаттың терең мұхит болып, арнаулы дайындықты, жаратушы тарапынан үнемі келісімді бағдарды қажет етсе, ғашықтық кез келген жерде кездесе беретін көл тәріздес. Алдын ала білмей танымай сүңгіп кетсең, қайтып жағаға шыға алмай қалуың да ғажап емес. Ондай ғашықтықтың нәпсіге байланысты түрін құштарлық, асықтық немесе көрсе қызар деп атайды. «Асық ойнаған, азар» деген аталарымыз. Асықпен жас бала ойнаса, асықтықпен ойнау ержеткенмен, бойжеткеннің ойыны. Нәпсінің жетілуінен пайда болып, қанның шамадан тыс қызуы, тымаудың ішкі белгісі. Нәпсінің жеті түрі болып, үнемі жеті нәрсеге асықпыз. Жеті түрлі дәм сезу, жеті иіс, жеті көру, жеті есту. Тек сырқы келбетін көріп қана ғашық болып үйленіп, төсектің дәмін татқан соң иістері сәйкес келмей, жан түршігіп, қазіргі таңда құрылған бес отаудың үшеуінің шаңырағы шайқалып жатқанының себебі осында. Жеті сезімнің жеке-жеке көрнісінен тек сол нәрсеге асықтық қана пайда болады. Ғашықтың уақытпен санаспайтын құштарлық деген сипаты да бар. Құштарлығын өтеп, құмары қанбаса өмір бойы арманда, құсаланып ғашық болып өтуі мүмкін. Тек дәмін татып көргенше ғана, құмары қанып, мауқы басылғанша ғана жыл құсындай келіп кететін де ғашықтықта бар. Сондықтан тән қажетін өтеуге, құмарлыққа бағытталған ғашықтықтар асықтық деп аталып; ақылмен өлшеніп, сабырмен тежемеген жағдайда ессіз ғашықтыққа құсалыққа ауруға айналады. Құсалық өмірді қысқартады. Асықтық қашанда асығумен бірге жүреді. Кейде пайда, көбіне зиян. Ақындар көбіне ғашықтықты махаббат деп жырлап адасады, жас ұрпақтарды да адастырады. Сондықтан жаратушымыз; «Ақындарға азғындар ереді.» деп ақындықтың да ар-ұжданы тазалықпен шежіреден нәр алмаса, азғындық шығармалардың туындайтынын ескерткен. Жаратылғаннан әр пендеге құштарлық сезімін мінезге жүк қылып берген. Құштарлық еліктеуді туындатып, асықтықтың бірден-бір себепшісі болады. Тәлім- тәрбиенің жетімсіздігінен, бір бағытты танымды ізгілікке деген асықтықты жоғалтса, онда асықтықтан пасықтық, менмендік әр түрлі адамды аздыратын күнәларда туындайды. Өлшемсіз ақылсыз асығу түбі-өкініш! Пенде бойындағы ғашықтықтың белгісі- құштарлық болса, асықтықтың көрнісі-құмарлық. Құмарлық, бала кезден тәрбиемен шектеп, бағыттап отырған жағдайда адам баласына белгілі нәтижеге мақсатқа жету үшін жаратылыстан берген отын. Сол отынның жұпар және сасық исі болады. Тән тазалығы жоқ жерде сасық иіс бар, таза иіс жоқ жерде махаббат өледі де мақсаты тек нәпсілік сипатқа ауысады. Ішкі дүние сезімнің басқаруына өтіп ғашықтыққа, іштарлыққа қызғаншақтыққа ауысса, ал сыртқы жинаған білім дүниесі түйсікке, яғни білгіштікке еліктеушілік елеске, асықтыққа айналып, оның арты жамандыққа, қылмыс жасауға, кісі өліміне дейін апарып соқтырады. Қазақта ондайды «Пері соққан» дейді. Яғни сұқ болып қадалып, сырқы ортаның әсерінен, әр түрлі жалған мәдени туынды, ән-күйлерден тәнге сіңіп, теріге жазылады. Сондықтан адамзатқа жаратушы тарапынан, «жаратылған көмес нәрселер» арқылы берілген теріс ақпараттарды жеңу жолында, сыннан өтіп нәсілдік, жыныстық, гендік ерекшелігін сақтағанда ғана, ата баба әдебімен, тәрбиемен өріліп, тек адам баласының бір-біріне деген жақсылығын, отанына деген адалдығын, ұлтық намысын қоғамға көз қарасынан, жаратушы тарапынан берілген көрсеткен, ата салт-дәстүрі болып жалғасып келе жатқан, ғұрыптарды мойын ұсынып, мүлтіксіз орындаудан барып, махаббат қалыптасады да жаратушы тарапынан сыймен, нұрмен бекітіледі.Махаббаттың ерекшелік үні бар ол ананың тілінде, сүтінде. Махаббат тек жақсылық жасауға ізгіліке жаратушысымен бірігуге бағытталған нұрдың ғана адам бойындағы көрнісі деп біліңіз. Иманның да басты көрсеткіші адамзаттың махаббатпен Алла жолында қызмет етуінде. Ғашықтық адам баласының сүйген, ұнатқан нәрсесінің сыртқы білімінің, жан сырының тек білінген, көрінген белгісін, бүгінгісін ғана көретін болса, махаббат естің жетістігіне, өмір тәжірибесіне байланысты болашағын көрумен үміттенумен байланысты. Махаббат ақылмен естің бірлігінен пайда болады. Оған дәлел ана мен бала арасындағы махаббат жібі. Ана баласын махаббатпен сүйсе, бала анасына ғашық. Егер балада анасына деген махаббат болса, жасынан анасының айтқанын екі етпей орындайтын, әрбір ісінде аяушылық білдіріп, ауыр жүгін жеңілдетуге тырысып, өзін соның жолында құрбан ете алар еді. Керісінше көп жағдайда ақылы толмаған, тәрбиесі жетімсіз болып есі дұрыс қалыптаспаған бала, ата- анасына махаббаты да қалыптаспай өмір бойы жүк болып өтеді. Ата-анасына махаббаты жоқ баланың отанына, еліне халқына деген борышының салмағын қалай түсінеді? Жалпы қазақ махаббат түсінігін жасанды ғашықтықпен айырбастап алдық. Оған себеп дінді тек арапша түсініп, мәдениеттімізді европамен салыстырудан, көпті азға қарап өлшеуден, сөз мәдениеті мен әдептің жоғалуынан пайда болған жалпы халыққа тән дерт десек қате болмас. Махаббаттың жаратушы тарапынан ғана сыйға берілетін, биік те дәрежелі ұғым екенін бала кезінен түсінбеген жас, оны іздемейді талпынбайды, қалай бағалап үйретсең соған ғана тырмысады. Тау баласы тауға қарап өседі деген сөз тарихи шындық. Қай елдің негізгі таңбасы, үні артық болса, сөз қазынасы да байлықта сол елде. Шәкәрім атамыз таңбаны ыдыс, үнді несібе деп ескертіпті. Ал сол рухани несібемізді азайтып, ғасырға жуық ішкен ыдысымызды таңбамызды жырым-жырым, жамау-жамау ескі ыдысқа айырбастамақ болғандар қазақтың діл қазынасының, дін ғылымының ашық дұшпандары. Әрбір жаратылған нәрсенің болмысы, орны өлшемі, түрі, түсі, саны міндетті түрде болу шарт. Сондықтан да қай ауруданда емделу үшін негізгі ішкі табиғатын және таңбасын, әсерін жақсы білу керек. Махаббаттан ажыраған өзімшіл болып келеді. Өзіңе басты жау қызғаншақтық, ашу-ыза кектену. Махаббат бар жерде сабырлық бар. Сондықтан сабырлық бар жерде тұрақтылық, тазалық міндетті түрде қатар тұрады. Ақыл тәрбимен ғана өлшеніп берілсе есті, естиярлықты белгілі шектен шықпауды яғни ұжданды қалыптастырады. Қызғаныштың туысы ессіз есепсіз асықтық, нәпсіге тәуелділік. Асықтық тез басталып, жауып өткен жаңбыр сияқты. Тек су болған, қалтыраған сәттер ғана есте қалады. Сондықтан қызғанған пенде сені өтірік жақсы көріп алдайды, сонан соң сыртыңнан ғайбат сөздер айтқыздырады, қайғыға түссең табалатып қуантады. Негізгі қоздырғышы ішекке құрт болып қоныстанып, тәнге май болып жиналып, екі иыққа қара бәле болып мініп алады. Иіс болып келіп, теріге сіңіп жазылады, бірте бірте қанға өтеді де іштен сыбырлап, сыртан түртіп, ашу қысқан кезде танауымыз таңқиып, кеудеміз ісіп, көзіміз сығырайып, сығыр көздер жұмылып, бадырақ көздер қызарып, ауа жетпей қысылып, кең дүние тарыла бастайды. Ондай кезде ақыл түгіл ойлануға да шама жетпей, іштегі тығылып жатқан қызыл көз қара пәлені еркіне қоя беретініміз бар. Сонан оқиғаның қалай басталғаны ғана есте қалуы мүмкін ал қалай аяқталуы бір құдайға мәлім болады. Бұндай жағдайға ұшыраған пенденің басынан өткен, кеткен жан өрісінде сақталған, көкіректе шемен болып, ұзақ уақыт айтылмай жүрген, жүрекке уайым болып кіріп, тас болып қатқан, ішектерде жиналып, өңешке түтін болып, ағзаларға ыс болып, ысылдауға дайындалып жатқан, нәпсімен төсекпен кіріп, жанбай шала бықсып жатқан, ыза кектің үлкен қопарлысы болады. Бұндай кенеттен пайда болатын қопарлыс адамзатқа тіптен пайғамбарларға да тән құбылыс. Сондықтан ондай халге ұшырағанда әдет-ғұрыптан, салт-дәстүрден хабары және сабыр қуаты бар адам, ұстамды болып, қарсыласының не ойлап тұрғанын, не істеуі мүмкін екенін, жалпы қандай адам екенін, кемістігін әбден біліп алады. Әдет-ғұрып дегенің негізі оқиғалардан пайда болған шежіре. Ал шежірені жақсы білген адам қандай жағдайдада оқиғаның желісін уыстан шығармай бақылауға мүмкіндігі болады. Ал еркіндіктің буына мас болып, ана тілінен жеріп, өзге елдің әдебіне, алған білім жетістігіне мастанып, шет жұрттың қылығын сіңіріп өскен пенде; масаң күйіне тез түсіп абдырап, қарсыласының жетістігін де, кемістігін де тани алмай, ауызына келгенін айтып, жан далбасаға түседі. Себебі шежіресі жоқ, қалай немен салыстырып өлшеуді білмейді, үйренгені мен ата-анасының үйреткенінің бәрі жалған. Бұндай көрністі табиғаттанда байқауға болады. Адам тәніне сіңіп қалған теріс сөздер ұзақ жылдар сүйектен бөлініп, бұлтқа жиналып шоғырланғанда, кенеттен от пайда болып найзағайдың жарқылдын көреміз де артынан айқайлаған қаһарлы құдай дауысы естіледі. Бірақ адам баласында ондай бірден жарқ етіп, бір айқаймен ыза оттың арынын сөндіріп тастау қиынның-қиыны. Қаһарына мініп шауып келе жатқан «мінез» деген аттыны қалай бірден тоқтата аласың? Ол үшін аттың сырына қанық болып, мінезді сәйгүліктей баптай білу керек. Әйелдің ақыл сәйгүлігі басындағы ой-санаға қысқа ақылға жүгінсе, еркек аяқтағы «мінез-сана» деген атқа мінер. Әйел мінезінің тұрақтылығы да шашының ұзындығына, қуаттылығына байланысты. Ақыл ашудың көрнісі. Шашы қысқа әйелдің, кекшілдігі мен ашуы да, жыны ұзын болады. Шашы ұзарса ашуы да қысқарады. Ал еркектің мінезі табаныда болғандықтан; «Тау орынан қозғалды десе сеніңдер. Ал еркектің мінезі өзгерді десе сенбеңдер.» деген пайғамбарымыз өсиетінде үлкен ғылыми негіз бар. Еркекке мінез ана сүтімен саналып, жаратылғаннан беріледі де тәрбиемен бағып, некемен қайта тәрбиеленеді. Демек еркек тәртібі тек әйелдердің жинаған ақ уызының тазалығына және ана сүтіне тәуелді. Сондықтан әр ұлтқа тән ғасырлар бойы жинаған тәжірибе тарихи шежіресі, ғұрыпнама тәлім тәрбиесі ғана «сабыр» деген жаратушы тарапынан жерге шашып тастаған әр елдің өз несібесі ерекшелігі бар. Әр халыққа бекітіліп берілген ерекшелік ізгілік қасиеті. Адам баласы сабырды арқалап жүріп, мінді езіп қана кемелдену дәрежесіне жетеді. Мініңді білмей, сабырмен жүктелмей, ұлтыңның құндылықтарын, боқ дүниеге айырбастап алсаң, сабырың табан астында қалып, мінезің көп күттірмей «шайтан иісі» болып өзіңе енеді, сырта қалған сыбайласы екі иығыңа мінеді. Ондай жағдайға түскенде біздер үшін құтқарушы, ақтап алушы тек ислам дінінің ұлтық, дәстүрлік құндылықтары ғана. Негізінен Ислам дініне ортақ сабырлықтың үш түрі бар; біріншісі-ғибадатқа сабыр, екіншісі-тағдырға сабыр, үшіншісі-күнә жасауға сабыр. Осы үш қасиетті меңгерген адам ғана ешбір қиындыққа мойымай, жақсылықтың үмітін үзбей, ар-ожданын таптатпай өмір сүрмек. Бірақ мұндай төзімділік өте қымбатқа түседі. Және үнемі қымбатыңды, сүйген нәрсеңді ғана Алла жолына жұмсауды талап етеді. Сондықтан ол, адам бойындағы ұзақ уақыттар бойы жаттығып, жиннаған иманның қорына тәуелді болып, ол қордың күзетшісін серігіңді, иманыңды яғни болмыстағы жұбыңды іздеп тауып, түсіңде көрсеткенін, білдіргенін мұқият ыждағатпен орындап отырмаса, қалқаны жоқ жауынгердің жауын бағалап алмай қарсы шыққан әрекетінің нәтижесіндей ғана болмақ. Мүмкін итжығыс, болмаса бір ауыз сөзден миға қан құйылып, табанда жүрегің ұстап, аяқ-қолың сал болып, өмірден де өтіп кетуің мүмкін. Жеңген жағдайда да, жеңістің тек ащы дәмі болар. Жеңістің нәтижесі қалтаның қалыңдығымен, қарынның тоқтығымен, көйлектің көктігімен есептелмейді. Өмірді өз дәрежесінде қабылдап, тіршілік заңдылық, құндылықтарын бағалап, ақылмен қабылдай білуінен көрінеді. Бұндай жаттығуды дінде «намаз» деп атайды да үш түрге бөлінеді төрт мезгілден, бес түрлі уақыттан 12, 11, 9, 13 сандарымен нәтижеленіп тұжырымдалады. Намаз оқып жаттығу, намаз орындап жаттығу, намазды толық орындап яғни ата салт дәстүріңмен, әдет-ғұрыптарыңмен біріктіп жаттығу. Намаз оқып жаттығу; негізінен сәжде, мойын ұсыну және сұрап үйрену болып, ішкі орындалу барысында тағы үш түрі бар. Қазіргі араптан үйренген діндарлар тек мешіттен ғана сұрап үйрену керек деп «фундаменталистер» тапжылмай отырушылар- деп аталып, исламның ірге тасын қалағандар салтын үлгі қылып, қазақты негізгі тамырынан ажыратып шежірені өшіруге жанталасып жатыр. Шамасына қарай өлшеп алып, заманына сай намазды толық білу даналарға ғана тән қасиет. Намаз-заман киімі, өз мезгіліне сай, ортасына қарай адам баласы көріп, ести алмайтын нәрселерден қорғанып және байланысқа түсу үшін үнемі толықтырылып, жетілдіріп отырылатын амалдар жиынтығы. Меккелік араптар Алла тарапынан қорғалған ислам дініне, пайғамбарымызға және Құранға куәліктің (авторлық құқық), орта үнді өзгертпей сақтаудың жер бетіндегі куәгерлері болғандықтан жеңілдік берілген орта топқа жатады. Сондықтан олар қазақтардай үлкен керуен жолының бойында, өзге тілді елдермен қоңсы отырған жоқ және түбекте орналасқан. Құран үгіті тұрақты, сонымен бірге араптар ғұрыпнамасы өзгермейді. Құран үгітіне қалған кітаптардың және берілген нұсқауларды біріктіре отырып, тазару жолын заманына сай намаздар амалдарын жетілдіріп отыру барысында Құран құпия насихат ерекшелігін меңгеруге жүктелген, бірден-бір ел, түркі тектестер болып, соның ішінде біздер ірге тасын қалаған ел болып табыламыз. Сондықтан да әлемдегі бар діннің қазақ елінде тоғысуы табиғи заңдылық, жаратушы тарапынан жіберілген сынақ. Сондай талай сынақтардан бірде жеңіп, бірде жеңіліп, мың өліп, мың тірілген қазақ бәрібір тілімізді, дінімізді, ділімізді ата-бабаларымыздан қалған әдет-ғұрпымызды толық болмасада Құдайға мыңда бір шүкір ұрығын сақтап қалдық. Рұх тек рухтың тербелісімен өсіп өнеді. «Батаменен ел, жаңбырменен жер көгерер» деген нақыл, топырағын тапқан дәннің түбінде өсіп өнетінін ескертеді. Сондықтан болар тарихтың шежіре керуені иттердің үргеніне қарамай баяу болсада ілбіп келеді, бәрібір алға қарай жылжып келеді. Қазаққа тән төзімділікпен арпа ішінде бір бидайдай өнімін де беріп жатыр. Ол да тектілерден қалған ұрпақтардың үлесінде. Түктіден тарағандар европалық шала қандарға, төркіден тарағандар түрікке, болмаса шала арапқа айналып алып, керуен торыған қарақшыларға ұқсап кетті. Сабырлылық, ұстамдылық, шыдамдылық дәрісін тек өз тарихымыздан үйренгенде ғана ұл баланың әкеге еліктеп, еркектік белгісі намысы бекитіндей, өз жеріңде жүріп өзге елді үлгі тұту, жетім балаға берген жетімхананың тәрбиесіндей нәтижесі белгісіздеу болып, немесе тасқа біткен тамыры жоқ тас қынадай ғана нәтиже берері сөзсіз. Ақылды көркем сөзді меңгеру арқылы қалыптастыруға болса, ал ес-естиярлық жақсымен жаманды көріп, біліп ақ қарасын ажырата білуден ғана қалыптасады. Сөз қадірін ұқпасаң сөз емес өзің жетімсің, ел қадірін білмесең ел емес сен жетімсің, өз ортаңда өгейдей өмір сүру тас жетімнің белгісі. Сондықтан аталарымыз жетімнің тәрбиесіне өте сақ болуды ескертіп; «Жетім қозы тас бауыр.», «Жаман адамды асырасаң, аузыңды қан етеді.» деп астарлы сөзбен ескерткен. Жетімдіктің жаманы рухани өліп, қайта тірілудің жолын таба алмағандар, қоғамға да еліне де қауіпті. Ондайларды өз ана тіліне, ата салт-дәстүріне немқұрайлылықты, өзге жұртың тілін әдетін мақтанға айналдыру арқылы рухани жетімді оп-оңай қалыптастыруға болады. Сондықтан сабырдың тәрбиесінде рухани жетім, нағыз тас бауыр діндарлардан абай болу керек! Бүлдіргінің (Тероризмнің) елдік қасиетті тілді, сөзді, елдік ерекшелікті іштен жейтін жегілердің бірден-бір емі тек ана тілінде сөз астарын ғылымын сандық мәнін табуды меңгеріп, сананы қайта қалыптастыру, яғни рұхты ояту, тірілту арқылы қалыптастыру керек. Жанды өсіретін кеңітетін білім болып табылады. Ал сол алған білімді іліммен тазартып, қажетті ақпараттарды толықтырып, сананы ұлтық деңгейде өз бейнесін қалыптастыру үшін бірден –бір тегімізге қауыштыратын жол ислам діні. Осы екі қақпаны да жауып, мәңгүт қазаққа айналдырудың амалының негізгі себебі, өз тамырынан шежіреден ажыратып, өзгенің әдебін әдетке айналдырып, тәрбиесін қоса беріп, өз ара мақтанға айналдырып, жарыстырып арасында дәреже атақ беріп қойса болды, атаққұмарлар үшін өз халқын мәңгүтке айналдырудың бірден-бір жолы. Сосын ондай білімді, ілімді бірақ санасыз елді бөліп ал да басқара бер. Қазақ елінің саналық деңгейінің қазіргі жағдайында араптан келген аралас сөзбен тіліміз шұбарланып, миымыз ашыған аңқау елге, арамза молдалар келіп, енді жастардың миын ашытып, кітап арқалайтын есекке айналдырып жатыр. Құранды қанша жаттағаныңмен жанды компютерден айырмашылық жоқ, бірібір толық түсінбеген нәрсе түбінде шамадан артығы ақылға «жат» болып, санадағы тақ сандар тобын көбейтіп, өз еліне, ағайынына, ана тіліне деген мейрімсіздік, тұрақсыздық пайда болып және ғылым да білім де қанға сіңбейді, рух дамымайды. Хафиздер мен қарилар арасынан тарихта бірде-бір ғұлама ғалым болған емес, болуда мүмкін емес. Сопылықтың да екі белгісі бар; Сопы ғалым, сопы дәуріш. Екеуін қатар меңгерген ең жоғарғы дәрежесіне жеткен Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Дәуріштік бақсылық қасеттің жоғарғы сатылары. Сопы ғалым Құран құпияларын түсінігін меңгеріп білімге айналдырушылар. Ал хафиз, қарилар құран аяттарын таратушы, дәріптеп өзгеріске түспеуін бақылаушы. Қазіргі заман өлшемімен архив қызметкері немесе құран жыршысы. Құран енді жоғалмайды, өзгермейді де қарилар жұмысын заманға сай техникаға тапсырып, насихатын меңгеретін уақытың туғаны қашан. Бұрынғы жалпы сауатсыздық кезіндегі қари, хафиздер- қаситтілер құрмет жасауға лайық! Қазіргі Құранның түсінігін білім, ғылымның меңгеретін уақыттағы дайындап жатқан қарилар санасы жабылып, кітап арқалаған есектерге айналуы мүмкін. Соған қарағанда тектілерден қалған ақсақал ғалымдардың атқа қонатын уақытты, мезгілі жеткен сияқты.. Ашу, ызаны ауыздықтап, өмірге, айналаңа туыстық бауырмалдықты қалыптастыратын тек таза ана тіліңде сырласа сұқпатаса білуді меңгеру де осы дерттердің бірден-бір емі болары сөзсіз. Өзге тілді өз еліңде ана тілінен үстіне қойып сөйлеудің өзі иманды әлсірететіні, тіл ғылымының негізгі қағидасы екенін ұқанымызда ғана, ал «бес күн» әр пенденің ішінде болып, өз ана тілінің, жыныстық қасиеттік үнімен қосылып, көркем сөз атты «алтыншы күн» жарыққа айналып, жан бақшасының нәр беретінін 15 ғасырларда Өтеубойдақ атамыз «Шипагерлік баянында» жазып кетіпті. Өз тамырынан нәр алған адам баласына тән қасиет, кейбір имамдардың «пайғамбар ғалексалам» ал араптың ғұламасының атын атаса болды «радиоалақу әнқу» «біздерді мақпират (қарақшы) ете көр» «біздерге таупих бер» дегендей толып кеткен араптың ұлық тілін үндестігі піспеген, мазақтаған шала сөздермен, жаратушымыздың қазақ үшін бекіткен мықты сөзін атауды атқа айырбастап «Аллаһ» «Аллаһ тағала» және тілдің ұшынан шығатын, жаттап алған арапша дұғалардан жиіркене қарайды, себебі жүйкеге түрпідей тие бастайды. Әрбір атаудың оң, солы бар. Көркем жаратушы тарапынан бекітілген тұрақты есімдерде ғана оң, солы болмайды. «Аллаһ» (Аллақ) сөзін оң қолға жазып дәлелдегенмен сол қолға жазсаң «Һалла-Қалла» болып ұғым өзгеретіні дін ғалымдарының қаперіне де кірмей жаратушы жібін кесіп жатыр. «Алламен бірге тәңір жасап алмаңдар, тәңірді бірге шақырсаңдар қорланған түрде отырып қаласыңдар.» деген ескертудің үкімі түсіп, түс көруден ажыраған пенде жоғарғы ақылдыңда үлесінен құр қалар. Сонан болар қазақтың ғалым, білімді деген азаматтардың мешітті айналып өтіп, Құранның қазақшасына мән бермей жатқаны. Алланың сөзі араптың тілінде емес үнінде, ал үн адамзатқа ортақ, оны араптардың өзі толық меңгере алған жоқ. Ол үшін есеп керек. Араптың тілі төртеуде. Қазақтың сөзі алтауда. Араптардың бақыты сол құпия сөздерді жаттап алып әлемге таратуында, ал басқа халықтың бақыты да несібесіде өз тіліне аударып, сөз жұмбағын шешіп ғылымға, білімге айналдыруда. Сабырды табу, бақ қонып, көктегі жұлдыздан жарық (ақыл) бере бастауымен яғни аянмен Алланың жібіне жалғануында. Өз ұрығын өзгенің ұясында өсіретін сауысқан қылығы, әлемнің жарығын силаған ана тілінен жерігендер қылығы, қараңғыға тығылып естігенімен ғана өмір сүру жарықтан, жарынан қашқан жарқанат сияқты. Сондықтанда пайғамбарымыз ескерткендей әр нәрсенің білімін іздеп, естіп, көріп, ойланып, ақылға салып өлшеп, ортасын тауып, өз ортаңды біліп, соған лайық тарихың көре білген «көргенді» аталып өмір сүру бақыттың бағы болар. Өмір үшін күресу, ол бақытты болу үшін емес; жерге көп еңбек сіңірген, елі жері үшін жанын беріп қанын төге білген бақытты Алланың сүйген құлдарының арасында өмір сүре біл яғни өз тамырыңнан азық ал!. Сондай өз жерінде тілінен, үнінен, сөзден, көктен, жерден азық ала білген жаратқан құлын «Тақуа» деп атаған. Тақуалық өз ортаңа халқыңмен біте қайнасып, жеріңе, еліңе деген ізгі құрметпен және қай уаққыттада болса қорғауға дайын, ішіп жемнен, ана тіліңнен, тарихи шежіреден, жерден, көктен таза азық ақпарат ала білген жаратқанның құлын айтады. Ондай құлдарды пайғамбарымыз «Уәли» қазақша «Әмби» яғни тірі кезінде Алланың сүйген достарының нұсқауларын орындаушылар. Би- жеті деген ұғымды білдірсе, Әм- қабылдаушы, мақұлдаушы. Дін ақпараттар жүйесі. Төрт негізден, екі жұптан, үш сипаттардан, бес қуаттық негіздерден тұрады; Әлемдерге ортақ төрт кітап негізгі жүйе. Жеке-жеке дін айрмашылығын білдіргенімен, бір кітап барлық кітапқа ортақ болып аралық жүйе болып үш кітап бірге айналып, негізінен екімен нәтижеленіп тұрады. Әрбір елдің ұлтына түріне әдет ғұрпына қарай берілетін сегіз кіші жүйе бар. Исламның өзінде сегіз түрлі шариғат амалдары бар. Тоғыз түрлі тәубе амалдарымен дәрежеленіп 72 топқа бөлінудің өзі жаратушы тарапынан берілген сынақ. Әр адам баласының осы жүйелерден белгілі тәртіпке жаратушының жер бетіндегі барлық сипаттарға тәуелді кіндік арқылы байланған ақпараттық өмір жібі болмақ. Табиғат ғылымында бар жаратылыс бір-біріне тәіуелді дүрде сапқа тұрып тізбекті түрде өмір сүреді. Табиғат жібін «Биоционез» деп атаса, адамдар арасында туысқандық, ұлтың алтын жібі шежіре болып жалғанған. Сол жіптің ұзындығынан тарихи яғни оқиғалардың тізбектік дінің негізгі көке жалғанған арқаны, ағашы болып табылады. Енді оқиғалардан, уақиға туындап, қайталанып, сұрыпталып келесі белеске өтіп отырады. Сол сияқты діннің жібі сол тарихпен ақ пен қара болып өрілген. Сол арқанды бөліп, араптың бағзы заманда өткен тарихына және дініне жалғап, және европаның қазіргісімен қосып өруге тырмысқанмен бәрібір жетпейді де ортасындағы болған оқиға жіпті, бір тұтас қазақ тарихын алып тастауға жаратушы тарапынан ұлықсат берілмеген. «Қысқа жіп күрмеуге келмес!» Белгілі себептермен қазақта сол жіптің үзілуінен, адам баласында ішкі өмірі қараңғыланып, өзін жоғалтып алады да, іштей үнемі жаратылысқа, өмір сүру заңдылығына қарсылықтарды ішкі екі меннің өз ара арпалысын туындатуда. Ондай бос кеңістікке түскенде, құздан құлағандай күй кешіп, адам қашанда таза ақпарат азығы жетпегесін, аш адамдай ызақор болып келеді. Ал ызақорлық мінезде көп жағдайда, қоғамға, жан жағына ырза болмай іштей, ашық табалаумен күнін өткізеді. Мысалға өзін танып, өмірін қайта түзей білген, бұрынғы танысын көрсе; «Кешегі жүген алқаш еді әулие болған сыңайын,.. күнін көре алмай жүрген кедей еді мал біткесін танауы таңқиып.. жыламай тамақ ішпейтін еді, күйеуге шығып, енді адам бола қалыпты..т.б» осындай табалаудан ләззат алып, жаратушысының жоқтан бар жасай алатынын, мейрімділігіне, қандай күнәнің де тәубеге келген пендесіне кешіретінін және сауап амалдарына беретін сыйы болатына күмәнденіп, күдіктеніп өзі қазған орынан шыға алмай тіршілік етіп жүргендер қаншама? Бұл да ашудың, өмірге ыза болғандардың құпия жасырын түрі. Емін таппаса, кейде өшпенділікке апарып соқтырады. Қазақта көп кездесетін жағдай теле дидардан берілетін жарнамаларға, әртүрлі жалғанды мақтаған айдар таққан туындыларға қарсылық, табалау түрінде көрнісін береді. Жұлдыз деп айдар тағып, ішкен жегенін, қандай көлік мінетінін, жалаңаш хайуанға ұқсап, ел алдында маймыл болып, ақша шашып жүргендерді көре бастайды. Ақыл есі сау адамның өзі доп теуіп немесе біреуді бір рет жұдырықпен ұрып құлатып, мемлекеттен қыруар ақша алып, халықтың намысын қорғаған «батыр» деп, ел басқартып атқа мінгізіп қойса, тіптен шежіреден хабары бар қай адамның да жүйкесі жұқара бастайды. Ондай ақшаға сатылатын намыс, тек жалғандықтың жаршысы. Ал ондай жалғандықты ақылмен бағаланбайтын нәрселерді тіптен күнде көрсететін әдетке айналса ызаланбай көр. Доп теуіп, тер сіңген іш киімін де миллиондаған ақшаға бағалап, ата-бабаларыңнан қалған мұраларды көз алдыңда боққа балап жатса, иманды деген пенденің де Құдай тағаланың құдіретіне шәк келтіре бастайтыны даусыз. Өз еліңде ғасырлар тезінен өтіп мыңдаған дәлелдермен бекіткен, сол жолда ананың сүтін көке сауып, ар-намысын дінін қорғауда қыршынынан қиылып, ұрпақсызда кеткен бабаларымыздың ізі түгіл, өзін адасқан деп, Құран аятына қарсы қып қызыл өтірік айтып, өз ағайының соттатып, қудалап жатса қайдағы тақуалық? Сол себептен қазақтың нағыз діні әзірше өз бейнесін көрсете алмай жатыр. Көрсетуге аяқтан шалып, етегінен тартып, баспасөз беттерінде ашықтан-ашық қудалап жатса онда әзірше қазақта үлгі алатын тұлғалар, философтар, тақуалықта шейхта болу мүмкін емес. Бола бастағанын көп күрмектің арасынан ажыратып алып, өсуіне мүмкіндік беруге үкімет діннен бөлінген болса, дін басқарушылар белгілі нұсқауды ғана орындап, дүниеге шоқынып, таза мен ласты ажыратудан қалса, онда ұлтық белгісіне сай таза ақпаратта болмайды да. Діндегі, ел басқарудағы ақшаға табынып, ашкөздікті қалыптастыру, ол пұтқа шоқынғанмен бірдей-деп ескерткен інжілде. Ал ондай Алланың жібінен ажыраған елдің саясатының киімі жоқ немесе қырық жамау. Қазақ мемлекетінің саясатының киімі жоқ болғаннан кейін, ұятсыздық үстемдік құрып, ал оның көрнісі жастар тәрбиесінде, сол жастарды дүниеге әкеліп тәрбие беретін аналарымызда. Ұяла білу изгі ниеттен, өз басының қадірін бағалай біліп, хайуаға тән қылықтардан адамдық сипатын айырмасын көрсете білуді айтады. Халқын киіндіре алмаған, әйелдерін ұятсыз, жүгенсіз жіберген елдерге қашанда жаратушының ызасы келеді. От апаты, су апаты, аштық, ауру, соғыс немесе жер жұту мүмкін. Болмаса тапқан таянғаныңды дәрі-дәрмек шығаруға, бір індетті жеңсең екіншісі тағы, тағы келе береді, келе береді. Әйелдеріміз шала жансар іштен киімсіз жалаңаш балаларды өмірге әкеле береді, әкеле береді. Сосын аталарымыз ескерткендей; «Елу жылда ел жаңа (немесе мәңгүт), жүз жылда қазан». Діннің көрсеткіші жеке адамнан бастап, бүкіл халықтың бірінші денсаулығында, екінші сөз байлығында, ұлтық жыныстық әдептік ерекшелікті сақтай білуде тұр. Енді сондай мәңгүттікке тәрбиелеп жатқандардың бірі толып кеткен «жұлдыз» жарнамалар. Әу дейтін дауысы мен жақсы танысы болса болды, белді ауыртып, жанды қинамай түкке тұрмайтын ақылы толмағандарды, дүние мастарды алдап, қыруар ақша тауып жүргендерді естігенде, бала тумай ит асырап, хайуандарды қонағынан артық қадірлейтінін білген пенде, көрмей-ақ, танысып білмей-ақ ,басын қатырып оқу оқып, бел ауыртып жұмыс істемей-ақ, күректеп ақша тауып жүргендерді өлердей жек көре бастайды. Көзіне нағыз ертегілердей албастыдай елестейді. Құтты өзінің дүниесін тартып алып жатқандай, неге мен сондай болмадым дегендей ойлар да мазалай бастайды. Кездесе қалса бетіне түкіріп, немесе өлтіріп тастағысы келеді. Орындалмағаны мен бәрібір іште ызасы қалады да, қаны азып, қанты көбейіп, ісік болып шығып, болмаса әйтеуір бір басқа жағдайда қолтығынан болса да сасық ойдың иісі шығады. Жалпы халықтық іштарлық сезімін қалыптастыру үшін шет елдің өтірікті шындай, шындықты құдай ұрғандай етіп көрсететін әдебін, дүниесін дәріптеуден асқан амал жоқ. Кейде ондай қоғамға, тіршілікке, байлармен, басшыларға дегеннен пайда болған ызадан жіңішкеріп тынып, сезімдер өз ара үндесіп біреулерде; жемқорлардың сотталғанынан, алыстағы қалалардағы біреулердің жауапқа тартылғанын, басшылардың әйтеуір бір беделі төгілгенін естіп біліп, содан ләззат сезімге бөленіп , кейбір талантылардың ерекше қасиеттері ашылып газеттер шығарып, немесе жазғыш атанып әлекке түсіп өзін де өзгеніні де оңды солды күнә деген ұйыққа тарта бастайды. Ал ондай дарыны ашылмағандар біреулері туысқанын, енді бәз біреулер екінші біреуді ашық табалап жанын ауыртып ләззат ала бастайды. Ағайыны немесе жақын дос бір сәтсіздікке ұшыраса ; «Менің айтқанымды істегенде бұлай болмас еді. Бастан бүйту керек еді.. Маған өткен жолы қол ұшын созбай қойып едің... Мені менсінбейтін едің»..т.б толып жатқан ашықтай іштей кінәлауды әдетке айналдыра бастайды. Жақын адамыңды іштей табалап, өмірлік жоспарының іске аспай жатқанын көріп содан ләззат алдым дегенше «шайтан адамға» айналдым деп біліңіз. Бұл жағдай адам баласының тәнінің уланып иістенуінен сабырлық деген алтынның жезге, темір тотығына айналуынан пайда болады. Адам баласын тіршілік етуге мәжбүрлейтін жетелейтін күш қажеттілік. Қажет емес нәрсе жоқ. Бүкіл жаратылыс иелері адам баласының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Қажетті нәрсені білу үшін құмарлықты жаратқан. Қажеттілік үнемі қажеттілікті тудырып арты құмарлыққа ұласып отырады. Аса құмарлық құштарлыққа ұласып, арты ажалмен аяқталары сөзсіз. Қажеттілік жаратылғанның басты белгісі болып, жаратушысының алдында қашанда тәуелділікте болмақ. Қажеттілік жоғалса өмір сүру де тоқтайды. Қажеттіліктің қызметшісі құмарлықпен құштарлық болып, өмір сүру барысында тұрақты түрде нәпсіге айналады. Ал сол нәпсіні қанағаттандырып, азығын өлшеп, қажетін тәннің жанның тәрбиесіне сәйкестендіріп отыру үшін толық ақыл керек. Нәпсіні тәрбилеуде қанағат атты шаманы меңгеруіміз керек. Онда қанағат қайдан пайда болады?- деген сұрақ туындайды. Әр халықтың ұлтық, тілдік ерекшелігіне қарай өзіндік дәм, иіс, көру, есту ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерден ғана әдеттік, салттық, ғұрыптық ережесі діннің ортақ қағидаларымен бекітіліп, дәстүрге айналып, шежіре болып жазылады. Тамақтану міндетті қажеттілік, тоя жеу құмарлық, ал мезгілге қарамай қайта-қайта хайуан сияқты жей беру құштарлық. Ыстық суыққа ауа райына, жыныстық белгіге, жас ерекшелігіне өмір сүрген ортаға байланысты байланысты киіну қажеттілік болса, әйел еркектің киімін ал ересектің жас баланың киімін кию, құштарлық әрі мақтан. Әрбір мақтанның түбі күнә жасатып, ал күнә қашанда қайғымен ғана аяқталады. Сондықтан құмарлықты қанағатпен ғана тәрбиелеуге болса, құштарлықты ұятпен ғана тәрбиелеуге болады. Ұяттың тек ата салт дәстүр шежіреден үлгімен ғана өлшенеді. Әйелзатын бетін перделеп, жасырын ұстау, араптар мен тіптен түрік тектес ағайындарға қалыпты салтық үлгі болса, қазақ халқы үшін ұят. Көрші орыстың өзінің кейбір әдет-ғұрыптары біздер үшін ұят, әйелдердің жалаңаш тәнін көпшілік алдында көрсетуі қылмыс. Қажеттілік екі сипатта болады. Ерікті және еріксіз. Адам тіршілік ету барысындағы нәпсінің мұқтажын өтеу ерісіздікке бағынса енді негізгі мақсат жанды тәрбиелеп ақыл-ойды кемелдендіріп, құпия көрінбейті бірақ болуға тиісті, тағдырға жазылған тумастан бұрын белгіленген адамдық қажеттілік Рухани азық. Қылық болып тәрбиемен қалыптастыратын соңынан ұзақ жылдар бойы қайталану нәтижесінде әдетке айналып ғұрыпнаманы жаздырып бекіттетін ерікті қажеттілік еңбек деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет