№4 Зертханалыќ ж±мыс



Дата26.10.2022
өлшемі0.8 Mb.
#463387
түріПрограмма
Lab 4


4 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Әртүрлi циклдiк алгоритмдерге есептер шығару.Ішкі циклдермен
жұмыс жасау.
Жұмыстың мақсаты: - Циклдік өрнектердің программасын жазуға, бip
немесе бірнеше рет кайталанатын есептерді
тәжірибе жүзінде колдануға дағдылану және
кайталанбалы құрылымдық есептеу процесін
программалауды меңгеру.
Cтуденттерге қойылатын талаптар:
1. Білу керек:

  • Циклдік өрнектерді жазуды;

  • Қайталанбалы функцияларды жазу үлгісін;
    2. Есепті шешудің программасын құру.



Қысқаша теориялық бөлім:
Программаның циклдік құрылымы операторлар тобының көптеген есептерін орындауға мүмкіндік береді.
Циклді ұйымдастыру операторлары

Қайталау есептеу процестері бар,
3 түрлі цикл операторлары бар:
l.for;
2.while;
3. do-while
1. FOR циклы
Негізгі түрі:
for (инициялизациялау; шарт тексеру; өзгеру)
{ операторлар; }
Инициализациялау цикл параметріне алғашқы мән беру үшін қолданылады.
Шарт тексеру - циклды аяқтау үшін қолданылатын шартты өрнек.
Өзгеру - параметр мәнін өзгерту үшін керек. Шарт мәні шын болған кезде цикл орындалады.


Жалпы түрі:
for (өрнекі; өрнек2; өрнекЗ)
{ операторлар; }
мұндағы
“1-өрнек”- цикл параметрінің бастапқы мәнін орнатады,
“2-өрнек”-операцияның орындалуының шартының жалғасын анықтайды,
“3-өрнек” – параметрдің модификациясының ережесін береді.
Ескерте кететін жай, әрбір өрнек үтір арқылы бөлінген, бірнешеуден құралуы мүмкін. Мұндай өрнектер топтық деп аталады.
Мысалы:
for(i=0;i<10; i++)
printf ("% d\n",i);

цикл параметрі тек бүтін болуы шарт емес. Циклды үзу үшін break операторы қолданылады.


Си тілінде санауыш бойынша циклді ұйымдастыру үшін, арнайы операторлар пайдаланылады:
Мысалы:
#include
using namespace std;

int main()


{
int i; // счетчик цикла
int sum = 0; // сумма чисел от 1 до 100.
for (i = 1; i <= 100; i++) // задаем начальное значение 1, конечное 100 и задаем шаг цикла - 1.
{
sum = sum + i;
}
cout << "Сумма чисел от 1 до 100 = " << sum << endl;
return 0;
}

2. WHILE циклі(әзір)
Мұнда алдымен шарт тексеріліп, нәтижесі шын болғанда цикл орындалады.
while(өрнек)
{ операторлар; }
Біршама әмбебеп оператор болып табылады. Әзір өрнек 0-ге тең болмаса, оператордың (жай немесе құрама) әрекктін қайталап орындайды. яғни берілген шарт орындалмағанша, оператормен сипатталған әрекет қайталана береді.

мысал:1----100 қосындысы.


#include
using namespace std;


int main()
{


int i = 0; // инициализируем счетчик цикла.
int sum = 0; // инициализируем счетчик суммы.
while (i < 100)
{
i++;
sum += i;
}
cout << "Сумма чисел от 1 до 100 = " << sum << endl;
return 0;
}



3. DO- WHILE циклі (дейін)
Мұнда шарт цикл соңында тексеріледі. For және do — while - да цикл бір рет те орындалмауы мүмкін.
do
{
Операторлар
}
while(өрнек);

while және do…while циклдерінің айырмашылығы, do…while циклін пайдаланған жағдайда, оның құрамына кіретін операторлар міндетті түрде бір рет орындалады.


мысал:1----100 қосындысы.
#include
using namespace std;

int main ()


{
int i = 0; // инициализируем счетчик цикла.
int sum = 0; // инициализируем счетчик суммы.
do {// выполняем цикл.
i++;
sum += i;
} while (i < 100); // пока выполняется условие.
cout << "Сумма чисел от 1 до 100 = " << sum << endl;
return 0;
}

ІШКІ ЦИКЛДАР

Бір - бірінің ішіне орналасқан циклды ішкі циклдар дейміз. BREAK операторларына циклді қолдану.
Екі түрлі қолданылуы бар.
l)switch операторында case үшін.
2)Циклды дереу тоқтату үшін.


CONTINUE ОПЕРАТОРЫ.
Егер бұл оператор циклда кездессе, онда ол келесі циклдарға өту үшін қолданылады while, do - while үшін шартты тексеруге, ал for үшін параметрді өзгерту үшін қолданылады.


Теріп орындап көріңіз:
// Алғашқы n бүтін оң сандардың қосындысын есептеу
#include
#include
void main(void)
{
int n; //қосылатын сандар саны
int sum; //қосынды
int i; // цикл санаушысы
printf("\n Оң сандар қосындысын есептеу \n");
printf("Қосылатын сандардың санын енгіз:");
scanf("%i",&n);
sum=0;
for (i=1;i<=n;i++)
sum=sum+i;
printf("Алғашқы %i бүтін сандарының қосындысы",n);
printf("%i-ге тең",sum);
getch();
}







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет