Болжалдық сан есім. Сұрақтары : қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?



Дата20.03.2024
өлшемі13.04 Kb.
#496188
Болжалдық сан есім


 Болжалдық сан есім.
Сұрақтары : қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?
Болжалдық сан есімдердің жасалуы жолдары:
1. -лаған,-леген,
- даған, -деген,
-таған,-теген

.-лап(-леп),-дап,


-деп, -тап, -теп.
. -дай, -дей,
-тай, -тей.
Мысалы:жүздеген, ондаған, қырықтаған, мыңдап, елулеп, жетпістей,
Сексендей ,мыңдай,т.б.
(жасы) отыздарда, (сағат) екілерде, жиырма төрттерге (келген), т.б.


Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы:
он-он бес, отыз-қырық, алпыс-жетпіс, отыз-қырықтай, жүз-жүздеген,
елу-елу бестерде, т.б.
Шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын.
Мысалы: отызға жақын, мыңға тарта, жүз шамалы, беске таман, елуге жуық, т.б.
Тапсырмалар
1-тапсырма : Мәтінді оқып, сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткіздік, Әнұранымызды асқақтатып шырқап, Туымызды биікке көтердік.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемнің 120-дай мемлекеті танып,70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Осы 18 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетімізде көптеген өзгерістер енді. Білім саласында жаңа типті мектептер, лицейлер, гимназиялар мен колледждер ашылды.


2-тапсырма. Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.

Атадан алтау, анадан төртеу,


Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)
3--тапсырма. Жинақтық сан есімнің жұрнағын атаңдар.
4- тапсырма. Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
60-70, 15000.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет