Сабақтың тақырыбы: Көкпар Сабақтың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі42.99 Kb.
#21478
түріСабақ
Күні:24.02.2014

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 В

Сабақтың тақырыбы:Көкпар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық спорт ойыны «Көкпар» туралы мәлімет беру,тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты,әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылық қабілетін,ой-өрістерін дамыту,өз ойларын толық,әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтын әдістері:сұрақ - жауап ,әңгімелеу,топтастыру,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,суреттер,қима қағаздар,сөзжұмбақ,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1)Оқушылармен амандасу.

2)Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Үй тапсырмасына диалог жаттап келу және ұлттық спорт түрлері туралы әңгімелеу берілген болатын.Алдымен диалогты тыңдайық.

1.Диалогты жатқа айту.

2.Суреттермен жұмыс.Тақтада бірнеше ұлттық ойындардың үлгісі ретінде суреттер көрсетіледі.Балалар әр суретті анықтап,оған анықтама берулері керек.

Бұл суретте- аударыспақ ойыны...

Аударыспақ,қыз қуу, теңге алу,күрес,арқан тарту,асық ойыны,тоғызқұмалақ,бәйге,көкпар.

3. «Ой қозғау».Сонымен қандай ұлттық спорт түрлерін біледі екенбіз,тексерейік.Ол үшін «Дұрыс тап» ойынын ойнайық.Егер ұлттық ойынды дұрыс тапсаңдар,ол сөз сурет артына жасырынады.Ал егер дұрыс таппасаңдар,ол сөз орнында қалады.Ал енді ұлттық ойындарды дұрыс табайық.

Аударыспақ бәйге теңге алу

көкпар Ұлттық спорт ойындары арқан тарту

күрес қыз қуу асық ойыны тоғызқұмалақ
III.Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Қазір сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табамыз.



б

о

к

с

ш

ы

ө

м

і

р

к

ү

р

е

с

Ү

ш

к

е

м

п

і

р

о

в

Ү

н

д

і

с

т

а

н

Ж

и

р

о

в

1.Е.Ибраимов кім?

2. «Жизнь» сөзінің аудармасы.

3.Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі.

4.Мәскеу олимпиадасының чемпионы болған қазақ.

5.Шахмат ойыны пайда болған ел.

6.Атланта қаласында Олимпиада чемпионы болған жерлесіміз.

Сонымен қандай сөз шықты? Яғни ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Көкпар.Бүгінгі сабақта ұлттық спорт ойындарының бірі-Көкпар туралы айтамыз,түрлі тапсырмалар орындаймыз,тіл байлығымызды дамытамыз.

Көкпар да спорт ойындарының бір түрі,сондықтан да кешегі күні спорт әлемінде Қысқы Олимпиада ойындары аяқталғандығы туралы айта кетейік.

-Қысқы Олимпиада ойындары қай жерде өтті?

-Қысқы Олимпиада ойындары Ресейдің Сочи қаласында өтті.

-Қазақстандық спортшыларда жүлделі орындар бар ма?

-Иә,отандасымыз Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдеге ие болды.

Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Бүгін біз екі топқа бөлініп,сайыс сабағын өткіземіз.Сайысымыз Дода көкпар ретінде өтеді.Қай топ тапсырманы дұрыс,толық орындаса,сол топқа ұпай беріледі.Сабаққа қатысатын «Көкпар» және «Бәйге» топтары.

1-топ.Топтың аты-«Көкпар».

Ұранымыз: «Талаптыға нұр жауар». Көкпар-ұлттық ойын түрі.

2-топ.Топтың аты-«Бәйге».

Ұранымыз: «Хас жүйрікте мін болмас».Бәйге-ұлттық спорт ойыны.

ІV.Жаңа тақырыппен жұмыс.

Көкпар-ат спорт ойындарының бірі.Қазақ халқында жылқы ең қасиетті, құнды төрт түліктің бірі.Биыл 2014 жыл-жылқы жылына сәйкес келіп отыр. Енді сол ат спорты Көкпар туралы тыңдайық.

1.Көкпар туралы видео.

2. Мәтінмен жұмыс.

а) Мұғалімнің оқуы.

Көкпар


Көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын,күшін көрсетуіне мүмкіндік бар. Ойынды кез келген жастағы адамдар ойнай алады,сондықтан көкпардың бұл түрі жаппай тарту деп аталады.Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады.Сайысты жиналған қауым тамашалайды.

Дода тартуда тәртіп сақталмайды.Үлкен жікке бөлінген топтар тұтас сайысады.Бұрын мұндай тартуға көбіне аталас ауылдар,руларымен түскен. Осындай жағдайда көкпар кімнің қолына түссе,сонда қалады.

Айналма көкпар- серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастау, мәре көкпар екі шеттен мәре жер белгілеп,серкені әр жақ өз мәресіне апаруға таласады.
ә) Оқушылардың тізбектеп оқып,аударуы.

Енді біз сайысымызды бастаймыз.Сайысымыз 4 айналымнан тұрады. Әр айналымда әр түрлі тапсырмалар.Әр айналымнан соң, ұпай беріледі.Көкпарда серке тартылады,ал серкенің орнына біз серкенің асығын қолданамыз.



1-айналым.Тапсырма.

1-топ.Көкпар түрлеріне сипаттама беру.

2-топ.Диалог құрастыру.

2-айналым.Тапсырма.Мәтіндегі сөздердің септік жалғауларын анықтаңдар.

Түрге(б.с),тартуда(ж.с),адамдардың(і.с),қайратын(т.с),күшін(т.с),көрсетуіне(б.с),ойынды(т.с),көкпардың(і.с),лақты(т.с),иемденуге(б.с),сайысты(т.с).

Тартуда(ж.с),жікке(б.с),тартуға(б.с),руларымен(к.с),жағдайда(ж.с),кімнің(і.с),қолына(б.с), серкені(т.с),жерге(б.с), шеттен(ш.с),мәресіне(б.с),апаруға(б.с).

1-топ.178-беттегі сөйлемдерден

2-топ.179-беттегі сөйлемдерден

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі (видео бойынша билеу)

3-айналым.Тапсырма.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

1-топ.Сайысты жиналған қауым тамашалайды.

2-топ.Үлкен жікке бөлінген топтар тұтас сайысады.

4-айналым.Мақалды жалғастыр.

Күш жақсы,...(күштен іс жақсы).

Денсаулық-...(зор байлық).

Білекті бірді жығады,...(Білімді мыңды жығады).

Күшіңе сенбе,...(ісіңе сен)

Шынықсаң...(шымыр боласың).

Тәні саудың-...(жаны сау).

Ел намысы-...(ер намысы).

Ат өнері білінбес,...(бәйгеге түсіп жарыспай).

V.Сайысты қорытындылау.Ұпай санына байланысты орындар беру.

VI.Семантикалық карта арқылы сабақты қорытындылау.

Көкпар деген не?

Көкпар ойыны қандай қасиеттерді қалыптастырады?

Көкпардың түрлері

Айналма көкпар

Жаппай көкпар

Мәре көкпар

Дода көкпар

Кез-келген жастағы адамдар ойнайтын көкпар түрі




+







Аталас ауылдар мен рулар сайысқа түсетін көкпардың түрі










+

Серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастайтын түрі

+










Серкені әр жақ өз мәресіне жеткізетін көкпардың түрі







+





VI.Үй тапсырмасы. І-деңгей.Наурыз тойында қызықтаған ойын түрлері туралы мәтін жазып келу.

ІІ-деңгей,ІІІ-деңгей.Көкпар мәтінін мазмұндау.



VII.Рефлексия.Нені білемін? Нені білдім?

.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет