ҚРӘМ №4154 31. 03. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы



Дата25.02.2016
өлшемі136.28 Kb.
#25417


ҚРӘМ № 4154 31.03.2006ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2006 жылғы 25 ақпан № 42
Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 201 28.11.2008ж.


Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1623 тіркелген, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 13 шілдедегі № 279 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1623 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы” 2001 жылғы 13 шілдедегі № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3195 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға А. Дунаев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпан

№ 42 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына,

банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі
Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ипотекалық ұйымдарды қоса отырып, екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықты, банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қаржы қауіпсіздігі мен банк тұрақтылығына, сондай-ақ мыналарды:

заң бұзушылық сипаты мен банк, ұйым, ипотекалық ұйым үшін ықтимал зардаптарын;

заң бұзушылықтың жиілігі мен ұзақтығын;

жіберілген заң бұзушылықтардың нәтижесінде банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның шығындар мөлшерін;

жіберілген заң бұзушылық туралы банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның басшы қызметкерлерінің хабарлануын;

ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктерге, ұйымдарға, ипотекалық ұйымдарға, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылған ықпал ету шаралардың, санкциялардың, мәжбүрлеу шаралардың болуын;

банк оның нәтижесінде бұзушылық жасаған және (немесе) банкке зиян келтірілген немесе келтірілуі мүмкін болған ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғалардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың тұрақсыз қаржылық жағдайын;

банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның жалпы қаржылық жай-күйін есепке ала отырып, олардың депозиторларына, клиенттері мен корреспонденттеріне қауіп төндіретін заңсыз іс-қимылдарын немесе әрекетсіздігін анықтауды негізге ала отырып, сондай-ақ Заңда көзделген уәкілетті органның басқа талаптарын орындамағанда қабылдайды.

Банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның жалпы қаржылық жай-күйі есеп беру деректері (қаржылық, реттеуіш, статистикалық), тексерулердің, аудиторлық есептердің материалдары, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды орындау, сондай-ақ банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда қаржылық қолдауды алу мақсатында банк, ұйым, ипотекалық ұйым басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет ету негізінде айқындалады.

2. Бір шектеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда басқа да шектеулі ықпал ету шараларын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қабылданған шаралардың қолданысын уақытша тоқтатпайды әрі тоқтатпайды.

3. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына есеп жүргізеді.
2-тарау. Міндеттеме хат
4. Уәкілетті орган бар кемшіліктерді мойындау дерегі мен банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар басшылығының жоспарланған іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, қатаң белгіленген мерзімде оларды жою жөніндегі кепілінен тұруы тиіс кепілдеме хатты банктің ірі қатысушысынан, банктік холдингтен және олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банктен, ұйымнан, ипотекалық ұйымнан, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардан талап ете алады.

5. Уәкілетті органның кепілдеме хатты беру туралы талабы банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың қызметінде оларды жою өздеріне сәйкес міндеттемелерді алушы тұлғалардың тарапынан шаралар қолданумен объективті түрде мүмкін болатын кемшіліктер байқалған жағдайларда қолданылады.

6. Міндетті хатты беру мынадай:

өзіне сәйкес міндеттеме қабылдаған тұлға оны орындауға ниетті және орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті деп болжауға негіз бар;

міндеттемеде уәкілетті орган жөнсіздіктерді жою үшін жеткілікті деп танитын нақты шаралар құрамы және оларды жүзеге асыру мерзімдері бар;

уәкілетті орган тұлға қабылдаған міндеттеменің орындалуын тексере алатын жағдайлардың біреуі болған кезде жеткілікті ықпал ету шарасы бола алады.



3-тарау. Жазбаша келісім
7. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді дереу жоюдың қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезекті шараларды орындау туралы банктің ірі қатысушысымен, банктік холдингпен және олардың аффилиирленген тұлғаларымен, банкпен, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалармен жазбаша келісім жасай алады.

Жазбаша келісім басқару органының және (немесе) банктің (заңды тұлға, банктік холдинг болып табылатын банктің ірі қатысушысының және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың) атқарушы органының бірінші басшысымен немесе оның орнын алмастыратын тұлғамен, жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысымен жасалады.

8. Жазбаша келісім банк қызметінде күрделі қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалады, яғни егер оларды жөндеу бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қабылданбаса және (немесе) банктің қаржылық тұрақтылығын өсіру, оның қаржылық жай-күйін нашарлауға және банктік қызметпен байланысты тәуекелдерді өсіруге жол бермеу бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін банктің іс-шараларының жоспары және (немесе) Заңның 45-бабында көзделген уәкілетті органның талаптарына сәйкес ертерек ден қою шаралары орындалмаса немесе орындалуы уақтылы емес болса, жағдайы тез нашарлауы мүмкін.

9. Жазбаша келісімде басқару органы және (немесе) банктің (заңды тұлға, банктік холдинг болып табылатын банктің ірі қатысушысының және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың) атқарушы органы, жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйді жақсарту жөнінде алдын ала жасау қажет іс-қимылдардар мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып, банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

10. Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.

11. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар жазбаша келісімнің талаптарын орындамаған жағдайда және (немесе) егер келісімде көрсетілген шаралар күтілген нәтижелерге алып бармаса, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес санкциялар мен мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.


4-тарау. Жазбаша ескерту
12. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтаған жағдайда немесе егер бар кемшіліктер уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмайтын болса, уәкілетті орган Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды немесе Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту жасай алады.

13. Жазбаша келісім банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың) бірінші басшысына немесе оның орнын алмастыратын тұлғаға жіберіледі.

14. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың) бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға міндетті тәртіппен бес күнтізбелік күн ішінде атқарушы органның және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушысының, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың басқару органының барлық мүшелерін хабардар етеді.
5-тарау. Жазбаша нұсқау
15. Уәкілетті орган банк ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың атына белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған орындау міндетті болатын түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша нұсқау жасай алады.

16. Жазбаша нұсқау банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты міндеттеме хатты және ұйымға, ипотекалық ұйымға қатысты міндеттеме хатты қолдану олардың қызметін тиісінше түзете алмайтындығын немесе түзетуді қамтамасыз ете алмайтындығын ескере отырып, бұл жіберілген заң бұзушылық сипатынан шыққан жағдайда, банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

17. Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқауына шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.

18. Түзету шаралары жазбаша нұсқауда көрсетіледі және Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген орындалуы міндетті шараларды, сондай-ақ мынадай:

кредиторлар мен салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі;

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, банктің, банктік холдингтің ірі қатысушысына және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қойылатын басқа талаптарды орындау жөніндегі шараларды білдіреді.

19. Жазбаша нұсқау банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың) бірінші басшысына немесе оның орнын алмастыратын тұлғаға жіберіледі.

20. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың) бірінші басшысы немесе оның орнын алмастыратын тұлға бес күнтізбелік күн ішінде атқарушы органның және банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның басқару органының, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың барлық мүшелерін хабардар етеді.
6-тарау. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі негізгі талаптар
21. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар оларға қатысты ықпал ету шараларын қолдану туралы уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде, қажет болған жағдайда, басқа да құжаттарды қоса отырып, бар кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган жоспар-кестені қарайды және ол жөніндегі өз қорытындысын он күнтізбелік күн ішінде жібереді. Жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банкке, ұйымға, ипотекалық ұйымға, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау қажеттілігі туралы нұсқау жібере алады.

22. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және оның аффилиирленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық ұйым, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар уәкілетті органды ықпал етудің шектеулі шараларының орындалуы туралы тиісті құжатта көрсетілген мерзімде хабардар етеді.

Егер белгіленген мерзімде тәртіп бұзуды жоюды орындау мерзімі бір айдан асқан жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және оынң аффилииленген тұлғалары, банк, ұйым, ипотекалық үйым, банк конгломератының құрамы кіретін заңды тұлғалар ай сайын уәкілетті органды тәртіп бұзудың кезең-кезеңімен орындалуы туралы хабардар етеді.

23. Банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің және олардың аффилиирленген тұлғаларының, банктің, ұйымның, ипотекалық ұйымның, банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы уәкілетті органның шешімінде көзделген шарттар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басы уәкілетті органның келіп түскен осы шешімін тіркеген күн болып есептеледі.
7-тарау. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
24. Уәкілетті орган мәжбүрлеу шараларын Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданады.

25. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлға, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар оларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы уәкілетті органның хабарламасын алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде, қажет болған жағдайда, басқа да құжаттарды қоса отырып, шешімді орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесін уәкілетті органға ұсынады.

26. Уәкілетті орган жоспар-кестені қарайды және ол жөніндегі өз қорытындысын он күнтізбелік күн ішінде банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке, не банктің ірі қатысушысына, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаға, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға жібереді. Жоспар-кестемен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган банктің ірі қатысушысына, банктік холдингке, не банктің ірі қатысушысына, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаға, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібере алады.

27. Банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлға, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың осы құжатта көрсетілген мерзімде уәкілетті орган шешімінің орындалуы жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.

Егер белгіленген орындалу мерзімі бір айдан асқан жағдайда, банктің ірі қатысушысы, банктік холдинг, не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлға, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалар ай сайын уәкілетті органға кезең-кезеңімен орындау туралы хабарлайды.

28. Банктің ірі қатысушысының, банктік холдингтің, не банктің ірі қатысушысының, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаның, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғалардың уәкілетті органның шешімінде көзделген шарттар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басы уәкілетті органның келіп түскен осы шешімін тіркеген күн болып есептеледі.


8-тарау. Қорытынды ережелер
29. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет