Мінездемені арнайы педагог оқу жылының басында және соңында құрастырылады:
Жылдың басында арнайы педагог мінездемені: баланы сабақта бақылау, қалыптастырушы бағалау, оқушымен сұхбат, ата-анамен сұхбат, коммуникативті паспорт, дәптерлер мен іс-әрекет нәтижесінің және де өзі өткізген терең педагогикалық дигностика нәтижелері негізінде құрастырады.
Тереңдетілген педагогикалық диагностика оқу жетістіктерінің қазіргі деңгейін, жақын арадағы даму аймағын, білім, білік, дағдыдағы олқылықтарды жеке диагностикалық сабақтарда анықтау мақсатында жүргізіледі. Арнайы педагог Типтік оқу жоспарларында ұсынылған күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкес дайын бақылау тапсырмаларын пайдаланады немесе өз бетімен әзірлейді.
Арнайы педагог сонымен қатар: оқу іс-әрекетінің құрамдас бөліктерінің жай-күйін, эмоционалдық-тұлғалық сфераның ерекшеліктерін, жұмыс қабілеттілігін, бар ресурстарды (жеке тұлғаның оң қасиеттері, көзқарастары, ұмтылыстары, қызығушылықтары, ата-аналардың қызығушылығы мен көмегі) ашады.
Арнайы педагог алған ақпаратын кестенің сәйкес бағандарына жазады: Оқушының мінездемесі, 3-форма
Оқу қиындықтарын, олардың тудыратын себептерін ұжымдық талқылауда оқушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтай отырып, арнайы мұғалім мінездемеде көрсетілген оқушы туралы мәліметтерді ұсынады.
Оқу жылының соңында жасалған мінездеме бейімделген немесе жеке оқу бағдарламасын игерудегі жетістіктер туралы, білімдегі олқылықтарды жою туралы, оқу қызметінің құрамдас бөліктерінің жағдайы және басқа да салалар туралы ақпаратты қамтуы керек.