47. Сабақ және сабаққа қойылатын талаптарға талдау жасаңыз



бет3/5
Дата22.12.2022
өлшемі47.1 Kb.
#467762
түріСабақ
1   2   3   4   5
ПЕДАГОГИКА 43-49 ЖАУАП

Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134 – 155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшықеттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді.Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.
Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын санылы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамндыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс — әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.
45. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
46. Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
Үй тапсырмалары бірнеше мақсатта беріледі:
а) сыныпта алған білімдерін бекіту;
ә) сыныпта алған білімдерін қосымша материалдар арқылы байыту, молайту;
б) шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы қабілеті, дарыны, талантын дамыту, оған әсер ету;
в) алдын ала берілетін тапсырмалар арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасының қандай түрі болмасын, мұғалім даралап (дифференциалдап) оқыту принциптерін басшылыққа алуы тиіс. Үй тапсырмасын беру оқылып жатқан тақырыптың ауыр, жеңілдігіне де байланысты болады. Мұғалім оған кететін уақытты мөлшерлейді, сондай-ақ басқа пәндердің тапсырмасын да ескеріп отырғаны жөн. Үй тапсырмасын түсіндіріп беру, үлгі, көмек көрсету оның жемісті орындалуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, қабілеті «орташадан төмен» оқушыға мұғалім үнемі көмек көрсетіп, «көмек-нұсқау» беріп отыруы керек.
Үй тапсырмаларының түрлері
Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:
а) Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.
ә) Тақырыптарды оқу, мазмұндау.
б) Тақырыптардың ең негізгі, түйінді дәнін бөліп ала білу.
в) Тезис конспекті жасау.
г) Өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу.
Көркем мәтін, көркем туынды бойынша:
а) Сюжеттік, композициялық жоспар жасау.
ә) Аннотация жазу.
б) Поэтикалық талдау жасау (көркем компоненттеріне).
в) Жазушы тілі, стиліне талдау
г) Кейіпкерлердің сөйлеу тілі, іс-әрекетінен мысалдар алу, оны жауаптарында, не шығармаларында пайдалану.
д) Негізгі оқиғаларды сұрыптап ала білу, сол бойынша мазмұндау, не образдардың іс-әрекетін ашу.
Бұл тәсіл, әсіресе, көлемді шығармаларды оқуда пайдалы. Мысалы, 4 томдық «Абай жолын», оның барлық оқиғаларын есте ұстау — өте қиын. Сондықтан әр кітаптың ең негізгі, басты оқиғаларын сұрыптап ала білудің маңызы зор.
Бағалау нормативі, оған қойылатын талаптар бағдарламада да берілген. Соны басшылыққа алу керек. Бағалау міндетті түрде түсіндірмелі талдау әдісімен беріледі. Бұл, әсіресе, бала білімін ауызша талдауда іске асырылады. Шығарма, мазмұндама сияқты жазба жұмыстардың аяғында пікір беріледі. Қателері жинақталып көрсетіледі. Талдау әдісімен бағалауда оқушылар оқушылар пікірімен, сыныптың пікірімен есептесіп отырған да жөн. Оқушы өзіне қойылатын бағаға келісе ме, оны да білудің артықтығы жоқ. Кейде оқушыларға өз білімін өзіне бағалатудың да маңызы зор. Бұл тәсіл оларды әділдікке тәрбиелейді. Өз-өзіне сын көзбен қарауға баулиды. Онда да оқушы бағаны талдау, түсіндіру арқылы қояды. Өз бағасына келіспеген оқушы егер қайта дайындалып келіп, айтайын десе, оған да мүмкіндік беру керек. Баға қоюдағы басты мақсат оқушыға білім берудің негізінен туындамай ма? Баға қоюда мұғалім ерекше әділ болғаны жөн. Қатал талап та, терең талдау да, көрегендік пен мейірім де, тіпті кешірім де бағалау кезінде өте керекті мәселелер. Әсіресе, «орташа», «төмен» оқитын, денсаулығы нашар немесе жетім балалар білімін бағалауда мұғалімге педагогикалық әдеп, ерекше ілтипат керек. Әділ, қатал болам деп, үнемі «2» немесе «3» қоя беру мұғалімді де, оқушыны да жетістіктерге жеткізбейді. Тамаша ұстаздар «екілікті» баланы жазалау түрі деп, әлдененің әлсізге жасаған қысастығы деп түсініп, оны қоя беруден бас тартады. Оның орнына нашар оқу себебін анықтайды, көмектеседі, қосымша сабақ өткізеді, өз сабағын барлық оқушыға қызықты етіп өтетін дәрежеде ойластырады. Қазір балаларды қабілеті, ынтасы, икеміне қарай оқыту тәжірибеге молынан енуде. Бұл – аса құптайтын мәселе. Мұғалім алдында математикадан қабілетті оқушы отырса немесе әнші, өнерпаз бала отырса, қолы шебер, ісмер бала отырса, оған кешіріммен қарап, үлгерімді жақсарту үшін, ізденген жөн. Баға – тек бала білімінің анықтаушысы емес, ол мұғалім еңбегінің де жемісі, анықтаушысы болып табылады.
47. Қазіргі заманда кез келген сабаққа қойылатын талаптар бар болғандықтан, сабақты сол талаптарға сай жүргізу керек:
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс;
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек;
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе екенін назарда ұстау керек;
5. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;
6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек;
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек;
8. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс;
9. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;
10. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыру шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет