Интонацияны қолдану
Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну
Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру
Пікірталасқа қатысу
Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану
Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу)
Адамдармен сәлемдесу
Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)
Жест, мимиканы қолдану
Ақпаратты сұрау немесе айту
Грамматикалық тұлғаларды қолдану
Сөз және сөйлем екпінін қолдану
Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау
Оқиғаларды баяндап беру
Тілді сауатты қолдану
Сөйлемді қайта құрастыру (перифраза), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа жолын қарастыру.
Сөйлеушінің сөзін бөлу
Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру
Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:
• Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (қарымқатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу;
Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдана білу;
Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;
Вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика);
• Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) жаза білу;
Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу);
Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу.
Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдістәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |