4 тілдік дағдыда indd


Жазылымның ішкі дағдыларын



Pdf көрінісі
бет9/62
Дата24.01.2024
өлшемі2.7 Mb.
#489683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
1670569056244 (1)

Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі –
сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.
Сауаттылыққа қатысты дағдылар:
1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;
2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;
3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;
4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;
6. Грамматиканы дұрыс қолдану;
7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;
8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу 
жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.
Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:
 
1. Стильді дұрыс таңдай білу;
2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;
3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде 
қажетті функцияларды пайдалана білу. Функцияларға баяндау, шағымдану, 
өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға 
тоқталу), қорытындылау жатады
Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік.
 
Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің 
логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдарына үстеулер (кейін, сосын, 
келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі), т.б. жатқыза 
аламыз.
Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу 
тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы.
Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше 
қадамдар жасалады:
 
1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, 
стиль, жанр).
2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.
3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру.
4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру).
5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).
6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет