5-дәріс. «CorelDraw редакторында, графикамен, мәтіндер және объектілер тобымен жұмыс»
Дәріс жоспары:
1.CorelDraw объектісі түсінігі.
2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және эллипстерді салу.
3. Объектілерді түрлендіру.
4. Контур түсі және объектіні бояу.
5. Объектілер формаларын модификациялау.
6. Мәтіндерменжұмыс.
7. Объектілермен жұмыс.
1.CorelDraw объектісі түсінігі.
Векторлық форматтағы кез келген кескін бір-біріне бағынышсыз редактрленетін, көптеген құрама бөліктерден тұрады. Кескін құрайтын негізгі элементтер объектілер болып табылады. Кескін элементтері: түзу, қисық, тұйық қисық, эллипс, тіктөртбұрыш, көпбұрыш және т.б. объект деп аталады. Бірнеше объектілер комбинациясы арқылы жаңа объект құруға болады.
2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және эллипстерді салу.
Тіктөртбұрыш құралын таңдау арқылы тіктөртбұрыштардың кезөкелген түрін және әртүрлі өлшемде құруға болады. Тіктөртбұрышты салу үшін бастапқы бұрыштан қарама-қарсы бұрышқа тышқанды жүргізу қажет. Салынған объектіде центр координаттары және өлшемі болады. Оларды қасиеттер тақтасында (1-сурет) өзгертуге болады.
1-сурет. Объект центрінің координатын және өлшемін енгізу өрістері.
Сонымен қатар тақтасында тіктөртбұрыштың кез-келген бұрышының дөңгеленуінің радиусын есептегіштер арқылы беруге болады (2-сурет).
2-сурет. Бұрыштардың дөңгеленуін беретін тіктөртбұрыш параметрлері.
Эллипс пен көпбұрыштар тіктөртбұрышқа ұқсас құрылады. Тек қана көпбұрыш қабырғаларының санын қасиеттер тақтасында көрсетсе, әртүрлі көпбұрыштар алуға болады: үшбұрышғ бесбұрыш т.б.
3. Объектілерді түрлендіру.
Құралдар тақтасынан Бағыттауыш құралын таңдағаннан кейін немесе объектінің үстінен тышқанмен шерткеннен кейін объектіні редактрлеуге болады. Оның маңайында қара тіктөртбұрыштар, центрінде крест, төбелерінде - контурлы тіктөртбұрыштар көрінеді. (3-сурет). Осындай барлық басқарушы элементтер объектіні редактрлеу үшін арналған: орын ауыстыру, өлшемін өзгерту, жою. Егер тышқанмен объект үстінен екі рет шертсе, онда объект 4-суретте көрсетілген түрде болады, және онған мынадай операциялар орындауға болады: айналдыру, қисайту және т.б.
3-сурет 4-сурет
Объектілер тобын белгілеу үшін, Shift пернесін басып тұрып объектілерді тышқанмен шерту қажет. Белгіленуді алып тастау үшін бос жерден бір рет шертсе болғаны. Объектіні басқа жерге көшіру үшін оның центрінен тышқанның оң жағымен ұстап алып қалаған жерге апарады.
CorelDraw қолданушыға объектіні көшірудің үш түрін береді: алмасу буфері арқылы, көшірмесін алу және қисайту арқылы. Алмасу арқылы көшіргенде Редактировать—Копировать және Редактировать—Вставить командалары қолданылады. Редактировать—Дублирлвать командасы объектіні жұмыс өрісіне көшірмесін біраз ығыстыру арқылы көшіреді. Мұнда алмастыру буфері қолданылмайды. Команданы қайталай беретін болса белгілі бір қадаммен ығыстыру арқылы көшіре береді (5-сурет).
5-сурет. Эллипстің көшірмесін (дублировать) алу мысалы.
Редактировать—Клонировать командасы да объект көшірмесін бірден жұмыс өрісіне көшіреді. Көшірмесін алудан өзгешелігі түпнұсқа мен жаңа объект арасында байланыс орнатады.
4. Контур түсі және объектіні бояу.
Белгіленген элементті бояу үшін түстер палитрасына барып ұнаған түспен тышқанның оңжағын шерту, ал контурын бояу үшін сол шертсе болғаны. Егер обектіде бояу жоқ болса, онда объект мөлдір болып есептеледі де, одан басқа объектілер көрініп тұрады. Тұйық контурлы объектілерді интерактивті бояумен бояған ыңғайлы. Онда қасиеттер тақтасында сәйкес басқару элементтері пайда болады.
Бояу элементтер тобы өзіне мынадай бояу тәсілдерін қамтиды:
Біртекті бояу,таңдалған түспен тұтас бояйды.;
Градиентті бояу, таңдау бойынша параметрлерін өзгертіп отыруға болады;
Өрнекпен бояу;
Текстурамен бояу;
PostScript өрнегімен бояу.
6 -сурет. PostScript өрнегімен бояу сұхбат терезесі.
5. Объектілер формаларын модификациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |