445 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен: 170



Дата24.02.2016
өлшемі50.49 Kb.
#16530
2008 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі ЖЗҚ), бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты түрлі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардан 445 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен:

- 170 өтініштер – екінші деңгейдегі банктердің қызметіне қатысты (жалпы санынан 38,2%), 45 - есепті кезеңнің соңында қаралу үстінде:



Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігінде өтініштер туралы мәліметтер және олардың өтініш берудегі жалпы көлемінің үлес салмағы келтірілді:






Қаржы рыногының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)

Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралу аяқталды

Есепті кезеңнің соңында қаралу үстінде

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторында келіп түскен өтініштердің үлес салмағы %

Саны**

Банк қызметі

1

"Альянс Банк" АҚ

35

20,59

20

15

2

"Халық Банкі" АҚ

20

11,77

13

7

3

"ТұранӘлем Банкі" АҚ

19

11,18

13

6

4

"АТФ Банк" АҚ

7

4,12

5

2

5

"Казкоммерцбанк" АҚ

6

3,53

4

2

6

" Банк Центр Кредит " АҚ

4

2,35

1

3




Таратылатын (таратылған) банктер:







7

"Валют - Транзит Банк" АҚ

54

31,76

48

6

8

"Қазпочтабанк" АТАҚ

4

2,35

3

1




Басқалар (4-ден кем)

21

12,35

18

3




Жиынтығы:

170

100

125

45
Банк секторы

2008 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша Агенттікке банк қызметі мәселелері бойынша 170 өтініш түсті, олардың ішінен 58 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түсті.

Сонымен бірге Агенттікте алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен және 01.04.08 ж.дейін қаралуы қосымша зерделеуге байланысты аяқталмаған 5 өтініштер орындалу үстінде.

Тұрғындарға өзекті болып мына мәселелер қалуда:


  • банктердің банк қызметіне төлем үшін жоғары мөлшерлемеде комиссияларды және кредиттер бойынша сыйақы алулары;

- екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) заем шарттары және банк салымдары бойынша есептелген сыйақының мөлшерін дұрыс анықтауы;

- кредит бойынша төлемдер кестесінің толық болмауы – сыйақы және кредит бойынша негізгі борыш сомасын нақтылаусыз;

- кредиттер бойынша төлемдер кестесінің толық болмауы – сыйақы сомасын және кредит бойынша негізгі борышты нақтылаусыз;

- банктер кепілхат бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындамауы;

Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері еместерінің, жоғарыда аталған және басқа сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

2008 жылғы бірінші тоқсанда Агенттік шағымдарды және өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 5-банкке қатысты 8 шектеулі ықпал ету шараларын қолданды, мыналар түрінде:

- «Центр Кредит Банкі» АҚ банк қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін 2 жазбаша ескерту берілді;

- «Казкоммерцбанк» АҚ банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 50-бабын бұзғаны үшін 1 жазбаша ескерту берілді;

- «Альянс Банк» АҚ қатысты 2 жазбаша ұйғарым шығарылды:

1 - банктік заем шартында сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені үшін;

2 - белгіленген мерзімде сұратылған ақпаратты және құжаттарды ұсынбағаны үшін;

- «АТФ Банк» АҚ қатысты – банк қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін 1 жазбаша ұйғарым шығарылды;

- «Еуразиялық банкі» АҚ банк Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағын бұзғаны үшін 1 жазбаша ұйғарым шығарылды;

- «Казкоммерцбанк» АҚ - белгіленген мерзімде сұратылған ақпаратты және құжаттарды ұсынбағаны үшін 1 жазбаша ұйғарым шығарылды;

2008 жылғы бірінші тоқсанда Агенттік екінші деңгейдегі банктерге қатысты шағымдарды және өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 8 әкімшілік өндіріп алу түрінде санкциялар қолданылды:



- «Альянс Банк» АҚ - ӘҚБК 1-бөлігінің 168-2-бабын бұзғаны үшін 210 АЕК жиынтық мөлшерінде 6 әкімшілік айыппұл салынды;

- «АТФ Банк» АҚ қатысты - ӘҚБК 12-бөлігінің 168-2-бабын бұзғаны үшін 100 АЕК жиынтық мөлшерінде 2 айыппұл салынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет