2014 жылғы Қостанай облысының
денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы
ақпарат
Облыстың денсаулық сақтау мемлекеттік секторы 535 медициналық объекті қамтиды (2013 жылы-566). Облыстың тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін 44 стационарлық ұйым, 478 амбулаториялық-емханалық ұйым және медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілері, 13 басқа ұйымдар көрсетеді.
Облыс бойынша халықты және медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 743 фармацевтикалық объектілер жүзеге асырады.
Облыстың медициналық ұйымдарының керуеттік қоры 4 927 кереуетті құрайды және республикалық көрсеткіштерге дейін жетті.
2014 жылдың басынан барлығы 507 кереует қысқартылып, 150 кереуеттің бейіні өзгертілді.
10 мың. халықты кереуетпен қамтамасыз ету 55,9 құрайды (2013 жылы – 60,6).
Облыста 1 881 дәрігер (2013 жылы – 1 913) және 6 457 орташа медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
Облыс бойынша 10 мың. халықты дәрігерлермен қамтамасыз ету – 21,3 (2013 жылы – 21,5), орташа медициналық қызметкерлермен – 72,9 (2013 жылы – 73,4) құрайды. Қазіргі таңда дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 280, с.қ. ауылда – 75, оның ішінде мамандардың күрделі тапшылығы 135.
2014 жылы 77 дәрігер келді, оның ішінде 13 резидентураға түсті, 64 облыста қалды, сонымен қатар 28 ауылда (2013 жылы 81 маман келді, оның ішінде 32 дәрігер ауылда).
2014 жылы дәрігерлердің орташа еңбек ақысы 120 137 теңгеден 151 135 теңгеге дейін 20 % өсті, орташа медициналық қызметкерлердің 78 317 теңгеден 90 121 теңгеге дейін 13 %.
Денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері келесі сипатта:
Жалпы өлім жітім 9,6 % төмендеді (2013 жылы 10,8 %-дан 2014 жылы 9,8 % дейін).
2014 жылы ана өлімінің 1 жағдайы Арқалық қаласында тіркелді, облыс бойынша 100 мың. тірі босанғандар 7,9, ҚР – 11,5 құрайды (2013 жылы 15,3 – 2 жағдай).
Нәресте өлімінің көрсеткіштері 1000 тірі туғандарға 7,6 % төмендеді (2013 жылы 12,1-ден 2014 жылы 11,2 дейін, ҚР - 10).
Қан айналымы жүйесінің ауру көрсеткіштері 100 мың. адамға 5,3 % төмендеді (2013 жылы 1882-ден 2014 жылы 1783 дейін). Қан айналымы жүйесінің ауруынан өлу 100 мың. адамға 28,6 % төмендеді (2013 жылы 227,18-ден 2014 жылы 162,2 дейін).
Онкологиялық ауру көрсеткіштері 100 мың. халыққа 277,9 бастап 294,2 дейін 5,9 % артты, ҚР – 197,8. Онкологиядан өлу 100,53 бастап 84,1 дейін 16,3 % төмендеді, ҚР – 92,4.
Туберкулезбен ауруы мен өлімінің көрсеткіштері 100 мың. халыққа 12 % және 30 % төмендеуі байқалады (2013 жылы ауру 86,9-дан 2014 жылы 76,4 дейін ҚР – 66,4, өлім 2013 жылы 7,6-дан 2014 жылы 5,3 дейін, ҚР – 4,7).
Медициналық маңыздағы медициналық техникамен және бұйымдармен жабдықтау 11 % көтеруге қол жеткіздік (2013 жылы 53 %-дан 2014 жылы 64 % дейін, ҚР – 65,7 %).
2014 жылы екінші перинаталдық орталық, Рудный қаласында инсульт орталығы, облыстық ауруханада мейірбикелік күтім бөлімшесі, Қостанай қалалық балалар ауруханасы базасында оңалту орталығы, Қостанай перинаталдық орталығында 2-ші кезеңдегі шала туған балаларды күтуге арналған бөлімше ашылды.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілерінің 7 пайдалануға берілді.
Кезегінде 300 адам қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |