р/с №
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Автожол саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік мерекесін белгілеу мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаны іске асыру теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі
|
Қазақстан Республикасының автожол саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік мерекесін белгілеу
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығы
|
7.
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жүргізілген жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1487 ескертуі;
2) ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 23-23-07/43 негіздеме – жауабы.
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
|
Жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz ресми сайтында орналастырылды, 91 КБ
|