«Постмодернизм» терминін алғаш енгізген Ихаб Хасан постмодернизмнің 11 қасиетінің екіншісі үзіп алынған сәтті (фрагментальность) далелдей туссек, романның әр бөлімі бірнеше қысқа әңгімелерден құралған



Дата13.12.2022
өлшемі32.91 Kb.
#467170
Документ Microsoft Word


Жоғарыда Г.Пірәлиеваның еңбегінде көрсетілгендей постмодернистер үшін «әлем хаос секілді» деген түсінikke сүйенсек «Гулдер мен кітаптардағы»Әлішер де өзінің ғұмырнамалық кітабына, тіпті өзінің қасиетті миссиясына балаған «Тәңірдің кітабын» жазып шығуға бел буған жігіт романының соңғы нуктесін қоя алмай, руханн әуре-сарсаңға түседі. Ізденістер мол, тек белгілі бір байлам жоқ, ce6e6i кейіпкер көкейінде күмән көп. Ажары қайтьп, қиюы қашқан тіршіліk базарының бей-берекет kөpiHici ақыры оны өлімге итермелейді.
«Постмодернизм» терминін алғаш енгізген Ихаб Хасан постмодернизмнің 11 қасиетінің екіншісі үзіп алынған сәтті (фрагментальность) далелдей туссек, романның әр бөлімі бірнеше қысқа әңгімелерден құралған. Роман мәтіннің бастан-аяк тутастай окылуын қажетсінбейді. Кей тустары зияткерлік деңгейі (эрудициясы) жоғары оқырмандар ортасында ғана қызықты материал болгандыктан, интеллектуалды прозаға да жататыны рас. Автор гылымнан заманауи озык философия мен филологиялык маселелерге, дінтануға, кітап тарихына, гулдерге катысты ой-толгамдарга құрылған жекелеген мәтіндердің, интермәтіндердің ушырасуы шығарманың постмодернистік поэтикага сайкес екендігін айқындайды.
Ж.Жарылгаповтың пікіріншe постмодернизмде «шартты турде түсініксіздік» тудыру бар. Метте жоққа шығарылады да қайта жазылады, мәселен, романның жазылған және оқырман тарапынан қабылданған нұсқасын кейіпкер Әлішер жыртып тастайды да, өртейді.
Романның интертекстуалдық сипатына және өзге факторларға байланысты мәтінде әртүрлі, әркелкі стильдер бедер тапқан. Көркемдік тұрғыда роман авторы Д.Амантай мен «роман ішіндегі роман» авторының – Әлішердің сөйлеу мәнері мен жазу машығының әртүрлі болуы заңды. Осының үстіне қасиетті кітаптардан алынған интермәтін үзінділерінің әрқилы стилде болуын ескерсек, романның эклектикалық сипаты ашылды.
Ішінара ортақ байланысы жоқ мәтіндердің кездесуі, баяндау ауқымында авторлық «мен»-мен бірге авторлық мәртебеге ие ортақтық, кейде бәсекелестік танытатын жазушы-кейіпкердің «мені» қатар жүреді.
Көркемдік-эстетикалық тұрғыда қаламгер барлық шектеулерден ба тартқан. Автор (автор-кейіпкер Әлішер) жалпы дін, оның түрлері, соның ішінде қазақ елінің Ислам дініне дейінгі наным-сенімдерді – тәңіршілік туралы қасиетті ұғымдарға қатысты пайымдарына кей жағдайларда сакральді табуларды саналы түрде ысырып тастайды.
Бірінші деңгейдегі кейіпкер Әлішердің көркем уақыты мен кеңістігі нақты (Алматы 2002). Typki күнтізбесін жасау үстінде Әлішердің: «Қазір 2002 жыл», - деп реалды уақытты айтатыны автор уақыты мен кейіпкердің көркем уақытының бетпе-бет келетіндігін дәлелдейді. Сонымен бірге екінші, үшінші (роман ішіндегі романдағы) көркем уақыттар қоса қамтылып отырады. Жалпы романда қазіргі дәуір мен бағзы бір заман уақиғаларының қатар өрбуі – дүние болмысын тану жолындағы ұлы сауалдарға жауап іздейтін постмодернистік әдебиеттің айқын белгісі. Кейіпкердің ой әлемі суреттеуде автор сараңдық танытпағанымен, толықтай жан әлемі бұлыңғыр қалыпта қала береді. Себебі постмодернистік әдебиет адамның ішкі әлеміндегі күйзелістерді тура бейнелеуден тартынады, алайда кейіпкер психологиясы, рухани әлемі авторлық жанама суреттеу я болмаса оқырманның зияткерлік қатысуы арқылы айшықталып отырады.
Мәтіннің әр тұсында бой көрсететін философиялық-эстетикалық толғаныстардың өзі кейіпкер жан әлемінің қия-қалтарысына жарық сәуле шашады: «...Гул — 6api6ip азаттық пен жалғыздықтың жалауы. Азаттықты іздеген жалғыздықтан жеңіледі. Гүлде сол бір жасырын мұң бар, сол бір жасырын мұң гүлге талмай ұзақ қараған соң, сізге көшеді, кейін қанша қуансаңыз да сізден шыққан күлкі тереңдігі күрсіністі жасыра алмай – бетіңізде жүгінген ізінің әйтеуір бір жерінен алаң көңілдің белгісін әшкерелеп тұрады.
Кайшылык та сонда, гул өсірген адам, өзіне серік іздейді» - сынды ой-сезім толқындары кейіпкердің мұңды жалғыздығынан хабар беріп жатады. Қаламгер қазақ сөз өнерін өзінше тосын стильдік айшықпен ұсына отырып, ұлттық-философиялық эстетикалық ойдың жаңа дәуіріндегі даму үрдістерін бажайлайды.
Тағы бір айта кететін жай постмодернистік жүйеде мәтіннің екі негізгі түрі ретінде гиппертекст интертекст қарастырылатынын айттық. Аталған жазушы шығармаларынан осының соңғысын көруге болады, олардан сәтті-сәтсіз еліктеу сарыны сезіліп тұрады. «Тотыкус тусті» романынын артынан Э.Хемингуэй шығармасы мен мұңдалып тұратындай. Екі шығарманың да кейіпкерлері: боксшылар, әдебиетшілер, жас жүргендер.
«Постмодернизм түсінігінде көркемдік пафостан ғана емес, жалпы әдебиеттіктен қашады, документальдық немесе оның имитациясы да осыдан» - дейді Э.Маркштейн. Документализм немесе оның имитациясы да осы еліктеудің әсері.
Постмодернистік мәдениеттің тағы бір сипатын И.Ильин Батыстың көптеген жазушыларының шығармашылығынан көрінетін «өзіндік рефлексия» деп атаиды. Батыс жазушыларының романдары негізінен оқиғаларды баяндау мен оларға қатысушы кейіпкерлерді суреттеуден ғана емес, осы шығарманың жазылу процесі жайлы ұзақ толғаныстардан тұрады және көп ретте осы процесс суреттеудің басты объектісіне айналады.
Д.Амантайдың «Тотықұс түсті көбелек» және «Шайыр мен Шайтан» романдары да осы уш курамдас бөліктен тұрады: оқиғаларды бірқалыпты баяндау, кейіпкерлерді бірқабат сипаттау шығу және осы романның жазылу процессін сөз ету.
Жоғарыда Әуезхан Кодардың «постмодернизм бурынгы қагидаларды жокка шығаруға тырысады деген пікірін келтірген болатынбыз. Д.Амантай романдары осы мақсатты да ұстанған. «Құдайлар қайтыс болмайды» романы – Ф.Ницщенің «Все боги умерли» деген сөзіне қарсы айтылса, «Шайыр мен Шайтан» романы – Ф.М.Достоевскийдің «Красота спасет мир» деген қағидасына қарсы шығу.
Э.Маркштейннің қарастыруында «Постмодернизмнің негізгі такырыбы — тұлғаның шайылып кетуі, ғұмырбаянның жоғалуы» десе, қарастырылып отырған жазушы шығармаларынан мұны да байқауға болады. Осы айтқанның бәрі Д.Амантайдың «таза қанды постмодернист», яғни осы құбылыстың қазақ әдебиетіндегі көрінісі деп қарастыруға негіз береді. А.Ісмақова: «Постмодернизм әлемді адам санысына багынбайтын «хаос», манайымыздагы алем тек мәтіндерден ғана тұрады деп есептейді. Бұны «дискурстык мәтіндер» деп атайды. Постмодернизм белгілі бір тарихи кезеңді немесе шектеулі нәрселерді ғана сипаттамайды. Бұл көркем мәтіндердің авторы болуы да мүмкін, болмауы да (смерть автора) ыктимал. Сол мәтіндерді жазып отырган адам «мен» деп жазбайды, жазушы «маска kиіп» жазуы (авторская маска) мумкін».
Аслан Жаксылыков: «Постмодернизм модернизмнің үлгілерін алады, бірақ сол дүниелерге мысқылмен қарайды. Бұндай нәрсені әдебиетте «римейк» дейді».

Академик С Қасқабасов постмодернизм туралы: 《Шынтуайына келгенде модернизм дегеннің өзі жаңа деген сөз. Постмодернизм өндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Өйткені, олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз болсақ классикалық реализмнен, классикалық әдебиеттен қол үзгеніміз жоқ. Одан қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялы қоғам құрылған жоқ. Ол үшін өндіріс өте дамып, капитализмнің ең шыңына жетіп, бүкіл өмірдің индустриялануы керек, қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек. Сосын бүкіл қалалық өмір мен далалық өмір араласып, құжынап жатуы тиіс. Бірақ біз оған жеткен жоқпыз. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тұрып, постиндустриялық қоғамның өмірін суреттей алмаймыз. Алайда постмодернистік тәсілді меңгеріп алған біздің кейіпкер қаламгерлеріміздің ісі сыртқы көрініс қана. Кейіпкер сандырақтауы, елес көруі, болмаса кейіпкердің басқа бір ойлап, басқа бір әлемге шарлауы, осының бәрі шыңдап келгенде, өз әдебиетіміздің әсерінен шыққан нәрсе. Постмодернизмнің сыртқы көрінісі қандай деген сауалға жауап беретін болсақ, ол-өмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда жоқ нәрсені айтуы》. Бәрі түсінікті бірақ бірден туындайтын сұрақ неге? Не үшін? Яғни, өмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда жоқ нәрсені айту, қуып, адамның екіге бөлінуі, екі ойлы болуы, сандырақтап «бір нәрсені айтуы» не үшін әдебиетке келді, қандай қажеттіліктен туды? Дәл осы сияқты сұрақтарды ғалым Ісмақованың: постмодернизм – белгілі бір ғылыми-теориялық, философиялық-эстетикалық пайымдаулар кешені. Постмодернизм – қазіргі менталитеттің сипаттамасы, дүнитанымның тәсілі. …Бәріне күдікпен қарау – әлемді танудың кілті іспеттес. Маңайымыздағының бәрі жалған, әрбір өтірік өзінің уысында шындықтың бір бөлшегін сақтауда, ал әрбір ақиқаттың өзіне бір тамшы болса да у бар деп санайды, бүгінгі постмодернистік авторлар – деген пікіріне қатысты да, ғалым Б.Майтановтың: « постмодернизм ең басты дүниетанымдық ерекшелік – кертартпа романтиктердегі сияқты өзіне таныс өмір сиқынан түңілушілік. Олар айналаны өзгертуге де тырыспайды. Бәрін шарасы таусылған көзбен, тіпті бейтараптылықпен, қадыры кетілген көбінесе өзіне қаратылған ащы мысқылмен ( самоирония, тіпті самопародия) топшылайды. Үкім айтуға ұмтылмайды. Сырт қарап қана ілбіп отыратындай. Шын мәнінде бұл сияқты бетперденің (маска) ішінде керемет қарсылық тулап жатады» - деген пікіріне қатысты да қоя аламыз.


Алдыңғы тараушамызда әдебиеттегі мифопоэтикалық пішіндерге сай талдау жасаған Асқар Алтайдың 2012 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрген «Туажат» (Тамұққа түскен сәуле) атты шығармасын қазақ постмодернизміндегі туындылардың қатарына іркілмей қосуға болады. Оның бас кейіпкері күдіксіз пенде – көлеңкелі адам. Санда да, санатта да жоқ, сұрау сыз жан Марқакөл қазағы – Байбура. Бірақ оның ұлт рухы екендігін швед қызының мына сөзі танытады: « Сен нағыз сарбазсың! Тәніңмен де жаныңмен де… Сен соғыс үшін туғансың. Тұла бойың тұнған күрес… Жалдамалы Рим сарбаздары да сендей бола алмайды, қанша баптаса да. Саған соғыссыз күн жоқ. Соғысудан басқа мақсат та жоқ. Соғысу… соғыса беру. Өлсең де соғыста өлу. .. Ия, соғыста өлуің керек. Қаның қан тілеп тұрады. Нағыз войн! Нағыз бөрі! Мыңжылдық сарбазсың…».
Бұл шығарма бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі жоққа шығаратын «сана ағымы» мен «ұлттық жадының» шарпысуына құрылған туынды. Шығарма бойында біз жоғалтқан баба қазақтың жаугерлік рухы атайлап жүреді. Бұл шығарманың басталуы мен аяқталуы жоқ. Тек онда ұлттың үзіктеніп берілетін мың жылдық тарихы бар. Өлу мен қайта тірілу архитипінің шеберлікпен түрлі стильдерді тоғыстыра отырып берілуі бар.
Қазақтың сертке беріктігі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырындағы ант үшін жанын берген Сарыбайға қарама-қарсы тұлға Байбура. Бұның жалғыз қалуы антын бұзғандығында, бір Байбура емес, ұлт та ант бұзған дәуір болды. Соны бір арқылы мыңның атынан беруі полифониялық мына жолдардан аңғарылады. Байбураның сүйгені Алқабегім: « Бура! Енді қайтіп бөріге жоламашы. Жоламаймын деп ант берші!... Қасқырдың қарғысы қатты ғой. Оған қайтып қатыгездік танытпашы!» деп жалынған. Сол сәтте бұл: «Алқа, жаным менің! Бөріге қайта қол көтермеймін… ант етейін, Болат досым ғой бөріні тірідей терісін сыпыртқан… қайтып қасқырға жуымаймын!» деп үздіккен. Өз тотемін керексіз еткен дәуірдің төл перзенті – Байбура ұлттың жиынтық бейнесі. Оның өліп-тірілуінен – автордың ұлттық рухтың оянуын танытуға деген әдеби талпынысы деп қабылдағанымыз жөн. «Осы ұлы түзде Байбура үйірден бөлініп қалған құлындай жалғыз еді. Сол күні сұрапыл сын сәті соғатынын ол сезген жоқ. Алқаракөкаспан түнегін қия саулаған боз сәуле көктен түсер Ғайсадай Ғайыптан оралатынын білген емес. Жер жігін жарып шығар Мәдідей состиып, жылан жұтқан жандай үнтүнсіз қалшиып тұратынын тағы ойламаған» - деген жолдардан «көктен түсер Ғайсадай», «Жер жігін жарып шығар Мәдідей» сөз қолданыстары арқылы алаштық, исламдық діни ұғым-түсініктер сәтімен бәріліп, бас кейіпкер он жеті жасар жігіт аңшының жалғыздығының себебі турасында интермәтіндемелік түсінік береді. Біз Байбураның жазушы бұған дейін жазған «Алтайдың алқызыл модағайы» мифтік романындағы Ұлан аңшымен жақындастығы барын іштей сезе түсеміз, бар айырмашылық оның астындағы мотошана аңшылықты заман ыңғайына бейімдеп тұр.
Біздің тағы бір аңғарғанымыз Асқар Алтай өз кейіпкерлеріне түрлі адам ойы жете бермейтін қимылды, іс-әрекетті жасатады. Мұхамед-Садық Бабақожаевтың этнографиялық жазбаларынан «қазақтар лаңы тиген қасқырды ұстап алса, терісін тірідей сойып, қоя беретін оқиғаның болатындығын» жазғанын тарихтан білеміз. Енді осы оқиға ожар, аңшы тарапынан еріккеннің ермегіне айналып, басқа қырынан суреттеледі. Енді осы интермәтіндемеліктен үзінді келтірсек: «Сапта қонышынан білектей селебені суырып алды. Қынынан алған бойда бөрінің артқы сирағы байлауын шешіп жіберді де, тірідей соя бастады. Алғаш өткір болат жүзі тигенде сілкініп қалған қасқыр бәріне де шыдайтын шындауыл аң екенін сездіріп, қайтып бұлқына бермеді. Аңшы ет пен терінің арасын жұдырықтай іреп жатқанда да көздері жалын шашып, бір тамшы жас үзілмеді. Қара терге малшынған қап-қара танауынан бу бұрқырап, ақ қардың бетіне суық тер ғана тамшылады. Ол да қарға сіңбей қатып жатты». Байбураның алапат ғажайыпқа кезігуін автор постмодернизмге тән стиль алмасуымен береді. Біз осы мезетке дейін интермәтінделген реалды оқиғаны оқып отырғандай болсақ, енді фантастикалық әлемге өтеміз. «Байбураға қарай ақ қардың бетін сәулелі нұрмен шомылдырып, беймәлім боз сағым ақты. Түз тағысындай тегеурінді, темір жүректі Байбураның қолқа-жүрегі алмас құйып жібергендей суып сала берді. Қарақшыдай қалшиып қатты да қалды...
... Сағымданған бөрі сұлбасы сәулеге телміріп қанша тұрғанын өзіде білмейді. Қолындағы селебе пышақты ұмытқан. Тек қара қарға қарқ етіп ұшып, қызыл шақа тартқан бөрі сүйегіне жалаңыш астау басына барып қайта қонғанда ғана селк етіп ес жиғандай болды.
Сонда ғана өзінің шеңбердей қоршаған сағымды сәуле тұтқынында қалып, сиқырлы бөрі сұлба арбап алғанын білді».
Қазақ аңның киесі барына сенгендігінің шындығын автор арланды тірідей сойған Байбураның жолы болмайтындығын бірден аңғартатқанымен оқырманға ұсынар ойын жалғыз бейіт арқылы ішіне бүгіп қалады.
Қарға оятқан Бура тағы бір ғажайыпқа кезігеді: «Арқасын қабырғаға тіреген күйі басын шалқайта көзін жұмады. Жарғақ құлағынан баяғы бір боранның ұлы сарыны шықпай қояды. Ұйқы қашып кетіпті. Шалқайған күйі жанарын ашты. Сол бір сәт Төребейіт күмбезі төбесіндегі тақиядай тесіктен аппақ нұр ішке қарай саулай құйылады. Әлгі бір боз нұр Байбура кірпік қағып үлгерместен қарсы алдында ақ сәулеге шомылған бөрі сұлбасына енді.
Бұл ұлылық қана орын тебетін ғарыш көгінен көктей өтіп, боз боран билік құрған байтақ жер төсінде иненің жасуындай жарықтан саулай түсіп, тәңірі иесі құдіретімен аң киесі – Ана-Бөрі сұлбасы боп оралған ғажайып құбылыс еді... Бөрі болмысты Бозие еді. Аңшы бозбаланың үні үрейден өшіп қалды... » деп о дүниеге аттандыра отырып, араға 23 жыл салғызып, бас кейіпкерді оқырманына «Мурад Мамедоғлы» деген әзірбайжандық құжатпен қайыра таныс етеді. Асқар Алтай осылайша адамды постмодерндік интерпретациялау арқылы, Ролан барт ұсынған субъекті өлімі туралы постулатын пайдаланады. Түрлі стильдердің алмасуын айқын аңғара отырып, автор қазіргі заманға түсіп кетеді. Орта дәулетті қазақ заматттарының қазіргі қоғам туралы пікірін:
«- Е-е, Алматыны қойшы, адамдарды айтсаңшы! Қоқауға айналды... ақша-ақша... ақша Қайда бара жатырмыз? Түбі қайырлы болсын! Дағдарыс ақшалай емес, адами дағдарыс па деп қорқам. Қорқау емес пенде қалмай барады ғой.

  • Ауғандықтар ақыр заманның бір белгісі дейді ондайды.

  • Дәл өзі, Бура! Ақыр заман басталып кетті ме деймін. Ақыр заманды ақшамен өлшеу керек шығар... Қойшы сол сайқал қағазды! Өзің туралы айтшы! Обед уақыты таусылып барады. Осы уақытқа дейін Ауғанда жүрдің бе?»-деп орынды бере білген. Постмодернизмдегі айқын нышан әйтеуір бір мәтін бойында ақыр заман туралы пікірдің ұштығы қылтиюға тиістігін қаламгер оқырман сұхбаттастылығы арқылы тиімді пайдаланып отыр.

Автор осы сұхбат барысында қоғамда өз орнын таппай қалған жандар турасындағы өз ұстанымын бас кейіпкердің аузына салады:
«-Жоқ, бауырым! – дейді Байбура. Сен бос өткізбепсің. Нағыз бос өткен өмір менікі... Әй, қойшы! Енді өкінгенмен қайта оны сүре алмайсың. Кетейік!»
Ұлттық жады ешқашан ұмытылмайды. Ол жаңғырып отырады. Қазақтың қандыбалақ сарбазы болып әлемді жаулаған ат үстінде тірлік кешіп, өмірін соғыс пен жорық үстінде өткізген кезеңнің жаңғырығын біз Байбураның бойынан табамыз. Ол тек киелі қасқырдың артынан кеткен жоқ. Қазақтың жаугерлігін алаш оқырманымен таныстыратын тарихи жадыны оралту үшін кетті.
Қазақ әскери рухы бойына жиналған кейіпкер арқылы автор оқырманымен тылсымдық ойын ойнауға көшіп Байбураның «ішкі монологы» арқылы аңғарамыз: «Талай мәрте сын сағаты соққан сәтте көктен түскен Ғайсадай сап ете қалатын бөрі болмысты боз сәуле – Бөрі ана ажал аузынан қағып қалды. Бөрі киесі – мұның иесі екен...» Әбілпейіс төре ұрпақтары көтерген Төребейіт. Атам қазақтың жер-суын кие тұтынуының, билеушілерін көкке көтеруінің этнографиялық келбетін танытады. Шизоанализ қолданысын әдебиетімізде терең пайдаланып, шығармасының бойына ендіріп жүрген қаламгерлеріміздің бірі – Асқар Алтай.
Кейіпкердің түс көруі арқылы, ғажайып әлемге ену, тотемнің қошеметіне бөлену арқылы біз ата-бабамыздың бағзы мифтік ұғым-түсінік әлемінің есігін ашамыз. Осы әлемнің есігін ашып берген авторға оқырман ретінде өзімізше ой өрбітіп, қиял шарықтатып, қаламгер туындысының қосалқы туындыгеріне айналып шыға келеміз. Міне, осылайша қазақ постмодернизмінің тамаша туындысы бойындағы жасырын арналардан алаштық рухты алаңсыз іздеп, сана ағымымен сан-саққа ой жүгіртуге көшесіз.
Автор түс көрудің артынан ата-баба сенімі дәуіріндегі есте жоқ ескі кезеңдегі түсінігімізге Байбураның желмен ұшып кетуі, оның әкесінің сайтанды ұстап алуы сияқты ұлттық колоритке толы Габриел Маркас шығармаларындағы ашылмай қалған тылсымының қазақ әдебиетіндегі шынайы ашылуына ұластырады. Сонымен бірге «ерекше өмірге келу» мифтік сюжеті қазақи қалыпта тамаша өріледі. Күллі ауыл күдер үзсе де, әкесі үмітін үзбепті. Алып қара құйынның ізімен індете іздеген әкесі жөргектегі ұлын тапса да, жарын таба алмапты бірақ... Жарын жалған дүние – жалмауыз әлем ылым-жылым жұтты қайтейін! Анасы аспанға ұшқан бойы үшті-күйлі жоғалыпты. Қара құйын көтеріліп кетіпті. Көкке көтерілген аяулы шешесі – Анаиесі сол кеткеннен мол кетіпті...
«Байбура анасыз өсті. Аналық сезімге аңсар күймен балалық шағы да өтіпті. Ана Бөрі ғана аңсарын басып, анасын жоқтатпапты. Қазір де жанында шоқиып отыр – бөрі сұлбасы Бозиесі...»
Жазушы оқырманын саяхаттың қиял кемесіне мінгізіп, Байбурамен бірге бірде бүгінге, бірде 1986 жылға сапар шектіріп отырады. «Байбура бөрі болмысты боз сәулеге тағы ереді... Боз сәуле ілезде Алматының қақ төріндегі Брежнев алаңына алып келеді. Түн. Желтоқсан айы. Алапат үскірік. Алаңда Алатаудан ескен ызғырық. Табан асты тайғақ. Теңіз толқыныдай толқыған жұрт. Сермелген қарулы қол, серпілген кеуделі көкірек. Жайылған қара шаш, жарқ-жұрқ еткен жанар».
Таңқалдыратыны жазушының қаламынан шыққан жолдар өзгертусіз алынып, сол қалпында қолдануға сұранып тұрады. Өзгенің сөзін өзіңдікі етіп берудің жолын да нұсқайды.
«Әттең! Әттең-ай! – деді өкси күңіреніп, іштері қан жылап тұрса да өзгелер тіс жармады. – Бұл күнді ұмытпаңдар! ...Қарусыз қан майданның құрбандарын ұмытпаңдар, жігіттер! – Тісін қышырлата сөйледі әлгі: - Не үшін? Кім үшін? Жазығымыз не? Өртеніп барам, бауырлар! Өртеніп барам... Қарусыз... Қап!»
Ұлт күйініші белгісіз қазақтың аузынан шығып, егемендік дәуірге жол нұқсап тұр. Тағдыр тауқыметін тартқаны аздай терроршы деп айыпталған Байбура ҰҚК қызметкерлерінің қолынан қашып асау ертіске өзін атады. Осы қысталаң кезде оған тағы да көмекке Ана-Бөрі келеді: «Тап осыны күнкендей бозамық бір сәуле көгілдір су әлемін тіліп, мұның көз алдында көлбеңдей жүзген боз бөріге айналады... Байбура бурыл тартқан Бозиесі соңынан ере жүзді. Өзіне етене таныс көкмұнар әлемге енді...»
Бір уақытта келіп жазушы, ауған жерінде соғыста өткен сержант Байбура Майдановтың жан беріс жан алыс сәтін шебер суреттей береді. Ол жерде біресе кейіпкердің ішкі монологына орын береді: «Бақытты еді-ау бозбала шағы!.. Бақытты еді-ау бойжеткен бағы!... Ару Алқабегім! Бәрі де бүгін түс секілді. Ия, түс екен тағдыр деген. Бұл күнде сансыраған санасына түс болып түнеген тағдыр кешіпті бұл. Менің көңіліме қан толып кеткен... Ұйықтасам түсімнен шықпайды...» Кіндігінен тараған ұлы бар екенін де Байбура түсіндегі аяны арқылы сезеді. Одан әрі Байбураның ұлттық күрсінісі басталады. Ұлттың жан-жаққа кеткен есесі қаламгер қаламымен-ақ қағаз бетіне төгіледі: «Мынау кең дүниеге туғаннан тұтқын болғым келмеген. Сондықтан туғаннан өзімді туажат сезіндім. Амалым қанша? Қаншама қайқы күндерді бастан кештім. Бостан емеспін бірақ... Тағдырыма тұтқынмын. Иә, мына алақандай көрге тұтқын болған, тәуелді болған қалтылдақ қайық секілдімін... Өзімді қаусаған қарттай сезінемін. Ойым он тарапқа, санам сан тарапқа бөлінеді. Елім – еңіреулі көрінеді, ерім – езулеулі көрінеді. Өзім ерттеулі сезінемін... Жатжанды болып алыппыз. Сонда не үшін тірі жүрміз деген ой келеді маған, ... Тірі тұлыппыз...»
Сонымен бірге постмодерн стиліндегі газеттік коллаждау Байбураның тұтқынға түскен кездегі өмірін беруде орынды қолданыс табады. Біз сол дәуірдегі АҚШ-КСРО жасырын соғысының куәсі боламыз. Кітабын оқымасақ та 1986-1988 жылдары Ауғанстанда болған француз репортері Ален Гийо есімімен, тұтқындағы сорлы солдаттарды өздеріне тартушы барлау қызметлерінің іс-әрекетіне куәгер боламыз. Асқар Алтай осылайша біздідеректі проза айдынында жүзгізеді.
А.Алтайдың шетін оқиғалады шығарма тініне енгізудің қазақ прозасындағы қас шебері екенін сөз ете кетсек. Осы ауған жеріндегі оқиғаға да тап сондай элементті енгізеді: «Жиырмаға жуық көкпаршы-бұзқашы бұзықтар мал орнына адамды тақымға тартқан сұмдық басталды да кетті. Байбура мен Виктор қалшылдап қоя берді. Куницын жұдырығын түйген қалпы көзі аттыларға қадала қатып қалған. Ал басқа тұтқындардың бірі елеуірдей боқтықпен сыбап жатса, бірі өз шашын өзі жұлған. Тамшы су тимеген алаңды топырлаған тұяқ кесті... Есіріп алған адамдар мен еліріп алған аттар екілене ұмтылысқан. Тірідей көкпарға тартылған тән сүт пісірім уақытқа ғана шыдады. Кергіге түскен Храмды Герасимнің бұты-бұт, қолы-қол бөлініп, қан-жын қарны ақтарылып, ат тұяғына тапталып жатты...»
Тек бүгінгі емес, келешек те автор мәтіні ішінде астасып жатады. Қасырет-қайғыға толы ауған жұрты – адамзат құрбаны, қолы қол, бұты бұт болып, қанға шыланған ауған жері – соғыс полигоны. Мұнда тізесі қалтырай келген келімсектер орысы бар (Виктор), қазағы бар (Байбура), американдығы бар, албастысы бар (куницын), жаһилы бар, жарымесі бар – адам баласы арасынан шыққан әзірейілдер қанға тоймас қорқаулар... жайында, ауған жерінде болған кеңес тұтқындарының көтерілісі бәрісі-бәрі Байбураның түсімен беріледі...
Бұл арада біздің ойымызда «Алпамыс батыр» жырындағы Ұлжанның жеті жасар Жәдігерді көкпарға тартпақшы болған әрекеті оралады.
Асқар Алтай қазақ әдебиетінің барша дәуірінің, барша кезеңінің өзіне тән стилін шеберлікпен меңгергендігін: «Көктұман түсіп, Көкбөрі ана оралып, Елеспен бірге елім деп жүрген кезбе ем...» деген Байбураның ауған жерінде шығарған өлеңін мәтін бойында беруімен де танытады. Сол сәтте оқырман жадына «Бақытсыз Жамал» сияқты алғашқы қазақ романдары оралады. Автор тек кейіпкер сөзін психологиялық сезімдікпен еріп қоймайды. Сонымен бірге оның бойына түрлі мәдениет пен түрлі ұлттардың салты тоғысқан ақпараттар ағынын да енгізеді. Мысалыға:»Жаралы жолбарыс секілді жан дүниесін жыртқыштық жайлап алған тағы ғой, жанкешті сарбаз ғой... жарым етер» деген күдік көмейіне іркілді. Мария-Агата аузын жиып, тілін жұтып қойды. Жаннан безген жаннан бәрін күтуге болады. Кісі қанын жүктеген пенде емес пе бұл, «Абельді өз қолымен өлтірген Канн» деген ой найзағай отындай санасында жарқ етті».
«Туажат» адам тудырған қанкесті қоғам, туажат пенде тіксінген қияметті дүние, озбыр қылығын жасырған қоғамға жат жаниесі. Ендігі уақытта қорланған сезімі, қор болған сенімі жүрегін ауыртқан. Туажат шыдай алмас... Алапат әрекетке белін байлар, ірі іске басын шалар. Кейіпкер ой шарпысы жазушының қаламынан туындаған от шарпысына ұласып, қып-қызыл өрттің ішінде қалған беймаза туажат кейіпкермен қимай қоштасып әрі-сәрі күй кештіреді.
Бұл романның соңғы бетін жатарда сезінеріміз бас кейіпкердің аты мен тегінде кодтанған сырды шешесіз. Байбура Майдановты әр оқырман өзінше тәпсірлегенімен, бәрінің интерпретациясы бір-бірінен алыс кетпейді. Майдан даласында қаһарлы Бурадай кәр шашқан бабалар аруағы қонған жан санамызда көрініс табады. Қазақ постмодерні дәстүр жалғастығымен «модернизмнен кейін» емес, қайта «постсоцреализмнен кейін» өмірге келіп, кеңестік идеологияның орнын ұлттық идеологиямен алмастыруда бұрынғы 70 жылдық құндылықтарды мансұқтайтын антитоталитарлық әдіске арқа сүйеді. Әлемдік көркем-мәдени деңгейден кем түспейтін ирониялық дәйексөзді басты орынға шыға бастады.
Асқар Алтайдың «Түсік» әңгімесі шағын-шағын үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі авторлық баяндаудан, яғни әңгімеге пролог іспетті. Пенде түсінде түсік көреді. Жатырдың ішінде түсікке айналған тамшы емес адамның хал-жайы, кейіпкердің өзі суреттеледі. Шығармадағы түстің символдық мәні де үлкен. Себебі, символды жан-жақты қазбалап көрсетудің қажеті шамалы. Ал, суреткердің әңгімесіндегі жатыр ішіндегі ұрық адамдарға белгілі жайт. Мәтіндік астармен негізгі ойға, көркем шығарманың тұтастығына септігін тигізіп тұрған да осы – түс.
«Түлен түртті пендені...
Түсінде түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.
Жүзіп жүрген мекені – жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды». Ары қарай түсікке айналған адамның сана-сезіміндегі алғаш ойлаған ойлары рет-ретімен беріледі.
Оқырманға тым түсініксіздеу болмау үшін бұл жағдайға персонаждың қалай тап болғандығын әңгіменің екінші бөлігінен көреміз. «Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?..
...Жігітшілік жолында жұмақ кешті. Қыз-қырқын ырғын еді. Ырғында ырып жүрді. ...Жұрт жел жағынан жүрмейтін, оң жағынан күңкілдейтін күйде жетті. Оның соңы – Биболдың Балкенжедей жас қызға «бүлдіргі» салғаны. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» дегендей, Балкенжеден бойына бітіп қалған шарана туралы естігенде Бибол «бүлдіргі» аз саған дегендей, Санабике (әйелі) құрсағы да құр қалмапты. Үш бала аздай тағы бір «топалаң» түсіпті. Енді бұл екі оттың ортасында қалды», - деген автор баяндауының өзін түспен астасып жатқанын келесі сөйлемдерде білдіртеді. «Өң мен түс астасып кетті. Ақыры бірін болмаса бірін түсіртіп тастауға бел байлайды. Түсікті көзі көрмесе де, керең болғыр құлағы естіп, көңілі нілдей бұзылған».
Автор осы тұста кейіпкерінің әйелі Санабикемен және ашынасы Балкенжемен болған диалогында олардың Биболға (әңгіменің қаһарманы) деген ойларын эксплицитті, ал өзінің кейіпкеріне деген ащы мысқылын (ирония) имплицитті түрде береді.
« - Сен баяғы сары қарын, салпы етек ауылдың қатыны деп тұрсың ғой... Оқымаған надан деп тұрсың ғой... Оқымасам – оқымадым. Ал қайтейін деп едің? Сен асырап отырмысың? Сен емес, мына мен асырап, мына мен адам қылып отыр емеспін бе? О-о-о, сорлы, сорлы!.. Табамын!.. «Ұл-ұл» деген тіліңді тыямын! Ха-ха-ха! ...Білем сені, білем! Тағы салдақыларыңа кеттің ғой... Байлықтың буына, жезөкшелердің суғарғанына семіріп жүрсің. Келерсің... көзіңе көк шыбынды үймелетермін. Ағаларым аман болсын!». Жылбысқаны алдыртып тастасан деген емеурініне әйелінің берген жауабынан Биболға деген көзқарасын байқаймыз.
Кейіпкердің түсікке айналмай тұрғанындағы тіршілікте істеген істерімен оқырманды таныстырған соң, түлен түрткен пенденің түсікке айналғанына қайта оралады.
«Түсік түнемелге ес жиды...»
Әңгімедегі бұл жағдай фантастика болғанымен, біз автордың қиялына сүйсінбеске шарамыз жоқ. Одан әрі, ес кірген түсік пенде Тәңіріге жалбарынады.
« - О, құдіреті күшті Тәңірім! Мендей түсік пендеңе қуат бере гөр!? Тозақтай жанып, мұздай суынған құрсақ анама сабыр бере гөр!? Мен бір талайсыз бейбақпын... Екі бірдей сүйгенім бар еді. Сол екеуі құрсағының біріне өзім түсіппін. Мұндай да сұмдық болар ма, жаратқан ием?! Әлде өзіңнің құдіретіңмен, әлде сайтанның сұм ісімен осы күйге душар болыппын... О, құтқарушы, Тәңірім! Қайсысының ғана құрсағына тап болдым? Қайсысы мені сылып тастағалы тұр? Жаппар ием, жар бола гөр! Жар бола гөр, жазықсыз жан иесіне!». Екі түсіктің бірін түсіртуге бел байлаған кейіпкеріміз өзі түсінде «түсікке» айналып, жатырдан «арам без» деп сылып тастамауын Тәңірден жалбарынып сұрауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет