|
Құрамы өзгерді Мезолит заманында ірі-ірі екі оқиға болды
|
Дата | 18.10.2023 | өлшемі | 15.14 Kb. | | #480966 | түрі | Құрамы |
| 3 Ежелгі адамдардың өміріне саяхат Қосымша 1 Таратпа материал
Қосымша 1
Тапсырма. Берілген мәтіндегі ақпаратпен таныса отырып, тиісті ойды жалғастырыңыз:
Жануарлар дүниесінің түрлік құрамы өзгерді .......
Мезолит заманында ірі-ірі екі оқиға болды .............
Микролиттер негізінде жебенің .................
Андарды бірлесе қуалап, қамап ...............
Жәкен Таймағамбетов, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Тас дәуірінің тарихында Қазақстан аумағында мезолит пен неолит заманы шамамен б.з.б. XII-X және III мың жылдықтардың арасындағы уақытты қамтиды. Неолит немесе жаңа тас дәуірінен металдарды кеңінен пайдалануға бет алған өтпелі дәуір әдетте энеолит немесе мысты-тас дәуірі деп аталады. Аңшылар мен балықшылар тайпаларында бұл дәуір археологиялық материалдар бойынша әр уақытта бірдей жеткілікті айқын түрде бейнеленбегендіктен, отандық тарихнамада ұзақ уақыт Қазақстанның энеолиті неолитпен бірге қарастырылып келді. Ол замандағы табиғи орта қазіргі бейнеге көшті. Жануарлар дүниесінің түрлік құрамы өзгерді: енді, аңшылардың аулау нысаны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян мен үйрек болды. Аңшылықтың жаңа құралдары ойлап шығарылды. Андарды бірлесе қуалап, қамап ұстау әдісімен қатар жеке-жеке аулау да зор маңыз алды; балықшылық кәсібі өрістеді. Мезолит заманында ірі-ірі екі оқиға болды: садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер — үш бұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді шағын тас тілікшелері шықты. Ал неолит дәуірінде микролиттік индустрия ерекше кеңінен өрістеді. Микролиттер негізінде жебенің ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе, ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарына ондаған ұсақ микролиттер тығылды; нақ осылар құралдың өткір жүзі болып шықты.
Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1089 © e-history.kz
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|