5 дәріс тақырыбы. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет1/2
Дата13.12.2022
өлшемі0.62 Mb.
#467184
  1   2
педагогика кесте 5-10


5 дәріс тақырыбы. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде

Педагогика

Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым.
Тәрбие жөніндегі ғылым

Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан.

Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мегзес. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».


Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары


Сократ Платон Аристотель Тертуллиана
(469-399жж.б.э.д.) (427- 347жж. Б.э.д.) (384-322жж.б.э.д.) (160-222жж. Б.э.д)

философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері





Августин (354- 430жж.) Фома Аквинский (1225-1274) Лойола (1491-1556)



Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагоггуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында:

голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536)

италияндық Витторино де Фельтре (1378- 1446)

француздық Франсуа Рабле (1483-1553)

Мишель Монтень (1553- 1592)



XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары

Д.Дидро (1713-1784)

К.Гельвеций (1715- 1771)

П.Гольбах (1723-1789)

Ж.Ж.Руссо (1712-1778)

И.Г.Песталоцийдің (1746-1827)




Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер:

В.Г.Белинский (1811- 1848)

А.И.Герцен (1812-1870)

Н.Г.Чернышевский (1828-1889)

Н.А.Добролюбов (1836-1561)

Л.Н.Толстойдың (1828-1910)

Н.И.Пирогов (1810-1881)



Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз

А. Құнанбаев

Ы.Алтынсарин

С.Торайғырұлы

А. Байтұрсынұлы



Джон Дьюи (1859- 1952)

Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі. Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка және Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.

Эдвард Торндайк (1874-1949)

Оқу процесін зерттеумен атын әйгілеп, әрекетшіл тәрбие технологиясын бүкіл әлемге жария етті.

Бенджамен Спок

Елімізде аты танымал американ педагогы және дәрігері. Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тәрбиеде басты не болу керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің санасына жаңа тәрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген жауап- педагогика қай бағытта: әміршіл-әкімшіл немесе гуманистік – жолымен дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала және оған қамқорлық”, “Анамен сұқбат” және т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.

Мария Монтессори (1870-1952)

XX ғасырдың басында әлемдік педагогикада еркін тәрбие және бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори болды. Өзінің «Ғылыми педагогика әдістемесі» кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. Себебі, сәбилік шақтағы бала дамуы үлкен тәрбиелік табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану және басқа пәндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады және оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша -мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тәрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.

Константин Николаевич Вентцель (1857-1947)

Ресейдегі еркін тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып, бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж. аралығында Мәскеуде ол ұйымдастырған «Еркін бала Отауы» жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. Тәрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жәрдемдесу қызметтерін атқарды.



Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тәрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар

С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дәуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский



Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939)

теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939)

балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тәрбиесі, саналы тәртіп қалыптастыру және балаларды отбасында тәрбиелеу әдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, әрі өзі оларды тәжірибе тексеруінен өткізді

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970)

өз зерттеулерін жастарды тәрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дәл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы және қоғамды қайта түзу дәуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын әлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жәрдемін тигізіп отыр.

Михаил Алексеевич Данилов (1899- 1973)

Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі. Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты (“Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері”,1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат және моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші әдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.

Л.В.Занков

70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нәтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.



Педагогика нысаны.

Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым және практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі – бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тәрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған ісәрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған шынайы педагогикалық құбылыстарды айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.

Педагогика пәні

Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.



"Тәрбие" ұғымы тар мағынада

"Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тәрбие әлеуметтік мағынада

аға ұрпақтың өзінің жинақтаған тәжірибесінкейінгі ұрпаққа беру процесі

Тәрбие педагогикалық мағынада

арнайы оқу тәрбие мекемелерінде жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған процесс.

Білім беру

табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.

Оқыту

білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.


Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

- сипаттау немесе түсіндіру – озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;

- анықтау (диагностикалық) –педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін анықтау, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;

- болжау (прогноздау) – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу, солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.

Технологиялық функция да үш деңгейде іске асырылады:



1) проективтік, әдістемелік материалдарды дайындаумен байланысты (оқу жоспарлары, бағдарламары, оқулықтар және т.б.);

2) түрлендіруші – педагогикалық ғылым жетістіктіктерін білім беру практикасына енгізу;

рефлексивтік /ықпал таныту/ және түзетушілік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбие практикасына ықпалын бағалау және ғылыми теория мен практикалык іс-әрекеттің өзара әрекеттеріне түзетулер енгізу

Педагогика міндеттері:



- тәрбиедегі, оқытудағы, тәрбие және білім беру жүйелерін басқарудағы заңдылықтарды ашу;

- педагогикалық практиканы, тәжірибені зерттеу және қорыту;

- білім берудің дамуын болжау;

- зерттеу нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізу

6 дәріс тақырыбы. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері



Дескриптивтік әдіснама

ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді

Прескриптивтік әдіснама

зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады



Педагогиканың философиялық негіздемесі

Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.

Экзистенциализм

болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дәріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік – өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние әр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс. Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына және т.б.себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар әр адамның өзін-өзі кемелдендіру әрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тәрбие, білім беру

Неотомизм

орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дәлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет. Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан және рухани. Заттасқан болмыс- ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мәні жоқ дүние – оны зерттейтін ғылым. Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мәнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мән Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде санасына қонады. Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан және рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мәңгі өмір берген Алла тартуы. Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тәуелділігін (рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір мәнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу және тәрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.

Неопозитивизм

мәндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргі заман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дәуір философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика әлсіздігін, неопозитивистер, оның шынайы деректермен іс-әрекеттерге орынды мән бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, әдістерге елеулі мән беріп, оқу мен тәрбиеде негізгі нәрсе «білім емес, ал оны ұғу мен игеру әдістері» - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – Дж. Конант. Оның «Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.

Прагматизм

философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника және өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тәжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тәжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін. Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, әсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, әлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тәрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді. Прагматизмнің тірек ұғымы «тәжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-әрекеттік тәжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи және оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли және т.б.) инабаттылық тәрбиесі мәселелерін де осы жекеленген тәжірибе тұрғысынан қарастыруды дәріптейді. Адам өз әрекетқылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тәуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі әрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жәрдем бергеннің бәрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.

Диалектикалық материализм

табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы қозғалыс және даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс және Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тәжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді. Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нәтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты және тәуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды және өзгеріске келеді. Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.

Бақылау – зерттелетін педагогикалық құбылысты мақсатты түрде қабылдау арқылы нақты фактілер жинау. Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар:



1. Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі

2. Бақылау алдын-ала ойластырылған және жазылған жоспар бойынша жүргізіледі.

3. Зерттелетін белгілер саны минимум болуы керек және оларды нақты анықтау қажет.

4. Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін және оларды болдырмау жолдарын алдын-ала ойластыруы керек.

Педагогикалық бақылауды дайындаудың және жүргізудің келесі кезеңдерін көрсетуге болады:



1

бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау;

2

бақылау жоспарын құру, құжаттарды дайындау (бақылау хаттамасы бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар және т.б.);

3

бақылау мәліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.);

4

бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу;

5

бақылау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау.

Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:



- тікелей бақылау

зерттеуші- мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады. Мұғалімнің рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

- жанама баылау

ол тікелей бақылауы толықтырады және зерттеушімен бірге, оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арќылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

- жасырын немесе елеусіз бақылау

тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылапзерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды

- үздіксіз бақылау

оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады;

- дискретті (үзік-үзік) бақылау

объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

- монографиялық бақылау

біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады;

№7 дәріс тақырыбы. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы


Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді. Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың - философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Адамның жалпы дамуында бір-бірімен тығыз байланысты, қатар жүретін екі бағыттарды көрсетуге болады: биологиялық және әлеуметтік. Олар өзара тығыз байланыста, бір-бірінен тәуелділікте болғандықтан адамдағы тұқымқуалаушы қасиеттер оның тек биологиялық эволюциясы емес, сонымен қатар әлеуметтіктарихи дамуының да нәтижесі болады. Осыған байланысты «адам», «тұлға», «индивид» және «даралық» ұғымдарының қандай биологиялық не әлеуметтік мәні бар екенін ажыратып алуымыз керек.

Адам

«Адам» ұғымы биологиялық мәнді білдіреді және оған берілген анықтамалар өте көп.  Адам (биологиялық түсінік ретінде) –тіршілік иесі, өкілі, фило және онтогенетикалық даму өнімі. Бұл анықтамадан адамның биологиялық эволюция нәтижесі екендігін ғана көреміз.  Келесі анықтама оның әлеуметтік сипатын ашады: адам – адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады. Адамды басқа тіршілік иесінен ажырататын ең негізгі белгі – оның әлеуметтік сипаты. Ол туғаннан бастап өзін қоршаған адамзаттың басқа өкілдерімен әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа, өзара әрекетке түседі. Оның іс-әрекетінің әлеуметтік мәні бар және ол белгілі бір әлеуметтік фунциялар атқарады. Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының ықпалы арқылы жүреді. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді. Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.

Индивид

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивид – жеке-дара адам. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады

Даралық

Даралық, қысқаша айтқанда, бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. «Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек.

Тұлға

қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға қалыптасуында биологиялық пен әлеуметтіктің қатынасы өте күрделі және адам дамуының әр кезеңіндегі, әртүрлі жағдайларындағы ықпалдары біркелкі емес. Белгілі психолог Л.И.Божович тұлға деп психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен адамды айтады. Бұл деңгей адам өзін-өзі тану процесінде өзін басқалардан бөлек деп қараумен және «Мен» деген түсінікпен сипатталады. Сонымен қатар, психикалық дамудың бұл деңгейі адамның өзінің көзқарастарына сәйкес келмейтін қоршаған ортаның ықпалдарынан тәуелсіздігімен және салыстырмалы түрде оны тұрақты ететін өзіндік көзқарастары, моральдік талаптары және бағалары болуымен сипатталады. Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға – белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы – қоғамдық тәжірибені шығармашылпен игеру және адамды қоғадық қарымқатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып туса, тұлға болып қалыптасады.

Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.



Биологиялық

(преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (З.Фрейд). Адам қоғам талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағатандырылмаған табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады дейді. З.Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәелді деп есептеді.

Әлеуметтік

бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б. инстинктері анық көрінеді.

Биоәлеуметтік

бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылда, ойлау және т.б.) биологиялық негіде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары, қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді. Қәзіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты әлеуметтіктен бөлуге болмайтын біртұтас ретінде қарастырады. Тұлға бойындағы биологиялық өзгерістер оның іс-әрекетіне ғана емес, өмір сүру образына әсерін тигізеді. Дегенмен, шешуші рольді әлеуметтік өмір нәтижелері: мотивтер, қызығушылықтар, мақсаты атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып дене (физикалық) кемшіліктері мен мінез ерекшеліктерін (қызуқандылық, ұялшақтық және т.б.) жеңуге мүмкіндік береді.

Оқушы тұлғасының дамуы бір-бірімен байланысқан үш өлшем бойынша жүзеге асады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік.



Биологиялық өлшем

бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

Психологиялық өлшем

адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.

Әлеуметтік өлшем

адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Әр бағыт бойынша қайтымсыз өзгерістер-оқушы түлғасының жаңа сапалық жағдайы пайда болады. Әрине, педагогика үшін оқыту мен тәрбие процесі барысында тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуы бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Бұдан оқушының биологиялық дамуы назардан тыс қалады деген пікір қалыптаспауы тиіс. Өйткені, жоғарыда айтқандай әлеуметтікті биологиялықтан бөліп алмай, адам дамуын тұтас процесс ретінде қарастыра отырып, оқушы тұлғасының барлық бағытта үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге жағдайлар жасау-педагогика ғылымы мен педагогикалық практиканың негізгі міндеті болып табылады. Педагогикада мұғалім және оқушы еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру үшін биологиялық даму деректері пайдаланылса, оқушының психикалық дамуы заңдылықтары негізінде оқыту мен тәрбиенің теориялық модельдері жасалады, оқушының әлеуметтенуінің мазмұны, құралдары және жолдары анықталады.

Қазіргі кезде әлеуметтену процестерін зерттеу осы ұғымды кең және тар мағынасында қарастыруға мүмкіндік береді.



Әлеуметтену кең мағынада

адамның түр ретіндегі табиғатын, оның пайда болуын және қалыптастуын наықтау болып табылады.

Тар мағынада әлеуметтену

нормаларды, құндылықтарды және иделдарды белсенді игерту арқылы адамды әлеуметтік өмірге тарту процесі.

Әлеуметтену – үздіксіз өмір бойы жүретін процесс. Әлеуметтену факторлары: (А.В.Мудрик бойынша)



Макрофактор

мемлекет, ел, коғам, мәдениет;

Мезофактор

этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің түрі (тип поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары;

микрофактор

отбасы, микросоциуам (жақын қоршаған орта), тәрбие институттары, діни ұйымдар

8 дәріс тақырыбы. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы


Жеке индивидке қатысты жоғары деңгейлі жүйе ретінде қарастырылатын оқушы ұжымында, оқушының тікелей жұмысы қажетті. Мұғалім жеке оқушының педагогикалық процестің басқа да кіші жүйелерімен байланыстырушы орта буыны болып табылады.

Ата-аналар

Мектеп ұстаздары

Оқушы

Мектеп әкімшілігі

Мұғалім

Сынып ұжымы

Мектеп ұжымы

Сынып ұстаздары
Мектеп ұжымы Мектеп әкімшілігі Мектеп ұстаздары Сынып ұжымы Оқушы Ата-аналар Сынып ұстаздары


Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымылығында және қарама-қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Ленердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кен көлемде баяндалған. Құбылыстар мен прцестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады:

1.Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты.

Орта мектепте бұл заңдылықты іске асыру елдің әлеуметтікэкономикалық дамуына байланысты болды. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық пргреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

2.Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы

Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмек тесе отырып, білім беру тәрбие және даму функцияларыныңбірлікте іске асуына мүмкіндік туғызды. Л.С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ал бала дамуының «ең таяу даму аймағын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «ең таяу даму аймағы», одан әрі «актуалды даму аймағына» көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды, себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

3.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі

Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктін ролі өте зор. Ісәрекеттің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеуі белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойында адамгершілік қасиеттеі(қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. Тәрбие және оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейді, тереңдейді. Мысалы, оқыту процесінде баланың ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Жек адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан жаңа факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауат емес, ол шырақ, оның өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

4. Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі.

Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, спорт, еңбек, көркемдік, қоғамдық-саяси ісәрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиді, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады. Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас – бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол информациялық, нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, айналадағы орта тұралы мол информациялармен байытып, ой-өрісін дамытады. Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормалардықоғам реттейді. Қоғамдық номалардың көзі – идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

5. Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады: а) оқу жоспарланып, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасағанда; ә) организмнің дене және психикалық дамуы барысында; б) оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде; Жеке адамның дербес ерекшеліктері: а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипатта; б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі. Білім беру және тәрбие жұмыстары жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Педагогикалық процесте коллектив пен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адамды қалыптастырудың негізгі көзі коллектив болады. Коллективсіз жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді. Совет ғалымдары Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский коллективті қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасайды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас – коллективтің даму процесі. педагогикалық процесте Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы творчестволық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.

6. Педагогикалық процесс міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.

Педагогикалық процестің барлық элементтерінің мақсаттары және міндеттері, яғни олардың мұғалімінің,тәрбиешінің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар: а) оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты; ә) оқыту мен тәрбиенің формалары, олады ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты; б) оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады. Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.





9 дәріс тақырыбы. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тәрбие мазмұны, формасы, әдістері – бәрі де мақсатқа тәуелді. Тәрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты әрі үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген. Оның баптары:

  • тәрбие процесінің мазмұнын анықтайды;

  • тәрбие нәтижесінің шарттарын белгілейді;

  • педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;

  • тәрбие жүйесін толықтай айқындайды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет