әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының
«Биофизик және биомед» Студенттер клубының
№ 4 мәжіліс хаты
20.11.2013 Алматы қаласы
Қатысқандар: кафедра меңгерушісі, проф. Төлеуханов С.Т., Торманов Н.Т., каф. меңг. орынбасарлары: Абылайханова Н.Т., Сраилова Г.Т.; доценттер: Асқарова З.А., Дощанова Б.Қ., Бактыбаева Л.Қ., аға оқытушы Швецова Е.В., үйірме жетекшісі, аға оқытушы Кулбаева М.С., оқытушы Атанбаева Г.Қ., ассистент Уршеева Б.И. үйірме төрайымы Т.Артыққызы мен студенттер.
Күн тәртібі:
-
«Спид – 21 ғасыр індеті» атты акция ұйымдастыру. акция аясында студенттерге танымдық ақпарат беру, акция барысында мүшелік ету.
-
Сонымен қатар студенттерді спид орталығына апарып, экскурсия жасау.
-
Тыңдалды:
Аға оқытушы Кулбаева М.С.:
«Хронобиология» орталығы мен «Биофизик және биомед» клубының басшылығымен кафедраның куратор-эдвайзерлері Г.К.Атанбаева және Б.И.Уршееваның ұйымдастыруымен университеттік деңгейде «ХХ ғасырдың індеті ЖҚТБ туралы не білесіз?» ғылыми-тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізілді.
Іс-шара жұмысына «ЖҚТБ» орталығының дәрігер-эпидемиологы М.Ә.Тұрымбет, университетіміздің тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінен С.С.Жандыбаева, ғылыми кітапхананың көпшілікпен жұмыс жүргізу секторының жетекшісі С.С.Жылқайдарова, биология және биотехнология факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, доцент Г.К.Сатыбалдиева, факультетіміздің аға эдвайзері С.Е.Шарахметов және студенттер қауымы қатысты.
Қаулы қабылданды:
-
СПИД-ке қарсы және ақпараттық іс-шаралар өткізілу қажет
«Биофизик және биомед» Студенттер
клубының жетекшісі, б.ғ.к., аға оқытушы Кулбаева М.С.
«Биофизик және биомед»
Студенттер клубының төрайымы Төленова Қ.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |