47. Сабақ және сабаққа қойылатын талаптарға талдау жасаңыз



бет1/5
Дата22.12.2022
өлшемі47.1 Kb.
#467762
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ПЕДАГОГИКА 43-49 ЖАУАП


43.Оқытудың мәні мен құрылымын түсіндіріңіз.
44.Балалардың дамуын жас ерекшеліктеріне қарай бөлу, оның сипаттамасына сипатама беріңіз.
45.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен тақырыптық сабақ жоспарына талдау жасаңыз.
46.Оқушылардың білімін бағалау және есепке алуды түсіндіріңіз.
47.Сабақ және сабаққа қойылатын талаптарға талдау жасаңыз.
48.Жүйелілік және бірізділік принципіне сипатама беріңіз.
49.Дидактиканың объектісі, пәні мен қызметіне түсінік беріңіз.
Жауаптары:
43. Педагогикалық ойлау жүйесі қалыптасу үшін жоғары мектептегі оқу үдерісінің мәні, құрылымы, қызмет ету және даму логикасын түсіну керек. Оқытудың мәнін түсіну үшін осы үдерістің негізгі компоненттерін анықтау қажет. Сырттай қарасақ, оқу процесі оқытушы мен білім алушының бірлескен қызметі ретінде көрінеді. Мәселен, оқытушы студенттің іс-әрекетіне мақсат қояды, ақпарат береді, ұйымдастырады, ынталандырады, түзету (коррекция) жұмыстарын жүргізіп, бақылайды; студент бағдарламалық білім мазмұнын, әрекет түрлерін меңгереді. Осыдан оқыту үдерісінің екі жақтылық сипатының өзара байланыстылығы мен шарттастығын байқаймыз. Екі жақты қызмет белгілі бір мазмұнды меңгеруге бағытталады, осыдан оқылатын мазмұн үшінші компонент болып табылады.
Үш компонент (оқытушы, студент, білім мазмұны) сыртқы сипатты ғана көрсетеді. Олардың астарында жасырын ішкі қозғаушы күш, яғни, оқытудың мәніжатыр.
Оқытудың басты әлеуметтік қызметі әлеуметтік сұранысқа жауап беретін тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастырудағы негізгі «құрылыс материалы» болып адамзат тәжірибесі жинақтаған әлемдік мәдениет саналады. Тұлғаның қалыптасуы үшін оларды қандай мазмұнда таңдаймыз? Осыдан оқыту мазмұны келіп шығады да одан әрі оқыту мәнін түсінуге жетелейді. Жоғары мектеп дидактикасында оқыту мәнін анықтауда көбінесе белгілі дидакт И.Я.Лернердің тұжырымдамасы басшылыққа алынады:
Білім.
Тәжірибеде жинақталған, анықталған әрекет-амалдар.
Шығармашылық тәжірибе.
Меңгеруге қажет объектіге, сонымен қатар қоршаған адамдарға, өз-өзіне эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми, кәсіптік қызметке қажеттілік пен мотив.
Осы айтылғандардан оқытудың мәнін мынадай деп түйіндеуге болады: оқытудың мәні - ол мақсатты, әлеуметтік сұраныстан туындайтын және ғылыми білімді, іс-әрекетті, адамзат қол жеткізген рухани, материалдық мәдениетті жүйелі меңгеру негізінде тұлғаның дамуын көздейтін ұйымдастырылған үдеріс.
Оқу үдерісі - танымдық бағытта ұйымдастырылады. Ал, кез-келген танымдық міндеттер қарама-қайшылықта іске асады, білім алушының білетін, меңгергені мен меңгеруге тиісті жаңаның арасындағы қарама-қайшылық. Олар адам санасы, ерік-жігері, эмоция және оқытушының тұлғасы арқылы тұлғалық мазмұнмен жетілдіріледі.
Жоғары мектепте оқыту құрылымы оқыту мақсаты (не үшін оқыту), оқыту мазмұны (нені оқыту), құралдары, формалары, әдістері мен тәсілдері (қалай оқыту), оқыту нәтижесі тәрізді жүйеден құрылады. Сондай-ақ, оқыту үдерісі оқытушы мен білім алушысыз жүзеге асырылмайды. Демек, жоғары мектепте оқыту үдерісінің құрылымы төмендегі компоненттерден құралады:
Мақсаттылық компонент – жоғары мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері;
Мазмұндық компонент – білім мазмұнын құрайтын маман дайындауда меңгеретін білім, іскерлік және дағдалар жиынтығы;
Процессуалдық компонент - оқыту мақсаты мен міндеттерін іске асырудағы оқыту құралдары, формалары, әдістері мен тәсілдерімен сипатталады;
Бақылау-реттеу компоненті;
Нәтижелік-бағалау компоненті.
44. Бала туғаннан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдан тұрады.

  1. Жаңа туғавн бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

  2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

  6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

  7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс — әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет