5- дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси мәдениет пен саяси мінез-құлық. Саясаттану



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#484045
  1   2   3   4   5   6   7
5-дәріс. Саяси партия, Саяси мәдениет



5-
дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, 
қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси мәдениет пен 
саяси мінез-құлық.
Саясаттану
Қызметі: Аға оқытушы, магистр 
Кафедра: Халықаралық қатынастар
және туризм Исаева Ляззат Ныгметовна


1.
Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар
2.
Саяси мәдениет пен саяси мінез-құлық


1. Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар
Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар 
мемлекет пен қоғамның арасын байланыстырушы 
буын, азаматтық қоғамның элементтері.
Саяси партия –мемлекеттік билікті қолға алуға 
немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ 
мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың 
ерікті одағы. Саяси партиялардың жалпы теориясының 
негізін француз ғалымы М.Дюверже қалады.
Морис Дюверже
(1917
– 2004)


Партияның белгілері
5. Бағдарламасы (қоғамды 
дамытудың жобасының) болады
1.
Ұйым ретінде құрылады
2. Билікке ашық түрде бағытталып, 
ұмтылады
3. Бұқаралық тірек табуға 
тырысады 
4.
Идеологиясы болады


Тарихқа белгілі алғашқы партиялық құрылымдар ежелгі 
Грекия, Римде пайда болған. «Партия» («partis») термині 
пайда болып, ол латын тілінен алғанда «бөлік, бөлшек» деген 
мағынаны берген. Ежелгі заман, орта ғасырлардағы 
партиялық құрылымдар сословиелік сипаттағы шағын 
элитарлық топтар еді. Шексіз әкімшілік билеген дәуірде 
олардың айтарлықтай маңызы болмады. Жаңа дәуірдегі 
буржуазиялық революциялар кезінде көптеген партиялар 
пайда болды. ХІХ ғ. ортасынан бастап партиялар саясатқа 
ықпал ете бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет