472 бұйрығы бойынша жасалған Қмж келесі бетте


Әл-Хорезми (795-857) Aлгебра



бет24/29
Дата13.10.2022
өлшемі429.6 Kb.
#462610
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Дүниежүзі тарихы 4-тоқсан 6-сынып

Әл-Хорезми (795-857) Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.
Әбу Әли ибн Сина (980-1037).Oл - Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. Ол - «Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның, «Білім кітабы» деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы. 1000 жылы Бұхара қаласынан Үргенішке келіп, Бирунимен кездесіп, ғылыми кітаптарының көбін осы қалада жазады. Ибн Сина өсімдіктердің өсу процесін бақылап, олардың емдік қасиеттерін анықтаған. Бала ауруларын зерттеп, оларды өзі шөптен жасаған дәрі-дәрмектермен емдеп отырған

Түркі халықтарының эпостары
Оғызнама
Китаб Дәдәм Коркуд
Манас
Қозы Көрпеш
Алпамыс
Сәулет өнері. ІХ-Х ғасырларда салынған сәулет өнері ескерткіштерінің біздің заманымызға дейін сақталып калғандары өте аз. Оның себебі, IX ғасырдағы ескерткіштердің көбі жай балшықтан құйылған. Ал күйдірілген кірпіштен салынған саманилер дәуірінің ескерткіштері жақсы сақталған. Соның бірі Бұхара қаласындағы Исмаил Самани кесенесі. Варахша және Афрасиаб қалаларындағы сәулет ескерткіштері де жақсы сақталған. X ғасырдағы Орта Азия сәулет өнері негізінен мешіттер мен мұнаралардан тұрады. Соның бірі Бұхара каласындағы Калян мешітінің жанындағы мұнара 1127 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен салынған. Хорезм қаласында ХІ-ХІІІ ғасырларда салынған бірқатар сәулет ескерткіштері сақталған. Олар: Боранқала, Наибқала, Қабатқала, сонымен қатар Үргеніш қаласындағы Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындагы Раб-и-Мелик керуен сарайы Текеш хорезмшах жерленген кесене.
Бейнелеу өнері де өркендеді, XV-XVII ғасырларда Самарқан, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы дамыды. Осы кезендегі Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап миниатюрасы және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі көрнекті орын алды. XIV ғасырдың соңында - Әмір Темір дәуірінде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарайлар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Олардың санатында сол дәуір сәулетшілерінің тамаша туындысы - Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Ол құрылысты Темір бастап салғызып, Ұлықбек аяқтаған. Ортағасырлық Орта Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениетке өз үлесін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет